Айтманбетова Р.К.
Қорқыт ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
ҚОСЫЛҒАН ҚҰН
САЛЫҒЫ БОЙЫНША САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІ
Қазақстан
Республикасында нарықтық қатынастар заңдылығының
экономикалық өмірге енуі,
кәсіпкерлік құрылымдардың
көптеп пайда болуына орай
кәсіпорынның
бухгалтерлік есеп жүйесіндегі салық есептілігі
халықаралық
стандарттарға жақындата
отырып жүзеге асыру маңызды болып табылады. Салықтық
есептілік ақпараттары
арқылы кәсіпорынды басқаруды
жетілдірудің маңыздылығы зор. Әлемдегі
көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде салық
тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның
дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны кең
және терең зерттелген. Сонымен бірге тәжірибеде
теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің
үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер
жарияланып жүр.
Экономикалық категория ретінде
салықтар - бұл шаруашылық жүргізуші
субъектілерінің, жеке тұлғалардың мемлекетпен
арасындағы туындайтын қаржылық қатынастың
жиынтығы.
Салықтар дегеніміз, заңды
және жеке тұлғалардан мемлекеттік бюджетке белгілі бір
мөлшерде белгілі бір мерзімде заңға сәйкес
төленетін міндетті төлемдер.
«Салықтар - белгілі бір
көлемде және мерзімде алынатын заң жүзінде
көзделген (қарастыралған) міндетті төлемдер».
Бұған дейін республика
бойынша салық салудың 41 түрі болса, қазір
олардың шамамен 17 түрі ғана бар. Нақтылап айтар
болсақ, әр облыс бюджетінен табыстары мынандай салықтар мен
төлемдер есебінен құралады. Атап айтқанда, заңды
тұлғалардың табыс салығы, әлеуметтік салық,
су үшін төлем ақы, кәсіпкерлердің табыс
салығы, мүлік салығы, жер салығы, мемлекеттік баж
салығынан түсетін түсімдер. Міне салықтың осы 7
түрінен ақша бюджет қалтасына тұрақты түсіп
отырады.
Маңызды бір мәселеге
тоқталсақ, күнделікті тауар айналымында және
көрсетілетін ақылы қызмет пен атқарылатын ақылы
жұмыс орайында көпшілік қауымға жиі ұшырасатын
салық- бюджетке жиналатын салықтың бір ірі тармағы
болып есептелетін қосымша құн салығы
болғандықтан ол туралы көпшіліктің хабардар болуы
және оған түсінік беріп отыру ерекше маңызды.
Қазір қолданып жүрген «Салық
және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының «Қосылған
құн салығы» деп
аталатын арнайы бөлімі бар. Мұнда осы қосылған
құн салығы туралы жалпы түсінік айқындалып,
оның есептелу мен төлену тәртібі түсіндіріледі.
Қосылған
құн салығының кейбір мәселелеріне талдау жасап
көрелік:
Біріншіден, салықтық
жүйенің қалыптасу барысында қосылған
құн салығы және оның жанама салықтар
арасындағы «негізгі бәсекелестері» – «бөлшек сауда
салығы» және «тұтыну табысына салынатын салық»
арасындағы талдау мәселесі.
«Бөлшек сауда салығы»
айналыста қарапайым және тұтынушыға түсінікті
болып қызмет етуі шектеулі болғандықтан салық салу
объектісі тек кейбір тауар сатуда қолданады. Бұл салық
қызметтерге салынбайды. Бірақ та, бағаның
көтерілуі бұл салықты да белсенді етіп көтереді.
Өйткені әр өндірісті өзгерту кезеңіндегі жалпы
түсімнің ешбір шегерімсіз салық салынады және
барған сайын салықтық міндеттеме өсе береді.
Егер салықтық
жүйеде бөлшек сауда салығынан басқа салық
түрі болмаса, онда тұтынушы белгілі тауардың бағасын
басқа бағамен салыстыра алмайды.
Сонымен қатар бұл
салық бөлу жүйесіндегі ең нашар звенодан
ұсталады, өндірістік сатып алу, сату барысында тек кассалық
ведомость қана құжат бола алады. Көбінесе нақты
ақшаға тауар сатып алу барысында бұл фактіні ешкім тіркемейді
және тиісті сома банкіге өткізілмейді, сәйкесінше салық
төленбейді.
Өндірістік шығындар
жиынтығы мен және түсім арасындағы айырмаға
тұтыну табысына салықты енгізу жөнсіз деп
қарастыруға болады. Өйткені салық
төлеушілердің бұл салық түрінен талонда
көптеген әдістерін біледі.
