Магистрант Ақбергенова Г.А.

 

«Қаржы академиясы» АҚ, Астана қаласы

 

Қазақстан Республикасындағы бюджетаралық қатынастардың қалыптасуы

 

Қазақстан Республикасында тоқсаныншы жылдардың басында жүргізілген  саяси және экономикалық реформалар  мемлекеттік қаржы жүйесіне әсерін тигізбей қоймады.

Біздің жас мемлекетіміз мақсатты түрде жекешелендіру негізінде нарықтық экономика еркіндігінде бәсекелесіп келеді. Қазақстанның тәуелсіздік  алғаннан бері 23 жыл аралығында бюджетаралық қатынастарды реттеуге бағытталған  көптеген жұмыстар жүргізілді.

Осы жылдар аралығында мемлекетіміздің бюджетаралық қатынастар жүйесі қайта қалыптасу сатыларынан өтті.

Бюджетаралық қатынас ҚР Бюджет кодексiнің  42-бабына сәйкес бюджет процесiнде республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерi арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.[1]

Осы уақыт аралығында мемлекеттік қаржылық бақылау, мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қоғам қажетіне пайдалану мақсатында бюджет процессін жақсартуға байланысты көптеген жұмыстар жүргізілгендігін атап өткеніміз жөн болар.

Осы уақыт аралықтарында мемлекетіміздің бюджет жүйесі қайта қалыптасу барысында әртүрлі кезеңдерді басынан өткерді.

Осы процесстерге сәйкес 90 –жылдың басынан бастап  4 – кезеңге бөліп қарастыруымызға болады. 1991-1995 жылдар, 1996-1999 жылдар, 2000-2006 жылдар, 2007-2006 жылдар, 2007-2010 жылдар [2].

1-кезең 1991-1995 жылдар - әлеуметтік дағдыланған нарықтық экономикаға бет бұру кезеңінің ең алғаш кезі.

Әлеуметтік дағдыланған нарықтық экономикаға бет бұрудың ең алғаш кезеңін қарастырайық. 1991 жылдың 17 желтоқсанында Қазақстанның бюджет жүйесін анықтайтын «Бюджет жүйесі» туралы ең бірінші заңға қол қойылды. Негізгі мақсаты болып жергілікті бюджет пен республикалық бюджет жүйелерін бөлу арқылы еркіндік беру болып табылды. Сонымен қатар, объективті жағдайлар бойынша мемлекет ағымдағы сәттегі қоғамның саяси экономикалық өміріндегі жүйелік реттеу арқылы әсер етуіне байланысты. Жаңа бюджет жүйесі мен  мемлекеттік бюджетті қадағалау туралы заңнамаларының негізі қалыптасу арқылы қажетті институттар қалыптасты.Республикалық және жергілікті бюджеттердің  функционалдық өкілдіктеріне шектеу қою арқылы екі деңгейлі бюджет туралы заңнамалық база құрыла бастады.

2-кезең 1996-1999 жылдар жалпы бюджетаралық қатынастардың орталықтандырылуы.

Екінші кезең эканомиканың дамуы мен экономиканың саяси тұрғыда белсенді болуы. Осы жылдары бюджетаралық қатынастар жүйесі қаржы ресурстарының біріңғай бір жүйеге келуімен ерекшеленеді. Реформацияның үдерісінің аяқталмауынан бюджетаралық қатынастың  және субъективизмнің  және саяси сауданың көбеюінен жергілікті қаржының дағдарыстан шиеленісу себептерімен жергілікті бюджет үшін қаржылық ресурстар қызмет етті.Осы жылдар аралығында әртүрлі деңгейлердегі бюджеттердің орындалмауы белең ала бастады, сонымен қатар мемлекет саласында жұмыс жасайтын қызметкерлердің еңбекақы төленуінің кешіктірілуі, және жергілікті бюджеттердің қарызының тез арада өсуіне алып келді. 1995 жылы жаңа салық заңнамасы енгізілді, сонымен қатар Қазынашылық органдарды құру туралы Қазақстан Республикасының Заңнамалық жағдай бойынша «Бюджеттік жүйе» туралы заң 1996 жылы 24 желтоқсанда бекітілді. Заңнамада бюджет жүйесі принциптері, регламенттеу тәртібі, қарастыру, бюджетті бекіту, бюджеттің орындалуы мен пайдалану аясы қарастырылды. Жаңадан субвенция, субсидия, негізгі тансферттер, мемлекеттік кепілдеме, займдар, үкімет және жергілікті органдардың резервтері секілді ұғымдар енгізіле бастады. Республикалық бюджеттің заңи тұрғыда табысы болып жалпы мемлекеттік салықтар, алымдар мен төлемдер сонымен қатар жергілікті салықтар мен алымдар болып бөлінді. 

