Заркенова Ж.Т., Заркенова Л.С., Ильясова Б.И., Кулов А.Б.

 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан, Қарағанды қаласы

 

БІЛІМ БЕРУДІҢ АРНАЙЫ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ТҮЗЕТЕ-ТӘРБИЕЛЕУ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БЕЙНЕЛЕУ ӘРЕКЕТІ

 

Оқыту мен тәрбиелеу процесінде балаларды зерттеудің негізгі әдісі болып бақылау саналады.  Бұл әдісті жүйелі қолдана отырып баланың дамуы мен іс-әрекетінің түрлі жақтары туралы құнды мәліметтер алуға болады.  

Сурет сабағының барысында мұғалім кемақылды оқушылардың ойлау, эмоциялық- еркін аумағының және іс-әрекетінің ерекшеліктерін ашатын материалды жинақтай алады. 

Бейнелеу іс-әрекеті барысында оқушыларды зерттеу, сонымен қоса бұл іс-әрекеттің нәтижесін (суреттерді) талдау, мұғалімге басқа оқу пәндері бойынша сабақтарда жинақталған мәліметтерін толықтыруға көмектеседі. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін нақты графикалық тапсырмаларды орындау барысында көруге болады. 

Зерттеуге оқушылар іс-әрекетінің негізгі сипаттамалары жатады (бағыттылығы, саналы орындауы, тұрақтылығы, белсенділігі, нәтижелілігі, қызығушылықтың болуы). Тапсырманы орындау барысында оқушының жасайтын әрекеті мақсатталған ба, оның көңілі не нәрсеге ауып тұр, оқу құралдарын орнымен қолдана ала ма, өз іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра ала ма, мұғалімнің нұсқауларына көңіл бөле ме, әлді жеңіл жұмысқа «сырғақтап» кете ме, осының бәрі тіркеліп отырылады.  Кейде оқушы тапсырманы орындаудан мүлдем бас тартады. 

Оқушының бейнелеу өнеріне деген қарым-қатынасын да анықтау маңызды, суретке деген қызығушылығы бар ма, оның ұзақтығы қандай, қаншалықты қызық? Оқушының өз қателіктерін табып, оларды түзететіндігі де және қандай жолдармен түзететіндігіне де көңіл аудару қажет (суретке өзгерістер кіргізеді ме, сызықтардың үстінен баса ма, өшіргішті қолдана ма, суретті қайра сала ма?).

Сурет салу барысында оқушының ұсақ моторикасының жағдайын да анықтауға болады, оның жетекші қолын, қимылдарының үйлесімділігін және жасалынып жатқан іс-әрекетінің сапасын да анықтауға болады.  Сонымен қоса баланың білім шеңберін игеруі, заттарды көлемі, пішіні, түсі бойынша ажыратуы, жазықтықта бағдар етуі, заттарды геометриялық кескіндермен сәйкестіруі зерттеледі.

Сабақ барысында оқушының тек сөздік нұсқаумен  (көрсетусіз және үлгісіз) ғана қолданып заттардың суреттерін өз бетінше сала алатын мүмкіндігі тексеріледі. Сонымен қоса оқушылардың графикалық дайындығын да білу маңызды.  

Бейнелеу іс-әрекеті барысында  баланы бақылау, оның сөйлеу белсенділігін анықтауға көмектеседі, өз іс-әрекетін сөзбен бейнелей ала ма, және өз тәжірибесін сөйлеу арқылы жеткізе ала ма? 

Сонымен, іс-әрекет барысында баланы бақылау, оқушы тұлғасының, оның іс-әрекетінің ерекшеліктері туралы мәліметтерді жинақатуға көмектеседі, оқушының педагогикалық мінездемесін толықтырып, барлық сабақта және сыныптан тыс уақытта да түзете-тәрбиелеу жұмысын нақты жоспарлауға көмектеседі. Сурет баланың ақыл-ой дамуының деңгейін анықтау құралы ретінде. Балаларды арнайы мекемелерге іріктеу өте жауапты да және қиын іс болып саналады.

Осы мәселеге дефектологтар жағынан және басқа да білім саласынан көңіл аударуы кемақылдылықты дұрыс анықтауға және қателіктерді жібермеуге көмектеседі. Көптеген педагог-дефектологтар, психологтар, клиницистер ғылыми негізделген іріктеу жолдарын іздестіруде [1]. 

Бұларға бейнелеу іс-әрекетін де жатқызуға болады.

