Экономические науки/15. Государственное регулирование экономики

 

Э.ғ.к. Байтиленова Е.С.,

магистрант Балабаева А.Н.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Қазақстан   Республикасында    бәсекелестік

ортаны    қалыптастыру  және   дамыту  жолдары

 

 

  Нарықтық экономиканың тұрақты қызметі қалыптасуы үшін бірінші кезекте - бәсекелік ортаны қалыптастыру іс-тәжірибеде және нақты анықтамасын беруде күрделі процесс. Бәсекелік орта қоғамдық өндірістің нақты тарихи әлеуметтік-экономикалық құрылымы ретінде анықталуы мүмкін. Бұл дегеніміз субъект пен объект арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың ерекше түрі. Ол ұйымдастырылған тауар өндірісі заңымен тауар-ақша айырбасын қамтамасыз етеді.

Біздің экономика жан-жақты, бұнда тек өндіріс монополияланған емес, сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің өмір сүру ортасы да мемлекет бір уақытта монопольды өндіруші де және монопольды басқарушы. Мемлекеттік емес экономикалық орта монополиялық ортаға байланыстырылған.

  Нарықтық экономиканың әкімшілдік экономика монополиясынан айырмашылығы мынадай: мемлекеттік монополизм өз мазмұны бойынша нарықтық экономикада таза монополия белгілерінің сипатының көшірмесі іспеттес.

  Таза монополияда бейнеленетін шаруашылық жүргізудің экономикалық жүйесінің монополиялық мәні халық шаруашылығы салаларының олигополиясы, экономикалық қатынастар формалары мен экономикалық негізді өзгертпей бәсеке ортасының пайда болу мүмкіндігі болмайды.

  Нарықтық бәсеке болмаған жағдайда бәсекелік орта қалыптасуы кезең-кезеңімен жүргізілуі керек:

  1) Отандық өндірушілер арасындағы бәсекенің қалыптасуы бір салада өткізуші нарығымен шикізат нарығында; өндірістік бағдарламаны ұзақ мерзімдік несие беруде банкаралық бәсекенің пайда болуы, өндірушілермен байланыс орнату үшін сауда мекемелері арасында;

  2) Пайда нормасы үшін салааралық бәсекенің қалыптасуы, тауарлы емес бәсеке, трестер, ходдингтер, фирмалар арасындағы қаржылық үстемдіктің қалыптасуы;

  3) Отандық және шетелдік өндірушілер арасында тең серіктестік қатынас қалыптасуы.

Бәсекенің пайда болуының негізгі жағдайы мыналар болып саналады:

  - өндіріс құрал-жабдығына өнім мен табысқа меншік;

  - ресурстар мен ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі;

  - жекелеген өндірушілердің молдығы, экономикалық өз еріктілік (әрекет түрлерін, ұйымдастырушылық формасы, қаржыландыру көзін, әдісін анықтау және өндіруді, өткізуді басқару және т.б.).

Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанда өнеркәсіпті дамытуға барлық жағдайдың бар екендігі белгілі.

Шикізат қорларының молдығы, еңбек ресурстары мен білімді және интеллектуалды мамандардың жеткіліктілігі, жаңа өндірістер құру үшін аймақтардың кеңдігі, географиялық жағынан орналасу тиімділігі, ішкі және сыртқы нарыққа шығудағы бірқатар артықшылықтар – мұның бәрі өнеркәсіп салаларын, соның ішінде өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың алдында жаңа мүмкіндіктер ашады. Әрине, отандық өнеркәсіптің қарқынды дамуына теріс әсер тигізер факторлар мен кедергілер жоқ емес.

Сондықтан да, Президенттің 2004 жылы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында “мемлекеттік қолдаудың оңтайлы рөлі, бір жағынан, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткізуге, екінші жағынан – инфрақұрылымды жасау және басты салаларды дамытуға жеке меншік секторды тарту жөнінде белсене жұмыс жүргізуде деп білемін” деп атап көрсеткен.

Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетістіктерді дамытудың негізгі құралы болып табылады. Бәсекелік рынокта қызмет етуші фирмалар мен кәсіпорындар қоғамның әртүрлі сұранысына бейімделіп, тиімді инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндірістік және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнімдер шығарудың көлемін арттыруға ынталы болады.

Осылайша әрбір кәсіпкердің бәсекеге қабілеті жоғары болуының нәтижесінде әлемдік экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Бүгінде Қазақстан ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін келесідей шараларды атқаруымыз керек:

- индустрияны кластерлік тұрғыдан дамыту;

- шағын бизнесті дамыту және оның ЖІӨ-дегі алатын үлесін 60 пайызға дейін өсіру (бүгінде бұл көрсеткіш 30 пайыз);

- еліміздегі білім беру жүйесін дамыту, жаңарту, озық елдердің деңгейіне жеткізу;

- мамандар дайындауды дүниежүзілік стандарттарға жеткізу;

- шетелдік инвестицияларды өнеркәсіптің өңдеуші саласына бағытталуын ынталандыру;

- елдегі инновациялық күштерді қалыптастыру және нығайту;

- мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриалды-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру;

- отандық өнімдердің халықаралық рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшу;

- инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету, шағын инновациялық бизнесті ынталандыру.

Қорыта келгенде, бәсекені реттеу принципі еліміздің алда тұрған өзекті мәселесі. Мысалы, бірнеше жылдың ішінде Қазақстанда антимонополиялық заңдар күшіне ене бастады. Олар таза монополияның рынокта, сонымен қатар, мемлекетте орынбасушылыққа ие болмас үшін ұйымдастырылды. Өйткені, олар рынокта жоғары баға және ұсыныс көлемін төмендету үстемдігіне ие болады. Ал бұл мемлекеттің ішкі жағдайын тұрақсыздыққа әкеліп соқтырады. Шаруашылық жүргізудің монополистік формасы жағдайында бәсекенің сипаты өте күрделі болады.

Біріншіден, бүгінгі жағдайда, монополияның тұтынушылар мен потенциалдық бәсекелестер туралы толық ақпараты болады.

Екіншіден, монополия жарнама арқылы тұтынушылардың сұранысының қалыптасуына елеулі әсер етеді, өйткені ірі монополиялар жарнаманы пайдалану жеңілірек түседі.

Үшіншіден, монополия өзінің саясаи және қаржылық салаларындағы байланыстарын пайдаланып, тапсырма берушілерге (мемлекеттік мекемелерге немесе контрагенттердің компанияларына) елеулі ықпал етеді. Осы жағдайлар, әдетте, бәсеке процесіндегі қауіпті төмендетеді және монополиялық пайда түсуін қамтамасыз етеді. Бәсекелестікті дамыту проблемасына тоқталатын болсақ, онда Қазақстан Республикасының осыны әрі қарай дамытуына барлық мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде елімізде шикізат қоры жеткілікті десек те болады, бірақ оны өндіруге бізде технологияның дамуының әлі төменгі дәрежеде болуы оған ықпалын тигізіп отыр. Сондықтан біздің Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің “Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті халық” деген Жолдауында шетелден қосымша инвестицияны дамымай қалған салаларға орналастыратын болсақ, сапалы, бәсекеге жарамды тауар шығарып, өндіріп, оны шетел, яғни халықаралық рынокқа шығаратын болсақ, онда еліміз дамыған елдер қатарына қосылады деп атап көрсетеді.

 

ӘДЕБИЕТ

         1 Назарбаев Н.Ә. «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті экономика». Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2004 жыл 19 наурыз.

         2   Закон РК “О недобросовестной конкуренции”. Алматы, 2002.

         3 Закон РК “О конкуренции и ограничении монополистической деятельности”. Алматы: Дәнекер, 2002.

         4 2003-2015 жылдарға арналған «Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы». Астана, 2003 жыл.

         5 Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму
тұжырымдамасы