ӘОЖ  336.14:352

Экономические науки/15. Государственное регулирование экономики

 

Э.ғ.к. Байтиленова Е.С.,

магистрант Балабаева А.Н.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Жергілікті бюджетті басқарудың жоғарлату мәселелері

 

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты екендігі белгілі қағида. Осы қаржы жүйесін тиімді басқару және жоспарлау мәселесі кез-келген мемлекет үшін өзекті әрі күрделі мәселелер қатарына жатқызылады.

Бюджеттік құрылымға қатысты бюджет жүйесі ұйымдастырушылық бөлімшелерге немесе деңгейлерге бөлінеді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, оның негізінде елдің мемлекеттік құрылымы жатыр. Мемлекеттік құрылымның екі нысаны белгілі: біріншісі, басқарудың екі буынды жүйесімен (орталық және жергілікті буын) қарастырылатын унитарлы мемлекет және басқарудың үш деңгейлі (орталық, федерация мүшелері және жергілікті буындар) жүйесі бар федералды мемлекет. Осыған сәйкес экономикалық қатынастарға және заңды нормаларға негізделген, билік деңгейлерінің барлық бюджеттерін біріктіретін бюджет жүйесі құрылады (1-сурет).

Біздің мемлекетіміздегі Конституциялық құрылымның негіздеріне және 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында күшіне енгізілген жаңа Бюджеттік кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі ұйымдастырушылық түрде республикалық және жергілікті деңгейлерге бөлінеді.

Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы өзаратөлем операцияларын ескермегендегі олардың жиынтығы болып табылады.

Салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.

Рисунок1

ЕскертпеТаранов А.А. Муниципальное право РК. Алматы: Жеті жарғы, 1999. – С. 5.

 

Сурет 1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

 

Сонымен, бюджет жүйесінің жұмыс істеуі әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара байланысына негізделген және оларды жасақтау, қарау, бекіту, орындау, бақылау тәртібімен, сондай-ақ, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

Кез келген бюджет жүйесі мынадай басты мақсаттарға жетуге бағытталады:

-     экономикалық тиімділік;

-     әлеуметтік әділеттілік;

-     саяси тұрақтылық;

заң басшылығы және мемлекет бірлігінің нығаюы

Бюджетті басқарудағы маңыздысы, бюджеттік шығыстарды оның кірістеріне теңестіру жолымен бюджеттік реттеу үдерісі, бюджеттік деңгейлер бойынша шығыстар мен кірістердің құрылымдық тепе-теңдігін қамсыздандыру, құрылымдық тепе-теңдік болмаған жағдайда төмен тұрған бюджеттерді жоғары тұрған бюджеттер есебінен теңестіру болып табылады.

Жамбыл облысының бюджет түсімдерін болжау аймақтың орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары және алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясат негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес 2014 жылға арналған жалақы қорын есептеу кезінде бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің еңбек ақысын орта есеппен 25 %-ға өсіру ескерілген.

Жамбыл облысының бюджеті 10 аудандық (Жамбыл, Жуалы, Байзақ, Меркі, Шу, Талас, Сарысу, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Қордай) және 4 қалалық (Тараз, Жанатас, Қаратау және Шу) бюджеттен және облыстық бюджеттен құралады. Облыс бюджетінің аудандық және облыстық бюджеттермен қатынасы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің
2-бөлім 6-тарауындағы ережелер бойынша бюджетаралық қатынастар арқылы реттеледі.

Жергілікті бюджеттердің ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына арналған шығындарын жергілікті атқарушы органдардың заңды түрде бекітілген, тұрақты сипаттағы функцияларының негізінде анықтау қажет. Біздің пікірімізше, осы бағытта, Қазақстан үшін бюджетаралық қатынастарды орнатудың келесі қағидасы тиімді болар еді.

Біздің  ойымызша, Қазақстанда жаңа  бюджетаралық  қатынастар жүйесін  қалыптастыруда анағұрлым  елеулі  мағынаны  келесі  мәселелер көрсетеді:

-  барлық бюджет  жүйесінің  тұрақтылығының кепілдігі  ретінде  мықты мемлекеттік бюджетті  қалыптастыруды, нарық  экономикасын  реттеудің  қуатты  құралы  және  мемлекеттің  жалпы  ұлттық функцияларын  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  ету;

-   әлеуметтік  және  инвестициялық бағдарламаларды  бірлесіп  қаржыландыруға  жергілікті  және  республикалық  бюджет  ресурстарын аумақтарға  шоғырландыру,  мақсатты  қаржылық  трансферттерге  өту.

Сонымен, ұсынылатын әдістеме аудандардың кірістер сомасының шығыстар сомасына тең болуына негізделеді. Бұл кезде салықтык реттеудің тіркелген нормативтерін бекіту кейбір аудандардың кірістерінің орта облыстық кірістерден артып кетуіне әкелетіндігін ескерген жөн.

Жергілікті бюджетті басқаруды жетілдіруге мемлекет және қоғам мүдделі. Олай деуімізге себеп, мемлекеттік басқару жүйесіне өзгерістер еніп, аймақтық және одан төменгі деңгейлерде басқарудың тиімді болатыны шет елдік тәжірибелермен анықталып отыр. Әсіресе, ашық экономикалы нарықтық қатынастарға қоғам түгелдей белсенді араласуы керек. Демек, жергілікті бюджетті тиімді басқару мәселесі тек қана мемлекет үшін емес, халық үшін де тиімді. Қазіргі уақытта бюджет қаражатының игерілмей қалу мәселесі күн тәртібіне жиі қойылып отырғандықтан (бұл мәселе Жамбыл облысына да тән), бюджеттің орындалу барысына бақылау орнату қажет. Ол функция халықтың өкілеттілігін білдіретін маслихаттарға жүктелуі тиіс. 

Қорыта келгенде, мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасын iске асыру шеңберiнде шығыс өкілеттiктерiн мемлекеттік басқару деңгейлерiне бекiту қажет екендігіні айқындадық.

Әдебиет:

1. ҚР Конституциялық Кеңесінің 2003.04.23 N 4 қаулысымы.

2. Абдикадирова Ж. Мемлекеттік бағдарламалар мен жергілікті бюджеттің қаржысын талдау.// Қорқыт Ата атындағы ҚМУ – нің Хабаршысы. – 2014. №1, - Б. 61 – 66.