ӘОЖ: 37.016:004.031.42

Білім беру сапасын арттыруда интербелсенді әдістерді қолдану

Г.Р.Оңғарбаева, С.Қ.Таженова, Ж.Ж.Избасарова

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Қызылорда қаласы, Қазақстан

 

Білім  берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Соған сәйкес еліміздегі білім беру жүйесіндегі ең басты міндеті  білім берудің ұлттық модуліне көшу арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу болып табылады.  Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде жеткілікті деңгейде кездеседі. Осы бағыттағы білім берудің сапасын арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер жиынтығы  интербелсенді әдістер деп аталып жүр. Интерактив (интербелсенді) – ағылшынның "өзара әрекет" деген сөзінен шыққан. Демек, интербелсенді  оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасына сәйкес келеді. Интербелсенді оқыту әдісінің негізгі қағидасы - педагогикалық қарым - қатынас пен қарым - қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту [1].

Интербелсенді әдiстiң  мақсаты – тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.

Оқытудың интерактивті әдістері еш уақытта дәрістік материалды  алмастыра алмайды, бірақ оның толық меңгерілуіне көмектеседі, өзіндік пікір, арақатынас, мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.

Интербелсенді оқыту әдістемесінің артықшылығы:
- материалдың тиімді меңгерілуіне мүмкіндік береді;
- қызығушылық туғызады:
- белсенді қатысқандар марапатталады;
- сезімге ықылас аударылады;
- жан-жақты, әсіресе мінез-құлыққа әсер етеді;
- кері байланыс жүзеге асырылады;
- арақатынас және өзіндік пікір қалыптастырады;

Интербелсенді әдістерге мыналар жатады:
- миға шабуыл әдісі;

- топпен жұмыс;
- проблемалық шығарма әдістері;
- рөлдік ойындар;
- зерттеулер;
- іскерлік ойындар;
- сын тұрғысынан ойлау әдісі;
- пікірталастар және т. б. [2].

Оқудың интербелсенді әдістерінің үлгілерін қарастырайық:

        «Ми шабуылы» («дельфи» әдісі) – бұл әдіс, берілген сұраққа кез - келген оқушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек. «Ми шабуылы» хабарландыруды анықтау керек болғанда және қатысушыларының белгілі сұраққа қатынасы кезінде қолданылады. Жұмыстың бұл нысанын кері байланыс алу үшін қолдануға да болады [3].

         Бірлескен топтық жұмыстар интербелсенді оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады. Топтық жұмыстарды ұйымдастырудың  мақсаты пікір алмасу, мәселені бірлесіп шешудің жолын іздеу, барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу, бәсекелестік туындату, бірін-бірі оқыту болатын. Табысты оқу мен оқытудың мәні оқыту үдерісінде жеке тұлғалар өздерін еркін және сенімді сезінуіне жағдай жасаудан тұрады. Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады. Оқытудағы топтық  жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылады (1-кесте ):

 

1-кесте.

Топтық жұмыс ұйымдастырудың мақсаты

әлеуметтік

танымдық

эмоционалдық

-         пікірлерімен және тәжірибелерімен алмасады;

-         тапсырмаларды шешудің жолдарын бірлесіп табады;

-         бірлескен үздік нәтижелерді беру.

-         жұмыстың баламалы бағыттарының идеяларын ұсынады және онымен бөліседі;

-         маңызды істер мен түсініктемелерді дамыту.

-         Жекелеген адамдар-дың тәжірибесі мен біліміне сүйенеді;

-         Күрделі тапсырма-ларды орындау үшін жайлы жағдайларды қамтамасыз ету.

 

         Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасындағы қарым- қатынасты,  мәселеленің шешімін  бірге табу дағдыларын, көшбасшылыққа ұмтылу және өзіне деген сенімділігін дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде  білім алушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Топтық жұмыстар кезінде орындалатын тапсырмалар орындау барысында олар тек қана өз жұмысының ғана емес, топ  жұмысының нәтижесіне де жауапты екенін сезінеді.  Осындай жағдайларда өз өзін реттеу, өзара бақылау мен бірін- бірі оқыту процесі жүріп отырады [4].

Рөлдік ойындар - тиімді интербелсенді әдістердің бірі. Педагогика саласында зерттеу жүргізетін ғалымдардың басым көпшілігі оқытудың ойын әдістерін кәсіби дамуды қамтамасыздандырудағы ең тиімді әрі болашағы зор тәсіл деп есептейді. Рөлдік ойындар білім алушылардың өздерін басқа адамдардың орнына қойып, мәселе немесе проблеманы солардың тұрғысынан қарастырып, шешімді өз «қолдарымен» жасауды меңзейді. Рөлдік ойындарда оқушы өзінің теориялық білімдерін өмірде (практикада) кездесетін ситуациялар мен жағдаяттарда қолданады. Ол мұндай ойындарда проблемалардың мазмұны мен мән-жайын дұрыс түсінетіндігін көрсетеді, олардың шешу жолдарын қарастыру арқылы өзінің шығармашылық деңгейін дамытады [5].

Осылайша оқытудың интербелсенді әдістерін қолдану оқушының оқуға деген ішкі ынтасын оятып, білім сапасы арттырады. Сонымен бірге оқушының шығармашылық қабілетін ояту мен дамытуға, оның зерттеушілік мүмкіндігін анықтауға, өз білімін көрсетіп, өзіне сенімділік қалыптастыруға, білімін практика жүзінде қолдануға, оның маңызын сезінуге жағдай жасайды.

 

 

1.     Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы.  -Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2014.-188 б.

2.     Кашлев, С. С. Интерактивные методы обучения педагогике. — Минск., 2004.

3.      Чупрасова В. И. Современные технологии в образовании. – Владивосток, 2000.  54 с.

4.     Студентке  арналған нұсқаулық. Бірінші  басылым. -Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015.-184 б.

5.     Росс-Фишер Р.Л. Игра, моделирующая реальность, как средство повышения эффективности обучения. - Перемена, Международный журнал о развитии мышления через чтение и письмо, том 6, №3, июль, 2005. - С. 18-22.