Мысал ретінде, алынған
жалпы пайданы, өзіне және жұмысшыларына қосымша
еңбекақы ретінде (жәрдемақы, материалдық
көмек, сыйақы) төлеуі мүмкін.
Қосылған
құн салығы көптеген тауарлар мен қызметтерді
қоса кең салық салу базасы бар және ол шот–фактура
негізінде жүйесінің барлық өзгерістік шығындарын
шегеріп қоймай тек алдыңғы кезеңдегі өндірісте
шикізат және материал сатып алу шығындары шегеріледі. Осының
бәрі бюджетке шығын келтірмей және өндірісті ауырлатпай
ең төмен жарнаны енгізуге көмек береді. Сондықтан
қосылған құн салығы тұрақты
және пайдалы 12-30 пайыз мемлекеттік түсім әкеледі және
жалпы ұлттық өнімнің 5–10 пайызын құрайды.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы
Қазақстанның басынан өткен. Салықтық
реформалаудың арқасында қосылған құн
салығының жарналары 28 пайыздан 20 пайызға, одан 16
пайызға, кейін 12 пайызға төмендетілді, соның
өзінде бюджет түсімінің 25 пайызын әкеледі.
Қосылған
құн салығы осыншама жұмыс бәсеңділігі
басқа салықтарға қарағанда экономикалық
жағдайға байланысты таптырарлық емес, әсіресе табыс
салығының базасы шектеулі, ал, негізгі жергілікті шикізат табыстарының
тұрақсыздығымен ерекшеленетін мемлекеттерде, әрине
кәсіпорындарда қосылған құн салығын
өндіру кезінде инфляциялық жоғалтуларды болдырмау
мақсатында қайтарып беру сомалары өз уақтылы
төленсе жақсы болар еді.
Айта кететін жай
қосылған құн салығының негізгі ерекшелегі:
өндірістік процестің интенсификациялануының эффекті
ынталандырушысы, тәжірибесінде әмбебапты және ең
негізгі аяқталмаған өндірістің көлемін
қысқыртудағы әкімшілік емес реттеушісі болып табылады.
Әрине қосылған құн салықтың несие
ретінде өз уақтылы төлеген әрбір өндіруші
өндіріс немесе өнімді сату арқылы сол соманы барынша тез
қайтаруға тырысады [1].
Салықтың мәнін
толық түсіну үшін, олардың экономикалық
маңызын түсіну қажет. Ал, салықтың
экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметтеріне тікелей қатысты.
Қосылған
құнға салынатын салықтың негізгі 2
қызметтері бар:
1)
Фискалдық
2) Реттеушілік
Әрбір
салық сияқты қосылған құн
салығының да өзіне тән артықшылықтары мен
кемшіліктері бар, ол келесідей:
Артықшылықтары:
1) Мөлшерлеменің өзгеруіне қарамастан салық түсімдерін бағаның өсуімен тікелей байланыстырады және де бюджеттік қаржының инфляциялық құнсыздану процесін болдырмайтын бірден – бір тиімді амалы болып табылады.
2) Мөлшерлеменің дифференциациялау әдісі арқылы мемлекетке қосылған құн салығы тұтынушылар сұранысының іс - қимылын реттеуге мүмкіндік береді.
3) Фискальдық қызметті атқара отырып, мемлекеттің атынан бағаны еркіне жіберу және құнсыздануды реттеуімен сәйкес келеді.
4) Әлемдік тәжірибеде өндірісті тоқтату, ұстап тұру элементі нарықтан әлсіз өндірушілерді шығарып тастауды жеделдетеді.
5) Мемлекеттің экономиканы реттеуші құралы ретінде қызмет атқарып, ұдайы өндірістегі дағдарысқа төтеп бере алады.
6) Әлемдік тәжірибеде қосылған құн салығының мөлшерлемесі тек қана деңгейі бойынша емес, саны бойынша да есептеледі. Төмендетілген мөлшерлеме сауда- саттықта қолданылса, жоғарылатылған- заттарға қолданылады [3].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1) Әбдішүкіров Р.С., Мырзалиев
Б.С. Бухгалтерлік есеп. Оқу
құралы. I кітап. Алматы, «Нұр-Пресс», 2008, 328 бет
2)
Қабылова Н.Қ. Бухгалтерлік есеп негіздері. Оқулық.-
Астана: Фолиант, 2008, 368 бет.
3) Нұрсейітов Е.О. Ұйымдағы
бухгалтерлік есеп. Оқулық. – Алматы: LEM, 2009-428 бет.