Заркенова Ж.Т., Әбдімүтәліп Б.Б.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті, Қазақстан, Қарағанды
қаласы
КЕМАҚЫЛ ОҚУШЫЛАРДЫ ДЕНЕ
ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ
2002 жылдың 11шілдесінде қабылданған
Қазақстан Республикасындағы «Мүмкіндігі
шектеулі балаларға әлеуметтік және
медициналық-психологиялық-педагогикалық қолдау
көрсету туралы» Заңына
сәйкес даму және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі
балалар білім алуға және шығармашылық,
дүниетанымдық мәдениеттерін дамытуға тең
құқылы [1].
Қазіргі таңда арнайы мекемелердегі
оқушылар үшін дене тәрбиесімен айналысу олардағы
қозғалыс бұзылыстарын түзету мен орнын толтырудың
және физикалық дамудың құралы болып табылады.
Дене тәрбиесі – балаларды сауықтырудың,
олардың иммунды жүйесінің қорғаныс
қызметтерін арттырудың күшті факторы.
Кемақыл
балаларды тәрбилеу мен оқыту – күрделі әлеуметтік
және педагогикалық мәселе. Бұл мәселелер осындай
балаларды мүмкіншіліктеріне қарай, қоғамдық
өмірге пайдалы, белсенді, өз беттерінше өмір сүре
алатындай дайындау мақсатындағы
негізгі сұрақтарды шешуге көмектеседі.
Іс-әрекет –
жеке адамның негізгі әлеуметтік қызметі
болғандықтан бұл ғылымда жан-жақты зертеу кеміс
балалардың әлеуметтік бейімделуіне, жүйе мөлшерлерін,
қоғамның мәнділігін және ережелерін саналы
түрде меңгеруге, өмір жағдайы мен еңбекке
баулуларына, бейімделуіне септігін тигізеді.
Кемақыл
балалардың дамуындағы кейбір жағымды беталыстарды да
терістемейді, ол тәрбиелік жағдайдың сәйкестігіне
байланысты және баланың қоршаған ортаға үйренуінің қортындысы
болып табылады [2].
Қазіргі таңдағы оқу процесіне талдау жасасақ,
төмендегідей жағдайды көруге болады, яғни бірде бір
пән оқушының көру анализаторын және
ағзаның тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін бірде бір
жүйені дамытпайды. Керісінше, оқыту процесінің белгілі бір
дәрежесі бала денсаулығын төмендетеді, олардағы
созылмалы аурулар санын ұлғайтады. Бұл жағдайда «Дене
тәрбиесі» пәні оқушының денсаулығына басқа
пәндер түсіретін жүктемеден қорғауға
күш салады. 20 – ғасырдың 20-30 жылдары алдыңғы
қатарлы педагогтар М.М. Пистрактың, С.Т. Шацкийдің, А.С.
Макаренконың педагогикалық ойларын іске асыру мақсатында
әр түрлі тәжірибелік алаңдар, мектептер, балалар
колонияларын құрды, онда оқушылар дене тәрбиесімен
күніне 1,5 сағаттан кем емес уақыт айналысты, яғни
қозғалыс белсенділігінің қажетті оптимумына ие болды.
Кейіннен В.А. Сухомлинский оқушыларымен табиғатта сабақтар
жүргізді, В.Ф. Шаталовтың мектеп – зертханасында дене тәрбиесінің
сабақтары күнделікті жүріп отырды [3].
Қазіргі таңда дене тәрбиесі құралдары
арқылы дамуында ақаулығы бар балаларды
сауықтырудың көптеген педагогикалық технологиялары
өңделген. Осындай технологиялардың бірі болып оқушының
денсаулық және физикалық дамуын құжаттау
табылады. Мектеп практикасында бұл құжаттың болуы
мынандай мәселелерді шешеді: оқушының физикалық
дайындығы, физикалық дамуы және денсаулығының
негізгі көрсеткіштері туралы мәліметтер жинақталады,
баланың ұзақ жылдар бойғы денсаулық күйімен
қозғалыс сферасының динамикасын бақылауға
мүмкіндік береді, мұғалімге, оқушының өзіне
оның ата – анасына түсінікті болады.
Психологтар, дәрiгерлер, педагог мамандар талдау мен
зерттеулердiң нәтижесiнде –
балалар дамуына мiнездеме бередi. Содан соң, алғашқы
ауытқулар мен соңғы ауытқулардың
құрылысын тексередi, себептерiн ашып, түзету жұмыстарын жүргiзудiң
жолдарын анықтайды.
