Қазақстан
республикасы - ынтымақ пен бірліктің орталығы.
Қ.Т.
Қашақбаева – Абай
атындағы ҚазНПУ – нің аға оқытушысы,
т.ғ.к., Алматы, Қазақстан.
Бүгінгі таңда
Қазақстан мемлекеті Қазақстан
халқы Ассамблеясы-20 жылдығын атап өтуде. Бірлік пен
татулық тәлімінің қазіргі көпұлтты
Қазақстан жағдайында маңызы ерекше. Халықтар
достығының, бірлік пен ынтымақтың ұйтқысы
ретінде танылған ұйымдардың бірі – Қазақстан
халқы Ассамблеясы болып есептеледі. Ол 1995-жылғы 1-наурызда
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде
құрылған болатын. Елбасы Қазақстан халқы
Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992-жылы
Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының
бірінші форумында жариялаған болатын.
Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси
тұрғыдан, сондай-ақ
жаңадан құрылған тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық
мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан
туындаған-ды[1].
Мемлекет құраушы елдің,
жердің иесі ретінде қазақ халқы өзге ұлттар
мен ұлыстарға оның асқан үлгісін көрсетіп
келеді десек артық емес. Тарихымызға үңілсек,
оған анық көз жеткізе аламыз. Қиын -қыстау
кезеңге тап болған өзге ұлт өкілдеріне
қашанда қамқор болып, ағалық мейрімін
аямаған. Қазақ елі тағдырдың жазуымен жер
аударылып келген түрлі ұлыстарға төрінен орын беріп,
бір үзім нанын бөліскені белгілі. Сол үшін көптеген ұлыстардың
өткен және бүгінгі буыны қазақ халқына
шексіз риза.
Қазақ жерінде қазіргі таңда 140-тан
аса ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүріп жатыр.
Өзге ұлт пен ұлыс
өкілдеріне Қазақстан азаматтары ретінде тең
құқық берілген,
оларға білім алу, емделу,
жоғары лауазымды қызмет атқаруына да мүмкіндіктер жасалып отыр. Елімізде мекен еткен ұлт пен
ұлыстарға өз мәдениетін дамытып,
салт-дәстүрлерін сақтауға лайықты жағдайлар
жасалған. Олардың
әрқайсысының ұлттық мәдени
орталықтары тұрақты жұмыс істейді. Мәдени
орталықтар әр халық өкілдерінің өз
ұлттық дәстүрлерін сақтауға
зор ықпал жасап келеді. Сонымен бірге, көпұлтты
Қазақстанның мәдени жағынан әртарапта дамуына үлес
қосып келеді. Айта кетуіміз керек, бұл
әлем бойынша бірінші бастама болып табылады. Өзінің
жиырмаға жуық жылдарғы тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді
бастан кешірді. Оның дамуы барысында ел Президенті Н.Назарбаевтың этносаралық, толеранттылық және қоғамдық
келісімнің қазақстандық үлгісін
қалыптастырды. Осы жылдар
ішінде Қазақстан
халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы
нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық
дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде
Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін
конституциялық
тұрақты орган ретінде танылады. Ассамблея құрамында 394 мүше бар. Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған
9 депутат еліміздің барлық этностары атынан өкілдік
етеді. Қазақстанның
көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара
түсіністік үлгісі орнады. Этномәдени бірлестіктердің саны
тұрақты өсуде,
қазір олар 800-ден асады.
15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар, 7 тілде
телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек,
тәжік, ұйғыр
және украин тілдерінде
жүргізілетін 88 мектеп жұмыс
істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде
жүргізіледі[2]. Қазақ
және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы да төрт ұлттық өзбек,
ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді.
Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше
жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынғы халықтық мерекелер 22-Наурыз – Ұлыстың ұлы күні,
1-мамыр – Қазақстан халқының
бірлігі мерекесі, масленница, сабантой сияқты т.б. ұлттық тойлар жалпыхалықтық мерекеге айналды.
Биылғы жылы бұл
ұйымның құрылғанына 20 жыл. Ассамблеяның мақсаты
қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете
отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан
халқының азаматтық және рухани-мәдени
ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық
бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты
қалыптастыру. Ассамблеяның құрылымы ретінде тойлайтын
мереке емес, Ассамблея жылы дегеніміз, Тәуелсіз
Қазақстанның бейбіт және келісім саясатының 20
жылдығы. «Қазақстан халқының жарасымды
ынтымағы мен берекелі бірлігінің арқасында жеткен жемісті
жетістігінің 20 жылдығы» – дейді Қазақстан халқы
Ассамблеясы
Төрағасының
орынбасары Ералы Тоғжанов Халықтар достығы
–Қазақстанның ұлы байлығы.»
