Заркенова Л.С., Заркенова Ж.Т., Кулов А.Б.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті, Қазақстан, Қарағанды
қаласы
АҚЫЛ-ОЙЫ КЕМ ОҚУШЫЛАРДЫ
БЕЙНЕЛЕУ ӘРЕКЕТІНЕ ОҚЫТУ ПРИНЦИПТЕРІ, ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ
ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Бейнелеу іс-әрекетінің балалардың
сенсорлық, ақыл-ойының, эстетикалық,
адамгершілік-құлық және еңбек тәрбиесіне
әсер етуі.
1. Оқушылардың
ақыл-ойының тәрбиесі, басқаша айтқанда келесі
ойлы операциялар қалыптасады: талдау, синтез, салыстыру, жалпылау.
Бұнын барлығы мақсатталған көру арқылы
қабылдаудың –бақылаудың дамуы барысында жүзеге
асады. Сабақты жүргізу
барысында келесі қасиеттердің: инициативтігінің,
тырысушылығының, ақыл-ой белсенділігінің, дербестігі
мен қызығушылығының қалыптасуына жағымды
жағдайлар туғызылады және көрнекі-бейнелі ойлау
дамиды.
2. Сенсорлық
тәрбие – балалардың сезім мүшелері арқылы
заттармен, құбылыстармен, олардың қасиеттерімен,
сапаларымен танысуды (заттардың ұқсастығы мен
айырмашылығы және т.б.) көздейді, бұл сенсорлық
тәрбие саласын құрайды.
3. Адамгершілік-құлық
тәрбиесі – бала оның
суреті бір нәрсені айтқаның қажет етеді. Суреттерде
оқушылар қоғамдық өмірдің
құбылыстарын бейнелейді. Бірақ тақырыптарды іріктеу
барысында оқушылардың жас ерекшелігіне сай мүмкіншіліктерін
де ұмытпау қажет.
Сабақ барысында балаларда
адамгершілік-құлық-еркін қасиеттері тәрбиеленеді:
бастаған нәрсесін аяқтауға деген қажеттілік пен
іскерлік, іс-әрекетінің мақсаттылығы, сонымен
ғана айналасуы, жолдасына көмектесу, қиындықтарды
жеңу, балаларда мейірімділік, сүйіспеншілік, әділеттілік,
қарым-қатынасқа түсу тәрбиеленеді.
4. Еңбек тәрбиесі – бейнелеу іс-әрекеті барысында ақыл-ой мен
физикалық белсенділік ұштасады. Суретті салу үшін еңбек әрекеттеріне, белгіленген
икемділіктері мен іскерліктерге (қарындашпен қимылдар жасау) ие болуы қажет.
5. Эстетикалық
тәрбие- бейнелеу іс-әрекеті барысында эстетикалық
қабылдау мен эмоциялардың дамуы жүреді, кейіннен олар
эстетикалық ұайымдау, сезімталдыққа ауысады. Заттардың қасиеттерін
анықтау балаларда келесі сезімдердің пайда болуына әкеледі:
пішінің, түсін, ритмді, бөлшектердің пропорциясын
сезінуге, сұлулық сезімін,
бейнелі салыстыруды дамытады [1].
Сонымен, бейнелеу іс-әрекетінің
балаларда эстетикалық тәрбие, бейнелі ойлау, елестету және
бейнелеуге қажетті дағдылар мен икемділіктері дамыған
ғана жағдайда шығармашылық қасиетке ие
болатындығы мәлім.
Көмекші мектептегі бейнелеу өнері
сабағында дидактикалық принциптердің жүзеге
асырылуы.
Арнайы (түзету)жалпы білім беретін мектептегі
бейнелеу өнері бойынша бағдарлама сабақтың төрт
түрін қарастырады: сәндік сурет салу,
тақырыпқа сурет салу, затқа қарап сурет салу, бейнелеу
өнері туралы әңгімелеу. Бұл сабақтырдың
әр түрі эстетикалық тәрбиелеуге, шығармашылық
қабілеттерін дамытуға, көзқарасын қалыптастыруға
өз үлесін қосады, басқаша айтқанда
тұлғаны жан-жақты дамытады.
Сурет салудың
барлық түрінің ерекше міндеті – кемақылды (дамуында
ауытқуы бар) балалардың даму кемшіліктерін түзету.
