Педагогические науки/2.Проблемы
подготовки специалистов.
Педагогика
ғылымдарының магистрі,
Бейсбекова Жанар
Бекбатырқызы
Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті,Қазақстан
Мұғалімнің шығармашылығы
туралы ұғым және педагогтің жалпы кәсіби мәдениеті
Шығармашылық қызмет – адамның таным
қызметінің ең
жоғары деңгейі. Психолгтер шығармашылықты тұлғаның маңызды
тетігі және оның өз-өзін жүйеге келтіруі
үшін қажетті шарт ретінде қарастырады.
Шығармашылық өнімді қызмет ретінде сипатталады. Мұғалімде қабілет,
уәж, білім мен білік болған жағдайда жаңашылдығымен, бірегейлігімен
ерекшеленетін өнім туады.
Педагогикалық
шығармашылықтың
мәнін қарастыра отырып,
оның төмендегідей белгілерін атап өтуге болады:
-
жаңа жағдайға байланысты білімдер мен дағдыларды қайта
құру және оларды
байланыстыру;
-
өз бетімен әрекет жасай алу;
-
педагогикалық қызметтің мәнін
түсіну;
-
шаблонның, трафареттің, стереотиптің
болмауы.
Шығармашылық арнайы процедуралардың құралдары бойынша жаңа нәрсені тудыруды
қамтиды:
а) игерілген білімдер мен дағдыларды
жаңа жағдаятқа ауыстыру;
б)
таныс емес жағдаятта мәселені өз қырынан байқау;
в)
таныс объектіде жаңа қызметтерді көру;
г)
бұрыннан таныс тәсілдерді
жаңа жағдаймен байланыстыру.
Бұл жерде мұғалімнен
белсенді ойлау қызметін талап
ететін жағдаяттар қажет.
Шығармашылық қызмет технологиясын меңгеру үшін
мәселелік міндеттерді
жүйелі шешу және мәселелік жағдаяттарды
модельдеу үшін жағдай жасау керек.
Педагогикалық шығармашылықтың төмендегідей деңгейлері бар:
1.
Сыныппен қарапайым өзара әрекет жасау деңгейі. Бұл деңгейде кері байланыс орнатылады, ал оны түзеу
оның нәтижелері бойынша жүргізіледі. Аталмыш
деңгей дайын
ұсыныстарды қайта
жаңғырту деңгейі деп аталады, бұл жерде
мұғалімнің шығармашылығы көрінбейді.
2.
Оңтайландыру деңгейі –
қызметті оңтайландыру сабақты жоспарлаудан басталады.
3.
Эвристикалық деңгей. Педагог
оқушылармен жанды байланыс орнатудың шығармашылық
мүмкіндіктерін пайдаланады.
4.
Тұлғалық-жеке деңгей - бұл деңгей тұтастай даралығымен ерекшеленеді. Мұғалім бұрыннан бар дайын
тәсілдерді қолдана алады,
бірақ бұған өзінің жеке үлесін қосуы
мүмкін.
Мұғалім шығармашылығын дамыту
тәсілдері.
Үнемі
өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту – бұл
мұғалімнің педагогикалық қабілеттері
көрініс тауып, дамитын қызметтегі маңызды бағыт.
Кәсіби білімдерді жүйелі
жаңартып отыру мұғалімнің субъективтік және
объективтік қажеттігі болып табылады.
Біліктілікті
көтеру оқытудың
әртүрлі формаларын ұйымдастыру құралдары бойынша
жүзеге асады.
Оқытуды
ұйымдастыру формалары:
-
біліктілікті көтеру курстары;
-
семинарлар;
-
педагогикалық оқулар;
-
ғылыми-практикалық конференциялар;
-
мәжілістер;
-
пәндік комиссиялар;
-
әдістемелік бірлестіктер.