Сурет жан-жақты талдауға жеңіл түседі. Бұл мәселе сурет пен ақыл-ой дамуының арасындағы қатынасты анықтауға көптеген мамандардың көңілін аулаған. 

Г.Кершенштейнер 1914 ж. сурет салу қабілеті мен ақыл-ой дамуының арасында белгіленген бір байланыстын бар екендігін көрсеткен.  Графикалық іс-әрекеттің жоғарғы деңгейі оған сәйкесті ақыл-ойы деңгейісіз мүмкін емес. Ептеген суреттің жобасы көріне бастаса, сурет салушының белгіленген танымдық және графикалық мүмкіндіктері бар екендігі байқалынады.  Мектеп жасындағы баланың суретіндеі заттардың бейнесі шықпай жатса оның жалпы дамуында артта қалушылықтың бар екендігі байқалынады.  Сондықтанда суретті диагностикалық зерттей мақсатында қолдануға болады. 

Қазіргі шет мамандарының арасында кемақылдылықты анықтау үшін тест әдістерін қолданады, онда графикалық тесттерде бар. Мысалы, Ф.Гудинаф (АҚШ) графикалық тапсырма ұсынды (адам фигурасын салуды) және сурет элементтерінің санына санақ жүргізді. Суретті талдау барысында және мәліметтерді математикалық өндеуден кейін ақыл-ой даналылығының коэффициентің табады, ол баланың ақыл-ой қабілетін бағалау барысында шешуші критерий болып саналады. Бірақ бұл әдіс ғылыми дұрыстығы туралы айтуға мүмкіндік бермейді, зерттелуші тұлғаның ерекшеліктерін ашпайды, тек оның бейнелеу дағдыларының деңгейін көрсетеді немесе жеке психикалық функциялардың жетілмеуін көрсетеді.

Суретті олигофрен-балалардың даму динамикасының көрсеткіші немесе диагностика құралы ретінде Шуберт А.М., Лурия А.Р., Певзнер М.С., Лубовский В.И., Правдина-Винарская Е.Н. қолданған.

Балалар тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерттеу үшін балалар суреттерін қолданудың маңыздылығын Занков Л.В., Саккулина Н.П., Василевская В.Я., Забрамная С.Д. және б№ көрсеткен.

Ақыл-ой дамуының тежелуі неғұрлым терең болса, соғұрлым кеш және үлкен қиыншылықпен балалар заттық суретті игереді.  Кемақылдылықтың терең түрінде 8-10 жастағы балалар арасында нақты ештене сала алмайтындары да бар (Саккулина Н.П.) [2].

Сурет – қарым-қатынасқа шықпайтын, сөйлемейтін және тұйық балалармен қарым-қатынасты түзеу үшін ең жақсы жол. Сондықтан да медициналық-педагогикалық комиссия мен зерттеу тобының қызметкерлері зерттеуді балаға сурет салуды ұсынудан бастайды. Балаға суретті таңдау бойынша салуды ұсынады («Салғын келіп тұрған нәрсенді сал, жақсы көретінінді сал»);  ойлау бойынша(«Анамызға не сыйлаймыз»); берілген тақырыпқа(«Бауырсақ» атты ертегіге сурет салайық»); мәтін-сипаттама  бойынша («Екі үй қатарласып тұр, біреуі үлкен, екіншісі кіші. Үлкен үйдің екі терезесі, бір есігі бар, ал кішісінде- бір терезе мен есік» және т.б.); бақылау бойынша («ойыншық машина және т.б.). Осы тапсырмалардың көмегімен заттар мен құбылыстар туралы бар көріністерін анықтауға болады, қолының графикалық жұмыстарды жасауға қолының икемділігі, заттарды танып суретті сала алатындығы анықталады.  Сонымен қоса көру мен көру-моторлық есте сеқтауын, зат пішінің, көлемін, құрылысын және қабылдау деңгейін анықтауға көмектеседі.  Баланың сенсорлық және ақыл-ой дамуы туралы тек сурет бойынша айтуға болмайды.

Сонымен сурет барысында зерттелушіні бақылау, салынған сурет бойынша әңгімелесу және суреттің өзі де құнды материал береді, оны кемақылды баланың ерекшеліктерін талқылауда үнемді қолдануға болады. 

Сонымен қоса кей жағдайларда суреттер ақыл-ойдың төмендеп кеткендігі туралы шынайы көрсеткіш бола алмайды.  Диагноз қою мақсатымен суреттерді зерттеу психологиялық-педагогикалық зерттеудің басқа мәліметтерімен де бірге жүргізілуі қажет. Бұл толық мінездеме беруге, дұрыс шешім шығаруға, қажетті ұсыныстарды беруге мүмкіндік береді. 