Ең басты
әрбір қазақстандықтың өз елі, отанына деген отаншылдық сезімі нық болды. Ұлты мен
ұлысына қарамай әрбір қазақстандық осынау
құт мекенінің абыройы мен беделін көтеріп,
тәуелсіздікті нығайта түсуді өзінің басты парызы
деп санайды. 30-40 жылдары тағдырдың талқысымен
кең-байтақ даламызға қоныстанған бірнеше
ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Сол бір ауыр жылдар жатсынбай
құшағын ашқан қазақ халының
бауырмашылығын олар әсте де естерінен шығармайды.
Қазақстан халықтарының
қасиетін, қадірін, жомарттығын, бауырмашылдығын,
кең-пейілдігін, ақ ниетін, құрметін, достығын,
сүйіспешілігін қастерлеген басқа ұлт
өкілдерінің Жетісу халықтарының 1994 жылы өткен
бірінші съезінде сөйлеген сөздерін мысалға келтіруге болады:
Шешен-ингуш мәдени орталығы
басқармасының төрағасы А.Идигов былай деген еді: «Ескі
дәстүр бойынша таулықтар бас киімін сирек шешеді.
Бірақ, бас киімін шешетін сәттер де болады. әдетте,
әйелдер мен елдер арасындағы бір –біріне деген
қастандықты тоқтату үшін жасайды. Ерлер бас киімін
аналарына, жер мен халыққа иілгенде шешеді. Осы бір бәрімізге
ортақ қуаныш күні мен аса құрметті әкелер,
аналар, ағалар мен апайлар -Жетісу халықтарының лайықты
өкілдері – сіздердің
алдарыңызға басымды иемін. Мен сіздермен бірге өмір
сүріп, еңбек етуге мүмүкіндік жасаған
тағдырыма ризамын, өзімізді шын жүректен рухани бай адаммын
деп есептеймін. Өйткені, мен екі халықтың
салт-дәстүрлерін бойыма
дарытып өстім. Бала күнімнен екі халықтың ортақ
ұлы болып тәрбиелендім.
Бізді басқа ұлт өкілдерімен ынтымақта өмір
сүрудің керектігіне ешбір үгіттеу қажет емес. Онсыз да, біздер - қазақтар, орыстар,
немістер, татарлар, ұйғырлар, корейлер, әзербайжандар,
түріктер, дүнгендер курдтар, қарашайлар т.б. ұлт
өкілдері үлкен бір шаңырақтың мүшелеріміз. Біз –Жер деген бір Ананың балаларымыз.
Тарихи әділдігін айтқандай қазақ халқы шет
жерліктердің құғын-сүргінін шабулы мен
шапқыншылығын ғасырлар бойы бастан өткізді. Жұтты
да, жоқтықты да көрді. Аштыққа да аязға да
төзді. Сан миллиондаған адамдарынан айырылды. Қаншама рет
ұлттық бетке ұстар
ұлдарын көгендеп алып кетті. Сондай
қысталаңдардың өзінде қазақтар
халықтың және ұлттық
қадір-қасиеттерін сақтап қалды. Бүгін мен айтар
едім, Қазақ халқы- халықтар достығын
қастерлейтін бірден-бір ұлт деп. Біз өміріміздің осы
қазақ халқының арасында, солармен бір жерде өмір
сүріп жүргенімізді мақтан етеміз. Бұрын –соңды
болмаған ұлттық мәдени
орталықтар мен қоғамдар құрып отырмыз. Біздер мен
сіздердің басты міндетіміз – рухани байлығымызды,
ұлттық тілімізді ғасырлар бойы жинақталған
мәдениетіімізді және ежелден келе жатқан
салт-дәстүрімізді жинақтау мен сақтау болып табылады.
Біздің арамызда және өзара қарым-қатынастарымызда
меірімділік пен шыдамдылық, ұлылық сезім салтанат
құруы тиіс. Бұл бүгінгі бізге ғана емес, ертеңгі
келер ұрпаққа да керек.»
Н.Геккеев, Гвардия ауданындағы
Ленин атындағы совхоздың директоры: «Қазақтардың
бауырмалдылығы мен бір-бірін құрметтеу қасиеті сонау
ерте замандардан бүгінгі күнге дейін үзіліссіз, замандардан
қандай да қиын сындарына қарамастан жалғасып келеді.
Мәселен, бұдан аттай 300 жыл бұрын
Жоңғарлардың шапқыншылығы кезінде
қазақтар қолға түскен
жоңғарлардың өзін де
жау деп санамай, өздерінің отбасынан дәм
татқызған. Ұлы Отан соғысы жылдарында
қазақтар Кавказ бен Ресейден күштеп көшіріліп келген
халықтарымен соңғы нандарын, жарты күлшелерін
бөлісті. Олардың ішінде балкарлар да болды. Бәрі де
бүгінгідей есте. Мен қонақжай жа жомарт, кең де биік
қазақ сахарасына келгенде небәрі екі жаста едім.
