Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі  ̶ маслихаттардың рөлі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Сайымова М.Д., PhD Бердіғалиева А. 4 курс студенті

 

 

         Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы жағдайға жауапты жергілікті өкілетті және атқарушы органдар жүзеге асырады. Жергілікті өкілетті органға мәслихат жатады.

         Мәслихат – бұл облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және ҚР заңдарына сәйкес оны жүзеге асыру үшін қажетті шараларды белгілеп, олардың орындалуын бақылайтын сайланбалы орган.  Мәслихат заңды тұлға болып табылмайды.

         Мәслихат депутаттарының санын ҚР Орталық сайлау комиссиясы белгілейді: облыстық және республикалық маңызы бар қала мәслихаттарындағы депутаттар саны 50-ге дейін, қалалық мәслихатта 30-ға дейін, аудандық мәслихатта 25-ке дейін. Депутатардың жалпы санының кемінде ¾ бөлігі сайланғанда ғана мәслихат заңды болады. Мәслихат өз құзіреті бойынша шешімдер шығарады, ол мәслихат актілері болып табылады. ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтін шешімдері жойылады.

Қалалық мәслихаттың сессияның жалпы отырысына қала аумағында сайланған облыстық мәслихаттың және Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары, әкім немес оның міндетін атқарушы тұлға, қала прокуроры, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады. Сессияға келгені туралы олар сессия төрағасына ескертулері тиіс, сессия төрағасы ол  жөнінде депутаттарға хабарлайды.

Шақырылғандар мәслихат қызметіне араласуға құқығы жоқ. Оның жұмысын мақұлдау немесе мақұлдамау көріністерінен қалыс қалуы, белгіленген тәртіпті сақтауы және төрағалық етушінің өкіміне бағынуы тиіс.

Мәслихат аппараты шақырылғандарды олардың отырыс залында қатысу қажеттігі және қарауға жататын мәселелер туралы алдын – ала хабарлайды.

Сессияның отырыс залына шақырылғандарды жіберу тәртібін мәслихат сессиясының төрағасы анықтайды.

Сессияға қатысып отырған депуттардың көпшілік дауысымен мәслихат олардың құрамынан хатшылық (техникалық хатшыны) сайлайды, ол отырыс хаттамасының жүргізілуін, шығып сөйлеушілерді жазуды ұйымдастырады, депутаттық сұраныс, сауалдарды, анықтамаларды, арыздарды, шешім жобаларын, шешім жобарларына түзетулерді және басқа да мәслихат органдарының, депутаттардың белсенді ұсыныстарын тіркейді, сессияға төрағалық етушіге тиісті ақпаратты береді.

Сессия төрағасының немесе қатысып отырған депутаттардың үштен бірінің ұсынысымен қабылданған шешім бойынша егер оған қатысып отырған депутаттар санының басым көпшілігі дауыс берген болса, мәслихат жабық отырыс өткізе алады.

Сессияның жалпы отырысы хатталады. Хаттамаға сессия төрағасы мен мәслихат хатшысы қол қояды.

Сессияның жалпы отырысында сөз сөйдеуші депутаттар талқыланып отырған сұрақ бойынша сөйлеуге міндетті, өз сөзінде  дөрекі және әдепсіз сөздерді пайдалануға, заңсыз әрекеттерге шақыруға құқы жоқ.

Төраға бұл жағдайда бұндай әрекеттерге, шығып сөйлеуге және үндеу жасауға жол берілмейтіндігі жөнінде ескерту жасайды. Екінші ескертуден кейін шығып сөйлеуші сөзден және талқыланып отырған мәселе бойынша қайтадан шығып сөйлеу құқығынан айырылады.

Егер шығып сөйлеуші өзіне берілген уақыттан асып кетсе немесе талқыланып отырған сұраққа қатысы жоқ мәселе бойынша сөйлесе, төраға ескертуден кейін сөйлеу құқығынан айырады. Сессия залында ұялы, радио телефондармен және басқа да байланыс құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Қалалық мәслихат депутаты болып табылмайтын тұлға тәртіпті қатаң бұзған жағдайда сессия төрағасының ұсынысы бойынша немесе депутаттардың үштен бірінің талабы бойынша залдан қуылуы мүмкін.