Бейнелеу
өнеріне оқытудың негізгі
сарамандық (практикалық) міндеті болып реалистикалық
суреттің қарапайым негіздерін, сурет салудың тәсілдері
мен дағдыларын меңгеру болып саналады. Мұғалім
қарындашты қолда қалай дұрыс ұстау керектігін,
сызықтарды қалай
жүргізу керектігін көрнекі көрсетеді. Балалар
түрлі сурет салатын материалдар мен құрал-саймандармен
танысады, әдістемелік бірізділігін сақтай отырып суретті
салуға үйренеді. Сурет салу сабағында бала қыл
қаламмен және бояулармен жұмыс жасауға, қажетті
түсті алу үшін бояуларды араластыруға үйренуі
қажет. Бейнелеу өнері сабақтары өздерінің
мақсаты етіп балаларда басқада қасиеттерді дамытуды:
жинақтылығын, жұмыс тәртібін ойлау іскерлігін, жоспар
бойынша еңбек етуін көздейді.
Арнайы (түзете) жалпы білім беретін мектептегі
бейнелеу іс-әрекетіне оқыту жалпы мектептердегідей дидактиканың
негізгі принциптеріне сүйенеді. Тек олар өзгертіліп кемақылды
балалардың танымдық іс-әрекетін есепке алып өзгеше
қолданылады. Адамдармен
жинақталған көптің ішінен балалар меңгеретіндігін
ғана таңдаймыз.
Балаларға берілетін мәліметтердің, қалыптастыратын
іскерліктердің ғылымилық принципі осыдан тұрады.
Бейнелеу өнері бойынша бағдарламаны
өту барысында балаларға берілетін барлық білімдер
тәжірибелік бейнелеу іс-әрекетінің жетілуіне, оған
кіретін іскерліктер мен дағдыларға ие болуына бағытталған.
Түсініктілік
принципі оқу
материалының балар жас ерекшелігіне сәйкес болуындакөрінеді.
Саналылық
принципі балалармен алынатын
білімдер мен іскерліктердің қызығушылықпен игеруі, ал
тек механикалық игреуі болмауын көздейді.
Жүйелілік пен
бірізділік принципі
бейнелеу іс-әрекетінің тәрбие жұмысының
барлық жақтарымен байланысын көздейді, бұл жерде
жаңа іскерліктер мен дағдыларды игеруі меңгергенге
сүйенуі қажет.
Көрнекілік
принципі, көрнекілік
барлық жағдайда нақты түсіндірумен бірге бірлесуі қажет
Сонымен қоса сабақ барысында жеке ықпал ету де жүргізілуі
қажет.
Сурет сабағында жалпы білім беретін
міндеттердің шешілуінен басқа, ең алдымен оқушыларды
оқыту барысында олардың психика кемістіктерін түзетуге зейін
қойылады. Ол үшін арнайы
мақсатталған дидактикалық әдіс – тәсілдер
қолдану қажет, оларсыз түзету жұмысының
нәтижелі болуы мүмкін емес.
Сондықтанда арнайы мектептің дидактикасында спецификалық
принцип – түзетуге бағытталған оқыту принципі бар. Ол
оқушылардың танымдық іс-әрекетінің кемістіктерін
жеңуге өз үлесін қосады, заттың пішінін,
құрылысын, түсін, ұқсастығын,
айырмашшылығын, кеңістікте орналасуын дұрыс
қалыптастыруға және дамытуға көмектеседі. Бұл принцип оқушылардың
ақыл-ой операцияларын, талдауды, синтезді, салыстыруды, жұмысын
жоспарлауды, сурет салудың бірізділігін табуын белсенді дамытады. Осы
принципті жүзеге сәтті асыру барысында балалардың
көру-моторлық бағдар етуі жетіледі, эмоциялық-еркін
және қимыл-қозғалыс аумағында да белгіленген
жылжу байқалынады [2].
Арнайы (түзете) жалпы білім беретін
мектептердегі бейнелеу өнері сабағы.
Арнайы
(түзете) жалпы білім беретін мектептегі бейнелеу өнеріне
оқытудың мақсаттары. Бейнелеу
әрекеті сезім мүшелерін дамытады және ойлаудың,
бақылау, талдау, есте сақтау іскерлігінің дамуына негізделген
көру арқылы қабылдауын дамытады; жігерлі
қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін, көркемдік
көзқарасты, қабылдауды тәрбиелейді, көркемдік
тілдің ерекшеліктерімен таныстырады, өнерді түсінуге
қажетті, эстетикалық сезімді (пішіндердің,
қимыл-қозғалыстың, пропорциялардың,
түстердің, түс қосындыларының
сұлулығын көре білу іскерлігін) дамытады,
қоршаған дүниені тануға, үйлесімді дамыған
тұлға болуына көмектеседі.
Бейнелеу өнері
сабақтары кемақылды балалардың даму кемшіліктерін
түзетуге үлкен мүмкіншіліктер береді. Сабақтардың
түзету бағыты – оқу процесінің міндетті шарты.
