Оқытушы: Әлсейітова Жанар Шілтеновна

 

Гуманитарлы-экономикалық колледж, Қазақстан

 

Тарих пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану

 

Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» жолдауында: «оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» дегені мәлім. Елбасының осы алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар - әрине, жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы білім мен салауатты тәрбие беру қажет. Ол,  мектеп пен ұстаздарға байланысты. Қазіргі таңдағы өзгерістер қоғамның шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондай басым бағыттардың бірі - жеке тұлғаға бағытталған білім беру. Ұстаз жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында  жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу  және белсенді әрекетке келтіру жолында  тынымсыз ізденіс жолында болу керек. [1]

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой – өрісі жоғары жеке тұлға дайындау. Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан – жақты ізденістің нәтижесінде білім беру аясында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді.     Ұлы педагог Я.А. Каменский  «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл – әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» – деп ұстаздың еңбегіне ерекше баға беріп, үнемі ізденісте, шығармашылық әрекетте болатын, жалындап жүретін тұлға екендігін айтқан. Ал шығармашыл мұғалімнің шәкірті де шығармашыл болуы керек.[2.3] Оқу процесі басқарылатын  процесс болғандықтан, жеке оқушының ерекшелігін ескеру – мұғалімнің міндеті. Шығармашылық қабілеті әр баланың табиғатында болады. Біздің міндетіміз оқушы бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашу.Сабақ – мұғалім мен оқушылар тобы, шағын топтар мен жеке оқушы арасындағы қатынас арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім оқушыларға өз көзқарастарын өздері айқындап, белгілі бір қорытындыға келуіне мүмкіндік береді.

Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса жаңашылдыққа жақын болғаны.Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса – оқушы тәрбиелеу менбілім берудегі жетістігі сол болмақ. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерден 50 – ден астам оқыту технологиялары қолданысқа енгізілгені белгілі болып отыр. Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жаңаша құрылымы бар демократиялыққоғам құруға кіріскеніне біршама уақыт өтті. Еліміздің болашағын жасайтын жастар білімімен қатар шығармашылық қасиеті жоғары,өзіндік көзқарасы бар, елге тұлға болатын азаматтар болуы керек. Ал азаматтарды оқытып,тәрбиелеп шығаратын негізгі орта – білім ордалары – мектеп, колледж, ЖОО.[4]

Тарих сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жаңа технологияларды ұтымды пайдалану қажет. Оқыту технологияларының құрылымдық элеметтеріне мыналар жатады: мақсат, мазмұн, әдістер, формалар, құралдар,оқушы, оқытушы, нәтиже. Оқыту технологияларына тән белгілер: негізділігі(кез келген технологияның өзіндік философиясы, өзіндік тұжырымдамасы болуы шарт); жүйелілігі(құрылымдық элементтердің біртұтастығы); басқарылмалығы( оқыту үрдісін жоспарлап, нәтижесін бастан – аяқ тексеруге болатындығы); тиімділігі( қысқа мерзімде аз шығынмен жоғары нәтижеге жеткізу тиімділігі). Барлық технологиялардың мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өзбетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады.

Тарих мұғалімі ретінде алдыма қойған басты  мақсатым: мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру,осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету – әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Қазіргі кездегі оқытушының басты мақсаты – білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады.[5]

Тарихты оқыту – өзара байланыста және ұнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі үрдіс. Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану – басты талап. Бұл ретте өзім  тарих сабағымда оқытудың көптеген әдістерінен құралған интерактивті оқыту технологиясының тиімді әдістерін қолданамын. Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады. Интерактивті ағылшын тілінен аударғанда inter – аралық, action – әрекет. Интерактивті әдіс – бұл: Баланың жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру; Топтасып оқып үйренуге жағдай жасау, Өздерін – өздеріне бағалату, Іс – әрекет барысында білім алу.

Студент өз ойын еркін айту үшін оқытушы мына тәсілдерді қолдануы тиімді. Алғыс сезіміңізді білдіріп, үнемі көтермелеп отыру; Ешқашан «жауабыңыз дұрыс емес» демеу керек, ондай жағдайда тек топпен «келісесіздер ме?» – деп сұрау керек. Зейінсіз, енжар оқушыны анықтау, олардың бойындағы ашылмай жатқан «ғажайыпты» ашу.

Бұл әдіс оқытушы мен студенттер тобы, шағын топ, жеке студент арасындағы қатынас арқылы жүзеге асырылады. Мұнда оқытушы хабарлама беруші – модератордың қызметін атқарады. Оқытушы студенттерге өз көзқарастарын өздері айқындап белгілі бір қорытындыға келуіне мүмкіндік беруі тиіс. 1.Диагностика сәті. – «Миға шабуыл» – жаңа сабақты өтілген тақырыптармен байланыстыру үшін бірнеше сұрақ беру арқылы оқытушы студенттердің білгендерін ортаға салдыртады. 2. Ізденіс тенденциясы сәті – Мұнда студенттер жұппен немесе топпен жұмыс істей отырып «миға шабуыл» әдісі арқылы жинақтаған түсініктерін кеңейтіп өз беттерінше оқулықпен немесе басқа қосымша әдебиеттермен жұмыс жасайды. 3. Тұсау кесер – әрбір топ белгілі бір сұрақтар бойынша өз мәліметтерін қорғайды. Осыдан кейін барып оқытушы әлі де жетіспей жатқан жағдайлардан ақпарат береді. 4. Сабақты қорыту – пікірсайыс, рольдік ойын, сөзжұмбақ шешу әдістеріарқылы бекітіледі.

Тарих сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады. Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивті тақта. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері оқытушыларға баланы оқытуда уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндіктер береді. Демонстрациялық материалдар дайындау, топпен кері байланыс жүргізу ұшін интерактивті тақтаның мүмкіндігі шексіз.Мен  тарих сабақтарында мүмкіндігінше компьютерді, интерактивті тақтаны пайдалануға тырысамын. Тақырыпқа байланысты суреттер, слайдтар, сызбалар, кестелер жасау, термин сөздерді жазу  сабақ жүргізудің мазмұнын кеңейтіп, студенттердің түсінігін тереңдете түседі. Кейбір сабақтарда видеофильмдер де көрсетіп отырамын.

Оқушылардың өзбетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Тек  сабақ кезінде ғана емес сабақтан тыс кезде де студенттерге компьютермен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар беремін. Әр сабақта тапсырмаларды алдын ала беру арқылы студенттерге қосымша материалдарды табудың жолын көрсетіп отырамын. Жаңа сабақ барысында студенттердің әкелген, оқыған, меңгерген материалдары негізінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігі дамиды, пәнге деген қызығушылықтары артады, ақпаратпен жұмыс істеуді меңгереді.Нақты мәліметтер мен деректерге сүйеніп, материалды талдауға, сараптауға, дәлел келтіруге, ақпарат көздерімен ғылыми тұрғыдан жұмыс жүргізе білуге дағдыланады.

 

Пайдаланған  әдебиеттер

1. Н.Ә. Назарбаев  «Қазақстан – 2030» жолдауы.

2. Амантайұлы, Б. Біліктілікті арттыру жүйесінің тарихы [Мәтін] / Б. Амантайұлы // Қазақ тарихы. - 2011. - N 1.

 3. С.Т.Мұхамбетжанова,Ж.Ә.Жартынова «Интерактивті технологиямен жұмыс жасаудың әдіс – тәсілдері – Алматы,2008

4.А.Иманбаева «Оқу – тәрбие үрдісін ақпараттандыру » Қазақстан мектебі,№2,2005ж

5. Интернет мәліметтері