Айтманбетова Р.К.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

БАНКТЕРДІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖИЫНТЫҚ ЕСЕБІ, ОНЫҢ ШОҒЫРЛАНУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

Банктердің есептілігі қаржылық есеп рәсімдерінің қисынды жалғасуы болып, есепті күнге оның мүліктік және қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің жүйесі ретінде орын алады.

Біздің елдегі қаржылық есеп пен есептілікті реттеудің қазіргі жүйесін қалыптастыру бүкіл әлемде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бойынша Комитетімен ХҚЕС (International Accounting Standard Committee – IASC) зерттеп дайындалған қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын (ХҚЕС) кең тарату процесінің әсер етуімен болып жатыр.

Нарықтық экономика және ХҚЕС-ның талаптарымен сәйкес қаржылық есептің ұлттық жүйесін жүргізу, пайдаланушыларды, бірінші кезекте, инвесторларды, пайдалы ақпаратпен қамтамасыз ететін есеп пен есептіліктің ұлттық стандарттар жүйесін қалыптастыру, Қазақстандағы қаржылық есептің реформаларын халықаралық деңгейде стандарттарды үйлестірудің негізгі бағыттарымен байланыстыруын қамтамасыз ету, қаржылық есептің реформаланған моделін түсініп енгізуде банктерге әдістемелік жәрдем беру мақсатымен қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарымен сәйкес бухгалтерлік есепті реформалау Бағдарламасы зерттеп дайындалды.

Нарықтық экономикадағы қаржылық есептілікке қойылатын өте қажет талаптарының бірі барлық қызығатын пайдаланушылар үшін ашықтығы болып табылады.

Барлық пайдаланушылар үшін банктің қаржылық жағдайы туралы ақпараттың ең маңызды дерек көзі ретінде, қаржылық есептіліктің маңызын қарай келіп, бұл проблема қазіргі таңда өте өзекті болып қала беретіндігін айтуға болады.

Бухгалтерлік есеп қаржылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, экономикалық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта іріктелудің нәтижесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілеген қателіктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін.

Банк басшылығы түгендеу жұмыстарының жүргізу тәртібін белгілейді, оның ішінде түгендеу комиссиясының құрамы, есепті жылдағы түгендеу санын, олардың күнін белгілейді.

Қаржылық есеп берудің Халықаралық стандартары комитеті барлық жерде қабылданып, ұстану үшін 41 ҚЕХС жете зерттеп, жасап, жариялады және ұсынды.

ҚЕХС-ның басты мақсаты – егер мыналар анықталып, қол жеткізілсе, қаржылық есеп беруді ұсыну:

- Міндеттер, оларды шешу үшін қаржылық ақпарат талап етіледі;

- Ақпараттық жүйе құру приниптері;

- Осы ақпараттың салалық сипаттамалар;

- Қаржылық есеп беру элементтері;

Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі.

Ол мынандай аспектілерден тұрады:

- Қаржылық есеп берудің мақсаттары – пайдаланушыларға қаржылық жағдай, субъектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдай, субъектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер жайлы ақпарат ұсыну болып табылады. Дегенмен қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланушыға қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды, өйткені есеп негізінде өткен оқиғаларды бейнелейді. Алайда, қаржылық есеп беруде сонымен келесі көрсетілгендерге пайдалы ақпарат жинақтайды:

-   несиелерді ұсыну жөніндегі инвестициялық шешімдерді қабылдауға;

-   банктің алдағы ақшалай түсімін бағалауға;

-   банктің ресурстары мен міндеттемелерін қарауындағы ресурстармен байланысты бағалауға;

-   басшы органдардың жұмысын бағалауға.

 Экономикалық шешімдерді қабылдау үшін пайдаланушыға банктің ақшалай қаражатты генерациялайтын қабілеті, генерациялау мерзімі мен алынған қорытындыларға сенімділік туралы ақпарат керек.

Бұл үшін оларға банктің қаржылық жағдайын, іс-әрекетін және өзгерістерін бейнелеп көрсететін ақпарат қажет.

Қаржылық жағдайда ол бақылайтын экономикалық ресурстар, оның қаржылық құрылымы, өтімділігі, төлем қабілеттілігі мен жұмыс істейтін орта өзгерістерін қабылдауға қабілетттілік әсер етеді.

Өтімділік, төлем қабілеттілігі – қаржылық міндеттемелерді осы кезеңде өтегеннен кейінгі жақын арадағы ақшалай қаражаттың бар болуы.

Банк қызметінің көрсеткіштері, оның тиімділігіпайдалылығы туралы ақпарат экономикалық ресурстарда болатын ықтимал өзгерістерді бағалау үшін керек.

Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат банктің ақшалай қаржыны алу қабілеттілігін бағалаған кезде пайдалы.

Қаржылық есептер өзара байланысты, өйткені олар шаруашылық өмірдің бірдей фактілерін бейнелейді.

Қаржылық есеп берудің элементтері.

ҚР-ғы бухгалтерлік есептің стандарттарына сай мынадай принциптер қабылданған:

- Есептеулер. Табыс алынған, ал шығындар жұмсалған сәтінде есепке алынады, зияндар, операиялар мен оқиғалар бухгалтерлік есепте көрсетіледі және қатысты кезеңнің қаржылық есебіне кіреді. Осы принципі бойынша құрылған, қаржылық есеп беру өткен операциялар мен басқадай оқиғалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, ол ақшалай қаражат алынған немесе төленген кезде емес, экономикалық шешім қабылдау кезінде пайдаланушылар үшін өте мағызды.

- Үздіксіз қызмет. Банк өзінің іс-қызметін белгісіз уақыт кезеңі бойы жалғастырады және оның жақын болашақта таратылатын ниеті жоқ немесе қажеті жоқ, немесе ол қызметінің ауқымын елеулі түрде қысқартпақ емес деп шамаланады.

Элементтер – қаржылық есептерге кіруге тиісті баптар тобы. Қаржылық есеп берудің тұжырымдамасы жеті элемент (активтер, міндеттемелер, капитал, кірістері, шығыстар, пайда, шығындар) белгілейді. Олар ұсынылатын қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға пайдалы ақпарат беретін бөлінбес қасиеттері болып табылады. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғанық нәтижесін сыныпқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұны қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады:

 Активбұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.

Банк активтерге меншік құқығы болуы да болмауы да мүмкін, бірақ сол активтер банктің өз меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қаматмасыз етеді және оларды пайдаланудан алатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен оларға жұмсалған шығыстар арасында тікелей байланыс болады, бірақ олар уақыт кеңістігінде әр уақытта бір-бірімен тура келе бермейді. Бұл жағдайда шығын тек болашақ олжаны іздестіру үшін жасалғандығын көрсетеді, бірақ бұл активтердің түпкілікті өз арналымдарына арналғанын көрсетпейді.

 Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғандығы, белгілі бір қимылының кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесінің орындалуын талап етуге құқығы бар.

Меншік капиталы – бұл банктің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капиталы, қосымша төленген капиталы, резервтік капиталы және бөлінбеген пайда. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол  қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Қаржылық нәтижесібұл есепті жылдағы банктің қаржылық экономикалық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижені өлшеу элементі табыс пен шығыс болып табылады.

Табысбұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы және банктің операциялық қызметінің нәтижесі.

 Шығыстарбұл есептік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі және өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындары.  Шығыстар әдетте, шығыс нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді. Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып саналмайды.

Қаржылық есеп берудің элементтерін танубұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық-экономикалық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады:

-   кез келген болашақтағы олжаны осы баптарда көрініс табу ықтималдығы бар, оның түсуі де шығып кетуі де мүмкін;

-   баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.

Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде олар танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар:

- Бастапқы құны – активтер тараптардың келесімі бойынша белгіленген және олардың алынған бағасы бойынша көрініс табады, міндеттме келіп түскен сомасы бойынша көрініс табады, түрлі жағдайлардың салдарынан қалыпты кезінде олардың өтелуі үшін төлем жасалады.

- Ағымдық құны – активтер есеп берудегі ақшалай сомасы бойынша көрініс табады, егер де осы немесе осыған ұқсас актив алынса, онда ол сол сомада төленеді, міндеттемелер есеп берудегі дисконтталған бағасы бойынша көрініс табады, тап осы сомада өтелуі талап етіледі.

- Сату құны – активтер өзінің сатылған құны бойынша көрініс табуы мүмкін, міндеттемелер өзінің өтелген сомасы бойынша көрініс табады, демек дисконтталған сомасын білдіеді және олардың өтелуін талап етіледі.

- Дисконтталған құн – активтер келешекте келіп түсетін ақша қаражатының дисконтталған құнын көрсетеді, ағымдағы құны бойынша көрініс табады, ол әдеттегі қызметінің барысында солайша топтап көрсетіледі.

- Баланстық құны – актив пен міндеттеме баланстық есеп берілген күніндегі бағасы бойынша көрініс табады.

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1) Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп. Оқулық. – Алматы: Экономика, 2004. – 710 бет.

2) Бименова А.Ә. Банктегі бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Астана: Фолиант,т 2010, 192 бет.

3)  А.К.Нурпейсова. ҚР-да банктік жүйенің дамуы. Алматы, «LEM» баспасы, 2011 жыл.