ХАЛЫҚТЫҚ МУЗЫКА ДӘСТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ              

ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Аға оқытушы Ш.С.Арыстанова.,

106-12 студенті Ш.Орунбаева

        Шымкент қаласы, Қазақстан

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты

Тәуелсіз еліміздің дамуы үшін мәдени-рухани мұраның жетістіктерін келешек ұрпаққа қалдырудың үлесі зор.Халықтың даналық мұрасын сақтаудың негізі халықтық тәрбиеде. Күнделікті өмір мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, пайдалану үшін балалардың сезім-түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр, терең білімді азамат болуы керек.

Мектептегі музыка пәні оқушыларға басты тәрбие құралы болып есептеледі. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы халық музыкасының рөлі зор.

Халық тағылымы арқылы музыкалық өнер - балаларды тәрбиелеу құралы. Халық музыкасы сезімді, көңіл-күйді оятады, ал көңіл-күй психологиялық күйді тұрақтатады. Музыка өмір қозғалысында даму динамикасында шындықты бейнелейді.

Халық музыкасы, халық әуені мен әуезі - тұлғаны оныңсана - сезімін,

құндылық қондырғысын, мінез-құлқын, адамгершілік қабілетін қалыптастырудағы ең күшті құрал.

Әр адам өзінше дараланған жеке тұлға. Адамдар жеке тұлға болып бірден дүниеге келмейді. Әрбір адамды қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Жеке тұлға дегеніміз адамның мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындығы ерекшелігімен даралануы. әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, ал енді біреулер сын көзімен қарап ой қорытуы, сыни пікірлер айтуы мүмкін. Адамдардың қоршаған табиғи ортадағы құбылыстарды қабылдап түсінуі де әр түрлі. Сондықтан да әр адамды бір-біріне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігімен дараланған тұлға дейміз.

Жеке тұлға өзін-өзі бағалауға да, өзінің іс-әрекетін, оның нәтижелерін басқалардың іс-әрекетімен салыстырып байқауға, басқалардың бойындағы артықшылық қасиеттерді көре, тани білуге, соған теңелсем, сондай болсам  деп ұмтылыс, іс-әрекет жасауға да қабілетті. Жеке тұлғаға тән қасиет - ақыл, ес, яғни олар өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұрады. «Тұлға» дегеніміз адамның келешек өмірдегі жобасының келбеті. Яғни адам өз бейнесін өзі жасаушы [1].

Тұлға-жеке адамның өзін өмірде көрсетудегі мақсатының орындалуы ғана емес, оның ерік-жігерінің іске асуы. Яғни өзі жөніндегі ойын еркін іске асырудың дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі, көрінісі. Сонымен бірге, тұлға дегеніміз сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі. Тұлғаның құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады. Біріншіден-оның  ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру; екіншіден-адамзаттық өркениетті тұлғаның бойына біртіндеп сіңіру; үшіншіден-жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы үш компонент органикалық бірлікте қызмет етеді. Баланың тұлғасын жан-жақты дамытуды қаншалықты ерте бастау керек. Туған күннен-ақ бастап, балаларға әр түрлі жағдайлар әсер етеді. Үй тұрмысы, үлкендердің сөзі, қарапайым балалық өлеңдер, теледидар бағдарламалары және тағы да басқа әр түрлі жағдайлар баланың білімі мен сезіміне жастайынан айрықша әсер етеді. Үлкендердің сөйлегендері баланың тұлғасына  тек жағымды әсер еткен жағдай қазіргі уақытта қол жетпейін арман.  Бірақ баламен қарым-қатынаста болатын адамдар оның  рухани байлығы өте төмен екенін жақсы түсінеді.

Сондықтан да әрбір мектеп баланың сана-сезімін байыту мақсатымен ән-күй пәндерін кешіктірмей беру керек. Кейбір кезде балалар музыкалық білімді алмай барлық пәндерден өте төмен балды алып жүрген жағдайлар да аз емес. Оқушыларға өнер саласын ашқаннан кейін, баланың дамуына үлкен әсер етеді. Музыкалық тәрбиені беру үшін алдымен оның мақсаты мен мүмкіндіктерін бөліп шығару қажет. Музыка ең алдымен эмоционалдық қанағаттандыруды береді. Екіншіден, музыкалық тәрбиенің негіз - ақыл-ойды ғылымның көмегімен жетілдіру. Үшіншіден - бұл эмоционалдық тәрбие. Ең алдымен балалардың қызығушылықтарын ескеріп, мектепте және оны бітіргеннен кейін толық музыкалық білімді алуды қамтамасыз ету керек. Әрбір әдістің негізін музыканың теориясы емес, практикалық жұмыстары қарайды. Балалар музыкаға қызығып кеткеннен кейін ол туралы көбірек білгісі келеді: музыкалық ноталардың белгілерін жазып үйрену, оларды әнге ауыстыру және тағы басқа. Музыка пәніне қызыққан бала кейін музыкалық теорияны да оқуға  талпынады. Музыкалық практика тек қана өлең айту мен аспапта ойнаумен шектелмейді, сонымен бірге әнді тыңдауда практиканы құрайды. Әндер жеңіл, аспаптар-элементарлы, ал әуендер қарапайым болуы мүмкін бірақ қаншалықты құралдар мен материалдар жеңіл болғанмен, олардың көркемдік сапасы жоғарғы сатыда болуы ықтимал. Әрине дамудың ең бірінші сатысында музыкаға деген сүйіспеншілік фундаменті қаланады. Келесі сатыда балалар меңгерген білімін музыканы тереңдетіп тануға жұмсағылары келеді. Міне, дәл осы уақытта баланы әр түрлі кезеңдердегі музыкамен, оның бағыттарымен, стильдерімен таныстыру қажет. Сондай-ақ классикалық шығармалармен қатар жаңа заман шығармаларын беру қажеттілігін ұмытпау керек.

