Исахметова А.Н., Қалтаева П.С.

г. Шымкент, Казахстан

 

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

 

        Зейнетақымен қамтамасыз ету қоғамның көпшiлiк мүшелерiнiң өмiрiнде айтарлықтай орын алады. Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы іс-әрекеттер қазіргі кезде кез-келген мемлекеттің маңызды әлеуметтік қызметі болып табылады. Ол ұлттық табысты қайта бөлу тетігі арқылы өзінде реттеу құралдарды зейнетақымен қамтамасыз етуге бағыттайды және соған сәйкес экономикалық қатынастардың нысаны ретінде қатысады.

Адам өндiрiс факторлары ретiнде өндiрiстiң басқа факторларынан ерекшеленедi. Еңбек қоры ретiнде ол өзiнiң өмiрлiк кезеңін табиғи жолмен аяқтауы тиiс. Нәтижесiнде әрқашан оны қолдаудың белгiлi бiр шығындары талап етiледi. Әдетте бұл келесi ұрпақтың еңбегiнiң есебiнен жүзеге асырылады. Осыған орай, жұмыс iстемейтiн (еңбекке жарамсыз) әлеуметтiк топ немесе жас пен жұмыс iстеушi ұрпақтың арасында қайшылықтар туындайды. «Әлеуметтiк қамсыздандыру» сияқты санаттың пайда болуы әр түрлi себептермен еңбекке жарамсыз адамдар мен қоғамның белсендi еңбекке жарамды мүшелерiнiң арасындағы қайшылықтарды шешудiң түрi. Осыған орай олардың экономикалық көзқарастарын бір жүйеге келтiру қажет. Себебі, тиімді зейнетақы жүйесі қарттарды қорғап ғана қоймай, экономиканың өсуіне жағдай жасауы керек.

Зейнетақымен қамтамасыз етуді «қоғамдық тауар» санатына жатқызуға болады. Біріншіден, еңбекке жарамсыз азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету құрамына кіретін әлеуметтік инфрақұрылымды қаржыландыру тек қана мемлекеттік секторға жүктеледі. Екіншіден, зейнетақымен қамтамасыз ету қоғамның барлық мүшелеріне: жалпы қоғамдық пен қол жетерлік адамдардың саяси және экономикалық құрылымдарға, территориялық және мемлекеттік орналасуға байланыссыз жетістігі болып саналады және бүкіл қоғам мен мемлекеттің еңбекке жарамсыздарды асыраудағы міндеті болып табылатындығын білдіреді.

Американдық экономист Р. Масгрейв «қоғамдық өнім» теориясын салық жүйесімен байланыстырды. Ол салықтармен шығындар тетігінің әрекет етуі қоғамдық тұтыну үшін белгілі ресурстарды бөлу үшін қажет және бұл қызмет көрсетулердің құнын қажеттіліктерін қанағаттандырғысы келетін жеке тұлғаларға салу керектігін ұйғарады. «Қоғамдық тауарлар» жиынына толық сенімділікпен зейнетақыны қамтамасыз етуді енгізуге болады [1].

Зейнетақылық қатынастардың субъектiлерi ретiнде ең алдымен, мемлекеттiң өзi және қоғамның зейнетақымен қамсыздандырылуға мұқтаж мүшелерi сонымен қатар, ұлттық табыстың осы бөлiгiн құрайтын қоғамның жұмыс iстейтiн бөлігі қарастырылады.

Жеке шаруашылық қызметтегі буындардың деңгейлерi бойынша зейнетақылық қатынастардың субъектiлерi ретiнде зейнетақымен қамтамасыз ету құралдарын қалыптастыруға қатынасатын кәсiпорындар, бiрлестiктер, салалар деп бөлiп көрсетуге болады. Бұлар нақты әрекет етушi тұлғалар мен тұлғалар тобы немесе олардың атынан әрекет ететiн  әр түрлi мемлекеттiк және шаруашылық құрылымдар.

Бұл қатынастардың объектiсi қоғамның еңбекке қабiлетсiз мүшелерiнiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған және қайта құралған өнiмнiң бөлiгi болып табылды.

