Экономические
науки/6.Маркетинг и менеджмент
Магистрант Ахметов А.
Научный руководитель к.э.н
Отепберген К.
Казахский национальный университет им. Аль-Фараби
Қазақстан Республикасының ииновациялық
инфрақұрылымындағы АЭА-тардың алатын орны.
Инновациялық
қызмет инфрақұрылымы, немесе инновациялық
инфрақұрылым –экономикалық тиімділік принципі негізінде
шаруашылық субъектілерімен инновациялық үрдістерді іске асыру
жағдайын қамтамасыз ететін
ұйымдастырушылық-экономикалық институттар кешені.
Инфрақұрылым мынадай функционалды салаларға
бөлінеді:
1. транспорт
және байланыс;
2.
ақпарат және телекоммуникация;
3.
несиелік-қаржылық сала;
4. қор
нарығы;
5. делдалдар
институты;
6. арнайы
және консалтингтік сипаттағы қызмет көрсететін
компаниялар мен фирмалар [1].
Инновациялық
инфрақұрылымды құрудың маңызды бағыты
өнеркәсіптік, аймақтық және инновациялық
саясат элементтерін тоғыстырып, өсу стратегиясын ынталандыруды жүзеге
асыратын инновациялық орталықтарды, ғылыми және технологиялық
парктер мен инкубаторларды құру болып табылды.
Әлемдік тәжірибе
көрсеткендей, мемлекет рөлі экономиканы дамытуда тек қана
саясатты қалыптастырумен шектелмейді, сонымен қатар
макроэкономикалық тұрақтылықты қолдап,
шаруашылық субъектілер қызметін реттеуді. Ол экономикалық
үрдістерде стратегиялық және үйлестірушілік
функцияларды қарастыруы қажет. Бұл функцияларды іске асыру
механизмдерді даму институттары, технопарктер, конструкторлық бюролар, арнайы
экономикалық аумақтар болып табылады.
Қазақстан Республикасында инновациялық даму үрдісінің координациясын
қамтамасыз етуде жәрдемдесу және мемлекеттік қолдау
шараларын ұйымдастыру мақсатымен құрылған-«Технологиялық даму жөніндегі
ұлттық агенттік» («ТДҰА»АҚ). Агенттік инновациялық даму
үрдісінің координациясын қамтамасыз етуде жәрдемдесу
және мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру
мақсатымен құрылған. Агенттіктің міндеттері
2012 жылындағы 9 қаңтарындағы«Индустриялық-инновациялық
қызметті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңында
жазылынған. Оның ішінде, инновациялық қызметті
қолдау саласында:
- Мемлекеттің стратегиялық жоспарлау жүйесі;
- Индустриялық-инновациялық дамытуды қолдауының 14
құралдары;
- Инновациялық гранттардың 4 жаңа түрі;
- Индустриялық-инновациялық саясатын жүзеге
асырудағы тиімділігін сарапттау механизмі ұсынылған;
- Инновацияларды қолдаудағы механизмдерін жетілдіру.
Агенттік қызметінің негізгі бағыттары:
- инновациялық үрдістерінің
ақпараттық-аналитикалық қолдауы
- коммерциализация жүйесін дамыту
- инновациялық инфрақұрылымның тиімділігін дамыту
- инновациялық қолдауының сервистык
құралдарын басқару
- инновациялық жобаларға инвестициялық қолдау
- инновациялық қызметін көпшілікке тарату
Агенттік тарапынан кәсіпкерлік субъектілерін қолдауындағы
негізгі құралдары:
- Инновациялық гранттар
- Жобалық қаржыландыру
- Венчурлік қорлар арқылы қаржыландыру
- Технологиялық бизнес-инкубациялау бойынша жәрдемдесу
- Конструкторлық бюролар арқылы қызмет көрсету
- Халықаралық технологиялар трансферті орталықтары
арқылы қызмет көрсету[2].
Негізгі
қалыптасқан жүйе бойынша инфрақұрылымға
жататындар: даму институттары, конструкторлық бюро, технопарктер, арнайы экономикалық
аймақ және т.б. ал мен осы мақалада арнайы экономикалық
аймақтардың Қазақстан Республикасының
инновациялық инфрақұрылымында алатын орны туралы
жазбақпын.
Сыртқы
экономикалық байланыстарды жандандыру, аймақтарды тез дамыту,
экономика салаларын қолдау және әлеуметтік мәселелерді
шеші, инвестициялар, технологиялар, қазіргі заманғы менеджмент
тарту, жоғары тиімдік және бәселестік қабілеті бар
өндірістер құру мақсаттарында Қазақстан
Республикасында 10 арнайы экономикалық аймақ құрылды:
1.
«Астана
– жаңа қала» Астана қаласында;
2.
