Айтманбетова Р.К.
Қорқыт ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
БАНКТЕРДІҢ
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің
және қаржылық қызметтердің барлық
аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең
қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік
артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде
сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде
белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға
тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының
қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке
тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша
қаражаттарының болуы және оны экономика мен
халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін
қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының
экономикалық негізі болып табылады. Коммерциялық банктер негізінен
өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет
көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрлерімен
айналысады.
Банктердің экономикадағы маңызын олардың
атқаратын операциялары анықтайды. Сол операциялар ішіндегі пассивті
операциялар – комерциялық банктің ең маңызды
операцияларының бірі болып келеді.
Атап айтқанда, банктердің
əлеуетті несие тəуекелдерінің өсуі
саудадағы, құрылыс жəне жылжымайтын мүлікпен
операциялардағы несиелердің жоғары дəрежеде шоғырландыруымен, экономиканың корпоративтік секторы мен халықтың
активтері жəне міндеттемелері валютасының сəйкес келмеуімен, халықтың кірісіне жəне жинақ ақшаға
борыштық жүктеменің өсуімен, сондай-ақ кепілдік қамтамасыз етуге банктердің шектен
тыс назар аударуымен айқындалды. Екіншіден, банктердің сыртқы берешегінің қаржы институттары
өзінің сыртқы міндеттемелерін қайта қаржыландыруға
қажеттігін айқындайтын жоғары деңгейі атап көрсетілді.
Экономикалық өсу құрылымы жəне оның анықтаушы
факторлары төлем балансының ағымдағы шотының бұдан
əрі нашарлауына бейімдеді, мұның
өзі сыртқы күйзеліс айтарлықтай болған жағдайда
Ұлттық Банктің халықаралық резервтерінің бірдейлік
тəуекелін ұлғайтты.
Тұтастай алғанда, тəуекелдердің əсерін банктердің
бірдей қабылдау дəрежесін талдауда қаржы институттары кірістілікті
қамтамасыз ететін ағымдағы факторларды көп жағдайда
бағдарға алғанын көрсетті, бұл
ретте əлуетті қауіп-қатерлер
жеткілікті дəрежеде толық бағаланған жоқ.
Экономикалық өсу құрылымы жəне оның анықтаушы
факторлары төлем балансының ағымдағы шотының бұдан
əрі нашарлауына бейімдеді, мұның
өзі сыртқы күйзеліс айтарлықтай болған жағдайда
Ұлттық Банктің халықаралық резервтерінің бірдейлік
тəуекелін ұлғайттыТұтастай алғанда, тəуекелдердің əсерін банктердің
бірдей қабылдау дəрежесін талдауда қаржы институттары кірістілікті
қамтамасыз ететін ағымдағы факторларды көп жағдайда
бағдарға алғанын көрсетті, бұл
ретте əлуетті қауіп-қатерлер
жеткілікті дəрежеде толық бағаланған жоқ.
2014 жылы Ұлттық Банк жəне Қаржы нарығын
жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі сыртқы конъюнктура өзгерген жағдайда қаржы тұрақтылығы
үшін қауіп төндіруі ықтимал əлуетті тəуекелдерге баса көңіл
бөлді.Атап айтқанда, банктердің
əлуетті кредит тəуекелдерінің өсуі
саудадағы, құрылыс жəне жылжымайтын мүлікпен
операциялардағы кредиттердің жоғары дəрежеде шоғырландыруымен; экономиканың корпоративтік секторы мен халықтың
активтері жəне міндеттемелері валютасының сəйкес келмеуімен; халықтың кірісіне жəне жинақ ақшаға
борыштық жүктеменің өсуімен; сондай-ақ кепілдік қамтамасыз етуге банктердің шектен
тыс назар аударуымен айқындалды.
Екіншіден, банктердің сыртқы берешегінің қаржы институттары
өзінің сыртқы міндеттемелерін қайта қаржыландыруға
қажеттігін айқындайтын жоғары деңгейі атап көрсетілді.
