Асетова Ж.Б., Айдарбекова
К.А., Мухаметжанова А.О.
Е.А. Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Оқу үрдерісінде ииновациялық технологияларды пайдалану
арқылы білім сапасын арттыру
Ғаламдық даму көшкінінен қалыспас үшін білім
үнемі озық жүруі тиіс. Бастауыш білім беру
жүйесінің негізгі нысаны – осы заманғы білімі мен
компьютерлік, ақпараттық технологияларға негізделген, барынша
сапалы білім беру арқылы біліктілігі жоғары және
бәсекелестіктің мықты тегеурініне төтеп бере алатын
тұлға даярлау. Сонымен бірге қоғамдағы
әлеуметтік және ғылыми-тенхикалық процестердің
дүниежүзілік сфераға бет бұруы, жаһандық
және ақпараттық қоғамдағы
тұлғаның белсенділігі, идеялық көзқарасы
мен сенімділігі, шығармашылығы, кәсіптік даярлығы
бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі[1].
Білім мазмұнын жаңартудың маңызды
аспектілерінің бірі бастауыш мектепті ақпараттандыру болып
табылады. Бастауыш мектепті ақпараттандыру дегеніміз – бұл бастауыш мектепте оқу
құралы есебінде және бастауыш мектеп оқушыларын
тәрбиелеу, дамыту үшін, сондай-ақ оқу процесі мен
мұғалімнің кәсіби жұмысын талапқа
сәйкес ұйымдастыру мақсатында оқу процесіне
мультимедиалық, коммуникациялық технологияларды енгізу.
Ғалымдардың зерттеу нәтижелері бойынша,
оқу процесінің тиімділігін арттыруда мультимедиалық технологиялардың
ролі зор. Мультимедиялық технология көптеген оқу
бағдарламаларының тууына, дамуына ықпал етеді.
Оқушыларға алтын уақытыңды орынды пайдаланып,
оларға тың мағұлмат, тың дүние беру –
жаңа технологиялардың, МТ – дың жетістігі. Сабақтарда
аталған технологияларды қолдану диапазоны шексіз және және мұғалімнің арнайы
дайындығын қажет етеді. Мысалы, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын,
ертегі кейіпкердің дауысын, оқытуда мультимедиа
бағдарламасы тыңдау
арқылы мәнерлеп оқытуды, эстетикалық тәрбиені
қалыптастырып қана қоймай, шығармашылық
қабілеттерінің дамуына да молынан әсерін тигізеді.
Сабақ барысында өтілген тақырып бойынша шығарманы
талдау барысында өз ойларын ғана
білдіріп қана қоймай, эссе, шығарма т.б жазуға
дағдыландыру да барынша оқушылардың шығармашылық
дамытуға әсері ерекше. Онда
оқушыларға МТ- ды пайдалану арқылы білім бере отырып, электрондық оқулықтармен
оқыту жүйесінің
пән сапасын арттырумен қатар басқа да тиімді
жақтары өте зор.
Бастауыш мектепте
оқу процесінде мультимедиалық технологияны қолдану ең
алдымен оқушылардың пәнге деген ынтасын,
қызығушылығын арттырады. Оқушылар теориялық
білімін өздерін-өздері тексеру арқылы әрі қарай
жандандырады. Сабақта қолданылатын жаттығулар көлемі
ұлғайып, оқушылардың ойлау, жұмыс істеу қабілеті
дамиды. Өз беттерінше де ізденіп бағдарлама дайындауға
шығармашылық шабыт алады.
Қазіргі кезеңде Қазақстанда әлемдік білім
беру кеңістігіне енуге бағытталған жаңа талаптарға лайықты білім
беру жүйесі жүзеге асып
келеді. Бұл бағыт оқу – тәрбие
үрдісінің
педагогикалық теориясы мен іс-тәжірибесін мәнді өзгерістермен
халықаралық білім беру деңгейіне көтеруді көздейді.
Оқушыларды оқу әрекетіне
тартатындай ұйымдастыруда әртүрлі әдістер,
құралдарды қолдану оқушылардың танымдық
іс-әрекетін белсенді етіп, танымдық қызығушылығын
арттыруға мүмкіндік береді. Соның ішінде сызбалар, кестелер,
үлестірмелі материалдар, қызықты тапсырмалар, компьютерлік
ойындар, интерактивтік тақталар сабақта көмекші
құралдарға айналып, бастауыш сынып оқушысының
жаңалыққа, күтпеген нәрсеге таңырқау
сезімін оятып, оқуға ынтасын арттырады. Егер бастауыш сынып
оқушысына берілген тапсырма жас шамасына қарай әсерленетіндей
берілсе, онда ол оқушы оқу материалын
қызығушылықпен меңгереді. Мұғалім
әрбір оқушының жақын арадағы даму аймағын
ескере отырып, ақпаратты алу, тапсырмаларды орындаудың жеке
тәсілдерін табу мен іздеуіне, өзінің әрекетіне
бақылау жасауына және бағалауына бағыт беріп,
қызығуына түрткі болатын құралдарды таңдауы
тиіс. Аппараттық құралдардың ішінде интербелсенді тақтаның
бастауыш мектептің оқу процесінде қолданылуы
дәстүрлі құралдарды (бор, тақта, қалам) алдыңғы
қатарлы инновациялық технологиялармен байланыстыруға
мүмкіндік береді. Интерактивтік тақтаны қолдану
көрнекілік қызмет атқаратындығына байланысты,
оқушылардың оқу үдерісіне көңілін аударып,
оқуға мотивациясын арттырады. Программаларды көрнекілік
түрде басқару, тез белгілеу, тақтада қолмен
түзетулер енгізу, жазып алынған бейнефайлды оқушыларға
сыныпта таратылатын материал үйге өзіндік жұмыс ретінде
орындалатын тапсырма түрінде беруге жағдай жасайды. Балаларға
тақта алдындағы ұялуды және қорқынышты
жеңуге көмектеседі, оқушыларды оқу үдерісіне
оңай қызықтырады. Сыныпта немқұрайлы оқушы
кездеспейді, барлық пәндер бойынша оқу оқушылар
үшін жеңіл және тартымды бола бастайды.
Заман ағымына қарай мультимедиялық технологияларды
қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген
сабақта электрондық оқулықты пайдалану
оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана
қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Сонымен, инновациялық технологиялардың
оқушылардың сапалы білім алуына, танымдық
қызығушылығын арттыруына тигізетін ықпалы орасан
екендігі сөзсіз.
1.
Нұрғалиева
Г.Қ. Электронды оқулықтар - мұғалiмдер мен
оқушылар қызметiн iзгiлендiру құралы//Компьютер
әлемi, 2002. -№2. -Б.20.
2.
Досжанов Б.А. Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы
оқыту процесін жетілдірудің дидактикалық негіздері –
Қазақстан Республикасы, Түркістан, 2007ж.
3.
Ғалымжанова. М. Ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру
//Информатика негіздері. – 2006. - №3. – 2-6б.