Мұғалімнің
біліктілігін көтерудің барынша тиімді
құралдарының бірі оның өзіндік білімін
үнемі жетілдіріп отыруы болып табылады. Ол үшін:
1)
ғылымның жаңа жетістіктерін игеру
және оларды оқу-тәрбие іс-тәжірибесіне енгізу;
2)
алдыңғы қатарлы
педагогикалық
тәжірибелерді талдау
және пайдалану;
3)
жеке ғылыми-әдістемелік жұмыс
және педагогикалық зерттеулерге қатысу.
Бұл
бағыттардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Бұлардың барлығы оқу-тәрбие міндеттерін
шығармашылық тұрғыдан шешуді алға тартады, бірақ әрбір бағытты жүзеге асыру үшін
мұғалімнің кәсіби өзін-өзі жетілдіруге деген психологиялық
даярлығы ғана емес, сондай-ақ теориялық және
практикалық даярлығы да қажет.
Мұғалімнің
педагогикалық
шығармашылығы ұғымының аясынан ең
алдымен, жүйелі жетілдіруді
қажет ететін мақсатты түрде бағытталған
қызмет дегенді түсіну қажет. Бұл:
а) оқу-тәрбие және
қоғамдық-педагогикалық жұмыс;
б)
меңгеру құралдары бойынша кәсіби шеберлік
және алдыңғы
қатарлы тәжірибелерді игеру, өзіндік
ғылыми-әдісстемелік ізденістерді белсендіру.
Осылардың
барлығы педагогикалық шеберліктің үнемі жетіліп
отыруына әсер етеді.
Бұл
жағдайда кәсіби педагогикалық өзін-өзі жетілдіру
ғана емес, сыныптағы
оқу-тәрбие үдерісін де жетілдіру жүзеге асады.
Мұғалім қызметінің шығармашылық
стилі.
Өзінің жұмысында мұғалім,
ең алдымен, жеке ерекшеліктерін жұмыс орнының жағдайына
икемдей отырып, бейімделеді, нәтижесінде оның бойында
қызметтің шығармашылық стилі қалыптасады.
Бұл жерде біз, тұтастай мұғалім тұлғасының
қалай өзгеретінін, яғни оның кәсіби
үдерісін (аталмыш кәсіп өкілдеріне тән кәсіби
дағдылардың, сондай-ақ белгілі бір ойлау мен
қарым-қатынас жасау формаларының болуы) көреміз.
Кәсібилендірумен
байланысты мұғалімнің бойында тұлғаның қасиеттері мен сапалары
қалыптасады, бұл жерде оның кәсіби қызметі үдерісінде өзгерістер болады.
Бұл қызметті атқару
мен қажетті нәтижеге қол жеткізу кезінде еркіндікке
жетелейді.
Қызметтің
жеке стилінің қалыптасуы мен өзгеруі тұлғаға байланысты
болғандықтан, мұны
қызметтің жеке стилі ретінде сипаттауға болады. Бұл
стильде адамның өмір бойғы қызметі көрініс табады
және қызметтегі өзгерістер мұғалімнің
жүріп өткен жолының әртүрлілігіне байланысты.
Стильді қалыптастыру бұл күрделі динамикалық
үдеріс.
Педагогтің
жалпы және кәсіби мәдениеті мәселесіне
тоқталайық. Жалпы
мәдениет қызметтің бір уақыттағы нәтижесі әрі
әлеуметтік құбылыс болып табылады. Мәдениеттің құрылымын (субъект,
мақсат, объект, құрал, әдістер) мәдениет
тудырған деп айтуға болады.
Мәдениетті
түсінудің үш
тәсілі бар:
-
аксиологиялық (мәдениет
құндылық, құндылықтар жүйесі ретінде
қарастырылады);
-
қызметтік-шығармашылық
(мәдениеттегі ең бастысы шығармашылық
тұрғыдан даму үшін қажетті қызмет
тәсілдері);
-
тұлғалық (мәдениетті
тасымалдаушы, сақтаушы және дамытушы адам болып табылады).