Нəтижесінде Қазақстандағы қаржы
тұрақтылығы үшін мыналар айқындаушы фактор болып табылды:
1. Банктердің резидент еместер алдындағы
міндеттемелерін өтеуге негізделген валюта нарығындағы өтімділік
пен шетел валютасына сұраныс белгісіз болған жағдайда банктердің
Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру құралдарын
жəне Ұлттық Банктің валюта нарығындағы
басымдығын белсене пайдалануы. АҚШ-тағы ипотекалық нарықтағы дағдарыстан
кейін пайда болған ауқымды тапшылық көп жағдайда шет
елде қорландыруға тəуелді Қазақстан
банк секторында да көрінді. Ұлттық Банктің
банк заемдарын беру ережесіне өзгерістер енгізілді, оларға
сəйкес қайта қаржыландыру заемы нысаны
ретінде қысқа мерзімді заемдар айқындалды. Бұл
ретте кепілге Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттардағы ұлттық
жəне еркін айырбасталатын валюталардағы
ақша қалдығы кіргізілді. Бастапқыда
корреспонденттік шоттардағы ақша қалдығы кепіліне банк заемының
лимиті заемға өтініш жасаған күнгі қалдықтың 70% жəне ең төменгі резервтік талаптар
қалыптастырылған соңғы кезеңдегі орташа қалдықтың 70% аспайтын мөлшерде айқындалды,
2014 жылғы 3 қыркүйектен бастап осы
лимиттер 50% дейін азайтылды.
2. Банктер кредит саясатын қатайтқан
жағдайда экономиканы кредиттеу қарқынының бəсеңдеуі, шетел капиталы ағынының қысқаруы жəне депозиттік база өсуінің
баяулауы. Ұлттық Банк 2014 жылы
қаңтарда жүргізген «Кредит нарығының
жай-күйі жəне өлшемдерін болжауды» тұрақты зерттеу
нəтижелері бойынша, банктердің
кредиттік саясаты 2014 жылғы екінші жартыжылдықта
айтарлықтай қатайтылды. Оның ішінде, пікіртерім жүргізілген банктердің ішінде респонденттердің
жартысынан астамы қаржылық емес ұйымдарға қатысты
саясаттың ипотекалық кредит бойынша 68% жəне тұтынушылық
кредит бойынша 63% қатаюын атап өтті. Бұл үрдіс активтердің 78% жуығы
тиесілі жəне кредиттеудің осы бөліктерінде
көшбасшы позицияға ие активтер бойынша бірінші бестікті құрайтын
банктерде неғұрлым айқын байқалды. Кредит
саясатына ықпал еткен негізгі факторлар:
1) сыртқы капитал нарықтарында қаржы
ресурстарына қол жетімділіктің азаюы жəне құнының
өсуі,
2) салалық тəуекелдерді жəне жеке тұлғалардың
төлем қабілетті тəуекелдерін
борыштық ауыртпалықтың өсуіне қарай
ұлғайту;
3) жылжымайтын мүлік нарығында теріс
үрдістер болған жағдайда кепілдік қамтамасыз ету құнының
өзгеру тəуекелінің өсуі, сондай-ақ
4) тұтастай алғанда елдің экономикалық
даму қарқынының бəсеңдеуінің
күтілуі болып табылады.
Бұл ретте банктер
арасындағы бəсекелестік айқындаушы рольге ие емес, тиісінше банктер кредиттеу нарығында өздерінің
шарттарын барынша еркін ұсына алады. Нəтижесінде банктер кредит
берудің, əсіресе кредиттеудің
тəуекелді түрлеріне, кепілдік
талаптарына,сондай-ақ берілетін
кредиттердің ең жоғары сомасына, бастапқы
жарналар мөлшеріне жəне заемдарды тиісті кепілдермен
қамтамасыз ету бойынша талаптарға қатысты бағалық
жəне бағалық емес шарттарының
барлық аясын қатайтуды белгіледі.