Осылайша, түзетудiң
бағдарламасына 2 негiзгi процесс кiредi:
1 – ата-аналарға әртүрлi көмек ұйымдастыру;
2 – баламен мазмұнды-педагогикалық жұмыстар
жүргiзу.
Мазмұнды-педагогикалық
жұмыстар баланың дамуын жылдамдатуға бағытталады.
Дамудың
негiзгi жолдары:
1. Дене тәрбиесi.
Ой-өрiсi
артта қалған балалардың дене тәрбиесiн
дамыту, негiзгi екi түрде
болады:
– барлық
мектепке дейiнгi мекемелерге тән міндеттер;
– баланың денсаулығын нығайту; дене бiтiмiнiң үйлесiмдi
дамуы, дұрыс отыру; қозғалудың
дамуы; жүрек-тамыр, өкпе жүйесiнiң дамуы, организмдi шынықтыру.
2. Дененi
шынықтырудағы ауытқулардан
сақтау үшiн арнаулы мiндеттер:
- арнаулы жағдай
жасау; жұқпалы аурулардан, суық тигеннен сақтау;
түзету-қалпына келтiру
шараларын жасау, ағзада екiншi
ауытқуды болдырмау.
Дене тәрбиесi күнделiктi
өмiрде де, арнаулы сабақтарда да жүредi. Күн
тәртiбiнде,
балалардың денесiн шынықтыруға
бағытталған арнайы шаралар: ұйқы
мен тамақ, таңертеңгi
жаттығулар, таза ауада жүру, шынығу,
тазалық-гигиеналық шаралар.
Кез-келген ауытқулар,
мысалы, шынықтыруды жасамау, таза ауада жүрудi
азайту – ақыл-ойыдың жұмысын кемiтедi.
1991 ж. ”Ақыл-ойы
артта қалған мектепке дейiнгi
балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасында”
– арнаулы дене шынықтыру сабақтары аптасына 3 рет өткiзiлу
керек деген.
Ой-өрiсi
дамымаған балалармен түзету-шынықтыру
жұмысын жүргiзгенде,
қозғалу жылдамдығына көп
көңiл бөлу керек. Бұған
– таңертеңгi жаттықтырулар,
әртүрлi ойындар кiредi.
Таза ауада ойындар жүргiзу,
алдын-ала дене тәрбиесi сабақтарында
үйретiледi.
Сонымен қатар, дефектолог-мұғалiм қолдың
моторикалық дамуына да көп көңiл бөледi.
Дене тәрбиесiнде
негiзгi тәрбиелiк роль атқаратын - сабақтар.
Сабақтарда
жаттығулар, жалпы дамытатын жаттығулардың
көбi арқаның еттерiн,
иықтың, аяқтың, дұрыс отырудың,
тепе-теңдiктiң дұрыс дамуына бағытталған.
Мiндеттi түрде сабақтың
басында және аяғында жүруге
мән берiледi.
Қалыпты
балалардан, ой-өрiсi дамымаған
балаларға жүргiзiлетiн
жаттығулардың айырмашылығы
– бұларға өте қысқаша қимылдар
жасатады.
Дене тәрбиесі сабақтары ақыл-ойы кем
оқушыларындағы қозғалыс бұзылыстарын
түзетудегі коррекциялық міндеттер толығымен
қамтылатындай құрылуы қажет. Дене тәрбиесі
сабақтарында қозғалыс бұзылыстарын түзету
мақсатының орындалуымен қатар сауықтыру
бағытындағы шараларда қарастырылғаны дұрыс,
яғни кешенді бағытта жүргізілген әдістер тиімді болмақ.
Дене тәрбиесінің арнайы міндеттері таңертеңгілік
жаттығуларда, физкультминуттарда, үзілістерде, дене тәрбиесі
сабақтарында да жүзеге асырылып отырылуы қажет.
Қозғалыс бұзылыстарын түзетуде тек қана дене
тәрбиесі сабақтары арқылы жоғары нәтижеге жету
мүмкін емес, себебі жоспар бойынша жүргізілетін дене тәрбиесі
сабақтары баланың қозғалыс қажеттілігінің
тек қана 10 – 12% ғана қанағаттандырады.
Осыған
сәйкес, дене тәрбиесінің ролін арттыру мақсатында
педагогтар және ата – аналар арасында ағартушылық
жұмыстарын жүргізген жөн.
Қазіргі
таңдағы экологиялық және әлеуметтік –
экологиялық жағдайда бала ағзасын аурудан сақтандыратын
күшті қорғаныс қажеттілігі туындап отыр, бұнда
ерекше орынды дене тәрбиесі сабақтары алады. Себебі ол
ағзадан әр түрлі зиянды заттарды шығаруға, зат
алмасуды және тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін
барлық жүйелер қызметтерін қалпына келтіруге
көмектеседі.
