ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА
КОМПЬТЕРМЕН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
С.Қ.Таженова,
Г.Р.Оңғарбаева
Қорқыт
ата атындағы ҚМУ, Қазақстан
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру
жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу» делінген [1].
Білім беру үрдісін ақпараттандыру –
жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта
оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту
мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие
үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен
сапасын жоғарлатуды көздейді.
Бұл
міндеттрді шешу үшін әр мұғалімнің
күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен
қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық
жаңа тәрбиеге, жаңа қарым-қатнасқа
өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да, әр
мұғалім өз әрекетінде қажетті өзгерістерді,
әр түрлі тәжірибелер жөніндегі
мағлұматтарды, жаңа әдіс тәсілдерді кезінде
қабылдап, дұрыс пайдалана білуі
керек.
ҚР мемлекеттік
ақпараттандыру бағдарламасының бір бағыты –
қазіргі заманғы технологияны оқыту процесінде пайдалану
оқу үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыруға
мүмкіндік береді. Бұл оқыту процесіне толықтыру мен
өзгерту енгізуді қажет етеді [2].
Педагогикалық
оқыту технологияларын жүйелі пайдалану оқыту мен
тәрбиелеу процесін тиімді және жемісті ұйымдастыруға
тырысудан туындайды. «Технология» -деген ұғым тек өндірісте
ғана емес, қазіргі кезде педагогикалық теория мен
практикаға да енді. Технология грек тілінен аударғанда "techne"
– өнер, шеберлілік, "logos" –оқыту деген мағынаны
білдіреді. Оқыту технологиясының өндіріс технологиясынан
ерекшелігі оның үнемі жетілдіріліп отырылуында.
Жаңа педагогикалық технология: ынтымақтастық педагогикасы, білім
беруді ізгілендіру технологиясы, проблемалы оқыту технологиясы, тірек
сигналдары арқылы оқыту технологиясы, түсіндіру
басқарып оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту
технологиясы, міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап
оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту
технологиясы, т.б жіктеледі [3].
Жаңа
оқыту технологияларының ішінде компьютермен оқыту
технологиясының орны ерекше.
Барлық
оқыту технологияларының көздеген мақсаты -
оқушылардың өз бетімен білім алу, білім іздеу
дағдыларының қалыптасуы десек, компьютерлік оқыту
технологиясы осы мақсатқа
лайықты. Осы компьютерлік оқыту технологиясының
философиялық негіздемесін гуманиеттік деп анықтаймыз.
Осы жерде компьютерді сабақта көп
қолдану оқушыны басқа адам түгілі, өзінен,
өзінің нақты, реалды өмірінен де алыстатып, виртуалды
өмірге әкетеді деген көзқарастар пайда болуы
мүмкін. Компьютермен оқыту - оқушыны субьект дәрежесіне
көтеретін, жеке тұлға ретінде дамытуға игі ықпал ететін, оқушының
өз бетімен білім іздеуіне мол мүмкіншіліктер табатым білім беру әрекеті.
Компьютермен оқыту
технологиясындағы мұғалімнің оқыту қызметін,
негізінен, мынадай деп қарастыруға болады:
- талдау-болжау қызметі;
- жобалау қызметі;
- коммуникативтік қызметі;
- дидактикалық қызметі;
- бақылау-түзету қызметі;
- психологиялық демеу болу
қызметі;
ұйымдастырушылық қызметі.
Ауыстыру, Жетілдіру,
Түрлендіру, Қайта анықтау (АЖТҚА) моделі – оқыту
мен оқуға компьютерлік технологиялардың қалай
ықпал ететіндігін бақылайтын әдіс. Бұл модель білім
беру технологияларын пайдаланушылардың технологиялардың
көмегімен оқыту мен оқудағы өздерінің
ілгерілеуі аясында алға жылжитынын көрсетеді [4].
Компьютермен оқытудың
технологиялық құралдарын былайша топтастыруға болады:
1. Аппараттық
құралдар, мультимедиалық бағдарламалар және
Интернет.
2. Электронды
оқытуды әзірлеудің бағдарламалық
құралдары.