«Ақтау
теңіз порты» Маңғыстау
облысында;
3.
«Информациялық
технологиялар паркі» Алматы қаласында;
4.
«Оңтүстік» Оңтүстік
Қазақстан облысында;
5.
«Ұлттық
индустриалды мұнай-химиялық технопаркі» Атырау облысында;
6.
«Бурабай» Ақмола облысында;
7.
«Павлодар» Павлодар
қаласында;
8.
«Сарыарқа» Қарағанды
облысында;
9.
«Қорғас
– Шығыс қақпасы» Алматы облысында.
10.
«Химиялық
парк Таразы» Тараз қаласында
Әлемдік
тәжірибе АЭА құру халықаралық тауар
айналымының өсуі, инвестициялардың шоғырландыруы,
экономикалық процестердің тереңделуі нәтижесінде
экономиканың қарқынды өсуіне әсер етеін
факторлардың бірі болып табылады.
Аталған АЭА шартты түрде 3 топқа бөлуге болады:
1)
өнеркәсіптік-өндірістік аймақтар – «Ақтау
теңіз порты», «Оңтүстік», «Ұлттық индустриалды
мұнай-химиялық технопаркі», «Павлодар», «Сарыарқа»,
«Астана – жаңа қала», «Химиялық парк Таразы»;
2) қызметтік – «Бурабай», «Астана –
жаңа қала», «Қорғас – Шығыс қақпасы»;
3) техникалық-енгізбелік – «Информациялық технологиялар паркі».
АЭА ортақ өзіндік
белгісі – кедендік және салықтық жеңілдіктері бар
қолайлы инвестициялық климаты [3].
«Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» немесс
«Алатау IT City» АЭА –н Орталық Азиядағы High-Tech
индустриясының бірінші нысаны деуге негіз бар. Өйткені, бұл
еліміздегі алғашқы ірі ұлттық технопарк жобасы еді.
Оған құрылған күнінен бастап 5,3 млрд. АҚШ
доллары құйылды және 1100-ға жуық адам
жұмыспен қамтылды. Сол сияқты жобаның 47
қатысушысы болды. Бұл кәсіпорындарда
сұйықкристалды теледидар өндірісі, жеке компьютерлер,
мониторлар, ноутбуктер, серверлер, бағдарламалық өнімдер,
жартылай сымдық приборлар және т.б. электрондық техника
өнімдері шығарылды. «Оңтүстік» АЭА-на көптеген
инвестициялық жобалар тартылды, атап айтқанда целлюлоза мен
мақта шикізат өндірісі - «Хлопкопром-Целлюза» ЖШС, кешенді
автоматтандырылған жіп иіру-айналдыру фабрикасы - «Oxy Textile» ЖШС,
тігін фабрикаты - «АГФ Групп» ЖШС, қағаз өндіріс заводы -
«Kagaz Shahary SEZ» ЖШС жұмыс істейді [4]. АЭА-тың қызметі елімізде қолайлы
инвестициялық климатты қалыптастыруға ықпал етті.
Мысалы, біз қысқа мерзімде шетелдік инвестициялық
ағымды тұрақтандырдық. 1991-2001 жылдары елімізге
тартылған шетелдік инвестиция көлемі 140 млрд. долларды
құрады. Ал 2012 жылға қарай оның көлемі 160
млрд. долларға өсті. Инвестор-елдердің қатарында
Нидерланды, АҚШ, Франция, Қытай, Жапония, Ұлыбритания
сияқты мемлекеттер болды. [5, 175 – 176 б].
Қорыта келе, жаһандану заманында әлемдік
тәжірибе көрсеткендей дамуға негіз болатын ол-инвестиция. Ал
инвестицияны тартуда басты АЭА-тардың
алатын орны маңызды болып қала бермек. Сонымен қатар, АЭА – ты
құрудың тиімді жағына инфрақұрылымды
дамыту, басқа да өндірістік салаларды ашу, әртүрлі
азық- түлік өнімдерін шығару, жаңа жұмыс
орындарын ашу, құрылысты дамыту және жергілікті халықты
жұмыспен қамтудағы серпілісті айтуға болады. Бір сөзбен
айтқанда, Қазақстандағы АЭА-тар ұлттық
экономикамызды қалыптастыруға жетекші саланың бірі болып қала береді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
А.Буранбаев. Казахстан в глобальном индексе инноваций//
21.07.2011
2. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік»
АҚ (бұдан әрі – Агенттік// http://natd.gov.kz/kz/about_us/information/
3. http://business.gov.kz/kz/free-economic-zone/
4. Материалы интернет-портала G-global.
http://www.group-global.org
5. Казахстан: 20 лет
независимости: Монография/ Под общ. ред. Б.К. Султанова – Алматы: КИСИ при
Президенте РК, 2011 – 408 с.