Дене тәрбиесінің мұғалімі өзінің
практикалық қызметінде баланың сақталған
қозғалыс мүмкіндіктерімен бірге бұзылған
қозғалыс мүмкіндіктерін де анықтай алуы тиіс.
Мүмкіндігі шектеулі баланың қозғалыс сферасын
бағалаған кезде сақталған қозғалыс
мүмкіндіктерімен бірге бұзылған қозғалыс
мүмкіндіктері де кездесуі мүмкін. Осы ерекшеліктерді, бұзылыс
дәрежесін анықтау маңызды болып табылады, одан кейін
ғана оларды түзету мақсатымен сақталған
қозғалыс мүмкіндіктерін белсенді дамыта отырып сәйкес
жаттығулар белгіленеді [4].
Мысалы, егер баланың тепе теңдік қызметі бұзылса,
оны түзету үшін педагог сақталған қозғалыс
мүмкіндіктерін анықтауы тиіс және оны дамыта отырып берілген
бұзылысты түзету шараларын қолдануы қажет.
Мүмкіндігінше бұндай баланың табан бұлшық еттерін
бірінші кезекте дамыту қажет, сонымен бірге аз салмақ түсіру
негізінде динамикалық және статикалық әр түрлі
жаттығуларды орындау арқылы тепе теңдік қызметін
жетілдіру қажет, яғни тепе теңдік элементтерімен бірге
түрлі қозғалыс ептілігін және дағдыны түзу
керек.
Дене тәрбиесінің ғылыми - әдістемелік негізін
құру кезінде арнайы (коррекциялық) мектеп
оқушыларының негізгі ақауының құрылымен
бірге балалардың қозғалыс мүмкіндігін де ескерген
дұрыс. Бұл аномальды даму құрылымындағы
адамның психикалық қызметінің және
жоғарғы жүйке жүйесінің дамуында
қозғалыс анализаторының маңызды рөлімен
анықталатын қозғалыс бұзылыстарының өзектілігінен
шығады. Осылайша, ұсақ моторикадағы
қозғалыс бұзылыстары (қол саусақтарының
жіңішке және нақты жіктелген қозғалыстары,
кинестетикалық сезімталдық, жүру кезіндегі
аяқтардың және қолдардың координациялық
қозғалыстары) интеллект ақаулығының
механизмдерімен бірге бас миы қыртысының талдау – синтездеу
қызметінің бұзылуымен анықталады. Оның негізі
болып қозғалыс – кинестетикалық анализаторының
қыртыс аймақтарының органикалық патологиясы табылады
[2].
Дене тәрбиесі сабақтары ақыл-ойы кем
оқушыларындағы қозғалыс бұзылыстарын
түзетудегі коррекциялық міндеттер толығымен
қамтылатындай құрылуы қажет. Дене тәрбиесі
сабақтарында қозғалыс бұзылыстарын түзету
мақсатының орындалуымен қатар сауықтыру
бағытындағы шараларда қарастырылғаны дұрыс,
яғни кешенді бағытта жүргізілген әдістер тиімді
болмақ. Дене тәрбиесінің арнайы міндеттері
таңертеңгілік
жаттығуларда, физкультминуттарда, үзілістерде, дене
тәрбиесі сабақтарында да жүзеге асырылып отырылуы
қажет. Қозғалыс бұзылыстарын түзетуде тек
қана дене тәрбиесі сабақтары арқылы жоғары
нәтижеге жету мүмкін емес, себебі жоспар бойынша жүргізілетін
дене тәрбиесі сабақтары баланың қозғалыс
қажеттілігінің тек қана 10 – 12% ғана
қанағаттандырады.
Мүмкіндігі шектелген баланың қозғалыс
тәжірибесінің болмауына байланысты оның жалпы
психофизикалық дамуы тежеледі, себебі ол басқа балалармен
қалыпты деңгейде қарым – қатынас жасамайды, олармен
ойнай алмайды.
Іргелі тәжірибелік зерттеулермен (А.А. Дмитриев, 2002)
физикалық жаттығулардың оптимальды жүйесін
қолданған кезде бас миы қыртысының зақымдалуы
кезіндегі бұзылған қозғалыстарды түзету
мүмкіндігі көрсетілген.