3. Оқу
үрдісін басқарудың ақпараттық жүйесі.
Оқытудағы компьютердің негізгі қызметі – оқытушылық. Оқыту кезінде компьютерді қолданудың негізгі міндеттері мынадай:1) оқу үдерісі кезінде кері байланысты қамтамасыз ету;2) оқу үдерісін жекелендіруді қамтамасыз ету;3) оқу үдерісінің көрнекіліктігін арттыру;4) әр түрлі дереккөздерден ақпарат іздестіру;5) оқылып жатқан үдерістер мен құбылыстарды модельдеу;6) ұжымдық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру.Мақсаты мен міндеттері жағынан компьютерлік оқыту бағдарламалары иллюстрациялық, кеңестік, тренажер-бағдарламалар, оқу-бақылау бағдарламалары, операциялық орта болып бөлінеді. Олардың бірі білім мен іскерліктерін бекітуге арналса, екіншілері жаңа ұғымдарды қалыптастыруға негіз болады. Білім алушыларға зерттеулердің, іс-тәжірибелердің тікелей қатысушылары болуға мүмкіндік беретін үйрету бағдарламалары да бар.География сабақтарында компьютермен оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі:
- қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
- қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
- қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
- білім сапасын арттыруға әсер етеді;
- оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпал етеді [5].
Мектептің 6-10 сыныптарына арналған География оқулықтарындағы берілген мәтінді, карта, сызба, суреттерді ғана пайдаланумен шектелмей электронды оқулықтарда көрсетілген бейнені пайдалануы, ғаламтормен байланыс жасай отырып, одан қажетті ақпаратты алып, оны күнделікті сабақта пайдалана алуы, компьтерлік программалар арқылы жазу, оқу, сызу, есептеу, диаграмма, схемалар салуға қолайлығы оқушылардың алынған ақпаратты өңдеп, өз ыңғайына қарай жұмыс істеуіне ықпал етеді. Мәселен, география пәні басқа пәндермен салыстырғанда, картамен жұпжазбас бірлестікте екенін ескеріп, оқушылардың геграфия сабағында материктер мен, оның дүние бөлігіндегі және аралдардағы елдер мен халық жайында, қызғылықты деректерді тек оқулық мәтініндегі берілген карта, сызба, сурет немесе диаграммаларды пайданумен ғана шектелмей, электрондық оқулықта көрсетілетін бейне арқылы пайдаланған тиімдірек. Материктердің қалыптасуын, дамуын және қазіргі табиғат жағдайындағы ұқсастықтарын, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктерін көзбен көріп, есте сақтау үшін, жерсерік арнасы арқылы қашықтан оқыту жүйесін пайдаланған жөн.
Сонымен компьютермен оқыту технологиясын география сабағында пайдаланудың ерекшеліктері мыналар болмақ:- түрлі анықтамалық ақпараттар алады;
- оқушылар өздігінен білім алады;
- пәнге қызығушылығы артады;
- тесттік тапсырмалар шешеді;
- сарамандық жұмыстар орындайды;
- тақырыпқа байланысты бейне көріністер көреді;
Қорыта келе, қазіргі кездегі жалпы білім беретін мектептердегі оқу тәрбие үрдісінде әлеуметтік сұраныс технология деңгейінің жетістігін талап етеді, үздіксіз жүйелі жұмыс жасау арқылы үлкен нәтижелерге жетіп, білім сапасын арттыру болып табылады. Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының “Білім
туралы” Заңы /баптары бойынша түсіндірмелерімен/ және оны
жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар. Астана, 2004.
2. Р. Алтынбаева.
Қоғамды ақпараттандыру // Қазақстан мектебі. –2009. –№1. –22-24б.
3.
Закиров Ғ. Жаңа
технология – сапалы білім негізі // Қазақстан мектебі. – 2010. –
№3.- 26-27-б.
4.
Башмаков М.А. Разработка
компьютерно- обучающих систем и компьютерных учебников. -М., 2003.-60 с.
5. Ә.Бейсенова. Электрондық оқулық. А.: АОРО, 2001 ж.