“Экономические
науки”/13.Региональная
экономика
Омарбек А.,ТД-11к
тобының студенті,
Ғылыми жетекші
з.ғ.м., оқытушы Орынбеков А.С.
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының экономикалық
дамуының инновациялық қағидаға негізделуі,
оның әлемдік шаруашылыққа тиімді интеграциялануы,
сыртқы экономикалық қызмет масштабының,
формасының өзгеруі жаңа әрекеттер жасауды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі
жүргізіп отырған, жаңа инвестициялық саясатпен,
шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметті
жетілдірумен, нарықтық қатынастарды одан әрі дамытумен,
халықаралық сауда және кеден органдарына интеграциямен
сипатталатын экономикалық реформалар жағдайында мынадай
міндеттерді:
1) сыртқы экономикалық қызметті
мемлекеттік реттеу шараларын жетілдіруге және Қазақстан
Республикасының мүддесінде кеден саясатын
қалыптастыруға қатысуды, басқа да мемлекеттік
органдармен қатар ұлттық экономиканы дамытуға
ықпал етеді, елдің сыртқы экономикалық,
ғылыми-техникалық, азық-түліктік, экологиялық
және қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
2) Елдің бюджетіне СЭҚ-дан кірістердің
неғұрлым толық түсуін қамтамасыз етуді,
тауарлардың бақылаусыз әкелінуін/әкетілуін шектеуді;
3) кедендік құқық
бұзушылықтарға, контрабандаға, есірткілік
препараттардың, халық үшін зиянды және қауіпті
тауарлардың контрабандасына, заңсыз өткізілуіне қарсы
тиімді күресті қамтамасыз етуді;
4) Қазақстан Республикасының
сыртқы сауда саясатын әзірлеуге белсенді атсалысу жолымен бейбіт
шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруді тиімді шешуге
қабілетті қазіргі заманғы кеден қызметін құрудың
қажеттілігі туындап отыр.
Талдау көрсетілген міндеттерді шешу қазіргі
заманғы кеден қызметі үшін өзекті проблема болып
табылатындығын көрсетеді. Кеден қызметін кеңінен
жетілдірудің, оны сыртқы экономикалық қызметтің
өсіп келе жатқан көлемі мен көп салалылығына
сәйкес келтірудің, кеден қызметінің
Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының
ұдайы өзгеріп отыратын шарттары мен міндеттеріне,
халықаралық кедендік практикада қабылданған ережелерге,
нормаларға, стандарттарға және рәсімдерге бейімделуінің
барынша қажеттігі пісіп жетілді[1, 14-17 б.].
Қазіргі кездегі кеден
қызметінің жәй-күйіне талдау жасап кетсек. Кеден органдарының қызметін талдау айтарлықтай
қысқа мерзімде Қазақстан Республикасында
жұмысқа қабілетті кеден қызметінің
қалыптасқандығын көрсетті. Кеден ісінің
заңнамалық базасы құрылды және дамып келеді.
Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтырудың, сыртқы
экономикалық қызметті реттеудің, Тармақталған
кедендік инфрақұрылым құрылуда. Кеден органдарын
басқару жүйесінің қалыптасуы аяқталып келеді.
Кеден қызметінің кадрлық құрамы
қалыптастырылды. Кеден органдарының практикалық
қызметіне компьютерлендіру және ақпараттық
қамтамасыз ету элементтері енгізілуде.Баршаға белгілі Минскіде Қазақстан, Ресей мен Беларусь
арасындағы Кедендік Одақ құру туралы келісім
қабылданып, үш елдің басшылары тиісті
құжатқа қол қойды. Соған сәйкес, 2010
жылдың 1 қаңтарынан бастап Кедендік Одақ
қалыптасып, ол 2011 жылдың 1 шілдесінен толыққанды
жұмыс істей бастады. Осылайша 170 миллионнан астам халқы, 2
триллион долларлық ішкі нарығы бар үш мемлекет —
Қазақстан, Ресей мен Беларусь Кедендік Одаққа бірікті.
Сарапшылардың пайымдауынша, алдағы 5 жылда, одаққа
мүше бұл үшеудің ішкі жалпы өнімі 15
пайызға өспек. Қысқасы, ТМД аумағындағы
интеграциялық үрдіс өзінің заңды жалғасын
тапты.Контрабандаға және кеден ісі саласындағы
құқық бұзушылықтарға қарсы күресудің
тетіктері қалыптастырылды және 2014 жылдың өзінде кеден
органдары 457 қылмыстық іс қозғаған, оның
250-і экономикалық контрабандаға байланысты. Ал қылмыстық
істер бойынша алынып тасталған тауарлар мен валюталар сомасы 1,1 млрд
теңгені құраған. Отандық кеденшілер осы жылы
315,5 млн теңгенің тауары мен көлік құралдарын
кәмпескелеп, мемлекетке келтірілген 9 021,3 млн теңгенің
орнын толтырды. Бұған қоса, кеден қызметкерлері есірткі
заттары контрабандасының 82 фактісін анықтап, заңсыз
айналымнан 300 кг есірткіні алып тастады.