Барлық еңбекке жарамсыздарды үш топқа бөлуге болады.

      - тиiмдi жұмыс iстеген және  аман-есен зейнеткерлiк жасқа дейiн жеткен жекелеген адамдар;

     - еңбектiк және қоғамдық мiндеттемелердi орындау үрдісінде еңбекке жарамдылығын жоғалтқан адамдар;

     -  жастайынан мүгедектер, сонымен қатар еңбекке жарамды жастағы жұмыс iстемейтiн (еңбектiк зейнетақы алуға құқығы жоқ) азаматтар.

        Тиiмдi жұмыс iстеп жатқан және зейнеткерлiк жасқа дейiн аман-есен жеткен тұлғалар өздерiнiң ең қажеттi және ең аз қажеттiлiктерiн ғана емес, сонымен қатар зейнеткердiң әлеуметтiк санатын сақтап қалуды қамтитын өмiр сүру қалпын сақтап қалуға үміттенеді.

Еңбектiк және қоғамдық  мiндеттемелердi орындау үрдісінде еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалтқан адамдардың көзқарастары субъектiлердiң бiрiншi тобымен өте маңызды өмiрлiк қажеттiлiктерiн қанағаттандыру тұрғысынан бiрдей болады. Берiлген топта еңбектiк және қоғамдық мiндеттемелердi орындау үрдісінде еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалтқан адамдарға зейнетақының үлкен бөлiгiн төлеуге мiндеттi ұжымдар (кәсiпорын, мемлекет) бар.

Жастайынан мүгедектер үшiн материалдық және моральдық шығынды аз көлемде орнын толықтырудың мүмкiндiгi бар. Еңбекке жарамды жастағы жұмыс iстемейтiн азаматтарға келер болсақ, олардың шағымдары қолдағы бар мүмкiндiктерге қарай (минималды) аз көлемде қамтамасыз ету шеңберiмен шектелуi мүмкiн.

Кәрiлiк жағдайлар үшiн жеке жинақтардың үлкен мәнi бар. Бұл жұмыскерлердiң табысы ең аз мөлшерден шамалы жоғары болатын мемлекеттерде байқалады. Ірі жинақтаулар мүмкiн емес. Ол тек дамыған елдерде ғана мүмкiн. Себебі, экономиканың өркендеуi жағдайында ол  мөлшерлі болып қалыптасады да мемлекетке осы мақсаттарға ұлттық өнiмнiң жалпы көлемiнен қайшылықтарды шеше отырып, аз қаржы бөлгiзедi. Сондықтан, «әлеуметтік әділеттілік» пен «әлеуметтік кепілдеме» түсініктері зейнетақы ұғымын толықтырады [2].

Жұмысшылардың құрметті демалысқа кеткен ұрпақтарының орнына жаңа, еңбек үрдісiн жүргiзу үшiн қажеттi кәсiби сапалылыққа ие жұмыскерлер келуi тиiс. Зейнетақымен қамтамасыз етудің тиiмдi жүйесi еңбекке жарамды халық үшiн  ынталандырушы ролді атқарады, себебi жұмыс iстейтiн халықтың табысы мен келешектегi зейнетақысының көлемi арасындағы тiкелей байланыс оны айқын көрсетедi.

Зейнетақының екi жақтамалы мағынасы бар. Бiр жағынан, зейнет ақы – бұл қоғамның еңбекке қабiлетсiз мүшелерiнiң еңбекке жарамдылығын жоғалту шамасы бойынша пайда болған қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн материалдық негiз болса, екiншi жағынан, зейнетақыны еңбекке жарамсыздардың қоғамдық өндiрiске қосқан еңбектiк үлесiнiң шамасы ретiнде қарастыруға да болады. Оған негіз әлеуметтік қамсыздандыру елімізде 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конститутциясының 28-бабында жалпыға бірдей зейнетақымен қамтамасыз ету және мемлекетпен ең төмен әлеуметтік кепіл беруі ресми тіркелген. Зейнетақымен қамтамасыз ету жоғарыда аталғандай әлеуметтік қамсыздандырудың құраушы бөлігі ретінде және әлеуметтік төлемнен айырмашылығы төменде көрсетілген (1-кесте).

