Айтманбетова Р.К.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

БАНКТІҢ ВАЛЮТА-АЙЫРБАС ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

 

Сыртқы экономикалық қызмет жүйесінде кәсіпорындар нарықтық шаруашылық әдістерімен байланысады. Атап айтсақ әлемдік валюталық нарық құралдарымен: шетел валютасы, валюталық курс, маржа, трансферт, есептік ставка, факторинг, форвард, курстық тәуекелдер және т.б. ҚР территориясында қызмет ететін қазіргі таңдағы валюталық механизм нарықтық экономика принциптеріне негізделген.

Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.

Валюталық реттеу мемлекеттік халықаралық есеп айырысу және валюталық құндылықтармен байланысты мәміле жасау тәртібін реттеуге бағытталған қызметі. Нормативтік актілермен және халықаралық валюталық келісімдермен реттеледі. Сондай – ақ ұлттық заңдар негізінде елдің аумағында шетел валютасының пайдаланылуын тәртіптеу де валюталық реттеуге жатады.

Валюталық реттеу нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттарды жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді.

Коммерциялық банктердің сыртқы экономикалық қызметі тауарлар мен әрекеттерді экспорттау-импорттау, Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасында оларды өткізу, еліміздің ішінде бейрезидент тұлғалардың шаруашылықпен айналысудағы тауарлық емес сипаттағы мәміле кезінде теңге және шетел валютасында банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты.

Әрбір егеменді мемлекетте заңды төлем кұралы ретінде сол елдің ұлттық валютасы қолданылады. Сондықтан сыртқы сауда, қызмет, несие, инвестиция, мемлекетаралык төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті жағдайы төлеуші немесе сатып алушылар шетел валютасын сатып алу немесе сату нысанында бір валютаны басқа валютаға айырбастау болып табылады.

Банктің қолма-кол шетел валютасындағы айырбас операцияларын уәкілетті ұйымдар, оның ішінде қолма-қол шетел валютасында айырбас операцияларын үйымдастыруға Ұлттык банк лицензиясы берілген банктер жүзеге асыра алады. Операцияны жүзеге асыруға лицензиясы бар уәкілетті банк банк орналасқан жерде немесе одан тыс жерде айырбас орындарын ашуына болады. Айырбас орындарын ашу кезінде Ұлттық банк филиалдарына тіркеу қажет және тіркеу куәлігі берілу қажет.

Айырбас орындары валюталык айырбас операцияларының келесі түрлерін жүзеге асыра алады:

- қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату;

-  шетел валютасындағы төлем күжаттарын сатып алу және сату;

-  қолма-қол    шетел    валютасын    және    шетел    валютасындағы төлем қүжаттарын инкассолау үшін қабылдау;

- шын екендігіне күмән тудыратын шетел мелекеттерінің ақша белгілерін   және   шетел   валютасындағы   төлем   құжаттарын сараптаудан өткізу үшін қабылдау;

-  банктердегі жеке тұлғалардың шотына есептеу үшін кредиттік және дебеттік карталар бойынша есеп айырысу үшін кызмет ететін қолма-қол шетел валютасын кабылдау және оларды беру;

- бір  мемлекеттің  валютасын  екінші   мемлекеттің  валютасына айырбастау;

- шетел мемлекетінің төлемсіз акша белгісін сол шетел мемлекетінің төлемді ақысы белгісіне айырбастау.

Уәкілетті банк айырбас орнында валюта-айырбас операциясының барлық немесе кейбіреуін ғана жүргізе алады.

Авансты қолма-қол теңге және шетел валютасында беру шығыс кассалық ордер бойынша жүргізіледі. Қолма-қол шетел валютасын-да аванс беру, шығыс ордері авансты беру күніне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағамы бойынша есептелген валютаның әрбір түрі бойынша атаулы сомасын көрсете отырып жазылады. Қолма-қол теңгедегі авансқа бөлек шығыс ордері толтырылады.

Егер айырбас орнының кассиріне құндылықтарды беру инкассатор арқылы немесе кассирге өтініш негізінде жүргізілсе, егер ол құндылықтарды банк кассасынан алатын болса шығыс ордерлері банк бухгалтериясы арқылы беріледі. Олар үш данада шығарылады, авансты берген және авансты алған банк кассирі (айырбас орнының инкассаторы немесе кассирі) толтырады.

Шығыс ордерлерінің бірінші данасы банк кассирінде калады. Екінші данасы авансты бергеннен кейін есепте операцияны көрсету үшін банк бухгалтериясына жіберіледі, үшіншісі - айырбас орнына жіберіледі,    онда   кассир    күн    құжаттарына   тіркеп,    одан    кейін операциялық күн соңында банк бухғалтериясына өткізіледі. Күнде-лікті алынған, сатылған, сатып алынған және өткізілген валюта бойынша айырбас орнының қызметкері аванстық есеп-қисап жасайды.

Қолма-қол шетел валютасын төлем құжатын сатып-алу және сату бойынша операцияны жүргізу кезінде айырбас орындары салық органдарында тіркелген ресми жаднамасы бар компьютерді пайдалануы қажет.