Бейнелеу өнерінің мектептегі курсы өз мақсатына
келесіні кіргізеді: тұлғаның жан-жақты және
үйлесімді дамуына мүмкіндік туғызу; жүйелі және
мақсатталған тәрбие мен балаларда пішінді,
құрылысын, көлемін, заттар түсін, олардың
кеңістіктегі орнын дұрыс қабылдауын дамыту арқылы
оқушылардың танымдық әрекетінің кемшіліктерін
түзетуге мүмкіндікті туғызу; бейнеленетін заттың
негізгі белгілерін анықтап, ұқсастығы мен
айырмашылығын белгілеу іскерлігін дамыту; оқушыларда талдау,
синтез, салыстыру, жалпылау процестерін дамытуға көмек беру, оларда
өз еңбектерін жоспарлау, суретті орындау бірізділігін белгілеу
іскерліктерін (икемділіктерін) тәрбиелеу; қимыл-қозғалыс
аумағының кемшіліктерін түзету; балаларды эстетикалық
тәрбиелеу, олардың көркемдік көзқарасын дамыту;
оқушыларға қоршаған дүниені тануға
көмектесу, олардың байқағыштығын дамыту;
оқушыларға реалистикалық суреттің қарапайым
негіздері туралы білім беру; бейнелеу өнеріндегі іскерлік пен
дағдыларды қалыптастыру, жұмыстың негізгі
техникалық тәсілдерімен таныстыру; еңбекке деген
сүйіспеншілікті дамыту, ұқыптылыққа,
еңбектегі дербестікке тәрбиелеу; кеңістіктегі ойлау
қабілетін дамыту, образды көзқарас пен елестетуді дамыту;
оқушыларды дүниелік бейнелеу өнерінің атақты
еңбектерімен таныстыру; оларға деген белсенді эмоционалды –
эстетикалық қатынасты тәрбиелеу; бейнелеу әрекетіне
деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті дамыту; рухани
тәрбиелеуге, патриоттық сезімді қалыптастыруға,
табиғатқа деген махаббатты тәрбиелеуге мүмкіндік беру.
Бейнелеу
өнеріне мектепте оқыту, ең алдымен, жалпы білім беру
мақсаттарын көздейді. Негізгі міндет – оқушылардың
білім шеңберін кеңейту. Сурет салу баланың ақыл-ойын
және эстетикалы дамытады, айналадағы дүниені тануға
көмектеседі, зейін қойып бақылауға үйретеді
және заттардың пішінің талдауға көмектеседі.
Сонымен коса көз қаперін, кеңістіктегі ойлауын және
образды елестету қабілеттерін дамытады [3].
Бейнелеу өнері
бойынша сабақ түрлері. Арнайы (түзету)жалпы білім беретін
мектептегі бейнелеу өнері бойынша бағдарлама сабақтың
төрт түрін қарастырады: сәндік сурет салу,
тақырыпқа сурет салу, затқа қарап сурет салу, бейнелеу
өнері туралы әңгімелеу. Бұл сабақтырдың
әр түрі эстетикалық тәрбиелеуге, шығармашылық
қабілеттерін дамытуға, көзқарасын
қалыптастыруға өз үлесін қосады, басқаша
айтқанда тұлғаны жан-жақты дамытады.
Сурет салудың
барлық түрінің ерекше міндеті – кемақылды (дамуында
ауытқуы бар) балалардың даму кемшіліктерін түзету.
Бейнелеу
өнеріне оқытудың негізгі
сарамандық (практикалық) міндеті болып реалистикалық
суреттің қарапайым негіздерін, сурет салудың тәсілдері
мен дағдыларын меңгеру болып саналады. Мұғалім
қарындашты қолда қалай дұрыс ұстау керектігін,
сызықтарды қалай
жүргізу керектігін көрнекі көрсетеді.
Сәндік сурет салу, затқа қарап сурет
салу, тақырыпқа сурет салу, бейнелеу өнері туралы
әңгімелесу сабақтарына кірісер алдында, оқушыларды
оларға дайындау қажет.
Дайындық сабақтары. Дайындық
сабақтарының мақсаты - балаларда мұғалімді тындау
мен белгілі бір тапсырмаларды орындау іскерліктерін, икемділіктерін
қалыптастыру, қарындашты (үлкен саусақ пен
ортанғы саусақ арасында, үстінен сұқ
саусағымен ұстап) және дәптерді (үстелдің
шетіне параллельді, жазуда сияқты қисайтып емес) дурыс ұстауға үйрету, өшіргішті қолдануға
үйрету (қағаз умаждалып қалмау үшін,
қарындаш сызығын бір бағытта өшіру), түстерді
атап жіктеуге үйрету, қолдан жіңішке және жуан
сызықтарды жүргізу, түрлі геометриялық фигураларды
және күрделі емес суреттерді салу, оларды шетінен шығармай
бояуға үйрету.