 Сурет оқыту әдісі ретінде: балалардың сөзден гөрі заттардың бейнесін есіне сақтап, оларды есіне түсіруі жақсы екендігі тәжірибелік жолмен дәлелденген, өйткені көру арқылы қабылдау естуден нәтижелі болады. Сондықтанда кемақылды оқушыларды оқытуда көрнекілік дидактикалық принципі маңызды болып саналады.  Бұл принципті дұрыс қолдану, оны сөзбен ұштастыру балалардың көзқарастарын кеңейтеді, оқытуды жеңілдетеді, түсінікті қылады, ойлау мен  байқампаздығын дамытып, оқу материалын жақсы игеруге көмектеседі. 

Ең қиын міндет болып оқушыларда талдау мен синтез процестерінің қажетті деңгейін қалыптастыру мен көрнекі бейнелерден жалпыланған көріністерге  және ұғымдарға ауысуы саналады. 

Сабақ барысында мұғалімге балаларға суретті жиі салғызуы керек және өзіне де суреттерді сынып тақтасына салуы қажет.   Тақтадағы сурет тек мұғалімнің ойын ғана білдірмей, сонымен қоса кемақылды балаға талдағыш топтары арқылы әсер етеді: көру, есту, ал суретті қайра салу барысында кинестетикалық талдағыштар арқылы да әсер етеді. Бұл арнайы (түзете) жалпы білім беретін (көмекші мектеп) мектеп оқушыларын оқытудың психологиялық-педагогикалық принциптарына сәйкеседі [3]. 

Сурет салу процесіндегі оқушылар әрекеттерінің жалпы сипаттамасы.

Бейнелеу әрекеті өз бетінше, өз еркіні бойынша дами алмайды. Тек оқыту әсерінен ол мақсатқа сәйкес келетін, алдын ала жоспарланған әрекеттің мінездемесіне ие болады, оны әр кезенде реттеуге және бақылауға болады.

Педагогикалық процестің түзету бағытына ие болуы үшін, суретке үйрету барысында  көмекші мектеп оқушыларының әрекеттерінің ерекшеліктерін есепке алу қажет.

Суретті салудың түрлі кезеңдерінде оқушы жасайтын ақыл-ой әрекетінің саңына  келесіні жатқызамыз:

1.     Алдағы жұмыстың бейнелеу міндеттері мен соңғы нәтижесін түсіну.

Ақыл-ойы кем оқушылар олардың алдына қойған бейнелеу міндеттерін өз бетінше толық түсіне алмайды. Тек мұғалімнің көмегіне сүйене олар суреттін алғашқы кезеңін инструкцияға (нұсқауға) сәйкес орындайды.

Талдау-синтездеу әрекетінің әлсіздігінен көмекші мектеп оқушылары объектінің құрылысын  және бейнені салу ретін ұғынып түсіне алмайды. Сондықтанда сурет, көбіне, мұғаліммен қойылған талаптарды есепке алмай орындалады.

Инструкцияның (нұсқаудың)  мәнін анық ұғынып алмай, оны ұмытып, өз әрекетінің соңғы нәтижесін ойламай, оқушылар кейде қойылған міндетті ауыстырып және едәуір дәрежеде жеңілдетеді (оңайлатады). Егерде мұғалім жағынан  әрекет шектелген болса, оқушылар өз суреттерін сирек түзетеді. Сонымен, көмекші мектеп оқушыларының бейнелеу әрекетінің (міндетті түсінуі) тіпті алғашқы кезеңі өзгеше өтеді.

2. Түрлі инструкцияларды (нұсқауларды) ұғыну.

Сурет сабағында балаларға түрлі инструкциялар (нұсқаулар) беріледі: а) ауызша түсіндіру, нұсқаулар, ережелер; б) дайын суреттер мен кестелер көрсетіледі; в) мұғаліммен материалды түсіндіру барысында тақтада суреттің орындалуы.

Қосымша түсіндіру алдын ала ойланбаған, толық және ұқыптылықпен берілмеген жағдайда,   ауызша инструкция (нұсқау) көп оқушыларға бейнелеу әрекеті процесінде нақты сүйеніш бола алмайды. Көмекші мектеп оқушылары қажетті мөлшерде дидактикалық құралдарменде қолдана алмайды сурет, кесте сияқты және т.б. Суретті орындау кезеңдері бар (бір ізділігі) кестелерді қолдансақ та кемақылды оқушылардың мүмкіншіліктерінің шектелуін көруге болады. Осы тұрғыда ерекше назарға педагогикалық сурет ие болады.