Қазақ
халқының арасында
өстім. Осынау ұлы халықтың қасиеттерін бойыма
сіңіруге тырыстым. Өз басым мектепті қазақ тілінде
бітірдім. Қазір өзімді қазақ халқының бір ұлымын деп есептеймін. Мен
басқаратын шаруашылықта қазір 15-17 ұлттың
өкілі тату-тәтті өмір сүріп,
қоян-қолтық еңбек етеді. Олардың арасында тартыс
пен айтыс, бір-біріне жағылған қара күйе жасалған
қастандық дегенді көрмек түгілі естіген де емеспін.
Халықтар достығын біз бәрінен де жоғары қоямыз.»
Қазақстан
мемлекетінің жазушысы,
қоғам қайраткері, Бейбітшілік пен рухани келісім
президенттік лауреаты Герольд Бельгер
өзінің қазақтарға деген
сүйіспешілігін былай білдіреді: «Жетісудың көне
өлкесінде жетпіс тіл өрілген. Міне осы өлкеден ежелден
менің ана тілім неміс тіліндегі сөздер де естілетінін мақтан
тұтамын. Жетісу алқаптарының үстімен барлық
тілдерде қазақтың қарапайым да дана мақалы
«Ынтымақ- ырыс қазығы» сөзі қалықтауын қалаймын. Жан –тәніммен
сіздермен біргемін.»[4].
Жаркент ауданы, Калинин атындағы
колхоздың бас агрономы М.Юлдашев: Біздің белгілі шаруашылығымызда 35-тен астам ұлттың
өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, бір-бірімен
қоян-қолтық еңбек етеді. Ұйғыр
интеллигенциясының өкілдерімен кездесу өткізіліп
тұрады. Ұйғыр және дүнген мәдениеті мен өнерінің
күндері көпшіліктің есінде қалды. Ал Наурыз мейрамы бүкіл
аудан жұртшылығы үшін ең жарқын мерекеге айналды.
Аудан
мектептерінде жеке
ұлттар тілінде де сабақтар
өткізіледі және
мәдени орталықтары ашылып, «Қазақ тілі»
қоғамы жұмыс істейді. Осы шаралардың бәрі халықтар арасындағы достық пен ынтымақтықтың
бірден бір дұрыс жолы деп есептеуге болады[4].
«Қырғызстан-Астана»
этно-мәдени орталығы Астанада жұмыс
істейді.
«Қазақстан халқының тату-тәтті өмір
сүретіндігін
Астанадағы жағдайымыздан
қарап-ақ пайымдауға
болады. Біздің орталық 2 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі
жандарға, аз қамтылған отбасыларға көмектесіп
келеді. Соңғы бір жылда 135 мүмкіндігі шектеулі жандарды
компьютерлік сауаттылыққа үйреттік. Соның ішінде алтауы
жұмысқа орналасты» – дейді бірлестіктің төрағасы
Шавкат Исмаилов[2].
Ұлттарға деген
құрмет, өз ұлтының дәстүр
салтына, тарихына, өнеріне,
мәдениетіне, тіліне лайық болып өсу тәрбиесін жас
ұрпақтың бойына қалыптастыру аға-буынның
міндеті. Қазақ халқы қашанда бірлік
пен татулық мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің
тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы
заманнан бағалап келген. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген
халық мақалы соның айғағы. Болашақтың
бірліксіз болмайтынын болжай білген бабаларымыз бала тәрбиесінде де осы
қағиданы басты бағыт етіп ұстаған. Ол атадан
балаға мұра болып, әлі де жалғасын тауып келеді.
Халықтар достығы –Қазақстанның ұлы
байлығы.
Пайдаланылған әдебеиттер
1.Абдрахманов С.
Ұлы ұйымының ұмтылысы: ҚР Президеент Назарбаев
БҰҰ бас Ассамблеясында 62-ші сессиясында сөз
сөйледі.//Дала мен қала.-2007.-28 қыркүйек.
2.Абдрахманов
С.БҰҰ –соғыс және бейбітшілік мәселелеріне
тиімділікпен ықпал ете алатын бірден-бір халықаралық орган:
БҰҰ бас Ассамблеясы сессиясында сөз сөйледі//Егемен
Қазақстан.-2007.-26 қыркүйек.
3.Азаматов Ю.
Ассамблея-татулық пен бірліктің тұғыры:
Қазақстан халқы Ассемблеясының 15 жылдығына//
Егемен Қазақстан.-2010-16 наурыз.
4.Жетісу
халықтарының жарыстығы. Атамұра-Қазақстан.
Алматы, 1991.
\