Осындай жағдайларда банктерді бағалау бойынша
кредиттік тəуекелдер, əсіресе заемшылардың
ішкі жəне сыртқы рейтингтерінің неғұрлым
айқын төмендеуін, мерзімін ұзарту санының өсуін, қамтамасыз ету сапасының нашарлауын күтетін банктердің
алғашқы бестігінде ұлғаяды. Бірінші
жартыжылдықта банктер күтетін проблемалық кредиттер бойынша кепілге
салынған мүлікті өндіріп алу бойынша операциялар санының
өсуі кредиттік портфель сапасына қысым көрсетеді, сондай-ақ жылжымайтын мүлік бағасын
бұдан əрі төмендететін болады
(респонденттердің 80% жуығы жылжымайтын
мүліктің орташа құнының төмендеуін күтеді).
Сондай-ақ 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында банктерді бағалау
бойынша алынған пайданы қайта инвестициялауға, жұмыс
істеп жүрген акционерлердің есебінен капиталды ұлғайтуға
жəне қаржыландыру көздері ретінде
депозиттерге артықшылық беріледі. Халықаралық
жəне ішкі капитал нарығының, стратегиялық инвесторлардың жəне мемлекеттік қолдаудың
ролі аз ғана болады. Осылайша, тұтастай
алғанда, банктер өтімділікті қолдау міндетін
атқара алған жағдайда заемшыларға кредиттер беру талаптарының
қатаюы аясында кредиттік портфель сапасының күтілетін нашарлауы
жағдайында банктердің капиталына жүктеме жəне оның жеткілікті
болуы мəселесі неғұрлым күрделі болады.
3. Экономиканы дамытудың оң жəне сол сияқты теріс
үрдістерін қалыптастырған сыртқы экономикалық жағдайлардың, экономиканың құрылымдық ерекшеліктерінің
жəне мемлекеттік саясат басымдылығының
жиынтығы. Бұл үрдістер Қазақстандағы
қаржы қатынастарының бұдан əрі даму жағдайларын
айқындайды, атап айтқанда:
1) əлемдік жоғары бағаның
сақталуы, мемлекеттік қаржыға төмен
борыштық жүктеме жəне шикізат секторы кірісінің
өсуі мемлекеттік басқару секторының əлуетті күшті қаржы
мүмкіндіктерін қолдайды;
2) кредиттердің, депозиттердің
жəне ақша массасының Қазақстанның
ЖІӨ қатынасы қалыптасқан нарығы бар Шығыс Еуропа
елдерінің көбінің деңгейіне жақындады немесе сəйкес келеді. Экономикалық дамудың тұрақтылығын
қамтамасыз ету мақсатында кредиттеудің бұдан əрі оңтайлы өсу
қарқыны бəсеңдеуі тиіс жəне барынша бірқалыпты
ауқымда болады;
3) кредиттеу дүрбелеңі кірістерге жəне халықтың
жинақ ақшасына борыштық жүктеменің жоғары деңгейін
қалыптастырды, бұл тұтынудың ұлғаюын
жəне оның ЖІӨ өсуіне қосатын
үлесін ұзақ мерзімді болашақта шектейтін болады;
4) банктердің несие портфелін шоғырландыруды
бұдан əрі күшейту қаржы тұрақтылығын
қамтамасыз ету міндеттеріне жауап бермейді;
5) капитал ағыны банктердің міндеттемелері
құрылымындағы сыртқы міндеттемелер үлесінің
оңтайлы мəннен асатын деңгейге дейін өсуіне
алып келді. Болашақта банк жүйесін қорландыру
құрылымын нашарлатпау мақсатында резидент еместердің алдындағы
міндеттемелердің өсуі кемінде басқа қаржыландыру көздері
есебінен өсуден асып кетпеуі тиіс;
6) болашақта
банктердің активтері өсуі үшін депозиттік базаны пайдалану əлуеті халықтың жинақ ақшасы
деңгейінің төмендігімен, тұтыну бейімділігінің
жоғарылығымен жəне жеке тұлғалар
берешектерінің жоғары болуымен шектеледі;
7) жеке сектордың
активтері мен міндеттемелері валютасының сəйкес келмеуі жəне банктердің осыған байланысты жанама
кредиттік тəуекелдері елдің төлем
балансындағы ағымдағы шотының тапшылығын түзету
үшін айырбастау бағамы саясатын пайдалану əлуетін шектейді;
8) елдің
экономикалық дамуының ұзақ мерзімді басымдықтары ішкі
сұранысты шектеу жəне «кредит дүрбелеңін» тежеу үшін фискалдық саясатты пайдалануға мүмкіндік
бермеген кезде мүдделер арасында əлуетті қайшылық
болады;
9) жеткілікті
резервті жасау Ұлттық қорда ғана емес, жеке
сектордың капиталын жұмылдыруға жəне сыртқы берешегінің жоғары
деңгейіне байланысты тəуекелдерге
бара-бар Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің
қорын қалыптастыру қажет.