Сондықтан
тәрбие үш іргелі қызмет атқарады:
-
жасампаз-мәдени (созидательно-культурная);
-
әлеуметтенулер мен бейімделулер (социализация и
адаптация);
-
тұлға қалыптастыратын
(человекообразующий).
Әдетте
мәдениетті материалдық
және рухани мәдениет деп екіге бөледі.
Материалдық
мәдениет – біздің материалдық қажеттіліктерімізді
қанағаттандыруға бағытталған
құндылықтар. Кейбір мамандар мәдениеттің
көркем мәдениет деген түрін атап өтеді.
Рухани
мәдениет - заттық сапа
бірінші кезекте тұрмайтын құндылықтар (дегенмен
оларға материалдық қасиет те тән). Мысалы, ғылыми
тұжырымдама, фольклор, діни догмат, саяси идея, т.б.
Зерттеушілер
педагогикалық мәдениеттің 4 аспектісін бөліп
көрсетеді:
-
адамзат іс-тәжірибесінің аясы ретіндегі
ересектер мен балалардың қарым-қатынасы, өмірлік
тәжірибе мен мәдениеттің ұлттық
құндылықтарын жеткізу тәсілдері;
-
оқыту мен
тәрбиелеу үдерісінде рухани мәдениет интеграцияланған
шығармашылық қызмет тәжірибесінің, педагогикалық
ойлаудың, педагогикалық теориялардың, педагогикалық
құндылықтардың белгілі бір жүйесін қамтитын
педагогикалық білімдер;
-
кәсіби білімдерді, біліктерді және т.б.
қамтитын кәсіби қызмет;
-
әрбір педагогтің, оның
көзқарастарының, сапаларының,
мінез-құлықтарының жеке сипаттамасы.
Педагогикалық мәдениеттің құрылымы.
1.
Мақсатты болжау
мәдениеті. Педагогикалық қоғам
дамуының белгілі бір стратегиясында және барынша төмен
деңгейдегі бағдарламаларды даярлау барысында көрініс табады.
2.
Педагогикалық білім мәдениеті – жинақталған тәжірибенің, ғылыми
теориялар мен болжамдардың болуын қамтиды.
3.
Дүниетанушылық
мәдениет. Оның деңгейін көп жағдайда мұғалім мен білім алушының
өзара қарым-қатынасындағы үдеріс пен нәтиже
айқындайды.
4.
Ойлау мәдениеті. Жеке
тұлғаның өмірінде
ол әдеттегі, сондай-ақ арнайы құралдар
арқылы қалыптасады.
5. Сезім мәдениеті жақсы көру, уайымдау,
мақтан тұту, ұялу, әбігерге түсу және т.б.
қасиеттерімен байланысты. Бұларсыз тәрбиешінің
қарым-қатынасы мен еңбегі жақсы нәтиже алып
келмейді.
6. Мұғалімнің білім
алушылармен, олардың ата-аналарымен және т.б. қарым-қатынас мәдениеті.
7.
Оқыту мен
тәрбиелеудің әртүрлі деңгейлерінде
қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызатын ұйымдастыру мәдениеті. Педагог
ұйымдастырушылық дағдыларды игеріп, оны тәрбиеленушіге
бере білуі керек.
Тұтастай
алғанда, педагогикалық мәдениет төмендегідей
түрде көрініс табуы мүмкін:
1) пәндік-өнімдік (предметно-продуктивная);
2) техникалық-технологиялық (технико-технологическая).
Пәндік-өнімдік
мәдениетке педагогикалық еңбек аясындағы
қоғамның барлық жетістіктері жатады.
Техникалық-технологиялық
мәдениетке әдістер, тәсілдер, құралдар жатады,
осылардың көмегі арқылы нәтижелер алынады.
Нәтижесінде
педагогикалық құндылықтардың 2 түрін
бөліп көрсетуге болады:
1) мәдениет нәтижелері;
2) оларды алудың әдістері, технологиялары.