Оқытудың дайындық кезеңінде
мұғалім оқушылардың зейінің, қабылдауын,
елестетуін, түсініктерін дамытуға, заттардың пішіні,
көлемі, түсі, бөлшектерінің саңдары мен олардың бір біріне деген қатынасы бойынша орын
алуы сияқты қасиеттерін көрсете білу іскерлігін, икемділігін
дамытуға бағытталған жұмысты жүргізеді.
Дайындық кезеңінде бірінші сынып
оқушыларын қолдан тік, көлденең, тігінен
сызықтарды салуға үйрету өте маңызды. Бастауыш
сынып оқушыларын суретті дұрыс бояуға үйрету
қиын. Бірінші сынып оқушыларымен сызықтар (штрихтар)
қатты, түрлі бағытта шашыранды қимылдармен жасалады,
бұл жерде түсті қарындаш нұсқаның,
пішіннің сыртына шығып кетеді, ал суреттің өзінде
көп ақ таңбалар қалады.
Сәндік сурет салу. Сәндік сурет салу
көмекші мектеп оқушыларына түсінуге оңай түрі.
Бұл оқу-тәрбиелік міндеттерін шешу үшін және
балаларды эстетикалық тәрбиелеу үшін едәуір
құндылық болып саналады. Сәндік сурет салу
сабақтарында оқушылар сәндік-қолданбалы
өнердің жақсы үлгілерімен жүйелі танысады.
Халық шеберлерінің туындысын (еңбектерін) көрсету
балаларға бұйымдардың әсемділігін, әдемілігін
және оларды тұрмыста қолданудың пайдалылығын түсінуге
көмектеседі [4].
Көмекші мектептегі сәндік сурет салу
мазмұнына түрлі тұрмыста қолданылатын заттарды
әшекейлеуге арналған жолақшаның, шеңбердің,
төрт бұрыштың ішіне түрлі өрнектерді
құрастыру т. б. кіреді.
Затқа (натураға) қарап сурет салу.
Затқа қарап сурет салу алдында бейнелеу объектісін бақылап,
оның пішінің, түсін, құрылысын, бөлек
детальдерінің (бөлшектерінің) өлшемдерін және
олардың өзара орналасуын белгілеу, анықтау қажет.
Тақырыптарға сурет салу.
Тақырыптарға сурет салу сабақтарының мазмұны
болып қоршаған өмір құбылыстарын бейнелеу мен
әдеби шығармаларының үзінділерін бейнелеу саналады.
Тақырыптарға салынған суреттерде түсті
қарындаштармен қоса акварель және гуашь бояуларын
қолдану қажет. Түзету мақсатында бағдарламаны
жүзеге асырудың нәтижесі, оқушылардың
сөйлеу тілі белсендігін күшейткен жағдайда, жоғарлай
түседі.
Бейнелеу өнері туралы әңгімелер.
Өнер туралы әңгімелер – оқушылардың идеялық
және көркемдік тәрбиеленуінің маңызды
құралы. Олар едәуір дәрежеде балалардың
эстетикалық тәрбиеленуіне көмектеседі, олардағы
түсініктер мен ұғымдарды анықтауға
көмектеседі, оларды жаңа білімдермен және мәліметтермен
қамтиды, сөйлеу тілінің және ойлаудың дамуына
үлкен көмек береді [5].
Көмекші мектептегі
сабақ оқушылардың оқу іс-әрекетін
ұйымдастырудың негізі түрі (формасы) ретінде
сақталады. Сабақтар
көбіне қиыстырылған (құрастырылған,
комбинированный) типте жүргізіледі, бұл жерде бірнеше
дидактикалық міндеттер шешіледі (өткенді қайталау, жаңа
материалды түсіндіру, алынған білімдер мен іскерліктерді
бекіту).
Мұғалімге
көмекші мектептің арнайы міндеттерін жүзеге асыруда, б.а.
балалардың танымдық іс-әрекетін түзетуде шешуші роль
атқарады. Бұл міндеттер жан-жақты тәрбиелік әсер
ету барысында шешіледі. Жүргізілетін жұмыстың
нәтижелігі тұтасынан мұғалімге тәуелді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Воронкова В.В. Воспитание и обучение детей во вспомогательной школе.- М.,
2010.
2. Заркенова Л.С., Омарова Н.Н., Ильясова Б.И. Арнайы педагогика.-
Қарағанды, 2012.
3. Курбатова Н.В. Рисование.- М., 2010.
4. Бейнелеу өнері:
Жалпы білім беретін мектептің 1-3сыныбына арналған
оқулық. - Алматы: Атамұра, 2010.
5. Рсалдинова А.К. Көмекші мектепке арналған бейнелеу
өнерінің бағдарламасы.- Алматы, 2009.