4. Əлемдік өтімділік дағдарысының
теріс салдарларын жеңу, берілетін қаржы ресурстарын
тиімсіз пайдалану тəуекелдерін шектеу жөніндегі
мемлекеттік саясатты үйлестіру жəне халықаралық
қаржы нарықтарындағы теріс сыртқы күйзелістер болған
жəне қаржы тұрақтылығын
қамтамасыз ететін жағдайлар нашарлаған кезде дағдарысқа
қарсы шаралардың тиімді жүйесін əзірлеу қажеттігі.Атап
айтқанда, қаржы тұрақтылығын
арттыру, мемлекеттік органдардың өзара іс- қимылдарының тиімді жүйесін ұйымдастыру
жəне қаржы тұрақтылығына
төнетін қауіп-қатерді уақтылы анықтау
бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ қаржы қатынастары субъектілерінің тəуекелдерін реттеу жөнінде үйлестірілген
саясатты жүргізу мақсатында
Атап айтқанда, Үкімет, Ұлттық Банк жəне Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарынреттеу мен қадағалау
агенттігі:
1) қаржы
тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік
қолдау көрсету қағидаттары жəне мемлекеттік реттеудің өзге де құралдарын
қолдану рəсімдері туралы;
2) соңғы
сатыдағы кредитор ретінде Ұлттық Банктің заемдар беруінің
салыстырмалы түрде оңтайлы негізгі талаптары;
3) осы тетікті
пайдалануда тиісті жағдайлар жəне қажеттілік
туындаған жағдайда екінші деңгейдегі банктердің «проблемалы» активтерін
басқару мəселелеріне Үкіметтің
қатысуының мақсатқа сəйкестігі туралы уағдаластыққа
қол жеткізді. Ұлттық Банк Меморандум негізінде
Қаржы нарығын жəне қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен жəне Үкіметпен бірлесіп əлуетті қауіп-қатерлер
мен тəуекелдерге бара-бар
қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету тетіктерінің
кешенін əзірледі. Атап
айтқанда, шаралар нақтыланды, қажетті
рəсімдер мен талаптар, мемлекеттік органдардың мынадай бағыттар бойынша шаралар
кешенін үйлестіру, жетілдіру жəне қолдану мəселелері айқындалды:
1) өтімділікті
ұстап тұру жəне Ұлттық
Банктің соңғы сатыдағы кредитор ретінде заемдар беру мəселелері;
2) бара-бар өтімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ даму институттарының қаражаты есебінен қорландыруды
ұсыну бойынша жедел сипаттағы өзге нысандарды қолдану;
3) банктер активтерінің
сапасын көтеру жəне оларды қайта капиталдандыру
жағынан да, валюталық реттеу мəселелері мен алтынвалюта резервтерін толықтыру
мəселелері жағынан да дағдарысқа
қарсы сипаттағы шараларды пайдалану;
4) нарықтарға
қатысушылардың банк жүйесіне деген сенімін қолдау жөніндегі
ерекше іс-əрекеттер.
Бұл шаралар
кешені мемлекеттік органдарға қаржы тұрақтылығын қамтамасыз
ететін факторларды бұза алатын халықаралық қаржы нарықтарындағы
теріс сыртқы күйзелістерге жедел жауап қатуға жəне əсерін барынша
азайтуға мүмкіндік береді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
1)
Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп. Оқулық. –
Алматы: Экономика, 2004. – 710 бет.
2)
Бименова А.Ә. Банктегі бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. –
Астана: Фолиант,т 2010, 192 бет.
3)
А.К.Нурпейсова. ҚР-да банктік жүйенің дамуы. Алматы,
«LEM» баспасы, 2011 жыл.