Кеден органдарының
ұйымдық-құрылымдық саласында да бірнеше
өзгерістер болды. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Кедендік бақылау Комитеті, Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитеті болып
қайта құрылды. Осыған сәйкес, кеден
органдарының жүйесін құрайтын бірнеше
басқармасының атаулары мен атқарылатын функциялары
өзгерді. Бұл үрдістер Кеден одағы жағдайында
кеден органдарының қызметін жетілдіруге бағытталған.
Қазіргі заманғы кеден қызметі мемлекеттің
сыртқы экономикалық саясатын жүргізуде маңызды орын
алады және тауарлар мен көлік құралдарының
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы
өтуі кезінде бақылаулық және фискалдық
функцияларды орындайды.
Қазіргі
заманғы кеден жүйесінің негізгі кемшіліктері:
1) жүйенің ішіндегі ақпараттық
қамтамасыз етудің жетілдірілмеуі;
2) жалпы басқару жүйесін
қалыптастырудың аяқталмауы;
3) заңдар базасының жетілдірілмеуі;
4) кеден ісі саласындағы контрабанда мен
қылмыстарға қарсы күрестің жеткілікті
мөлшердегі тиімді шараларының болмауы;
5) кеденшіні әлеуметтік қорғау
мәселелері кешенінің шешілмеуі, кәсіби кадрлардың
жетіспеуі;
6) жеткіліксіз материалдық-техникалық база
болып табылады[2,
23 б.].
Мұның бәрі шешетін міндеттер мен
сыртқы экономикалық қызметтің әр
түрлілігіне қайшы келеді,СЭҚ-ға
қатысушыларға кедендік қызмет көрсетудің сапасы
мен жеделдігіне нұқсан келтіреді, мемлекеттік бюджеттің кіріс
бөлігін толтыруда проблема туғызады, кедендік ережелердің
бұзылуына және кеден қызметі саласындағы қылмыс
санының артуына әкеп соқтырады.[3, 14 б.]
Осы айтылғандар ескеріле отырып,
Қазақстан Республикасының кеден қызметін жетілдіру
үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
1) Қазақстан Республикасында кеден
қызметін жетілдірудің 2020 жылға дейін даму стратегиясын
қабылдау;
2) сыртқы экономикалық қызметті
пәрменді бақылау функцияларын кедендік әдістермен іске
асырудың;
3) мемлекеттік құқық
қорғау функцияларын жүзеге асыру кезінде
ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етудің
тиімділігін арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында кеден
қызметін жетілдірудің 2020 жылға дейін даму стратегиясын
қабылдау келесі мақсатта жүзеге асуы тиіс:
-
кеден органдары қызметінің
заңнамалық және құқықтық
базасын одан әрі жетілдіру;
-
сыртқы
сауда қызметін мемлекеттік реттеу және оның жүзеге
асырылуын бақылау жүйесінің біртұтастығы;
-
сыртқы сауда қызметін мемлекеттік
реттеудің экономикалық шараларының басымдығы;
-
басқаруды қамтамасыз етудің
методологиялық негіздері мен ғылыми-қолданбалы
әдістерін әзірлеу, басқару функцияларының
қайталануы мен қосарлануын жою мақсатында орталық
басқару органдарын қайта ұйымдастыру;
-
кедендік құрылымдар мен
инфрақұрылымдарды дамыту, оларды тауар және жолаушылар
ағынының өзгеріп отыратын көлемдері мен
номенклатурасына бейімдеу;
-
кедендік
бақылау мен ресімдеудің технологияларын жетілдіру, кедендік
рәсімдерді бірдейлендіру және стандарттау, кеден органдарын
қазіргі заманғы ақпараттық технологиялармен,
сондай-ақ телекоммуникациялар мен байланыстың тиімді
құралдарымен қамтамасыз ету;
-
басқарушылық шешімдерді жедел дайындау
үшін қазіргі заманғы сандық әдістермен,
ақпараттық базамен және технологиялармен
жарақтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін құру,
кеден қызметіне ақпараттық қызмет көрсетуді
жетілдіру;
-
кадр саясатын одан әрі жетілдіру,
құрылым мен штат санын оңтайландыру;
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Мустакимов Р.Р., Мустакимов Ш.Р. Әлемдік
қаржы-экономикалық кризис жағдайындағы Кедендік
одақ// Евразийский юридический журнал. 2009. №12.
2. Таможенные органы Российской Федерации:
правовой статус и пути его совершенствования, 1 п.л. Государство и право, 1995,
№3.
3. Денисова М.С.
Совершенствование механизма оказания услуг в области таможенного дела // Бизнес
в законе. 2008. № 2.