Қозғалыс жаттығуларының тиімді жүйесі
бұрынғы моторлы қозғалыстарды бұзып жаңа
түрлерін өңдейді, онда ортаға деген жаңа
қатынас пайда бола отырып, сол арқылы олардың түзілу
процесі жеңілдейді.
Мүмкіндігі шектелген балалардағы қозғалыс
бұзылыстарын түзету жұмыстарын жүргізген кезде
төмендегі маңызды жағдайды ескерген жөн. Оларда
қарапайым қозғалыстарға қарағанда
анағұрлым жоғары деңгейде саналылықты,
қыртыс деңгейінде реттелетін күрделі қозғалыс
актілері зақымдалған. Сонымен бірге зерттеушілер осы
категориядағы балалардың дамуында анағұрлым потенциалды
мүмкіндіктері барлығын анықтаған.
Қазіргі өмір әлеуметтік саладағы шынайы
өзгерістерсіз мүмкін емес, ал оның ең негізгі
бағдары болып адам денсаулығының күйі табылады.
Бұл, сірә, елдің өркениетін, тіршілікке
қабілеттілігін анықтайтын факторларының бірі болуы
мүмкін.
Адамның денсаулық күйі тұрмыс қалпына (50%
дейін), тұқым қуалаушылыққа (15 - 20%),
қоршаған ортаға (15 - 20%), медицинаға (15-20%)
байланысты болатындығы белгілі. Сондықтан арнайы
(коррекциялық) мекемелердің негізгі мақсаты - оқушылардың
салауатты өмір салтын түзуде педагогикалық
ұжымның барлық күш жігерін жұмылдыру болып
табылады. Бұған өмір сүру, тамақтану, күн
тәртібі, оқу – танымдық қызметін ұйымдастыру
жағдайлары және спортпен, дене тәрбиесі сабақтарымен
айналасу жүйесі жатады. Оқушылардың физикалық дамуын
жетілдіру мақсатында арнайы педагогика мен психологияның,
физиологияның және дене тәрбиесінің қазіргі
таңдағы ғылыми жетістіктерін пайдалана отырып жүргізу
қажет.
Арнайы (коррекциялық) мекемелердегі дене тәрбиесін жетілдіру
негізінде төмендегідей ұстанымдарды қолдану қажет:
·
оқушылардың тұрмыс қалпына дене
тәрбиесін ендіру, оларда денсаулық мәртебесін түзу;
·
дене тәрбиесі құралдары арқылы
балалардың ойлау қабілетін дамыту;
·
оқушылардың физикалық дамуын және
денсаулығын жүйелік құжаттандыру, оның
нәтижелерін барлық денгейде талдау;
· мұғалімдердің және әкімшіліктің
компьютерлік жүйені қолдануы;
мүмкіндігі шектелген балаларды физикалық
дамытуда және денсаулықтарын сақтау сұрақтарында
педагогтармен ата - аналардың біріккен жұмысын жүргізу [4].
Дене тәрбиесі проблемаларын шешу жолдары болып
оқушылардың физикалық дамуын және денсаулығын
жүйелік құжаттандыру, оның нәтижелерін
барлық денгейде талдау табылады. Қазіргі таңда дене
тәрбиесі құралдары арқылы дамуында ақаулығы
бар балаларды сауықтырудың көптеген педагогикалық
технологиялары өңделген. Осындай технологиялардың бірі болып
оқушының денсаулық және физикалық дамуын
құжаттау болып есептеледі.
Сондықтан, дене
тәрбиесі процесін оқушылардың жаттығуларды саналы
түрде орындауына, яғни олардың шапшаңдықты,
ырғақты, қозғалыс координациясын реттеуін жүзеге
асыра отырып құру қажет. Балаларда қозғалыстарды
бақылау және өзіндік бақылау тәсілдерін дамыту
қажет, дене тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерін
орындауда мотивациялық факторларды қолданған жөн.
Дене шынықтыру
мұғалімі қозғалыс қабілетін дамыту деңгейін
өз жұмысында тіркеу картасын қолдана отырып
педагогикалық бақылауда
жүйелеу керек. Педагогикалық қажеттіліктерді негіздеп
ерекше көңілді үлгермейтіндерге бөлу керек,
оқушылардың екі типологиялық топтарын дифференциалды
тақалумен анықтау керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Кемтар балаларды әлеуметтік және
медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау
туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 2002ж. 11 шілде № 343-ІІ тарау.
2. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 2000.
3. Боген М.М. Обучение двигательным действиям. – М., 2005.
4. Дмитриев А.А. Коррекция двигетельных нарушений у учащихся вспомогательных
средствами физического воспитания. – Красноярск, 2002.