Асауов Темірбек Тыйылұлы
Алматы менеджмент Университеті магистранты, Қазақстан
Ауыл
аумақтарын дамытуда мемлекеттік
қолдаудың
формалары мен әдістері
Ауыл аумақтарын дамытуға
мемлекеттің экономикалық ықпалы шектеулі сипаттағы
шаралар түрінде, сондай-ақ ынталандыру сипатындағы шаралар
түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Шетел мемлекеттерінің
тәжірибелеріне сүйенер болсақ, ынталандыру сипатындағы
шараларға қарағанда шектеулі ситтағы шаралардың
тиімділігі төмен. Өндіріс пен тұрғындардың
жоғары шоғырланған жерінде, сондай-ақ, өндіріс
жағдайлары тиімсіз аумақтарда экономикалық қызметті
шектеу шаралары – бұл мемлекеттік несиелерді алудан немесе несиеге
берілген кепілдіктен бас тарту, кәсіпорын мүлігіне салынатын салықтың
жоғарылығы, осы аудандардан халықты қолайлы
аудандарға көшіруге жәрдемдесуден бас тарту,
экологиялық сараптаманы күшейту және т.б. болып табылады.
Мемлекетті
экономикалық ынталандыру екі формада жүзеге асырылады: тікелей
және жанама ынталандыру. Тікелей ынталандыру формалары: жаңа
күштермен жұмыс орындарын құратын фирмаларға
жеңілдетілген несие және субсидия беру, күрделі
құрылысқа қайтарусыз ссудалар беру, салық
жеңілдіктерін белгілеу, кейде белгілі бір кезеңге дейін салық
төлеуден босату, негізгі құралдарға
жылдамдатылған амортизация енгізу, транспортқа, электр
қуатына және жылу энергиясына тарифтерді төмендету, жер
қойнауының «тозғаны» үшін арнайы қаржы
қорларына аударымдар бөлу және т.б.
Аумақты дамытуға жанама әсер ету
формалары: қалған өңірлерге арналған арнайы
үкіметтік бағдарламалар,
мемлекет есебінен инфрақұрылымдық объектілер, ғылыми-өнеркәсіптік
аймақтар құру, мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру
және т.б.
Аумақтарды басқарудың
экономикалық механизмі жергілікті бюджеттерді құру нормативтері,
әлеуметтік маңыздылығы бар бірқатар тауарлар мен
қызметтерге бағалар мен тарифтерді, табиғи ресурстарды
пайдаланғаны үшін төлемдері және т.б. реттеу тетіктерін
қолдануға негізделеді.
Баға және тарифтік реттеу ережеге
сәйкес қызметтің мынадай түрлеріне таратылады,
яғни кәсіпорындарды және тұрғындарды электр
қуаты, жылу және сумен жабдықтау, жолаушы транспортының
қызметтері, тұрғын-үйді ұстау қоры бойынша
есеп айырысулар, кеңселерді жалдау, медициналық және білім
беру және басқа да
бірқатар қызметтер. Мысалы, реттеудің мынадай түрлері
қолданылады, яғни электр қуатына, жылу, су, транспорт,
тұрғын-үй және басқа да қызметтерге
төленетін төлемдерге тарифтерді бекіту тікелей жергілікті
органдармен реттеу, кейбір әлеуметтік маңызды тауарларды (нан,
сүт және т.б.) өндіру кезінде бағаны соңғы
деңгейдегі рентабельдікті
белгілеу арқылы жанама реттеу, сондай-ақ, кейбір тауарлар мен
қызметтерге акциздер енгізу.
Ауыл
аумақтары әкімшілік-жоспарлы жүйеде ұлттық
экономиканың бір бөлігі болып табылып, экономикалық
қосалқы жүйені құрады. Ішкі материалдық
және қаржылық байланыстарға қарағанда жалпы
мемлекеттік жоспармен реттелетін сыртқы байланыстар әлсіз болды.
Ауыл экономикасын дамытудың негізгі параметрлері аумақты дамыту
қажеттіліктерімен емес, мемлекеттік жоспармен және министрліктер,
ведомстволар саясатымен анықталды [42]. Аумақтар экономикасы
ұлттық экономиканың әлсіз ынталандырылған
қосалқы жүйесі болды.
Ауыл
аумақтарын басқаруды қайта құру,
нарықтық қатынастарға бейімделу жағдайы бойынша
айырмашылықтарының күшті және экономикалық
кеңістіктің жеткіліксіздігінен күрделене түсті. Ауыл
аумақтарын басқару функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік
органдар, жергілікті басқару органдарымен ықпал ету механизмін
және қоғамдық, коммерциялық, мемлекеттік
құрылымдарды толық пайдалану мүмкіндігін жеткіліксіз ұсынады [41]. Өткен жылдарда экономиканы
басқару құрылымын жиі-жиі қайта ұйымдастыру,
сондай-ақ, министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің
функцияларының өзгеруі, аумақты тиімді басқаруға
қол жеткізуге мүмкіндік туғызған жоқ.
Бірақ, Қазақстанның қолданыстағы
заңнамалары биліктің барлық буындарының функциясын
бөледі, осы күнге дейін басқарудың
ұйымдастырылған-әкімшілік әдістерінен кете
қоймаған, жергілікті органдардың билік функцияларын
жүзеге асыратын механизм қалыптасқан жоқ.
Аумақтарды басқару мақсаттарына әр түрлі
құралдармен тәсілдер арқылы қол жеткізуге болады,
яғни олар мемлекеттік органдардың жұмысын реттеуге
мүмкіндік туғыза отырып, баспалдақты құрылым
жүйесінде кемелге жетуге ынталандыру арқылы қол жеткізеді.