Жергілікті бюджеттердің тәуелсіз үндеуінен кейін жергілікті және де басқа да деңгейлердегі бюджеттердің ирархиялық тұрғыда бір бірімен тығыз байланыста. Заң жұмыс істемеді соның салдарынан сол себепті бюджетаралық қатынастар экономикалық емес міннетті сипатта болды.

Бұл кезеңнің ішінде 1997 жылы қабылданған «Қазақстан - 2030» стратегиясы ең негізгі жаңалық болды, себебі қазақ мемлекетінің көпжылдық дамуы нақтыланды. 1998 жылдан бастап Ұлттық банктен тікелей қаржыландыру тоқтатылды.

1999 жылы Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі» туралы үшінші заңы қабылданды. Мемлекет табысын басқару процессін жақсарту мақсатында, мемлекет қаржысын басқару туралы бюджеттік заңнамаларға өзгерістер енгізілді. Республикалық және жергілікті бюджеттердің бюджетаралық қатынастары «Бюджеттік бөліну» принципіне негізделе отырып құрылды [3].

Сол кездердегі бюджеттік реформа барлық саланы қамтыды, яғни қоғамдық өмір саласындағы  республикалық және обылыстық деңгейлерді басқарумен  қатар мемлекеттік органдардың функциялары өте терең талқыланды.

3- кезең 2000-2006 жылдары бюджетаралық жүйеге әртүрлі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бюджет саясаты негізінде, тиімді бюджет жүйесін құру мен бюджет шығындарын жақсарту мақсатда елеулі қадамдар жасалынды. Әлеуметтік салағадағы халыққа көмек реформалары жасалынды. Мемлекеттік бағдарламалар негізінде, мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалар бойынша негізгі заңнамалар қатары қабылданды.

-                         2000-2002 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасы

-                        2000-2002 жылдарға арналған кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы бағдарламасы

-                        Салық кодексі, республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуы мен қадағалануы туралы заң

Қабылданған шаралардың барлығы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттің орындалуына көп үлесін қосты.

4- кезең 2007-2010 жылдары келесідей заңнамалар қабылданды:

-                         «Қазақстан республикасының мемлекеттік басқару және бюджеттік қатынастар деңгейлерінің өкілдігінің ара қатынастарына қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер  мен толықтырулар енгізу» туралы ҚР заң (2008 жыл);

-                          2008 жыл 4 желтоқсан «ҚР бюджет кодексі» (2010 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген);

-                         2010 жылы 1 шілде Кеден одағына кіру және бюджеттік кодекске өзгертулер енгізе отырып, ҚР аумағында Кеден одағын құру туралы кодексті жасау.

Бюджет кодексіне сәйкес 2008 жылдың 4 желтоқсанында (2010 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) келесідей шаралар жасалынды:

-                          жедел және орта бюджеттік жоспарлау механизмі әзірленді;

-                         бюджетті орындау процессі реттелді;

-                         бюджет қаражатын пайдалануды қадағалауға қатысты тәртіп жүйесінің қатаңдау болуы;

-                         Ұлттық қордан аударымдар жүргізудің жаңа механизмі құрылды;

-                          республикалық және жергілікті бюджеттердің ішкі көлденең жобасы жасалынды;

-                         нәтижиелілікке негізделген бюджеттік қаржыландыру құрылды;

-                          «Бір бюджет бір салық» атты принципке сүйене отырып өзіндік табыс көздері анықталды.

 

Қолданған әдебиеттер тізімі.

1.        ҚР Бюджет кодексі (2012 жыл) ;

2.        П.Эльгер. Этапы формирование межбюджетных отношений в Республике Казахстан // www.elger.ru.

3.        В.Д. Мельников «Қаржы негіздері», Оқулық. Алматы – 2009 жыл;