ӘОЖ (УДК)
ОК 911.2
Байискакова Карлыгаш Алимбековна
Ш.Есенов атындағы
Каспий Мелекеттік Технологиялар және Инжиниринг университеті, аға
оқытушы, география мамандығы бойынша педагогика
ғылымдарының магистрі
Замерова Гулимжан «Туризм» мамандығының 4 курс студенті
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
Экологиялық туризмнің
пайда болуының негізгі себебі жаппай туризмнің салдарынан
табиғат пен тарихи- мәдени ресурстарға күштің
көп түсуі еді. Бұл салмақ туристік келушілердің
көбеюіне тура пропорционал өседі. Туристік сұранысты
қанағаттандыру мен туристік ресурстарды рационалды пайдалану
арасында қарама -қайшылық пайда болады.Мұндай
жағымсыз әсерлер аспектісі 1970 жылдан біліне бастады. 1973 жылдан
1983жылдар аралығында Еуропаның туристік су маршруттарының
ұзақтығы 40%-ға, ал теңіздік 70%-ға
қысқарды. Зақымданған орындардың ауданы 60%-ға өсті [1].
Рекреациялық
территорияның азып-тозуының ең бір себебі туристік
ұсыныстың туристік сұраныстан қалып отыруы, рекреациялық саланың
әртүрлі объектілерінің саны жағынан жетіспеуі,
сондықтанда көрікті демалыс орындарында демалушылардың
шамадан тыс шоғырлануы. Міне осындай жағдайларға байланысты көптеген
елдерде табиғи комплекстерге көп күш түсірмеу
үшін жоспарлы туристік территориялық қозғалыстар
ұйымдастырылады. Бұл "экологиялық туризм" деген
жалпы атқа ие болды.
Казіргі
қоршаған табиғи ортаның азып-тозу шағында
экологиялық туризмнің ең басты мақсаты табиғи
ресурстарды рекреациялық пайдалануды реттеу болмақ.
Туризмнің
бұл саласының іс-әрекет сферасын түсіну үшін,
оған берілетін анықтамаларға тоқталған жөн.
Байқауға болады, экотуризм туралы анықтамалар осы
уақытқа дейін дамытылуда, жергілікті халықтың
тұрмысын жақсартуға жағдайлар жасай отырып табиғи
ортаның жақсы сақталған аудандарына саяхат
жасауға ұсыныстар жасайды.
"Экологиялық
туризм" қысқаша аты
"экотуризм" деп аталынады, ол ағылшын сөзінен
аударылған "ecologіcal tourіsm" және
"ecotourіsm". Бұл термин соңғы он
жылдықтағы дүниеге экологиялық тұрғыдан
көзқарастың нәтижесі. Баспа беттерінде, мысалға
"табиғи туризм", "жасыл туризм",
"жұмсақ туризм" деген терминдер кездеседі. Олардың
барлығы экологиялық туризмге жатады.
Экотуризм
тұралы анықтамаларға қысқаша талдаудың
қортындысын жасай келіп, экологиялық туризмге сәйкес келетін
бес басты бағалау өлшемін бөліп қарауға болады.
Экологиялық туризм болуы керек:
1) табиғатқа
бет бұратын және табиғи ресурстарды пайдалануға
негізделген;
2) адам
өмір сүретін ортаға зиян келтірмейтін, атап
айтқанда экологиялық
тұрақтылық;
3) экологиялық
білімділікке және оқу ағартушылыққа
көзделген, адам мен табиғат арасында тең
қатынастық қалыптасқан болу керек;
4) жергілікті
әлеуметтік мәдени ошақтарды сақтауға
қамқорлық жасау керек;
5) экономикалық
жағынан тиімді және болған аудандарының
тұрақты дамуын қамтамасыз етуі керек [2].
Экологиялық
туризм туристік ағымдарды өзінің әртүрлі
мақсаттарымен қамтиды: ғылыми зерттеулерді өткізуден
бастап демалыс күндеріндегі қысқа мерзімдік демалысқа
дейін. Кейбір экотуристерді өсімдік қауымының
қайталанбас сұлулығы тартады, мысалға,
жайқалған жазғы тундра немесе жансыз табиғи объектілер
(каньондар, үңгірлер және т. б.). Басқа біреулері – бос
уақыттарында крокодил питомниктерін немесе Мексика жағалауларынан
теңіз таспақаларын бақылайды. Ал үшінші біреулері –
планетамыздың алыс бұрыштарындағы сүтқоректілер
мен құстардың санына есеп жүргізумен айналысады. Ерекше
қызықтыратыны Шығыс Африка мен Азияның
тұяқты және жыртқыш аңдарын бақылау.