Тұлғаны тәрбиелеу - бұл қарым-қатынастың барлық түрлерін сатылы әрі үздіксіз дайындау және іске асыру деген сөз.

Педагог-ғалымдардың бірқатар жеке адамды өнер арқылы тәрбиелеуде мектептің рөліне ерекше мән береді. Өнер табиғатының өзі адамды саяси-идеялық, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиелеріне, жасөспірімдердің рухани өсуінің үйлесімді даму мәселелеріне комплексті тұрғыдан қарауды көздейді. Оның әсер ету мүмкіндігін оқу-тәрбие процесінде ескеріп отырғанда ғана іске асады. Атамыз Абай: «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй», - десе [2], Л.Н.Толстой: «Жақсы музыка көңіл-күйдің, жан сезімінің шежіресі», - деген [3]. Музыканың  осындай құдіретті қасиетінің өзі-адамды барлық сұлулықты қабылдауға, оны жан-тәнімен сезінуге, адамды сүюге, құрметтей білуге, рухани байытуға арналған.

Әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық музыкасы бар. Оның дамуы ұлттық мәдениетінің деңгейіне байланысты. Қазақ халқының да ғасырлар бойы қалыптасқан өзінің тәжірибесі, білімі, көркемдік пен сұлулыққа деген көзқарасы, рухани өмір байлығы болып табылатын бай тарихи өмір жолымен тығыз байланысты.

Бұрын қазақтың көшпелі дәуірінде ауыл-ауыл болып жиылып, ел мақтанышы болған ақындарды, жыршыларды,күйшілерді,әншілерді қонақ қылып, айлап жібермей өнерін тамашалаған. Елдің қабілдетті жастары хат танып, қағазға түсіре білмесе де, өлең-жырларды,күйлерді, термелерді қағып алып, кейіннен өздері нақышына келтіріп айтып жүрген. Ақын-жыраулар қабілетті жастарды қастарына ертіп, үлкен өнерге баулыған. Сонау ежелден келе жатқан өлең-жырлар мен ән-күйлердің қазақ елінің барлық түкпіріне кеңінен таралуы халқымыздың өнерге деген ерекше сүйіспеншілігінен екені белгілі. Мұндай ұлы дәстүрді біз күй атасы Құрманғазының, Тәттімбеттің, Дәулеткерейдің, Сүгір күйшінің, ән атасы Біржан салдың, Қанапияның, Ақан Серінің, Үкілі Ыбырайдың, Балуан Шолақтың, Естай ақынның, Жаяу Мұсаның, Мұхит әншінің, Жамбылдың, Кененнің, Исаның, Әсеттің, Мәдидің тағы басқа қазақ халқының ақын-компазиторларының, өнер мектебінен өткен ұлы адамдар шығармаларының халық ішіне кеңінен таралуынан көреміз.

Қазақ халқы- қашаннан ән, күй мен жырдың отаны. Туған өлкеміз бүгінде даму, өсу, түлеу, жаңару үстінде. Білімді де зерделі, парасатты да инабатты ұрпақ өсіп келеді.

Халық музыкасы - рухани қазына, таусылмас тәрбие бұлағы [4].

Оқушыларды халық музыка дәстүрлері арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруда, халық қазынасын, халық музыкасын тыңдатудың  үлкен маңызы бар.

 

Әдебиеттер тізімі

1.Есжанов Г. Музыка сабағының тәрбиелік маңызы. Бастауыш   мектеп. 2000,  №3.

9-10 б.

2.Қалиев С., Ш.Майғаранова., Г.Насынбаева. Жеке тұлға. Оның ерекшелігі қандай?.

-А.,2000, -№40. -58 б.

3.Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие, -Алматы, 1995.

4. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. -Алматы, 1969. 15 б.