Педагогикалық
мәдениет тасымалдаушылары
(педагогтер, ата-аналар) белгілі бір мәдени-тарихи
қоғамның шеңберінде болады, сондықтан педагогикалық
құндылықтарды игеру дәрежесімен ерекшеленеді. Бұл көптеген себептерге
байланысты. Педагогтің
біліктілігі тәрбие нәтижесін анықтайды. Біздің қоғамда
мұғалім қызметіне деген педагогикалық тұрақсыздық
бар. Бұдан олардың бойында арнайы білімдер мен дағдылардың жоқтығын
және еркін сезіне алмау мен сауатты ойлай алмаудың
жоқтығын көруге болады.
Педагогикалық
мәдениеттің төмен деңгейі қай жерде отбасында немесе тәрбиелеу мекемесінде
қауіпті екенін тап басу айту қиын. Дегенмен бүгін
біздің қоғам педагогикалық мәдениет
деңгейін көтеруге зәру екені белгілі.
Кәсіби
педагогикалық мәдениет – бұл мұғалімнің
жалпы мәдениетін педагогикалық кәсіппен жобалайтын
мұғалім тұлғасының интегралды сапасы. Бұл жоғары
кәсібилік пен педагогтің ішкі қасиеттерінің
жоғары синтезі, оқыту әдістемесін білуі және
мәдени-шығармашылық қабілеттерінің болуы,
Педагогикалық мәдениеті бар мұғалімнің
өзіндік педагогикалық ойлауы әрі шығармашылық
әлеуеті болады.
Мұғалім
кәсіби мәдениетінің мазмұны төмендегідей
түрлерден тұрады:
1.
Педагогикалық
ойлау мәдениеті – терең теориялық ойлауға
негізделген. Бұл
педагогикалық үдеріс дамуының ұстанымдарын
түйсіну, кәсіби қызмет нәтижелерін алдын ала болжай
білу. Педагогикалық ойлаудың белгілері: альтернативтілік, сыни
ойлаушылық (креативтілік).
2.
Педагогикалық еңбек мәдениеті жоғары
деңгейдегі кәсіби біліктер мен дағдыларды игеруді,
шығармашылыққа бейім тұруды алға тартады.
Педагогикалық қызмет – бұл шығармашылық
үдеріс, әрбір мұғалім даралығымен ерекшеленсе,
педагогикалық еңбек мәдениеті де дәл солай.
3.
Мұғалім шығармашылығының мәдениеті – теориялық білімдер мен
практикалық дағдылардың барлық жиынтығын
қолдануды, сырттай таныс жағдаяттардан жаңа мәселелер
туындатуды және олардың шешу жолдарын іздестіруді, жаңа
педагогикалық мәселелерді
шешудің жаңа тәсілдерін іздеуді алға тартады.
4.
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – мұғалімнің айналасындағылармен өзара
қарым-қатынас нормаларын саналы түрде меңгеруі. Осы нормаларды басшылыққа ала
отырып, мұғалім өзінің эмоцияларын, ерік-жігерін, жеке
мінезін түзетіп отырады.
5.
Сөйлеу мәдениеті қарым-қатынас мәдениетімен байланысты.
Мұғалімнің
сөзі - жалпы білім
алушыларға әсер етудің маңызды құралы,
сондықтан педагогтің сөйлеуіне төмендегідей талаптар
қойылады:
а)
формасы мен мазмұны бойынша қисындылық;
б)
фонетикалық, грамматикалық дұрыстық;
в)
эмоционалдық көркемдік;
г)
сөздік қордың бай болуы және т.б.
Әдебиеттер:
1. Байкова Л.А., Гребенкина Л.К. Педагогическое
мастерство и педагоги-
ческие технологии – М., 2001.
2. Батурина Г.И., Кузина Т.Ф. Введение
в педагогическую профессию:
Учеб. пособие. - М.:
ИЦ “Академия”, 1998.
3.
Азаров Ю.П. Семейная педагогика: Педагогика Любви и Свободы.
М.,
1993.
4. Амонашвили Ш.А. Размышления о гуманной
педагогике.– М., 1996.