Жоғарыда
айтылғандай, "экотуризм" термині күнделікті
айналымға жақында ғана енгізілді, бірақта
демалыстың кейбір түрлері ретінде ол көп жылдар
бұрын-ақ пайда болған. Х1Х-ғасырдың басында
европалықтар жабайы өмірді (сафари) көру мақсатымен
Африка мен Индияға сапарлар шекті.
ХХ
ғасырдың басындаң американдықтар алғаш
орнитологиялық турлар ұйымдастырып жүрді, ал
алғашқы орнитологиялық сапар Европаға 1961 жылы болды.
Қазіргі кездеі экотуризм барлық континентке және барлық
елдерге жетті. Кейбір бағаларға қарасақ, ол
әлемдік туристік нарықтың 20% пайызына жуығын
қамтиды, ал оның даму шапшаңдығы барлық туризм
индустриясының даму шапшандығынан асады [3].
Қазіргі таңда
экологиялық туризмнің төрт түрін бөліп
көрсетуге болады:
1. Ғылыми туризм.Турлардың
туристік нысандары ретінде ерекше қорғалатын аумақтар,
қорықтар,
қорықшалар, ұлттық саябақтар алынады.
Экологиялық турға зерттеу экспедициялары да қатысады.
2.
Тарих пен табиғатқа жасалатын турлар. Бұл оқу, ғылыми- мәдени және туристік
экскурсиялардың жиынтығы. Мұндай экологиялық турлар қорықтар, қорықшалар, ұлттық
саябақтар аумағында ұйымдастырылады. Туризмнің
бұл түрі германияда танымал, сондықтан оны экологиялық
туризмді дамытудың немістік модельі деп атайды.
3. Шытырман туризм. Оған мына турларды
жатқызуға болады:
- discovery
amp; adventure holidays (шет аймақтар);
- short
destinations (велосипедпен жасалатын қысқа мерзімді турлар);
- walking
amp; trekking (күрделі жерлерге жая маршруттар жасау);
- multi
activity holidays (физикалық күш түсіретін саяхаттар);
- overland
tours ( автомобилді тұрғын
орынға арнап жарақтап жасалатын саяхат).
Экологиялық туризмнің
бұл түрлері табиғатта демалу мен қозғалудың
активті түрлерін біріктіреді. Сонымен қатар экологиялық
туризмге альпинизм, спелеотуризм, тау және жаяу туризм, су, шаңғы,
ат туризмі, дайвинг пен парапланеризм жатады. Туризмнің бұл
түрлерінің дамығанына көп болған жоқ
және олар туризмнің арнайы түрі экстремальді туризм
түріне жатады.
4. Табиғи қорықтар мен резерваттарға саяхат жасау.
Экологиялық туризмге
жататын нысандарды былайша жіктеуге болады:
1. ғылыми
қорық, қорғалатын аймақ, тек ғылыми
мақсатта қолданылады;
2.ұлттық саябақ
– ұлттық немесе халықаралық маңызы бар
табиғи аумақтарды және экожүйелерді ғылым мен
демалыс үшін қорғау, қорғалатын аумақ;
3. табиғи ескерткіштер –
табиғи жемесе адам қолымен жасалған мәдени-тарихи
орындар;
4. заказник (жабайы аңдар
қорығы) –жануарлардың жеке түрлерінің
көбеюі үшін және оларды сақтау үшін
құрылады;
5. қорғалатын жер
бедері табиғи жер бедерлерін сол қалпында сақтап қалу;
6. ресурсты қорықтар
табиғи ресурстарды сақтау мақсатында құрылады;
7. антропологиялық
қорық жергілікті тұрғындар мен тайпалар үшін
табиғи жағдайлардың сақталуы;
8. басқарылатын
ресурстық аудан табиғи ресурстарды тұрақты дамыту
үшін құрылады.
Көбінесе экологиялық
туризмнің нысандары болып ұлттық саябақтар,
қорықтар мен резервациялар қарастырылады [4].
Экологиялық
туризм адамдардың санасы мен әдеттерін өзгертуге
мүмкіндік бере отырып, табиғи ортаны табиғи қалпында
сақтау арқылы оларды табиғатқа үнемділікпен
қарауға бағыттайды. Сонымен қатар, экологиялық
туризм табиғи ортаны қорғауда нақтылы әсер ету
үшін жергілікті тұрғындар мен жергілікті басқарма
табиғи ресурстардың аумағын экологиялық туризмнің
объектісі ретінде пайда көрумен бірге табиғи аумақтың
сақталуымен тығыз байланысты болуы тиіс.
2. Храбовченко В.В.Экологический
туризм. - М.: Финансы и
статистика, 2004.
3.Ердавлетов С.Р.
География туризма: история, теория, методы, практика. Алматы, 2000. С. 113-116.
4.
Александрова А.Ю.Международный
туризм. - М., 2001.с 189