 

Кесте - 1.  Зейнетақыны төлемдерінің әлеуметтік төлемдерден ерекшеліктері

 

Зейнетақы төлемдер

Әлеуметтік төлемдер

 

Өмір бойы төленеді және тұрақты сипатта болады.

Уақытша жұмыс істеу қабілеттілігін жоғалтқандарға төлем.

Қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін материалдық негіз.

Жүктілігі мен босанғаны жөніндегі төлем.

Еңбекке жарамсыздардың қоғамдық өндіріске қосқан еңбектік үлесінің шамасы.

Белгіленген жас пен мерзімге байланыссыз төленетін төлем

Белгіленген жасы бойынша тағайындалады (ҚР әйел-58 жас, еркек-63 жас)

 

 

Индексацияланып мемлекетпен төленетін төлем.

Жеке адамның атқарған еңбегімен негізделеді және оның көлемі мен сапасына тығыз байланысты

Жекеленген мақсатта нақты зейнеткерге төленеді

Әрдайым ақшалай түрде белгіленеді, яғни зейнетақы жалақының жинақталған бір бөлігі екенін растайды.

Ескерту: Теориялық материалдарды қорытындылау негізінде автор құрастырған

 

Зейнетқымен қамтамасыз ету әр түрлi әлеуметтiк жәрдемақылардан ерекшелiнедi, себебi әлеуметтiк жәрдемақы алатын адамдар әр түрлi себептермен уақытша жұмыс iстеу қабiлеттiлiгiн жоғалтқандар. Зейнеткерлер – бұлар жасы бойынша, мүгедектiгi бойынша еңбекке жарамсыздар және олардың қажеттiлiктерiн қоғам маңызды деп қабылдап қанағаттандыруға мәжбүр болып танылғандар. Осыған сәйкес зейнетақы берiлген адамдардың санаттары бойынша берілген нақты құқығы болып табылады және бүкiл қоғамға таратылмайды. Зейнетақының келесi ерекшелiнетiн белгiсi оның жеке адамның атқарған еңбегiмен барынша тығыз байланыста болуы. Еңбектiк салым өткен және мiндеттi болып екiге бөлiнедi [3].

Соңғы кездерi шет мемлекеттерде бiрқатар факторлармен түсiндiрiлетiн, өндiрiстiк қорлардың жылдам дамуы байқалады.

Ең алдымен, қызметкерлердің компаниялар мен кәсiпорындардың қорларына қатысуына ынталандыратын факторларды бөлiп қарастырайық. Негiзгi мұндай фактор болып жұмыс берушiнiң зейнетақыны жеке қаржыландыруы (кейде толық болуы да мүмкiн) саналады. Осыған байланысты зейнетақы қорының мүшесiне зейнетақысын жеке сақтандыру жолымен, меншiктi жарнасымен зейнетақысын толық қаржыландыру әлдеқайда арзанға түседi.

Кәсiпкерге келетiн болсақ, зейнетақылық қорды құру және оған қатысу мамандардың ағымын қысқартуға мүмкiндiк бередi. Бұл бәсекеге қабiлеттiлiктi және алатын пайданы жоғарылату үшiн барынша бiлiктi жұмысшы күшiн бекiтудiң тәсiлi. Жұмыс берушiнің тағы да бiр ыңғайлы факторы – зейнетақылық қорда жинақталған қордың есебiнен қорға өзiнiң меншiктi акцияларын сату түрiнде меншiктi несиелеу мүмкiндiгiнің болуы.

 

Әдебиеттер

1. Тополева Т.Н. Развитие негосударственных пенсионных фондов как формы социального партнерства// Проблемы регион. Экономики.- 2003.- № ¾.- С. 276-281.

2. Орлов-Карба П. Пенсионная реформа: противоречия нового этапа// Человек и труд.- 2004.- № 8.- С. 31-33.

3. Статистикалық баспасөз. Бюллетен №2 2014. Астана,2014 ҚР статистика агенттігі.