3. Көрнекі қабылданатын объектінің ерекшеліктерін алдын ала ұғыну.

Заттың суретін салу үшін, ол туралы нақты түсінігі болуы қажет. Ондай түсініктерді затты қабылдауын арнайы ұйымдастыру жолымен қалыптастыруға болады (зат туралы толық түсінікті педагогикалық тәсілдер жүйесінің көмегімен алынатындығын ұғынамыз).

Кемақылды балалардың шектелген мүмкіншіліктері натураның (заттың) дербес (өз бетінше) талдауын  жүргізу  барысында да байқалынады. Олар оны ретсіз, жоспарсыз жасайды. Жеке бөлшектерін (бөлімдерін) көрсету жүйесіз жүргізіледі. Сонымен қоса кемақылды оқушылар объектіні көре салып және оның құрылысының ерекшеліктеріне мән бермей сурет салуға кірісе кетеді. Затты ұмытып оқушылар естегісі бойынша заттың жалпы қасиеттерін бейнелейді. Мысалы, пирамидканы бейнелегенде (1-3 сыныптар) оқушылар сақиналар  (дөңгелектер) саңын есепке алмайды.

4.  Бейнелеу әрекетің жоспарлау.

Суретті салу алдынғы (болашақ) жұмысты алдын ала жоспарлауын талап етеді. Бірақ жоспарлау – күрделі ақыл-ой (интеллектуалдық) операцияларының біреуі. Бұл көмекші мектеп оқушыларының бейнелеу әрекеттерінде нақты көрінеді.

Жоспарлауға кірісу үшін затты жан-жақты талдау қажет, әрекеттерді орындауының бір ізділігін белгілеу қажет. Кемақылды оқушылардың мақсатталған әрекеттерінің төмендеуі, оқушылардың тапсырмада әлсіз бейімделуін, пішінің, көлемін, объект элементтерінің өзара орналасуын нашар сәйкестіріп көрсетеді. Дербес сурет салу барысында немесе қысқаша инструкция (нұсқау) бойынша оқушылар өз әрекеттерін ойлы жасай алмайды.

5.  Өз жұмысына бақылау жүргізу.

Суретті салу барысында бейнелеу процесі көру арқылы бақыланып тұруы қажет. Бұндай бақылау  суретті орындау процесінде, оны бейнеленетін затпен  сәйкестіру негізінде өткізіледі. Бірақ қабылдау кемшіліктері, көз алдына елестетудің толықтығының және дәлдігінің, қабылданғанды естерінде мықты ұстау қабілетінің жоқтығы, салынған заттардың бір біріне ұқсастығына әкеледі. Бұндай жағдайда бейненің пішіні мен көлемі жалпы түрде беріліп, жеңілдетіліп (оңайлатылып) және схемалалық болады.

6. Бейнелеу әрекетін және оның нәтижелерін өзіндік бағалау.

Оқушылар өз әрекетін және оның нәтижелерін (суреттерін) бағалау сұрағы маңызды психологиялық-педагогикалық орын алады. Кемақылды балалар өз жұмыстарына және оның нәтижесіне жеткіліксіз сын көзімен қарайды деген көзқарас бар. Сыншылдықтың төмендігі, ойлаудың селсоқтығы (жігерсіздігі, инертность), өз әрекетін барлық жағынан бір уақытта бақылап отыру іскерлігінің жоқтығы, өзін-өзі бақылау дағдыларының әлсіздігі – осының барлығы  оқушылардың өз қателерін таба алмайтындығына әкеледі, сонымен қоса кейде оларды көрмейді (байқамайды) [4].

Сонымен, түзету-тәрбиелік жұмыс барысында мұгалімге, көмекші мектеп оқушыларының әрекеттерінің спецификалық сипаттамасымен қамтамасыз етілетін, едәуір қиыншылдықтарды жеңу қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Воронкова В.В. Воспитание и обучение детей во вспомогательной школе.- М., 2010.

2.  Заркенова Л.С., Омарова Н.Н., Ильясова Б.И. Арнайы педагогика.- Қарағанды, 2012.

3.  Курбатова Н.В. Рисование.- М., 2010.

4.  Бейнелеу өнері: Жалпы білім беретін мектептің 1-3сыныбына арналған оқулық. - Алматы: Атамұра, 2010.