Негізгі реформалар орталықтан өңірлерге ауысу барысында жаңа өңірлік саясат жүргізу жөнінде жарияланды. Енді өңірлер айтарлықтай қаржы ресурстары, соның ішінде мемлекет бюджетінен де бағытталған экономикалық даму орталықтарына айналуда. Заң қабылданысымен ауқымды жобалар жүзеге асырыла бастады. Мысалы: «Жол картасы», Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламаларын іске асыру мақсатында енгізілуде, ауыл кәсіпкерлігі мен мал шаруашылығын дамытуға байланысты үлкен жоспарлар бар. Әлеуметтік жаңару бойынша іс-шараларды жүзеге асыру басталды.

Аймақ туралы Қурайлы селосында— 917 адам  жеке шаруашылық иесі тіркелген.

Округ құрамына кіретін 2 ірі елді мекенде бүгінгі күні 7300-ден астам тұрғыны бар 1660 отбасы тұрады. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар саны 2 мыңнан астам, зейнеткерлер мен мүгедектер саны — 641, ал еңбекке жарамды тұрғындар саны — 4227. Тұрғындар санының өсуі жаңа тұрғын үйлердің қолданысқа берілуі және адамдардың басқа аймақтардан көшіп келуімен байланысты. Округ аумағында 2 орта мектеп, селолық дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік пункт, облыстық М.Оспанов атындағы медицина орталығы, облыстық  наркологиялық және жүйке ауруларын емдейтін диспансерлері, мамандандырылған профилактикалық емдеу кәсіпорны, пошта бөлімшесі жұмыс жасайды. Осы аталған мекемелерде 700-ге жуық адам жұмыс жасайды. Бұл өз кезегінде округтегі кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту бойынша күреске үлкен қолдау көрсетуде.

Елбасы, облыс және қала әкімдері берген тапсырмаларды орындау бойынша  айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп келеді. Өткен жылғы кездесулерде тұрғындар тарапынан айтылған ескертулер мен ұсыныстар орындалды. Айта кетсек, қала әкімінің белсенді қолдауының арқасында «Жастар» шағын ауданының өзекті мәселелерінің бірқатары шешілді.

Округ аумағында 17 шаруа қожалығы, 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, 2 өндірістік кооперативтер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады, 917 адамның жеке шаруашылықтары бар. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 2830 гектар жерге дәнді дақылдар және 30 гектарға көкөніс егіп, 1295 тонна астық бастырылып, әрбір гектарынан 5,4 центнерден өнім және 470 тонна көкөніс өнімі алынды.

Сондай-ақ шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер бағаны тұрақтандыру мақсатында биылғы жылы Ақтөбе қаласында өткізілген қалалық және облыстық ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне қатынасып, 4,8 тонна ет, 2,5 тонна сүт пен 150 кг сары май,  3000 дана жұмыртқа өнімдерін базар бағасынан төмендетілген бағамен сатуға шығарды.

Округ аумағында біршама жолға қойылған телефон байланысы бар. Құрашасай селосында «Қазақтелеком» АҚ-ы қызмет көрсететін 600 нөмірлік абоненттік телефон стансасы бар. Қазіргі таңда оның 250 абоненттік нөмірі қосылған.  Новый селосы да  «Байнұр» ЖШС телефон байланысымен қамтамасыз етіліп, бүгінгі күні 950 үй аталмыш қызмет түрін пайдаланып отыр.

Әдебиеттер

1. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңы., "Заң", №3, 2009

2. Баянов Е. «Әкімшілік құқықтың схемалар бойынша анықтамалары» Алматы 2002 (Қосымшалар)

3.Мәдинов Р. "Сағым" идеядан сақтанған абзал немесе билікті орталық пен аймақтар арасында бөлуді жеделдеткісі келетіндердің көксегені не?/ "Егемен Қазақстан", 16.04.2010

4.Ақтөбе қаласы «Қуралы селолық округі әкімінің аппараты » ММ әкімінің есебі