Әр түрлі деңгейдегі аумақтарды басқару органдары
арасында қызметтер мен өкілдіктерді бөлу үшін, бізбен
мемлекетті басқарудың келесідей элементтерін есепке алу
ұсынылады (25- сурет).
Көріп отырғанымыздай, үлгі мемлекеттік реттеудің
барлық аспектілерін есепке алады. Аумақтарды мемлекеттік
қолдау субсидиарлық және толықтырмалы принциптеріне
негізделген. Біздің жағдайда, субсидиарлық мынаны білдіреді,
яғни мәселелер қай жерде туындаса, сол жерде шешілуі керек,
ал «жоғарыға» орындалмайтын немесе «төмендегілер» тиімсіз
орындаған өкілеттіктер ғана табысталады. Толықтырмалы
принципі, аумақтарды қолдау үшін ресурстарды
шоғырландыру кезінде қолданылады. Ресурстар бірін-бірі
толықтыратын көздерден құралады: мемлекеттік
қаражаттар, қоғамдық және жеке инвестициялар.
251659264
Сурет 25 - Өңірлерді
мемлекеттік басқару жүйесінің құрамы
Аумақтарды дамытуды мемлекеттік қолдау, біздің
көзқарасымыз бойынша келесілерден тұруы керек:
·
аумақтық дамытуды реттеудің
құқықтық әдістері;
·
аумақтық дамытудың мемлекеттік
бағдарламаларын жоспарлау, болжау, жүзеге асыру; бизнесті дамыту,
қорғау институттарын құру;
·
аумақтардағы кәсіпорындар
пайдасына инвестициялық саясат жүргізу;
·
ерекше аумақтық формалар енгізу
(ЕЭА, кластерлер, технологиялық парктер және т.б.);
·
бюджеттік қаражаттар бөлу және
бюджет аралық қатынастарды реттеу;
·
салық, кеден жеңілдіктерін
ұсыну, аумақтарды басқарудың қаржылық
инструменттерін пайдалану;
·
тұрғындарды әлеуметтік
қорғау және қоршаған ортаны қорғау
бойынша іс шаралар.
Аумақтық дамытуды
құқықтық қамтамасыз ету үшін негізгі
алғы шарт болып ҚР Конституциясы табылады [43]. Онда
мемлекеттің экономикалық кеңістігінің бірлігіне
қатысты іргелі талаптар анықталған.
Біздің
көзқарасымыз бойынша, нормативті
–құқықтық актілерді қолдану
тәжірибесіне үнемі талдау жүргізуге негізделуге тиісті
заң жобалық қызмет процесінде жобалық-талданбалы
аспектіге ерекше маңызды көңіл бөлу керек. Осы жерде,
қазірдің өзінде құқық қолдану
тәжірибесіне ғылыми талдау жүргізуге мүмкіндік беретін,
ғалымдардың қатысуымен заңдар мониторингі
Үкіметпен қарастырылғанын айта кеткен жөн.
Аумақтардың
экономикасын мемлекеттік ынталандыру жүйесінде даму Институттарының
атқаратын рөлі арта түседі: Қазастандық
инвестициялық қор (ҚИҚ), Ұлттық
инновациялық қор (ҰИҚ), Қазақстанның
даму банкі, Банкирлік және Акцептелген үйлер, Ломбардтар, Несие
одақтары,өзара несиелер Қоғамы және т.б. Осы
аталғандардың ішінен кейбіреуіне тоқталып өтелік.
Қазақстандық инновациялық
қор кәсіпорынның жарғылық капиталында
үлеске кіру және бақылаусыз қатысу жолымен,
экономиканың шикізаттық емес секторында жеке сектор бастамасына
қаржылай қолдау көрсетеді. Бір жағынан, қор
экспортқа бағытталған, кәсіпорындарды инвестициялау
үшін кепіл болса, екінші жағынан, инвестициялау үшін
жаңа инструменттерді ұсына отырып, қор өз акциялары мен
облигацияларын эмиссиялау арқылы, қор нарығын дамытуға
мүмкіндік туғызады. ҚИҚ құру, қызмет
етудің жаңа деңгейіне сапалы түрде көшу
қажеттігі туралы қаржылық сектор үшін сигнал болып
табылады.
Қазақстанның Даму Банкін құру
мақсаты, мемлекеттің инвестициялық қызметінің
тиімділігін жоғарлату, инфрақұрылымды дамыту, ішкі және
сыртқы инвестицияларды жұмылдыруға ықпал ету және
орта, ұзақ мерзімді инвестициялауда экономиканың нақты
секторының қажеттіліктерін қанағаттандыру болып
табылады. Бұл эмитенттің
бағалы қағаздары потенциалды инвесторлар үшін, сенімді,
өтімді және табысты болып табылады.
Ұлттық инновациялық қор
нарықтық экономиканың венчурлі функциясын ынталандыруға
бағытталған. Бұл функция ақпараттық сектор,
электроника, биотехнология және тағы басқа салаларды
дамытуға арналған. Венчурлі инвестицияның бастапқы
этапында компанияны қаржыландыруға капитал жұмылдыру, тікелей
үлес алатын мемлекеттің қатысуымен венчурлі қорлар
негізінде мүмкін болады, яғни мемлекеттік қаражаттар жеке
инвесторлардың тәуекелдігін төмендетеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1
ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!». 28 қантар, 2011
ж.
2
Елдің аумақтық -
кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын.:
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы – Астана.
- 2011 жылы 21 шілде. - № 118.
3
Концепции перехода
Республики Казахстан к устойчивому развитию на 2007 - 2024 годы. – Астана,
2007.
Степанов А. Г. Государственное
регулирование экономики региона / Монография. - М.: Финансы и статистика,
2004. - 240 с