Педагогические
науки/Современные методы преподавания
Тажибекова
Райза Сериковна
Т.Рысқұлов
атындағы №20 орта мектебі, Қазақстан
Бастауыш сыныпта оқытудың инновациялық тәсілдерін
пайдаланудың маңызы
Бастауыш білім үздіксіз білім беру
жүйесінің алғашқы басқышы екенін ескере отырып,
оқушыға белгілі бір көлемдегі білім-білік, дағдыларын
меңгертумен бірге табиғат, қоғам, айналаны
қоршаған дүние туралы танымын қалыптастыру, оның
жеке басының қасиеттерін жан-жақты дамыту, жоғары
адамгершілік принциптерге тәрбиелеу бүгінгі күннің
басты талабы.
Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір
нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі
болуына ықпал ететін нұсқа- сол сабақты
өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдері,
яғни жаңа инновациялық тәсілдерді пайдалана отырып
өткізілетін жаңашыл
сабақ.
Қазіргі кезде
шығармашылықпен жұмыс істейтін
мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде
оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа
технологиялары өмірге келді.
Инновация
педагогиканың
барлық саласына толық
еніп дамуда. Ұстаздарымыз бен белгілі ғалымдарымыздың ендігі
негізгі міндеті –
жаңалықты тек педагогика
саласынан іздестіріп қоймай, басқа
ғылым
салаларындағы
жаңалықтармен
салыстырып, байланысын нығайту, тарату,
практикалық инновацияны жүйеге
келтіру.
Жаңалықтарды ашу процесінде
ғылым мен практикалық білімнің
және зерттеу мен
практикалық
білімнің және зерттеу
мен практикалық тәжирибелер нәтижелерін практик қызметкерлердің меңгеруі арасындағы
байланыстың
үзілуінің себебі –
педагогикалық білім мен
енгізу қызметкерлерінің бір-біріне
қатыссыз жекелей дамуында.
Жаңалық – педагогикалық
зерттеулерді бағалау негізгі
критерийлерінің бірі, шығармашылық үрдістің түпкі
нәтижесі, кез-келген жаңалықтың өзіндік құндылығы,
дербес қасиеті.
Бүгінгі күн талабы
тұрғысынан қарасақ, оқыту ісі тек сабақ
беру ғана емес, оқытудың басты міндеті –
мұғалімнің білім беруі және оқушының білім
алу қызметтерінің біріккен түрі екендігін көреміз.
Өскелең заман әрбір оқушының жеке
тұлға ретінде тәрбиелеуін қажет етуде. Сондықтан
әрбір пәнді оқытқанда, оқушылардың
оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың маңызы
зор.
Білім
берудің қазіргі
негізгі мақсаты білім алып, білік
пен дағды –машыққа
қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби
біліктілікке –ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және
ұтымды пайдалану болып
табылады.
Мұғалімнің оқушыларға білім
беру барысында оқыту үрдісінің тиімділігін жоғарылатып,
уақыттарын тиімді, үнемді пайдалануын айқындап алу керек
және де инновациялық
педагогикалық технология тәсілі бойынша білім беру
жүйесінде кездесетін қайшылықтарды да атап өту керек:
-
білім беру жүйесі мен қоғам дамуының
арасындағы қайшылықтар;
-
білім беру мазмұнының күрделенуі мен бұл
күрделенген білімді меңгеруге бөлінген уақыттың
өзгермеуі;
-
білім беру кеңістігінде болып жатқан жаңарту технологиясы
мен адамның табиғи өзгермеуі арасындағы
қайшылық;
-
білім беру үрдісінің құрылымы мен жекелеген
оқушының даму ерекшеліктері арасындағы қайшылық;
-
білім беру саласында жеке оқушыны оқыту мен тәрбиелеу
кезіндегі қайшылық;
Оқыту үрдісін технологияландыруды қоғам талабына сәйкес
қалыптастыру керек. Оқу үрдісін жобалау барысында
мұғалімнің кәсіптік іс әрекетінің
сұрыпталған жоғары сапасын жаңа инновациялық
технологиялар арқылы қалыптастыруды талап етеді. Бұл
инновациялық технологиялар – мұғалімнің
шығармашылық - әдістемелік білімдерін жинақтап, түгелдеп белгілі бір жүйеге келтіретін механизм.
Білім беру саласындағы оқытудың
инновациялық технологияларын меңгермейінше қазіргі
маманға сай болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру
мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген
адами қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,
оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі.
Егеменді
еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету
үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың
әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып,
терең білімді, іздемпаз, барлық іс-әрекеттерінде
шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда
өз болмысын таныта алатын, жеке тұлға тәрбиелеу ісіне
ерекше мән берілуде. Демек мектептегі оқу үрдісінде
оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып,
шығармашылық әрекетінің дамуына жол ашып, олардың
жан-жақты тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік
туғызу қажет деп ойлаймын.
Дәстүрлі
емес сабақтардың, оқытудың инновациялық
технологияларын бастауыш сынып оқушысының пәнге деген
қызығушылықтарын арттырудың, дамытудың
құралы екендігі негізделді. Осыған байланысты нарық
жағдайындағы мектеп мұғалімдеріне қойылатын
талаптар:
- мектеп
мұғалімінің бәсекеге қабілеттілігі;
- білім
беру жүйесінің сапалылығы;
- мұғалімнің
кәсіби шеберлілігі.
- мұғалімнің бәсекеге
қабілеттілігі;
- мұғалімнің білімділігі;
- білім беру сапалылығы;
- еңбектің тиімділігі;
- әдістемелік жұмысының
шеберлілігі болып саналады.
Ұстаздың сабақ берудегі басты
мақсаты- баланы бастауыш сыныптардан бастап, шығармашылық
ойларға, практикалық әрекеттерге дайын болуға,
қызығушылыққа тәрбиелеу.Оқушы
тұлғасының дамуына ықпал жасайтын сабақтар
үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі
төмендегідей:
-
оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын
(білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
-
оқыту үрдісінде оқушының теориялық және
өнімділік ой құрастыру әрекеттерін, танымдық
қабілеттерін белсендіру;
-
оқушылардың танымдық қызығушылығын,
оқуға деген мотивациясын дамыту;
-
оқу материалын игеруге және іс-әрекеттерін де жете
ұғынуға талпындыру;
-
белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың
ынтымақтастығын, серіктестігін ұйымдастыру;
-
оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті
–зерттеу түрлерін ұйымдастыру;
-
оқыту барысында әртүрлі шапшаңдықпен,
әр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін
ашу; [3 ]
Мұғалімнің шығармашылық қызметі –
жауапкершілікті, білімділікті, біліктілікті және маңдай терді
қажет ететін үлкен шығармашылық еңбегі.
Келешек ұрпағымыздың болашағы
жарқын болуы үшін білімді де білікті жастар болуға
ұмтыла білейік.
1.ҚР білім беруді
дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы, Астана, 2011.
2.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2014ж.
3.Бұзаубақова К.Ж.
Оқытудың инновациялық педагогикалық технологиясы
бастауыш сынып оқушысын дамыту құралы ретінде. Алматы,
«Жазушы». -2010ж.