Рахимбаева
Дидар Токеновна
Казахстан
Каркаралинск ЖББОМ №22
Мінез-құлқында
қиындығы бар оқушылардың жеке ерекшеліктері және
оларға себепші болатын факторлар
Қиын бала
мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П.П.
Бельский кәмелетке жасы толмаған
мінез-құлқындағы қиындығы бар
балалардың ішкі дүниесін қарастырды. В.В. Трифонов
зерттеулерінде «қиын оқушы анықтамасы – бұл
күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін,
өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды,
мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы
педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Г.А.
Фортунатовтың зерттеулерінде «қиын балаларға »
үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды
және психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады.
Қазіргі кезде психологияда қиын бала түсінігінің
бірыңғай анықтамасы жоқ. Бұл шексіз
ұғым, ол жеке адамның өзгеру құбылысын
жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық
және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері,
әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен
қамтамасыз етіледі [1].
Ағылшын психологы
Хевитта және Дженкинс қиын балаларды екі үлкен
категорияға бөлген :
1. Әлеуметтік
формадағы антиқоғамдық мінез-құлқы
тән балалар.
2. Әлеуметтік емес
антиқоғамдық агрессивті мінез-құлықты
балалар. Бұл балалардың жанұясымен, қатарластарымен
қарым-қатынасы жаман, эмоциялары бұзылған, агрессивті,
қатыгез әрі кекшіл балалар.
Ғалымдардың
бірқатары қиын балалардың пайда болуын өмірдің
қолайсыз және әлеуметтік-биологиялық факторлармен
байланыстырды.
Ал И.А. Невский
қиын баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі
жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының
жеткіліксіздігінен деп түсіндірді. Яғни, ата-ана тарапынан, мектеп
қабырғасынан жылулық сезінбеген, мейірімділік көрмеген
оқушы өмірде өзінің ешкімге қажетсізбін деп есептеп,
ашуланшақ, агрессивті, қатыгез болып өседі. Қиын
оқушының пайда болу себептерін анықтағанда, біріншіден
отбасындағы тәрбиеге, ал екіншіден мектептегі
оқу-тәрбие мәселесіне аса көңіл бөлеміз.
Өйткені, көптеген психолог ғалымдардың зерттеулеріне
жүгінетін болсақ, оқушылардың
мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда
болу себептерін отбасындағы дұрыс тәрбие бермеудің
салдарынан болатындығын анықтады:
1) отбасының
әлеуметтік және экономикалық жағдайы;
2) ата-ананың баласына немқұрайлы
қарауы;
3) қараусыз қалған бала немесе
шектен тыс қамқорлық.
Қазіргі кездегі жас ата-аналар өсіп келе
жатқан баласын аса тым еркелетіп өсіріп жатыр десек те
қателеспейтін шығармыз. Аса тым артық мадақтау мен
шектен тыс мәпелеуде өскен бала ешқандай күш
жұмсамайақ көзге түскісі келеді, егер
мұғалім ескерту айтатын жағдайда жылай салатын әлсіз,
өздігінен еш нәрсеге қол жеткізе алмайтын, ерке болып,
өзбеттілігі қалыптаспаған бала болып өседі. Сонымен
бірге «Үйлену оңай, отбасын құру қиын» деп
ата-бабамыз айтқандай қазіргі жастарымыздың отбасылық
өмірге дайын еместігінен, немқұрайлы
қарағандықтан қара көзді балалар толық емес
отбасында немесе жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Не
анасының жылылығын, не әкесінің мейірімділігін,
тәрбиесін көрмей өскен баланың психикасы
жарақатталып, қиын балалар санының қатарына
қосылады.
Сонымен балалардың
мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда
болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі
оқу-тәрбие жұмысындағы кемшіліктермен сипатталады [2].
Бала мектепке келген кезден бастап оқушы -
мұғалім және оқушы-оқушы арасында
қарым-қатынас қалыптаса бастайды. Бұндай
қарым-қатынасты орындау оқушыға бастапқыда
қиын соғады. Жалпы мектептегі мұғалімнің
барлық балаларға қойылатын талаптары да
көзқарастары да бірдей болуы керек. Дегенмен де кейбір
мұғалімдердің өзінің сүйіктілері және
сүйікті емес оқушылары да (гадкий утенок) болады. Бұл
мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас
орнатуын аса қиындатады. Өйткен мұғалім
өзінің сүйіктілеріне жақсы баға қойып,
қолдап отырады, ал қалған балалар қаншама
тырысқанмен шет жақта қалып «Мен қанша тырысып
айтқанмен де төмен баға қояды» деген пікірлер
қалыптасып, оқушылардың оқу мотивациясының
төмендеуіне әкеледі.
Мінез-құлқында
қиыншылығы бар оқушыларды әдетте екі топқа
бөліп қарастырады:
1. Тән кемтарлығы және жан
жарақаты бар оқушылар;
2. Отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет
қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері
факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері
болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен
мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар.
Қазіргі кезде мектепте бала өрескел
қылық жасаса, тәртіпсіздік көрсетсе кінәні
ата-аналар мұғалімдер не тәрбиешінің тәрбиесі деп
санайды. Тәрбиенің түп негізі бала дүниеге шыр етіп
келегеннен кейін басталады. Баланы материалдық жағынан
қамтамасыз етеміз деп ата-аналар күні бойы маңдай терін
төгіп, жұмыс істеп, балаларының ешкімнен кем болмағанын
қалайды. Алайда, қараусыз қалған балалардың
елігуі тез және жаман қылықтарға да бейім келеді. Ал
баласының бос уақытында не істеп жүргенін, қайда барып,
немен шұғылданып жүргенін білмейтін ата-аналардың
көптігі қаншама. Сонымен бірге, өсіп келе жатқан жас
ұрпақ сыпайылық, мейірімділік танытпай қатігездігі
байқалып жатса «Мынау менің балам ба, бұл қылықты
мен үйреткен емеспін» деп таң қаламыз. «Не ексең, соны
орасың» деп ата-бабамыз тегін айтпаған, балаға
материалдық қажеттіліктен гөрі рухани қажеттілік аса
қажет деп ойлаймыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.
Серкебаев Қ.
"Қиын балаларға көмек." «Ұлағат»
журналы, 1998-2006/1 аралығы.
2.
Қожахметова К.
"Қиын балалар жайлы түсінік" «Ұлағат»
журналы, 2001/1.