Егер Ұлттық банк қандай да бір шетел валютасын пайдалануға шек қойған жағдайдан басқа уақытта айырбас орындары шетел валютасын олардың күні және шығарылған жылы бойынша сатып алуға, сату немесе айырбастауға қандай да бір шек қоюға құқылы.

Ескі банкноттарды сатып алу, айырбастау және ұсақтау тек уәкілетті банктер арқылы жүзеге асырылады. Ескі банкноттарды жаңа банкнотқа айырбастау бойынша комиссиялық сыйақы өз еркімен қойылады, бірақ айырбасқа ұсынылатын соманың екі пайызынан аспау керек.

Ескі разрядына олардың шын екендігіне күмән тудырмайтын өзінің толық өлшемінің және белгісінің (олардың атауын көрсететін жазбаша және сандық) 70% пайызын сақтаған және шамалы банкноттар жатады, сонымен   бірге келесілер де жатады:

-  бүлінген,   бөлек   жазулары,   дақтары,   мөр   іздері   алғашқы түсін жоғалтқан банкноттар;

-  бір   банкнотқа   жататын   жыртылған   және   жабыстырылған, бүрыштары, жиектері жоғалған, тесіктері бар банкноттар; тозған банкноттар.

Жоғарыда көрсетілген зақымдануға сәйкес сатып алуға, сатуға және айырбастауға жатпайтын банкноттар иесінің келісімімен уәкі-летті банк инкассоға алуға құқылы.

Айырбас орындарының барлық операциялары банктің бухгалтерлік есебінде қай күні жасалды, сол күні көрсетілуі қажет. Айырбас орындарында жүргізілетін қолма-қол шетел валюталарын сатып алу және сату операциялары белгіленген нысан бойынша сатып алынған және сатылған шетел валютасы тізілімі журналында операцияны жүргізу кезінде көрсетіледі.

Тізілім журналында жөңдеулер мен басқа да өзгертулер жасауға болмайды. Қате мәліметтерді сызып тастау кажет және кассирдің колымен куәландырылған түзету жазбасы жасалады.

Банктің айырбас орнының бухгалтерлік есебіндегі операциялар келесі жағдайда керініс табады:

- Айырбас   орнына   теңге   және   шетел   валютасында   аванс ретінде берілген сомаға келесі жазба жасалады:

Дебет 1003 «Айырбас орнындағы қолма-қол ақша»

Кредит 1001  «Кассадағы қолма-қол ақша»

-  Айырбас операцияларынан түскен түсім сомасына:

Дебет    1859   «Шетел    валютасының   теңгемен   керсетілген   қарсы құны (валюталық ұзақ ұстанымының)»

2859   «Шетел    валютасының   теңгемен    көрсетілген    қарсы құны (валюталық қысқа ұстанымының)»

Кредит   4530 «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша кірістер»

-  Банк    шетел    валютасын    ресми    бағамнан    төлем    бағамен сатқан кезде:

Дебет   5530 «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шығыстар» 1001  «Кассадағы колма-қол ақша»

көрсетілген   қарсы

Кредит    1859   «Шетел   валютасының   теңгемен құны (валюталык ұзақ позицияның)» 2859   «Шетел   валютасының   теңгемен кұны (валюталық қысқа ұстанымының)»

-  Валютаны ресми бағамнан төмен сатып алған кезде:

Дебет    1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»

2858   «Банктің   шетел   валютасы   бойынша   валюталық  ұзақ позициясы»

Кредит   4530 «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша кірістер»

1001 «Кассадағы колма-қол ақша»

Жұмыс күні аяқталған бойдан қолма-қол қаражаттардың қалдығын банк инкассолаған кезде:

-  егер айырбас орнының қайтарған шетел валютасындағы сома есепке берілген сомадан асып түссе:

Дебет    1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кредит   2858   «Банктің  шетел   валютасы   бойынша  валюталық  ұзақ позициясы»

1003 «Айырбас орнындағы қолма-қол ақша»

-  егер есепке берілген сома қайтарылған шетел ваютасындағы сомадан асып түссе:

Дебет   1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

1858   «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»

Кредит    1003 «Айырбас орнындағы қолма-қол ақша»

Инкассолау - банк мекемесіне ақша қаражаттарын, бағалы қағаздар мен құндылықтарды жинау және жеткізу бойынша операция.

- Теңгеде өткізілген қалдық сомасы есепке берілген теңгедегі аванс сомасынан көп болса:

Дебет    1001  «Кассадағы қолма-қол ақша»

1859    «Шетел   валютасының   теңгемен   көрсетілген   қарсы құны (валюталық ұзақ ұстанымының)»

Кредит   1003 «Айырбас орнындағы қолма-қол ақша»

- Теңгеде   берілген   аванс   сомасы   теңгеде   өткізілген   қалдық сомасынан асып түссе:

Дебет    1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кредит   2859   «Шетел   валютасының   тенгемен   көрсетілген    қарсы құны (валюталық қысқа үстанымының)»

1003 «Айырбас орнындағы қолма-қол ақша».

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1) Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп. Оқулық. – Алматы: Экономика, 2004. – 710 бет.

2) Бименова А.Ә. Банктегі бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Астана: Фолиант,т 2010, 192 бет.

3)  А.К.Нурпейсова. ҚР-да банктік жүйенің дамуы. Алматы, «LEM» баспасы, 2011 жыл.