ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕЛЕУ ТӘСІЛІНІҢ
БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕРІ
Фатикова
Н.А,Таджибаева Ж.С, Далабаева М.Ж.
Керімбай
атындағы №12 мектеп-гимназиясы, Тараз қ.
Тараз инновациялық – гуманитарлық
университеті, Тараз қ.
Резюме
Всеобъемлющее влияние родителей на детей, а также содержание и характер этого влияния объясняются теми механизмами социализации ребенка, которые с наибольшей эффективностью активизируются в семейном воспитании.
Summary
All-embracing influence of parents
on children, and also maintenance and character of this influence are explained
by those mechanisms socializations of child, that with most efficiency activate
in domestic education.
Отбасы –
қоғамның ең басты ұясы. Отбасы — қоғамдық қатынастар мен
процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып
ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс.
Сондықтан да отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми
зерттеу жүргізу оңай емес. Елбасы
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына жолдауында: «Ең алдымен,біз
қыздардың тәрбиесіне көп көңіл
бөлуііз керек. Олар – болащақ жар, болащақ ана,
шаңырақтың шырақшылары», -дей келе: «Біз әйел
затына –анаға,жарға, қызға деген қапысыз
құрметті қайта оралтуға тиіспіз»,- деп айрықша
атап өткен болатын.
Елбасы Жолдауында өмірдің
баға жетпес
құндылығы-балаға,бала
тәрбиесіне,болашағына көп көңіл бөліп отыр.
Отбасы,әке мен бала,бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу
– болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән
жатыр. Бұның барлығы ұлттық
құндылықтарды сақтап,дамытуға
бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы
құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып,адамдарды
ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы
көңілге қонымды [2].
Отбасы психологиясында-өмірде кездесетін дағдарыстың
кез-келген түрі қалыпты деп есептеледі. Алғашқы некеге тұрудың өзі –
дағдарыс болып табылады. Әсіресе тойға дейін жастар бір-бірін
ашық тусті көзілдірікте көреді.ал неке-өмір сүру
салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға
әкеледі. Әйел заты үшін ата-тегін өзгерту, Эриксон
пікірінше «Ұқсастық дағдарысына» соқтыруы
мүмкін, тұрмыс сипаты өзгереді,үйренуді қажет
ететін жаңа тұстары пайда болады. Бұл
ерлі-зайыптылардың бір-біріне бейімделу кезеңі-алғашқы
жылда жыл бойына созылады. Бірлдескен өмірде алғашқы жыл
сонына қарай некенің бір жылдық дағдарысы пайда болады.
Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі –зайыптылар үйренісіп
бірінің алдында бірі жауакершілік танытып,түсіністікпен
қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ
сәтсіз болып саналады. Ажырысудың алғашқы
шарықтау шегі –бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады.
Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда
болуы мүмкін,тіпті ол бала қалаулы болып, махабаттан пайда болса да
қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді,
отбасындағы жүктемелер ауысады. Егер жас ана беріліа,баланы
күтіп бағумен айналысып кетсе, онда көптеген адамдар мұны өзгеруіне назар
аударудың жоғарылуы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала
күтіміне қызғанышпен қарайды,баласы
әйелінің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып
алғандай қабылдайды [1]
Қазақстан
Республикасының Конституциясында «балаларына қамқорлық
жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың табиғи
құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті
нақты көрсетілген [3]
Отбасылық өмір мәнері жеке адамның
қалыптасуына үлкен із қалдырады. Дүниеге келген баланы
бірінші көретін адам ата-анасы, жанұясы. Оның
әлеуметтік ортасы бала дамуына жан-жақты әсер етеді.
Әрбір отбасының мүшесі дара болғандықтан
бір-бірінің дамуына едәуір ықпал жасайды. Тәрбие бала тумай тұрып,
дүние есігін ашпай тұрып басталуы тиіс. Бала тәрбиесі
ата-аналарға жауапты, міндетті жүктейді, ал ол міндеттердің
көңілден шығуы ата-ананың отбасындағы әрбір
үлгілі ісіне байланысты.
Сондықтан, әрбір
ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты
етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі
мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. «Ұяда не
көрсең, ұшқанда соны аласың» дегендей бала
тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен
басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де
күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе
түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын
қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізі
отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады.Бала
ата – анасына еліктейді,
сондықтан ата-ана әр жасаған жұмысы мен
қарым-қатынасын, сөзін ойланып жасап, балаға үлгі
болатындай мақсатта болуы тиіс. [3]
Үйлесімді өмір сүріп отырған отбасы үнемі
балаларының тәрбиесіне көп көңіл аударады. Балаларын
өздерінің ойларымен бөлісуге үйретеді. Отбасы – адам
баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат
қағар, ошақ қасы, үйі, алтын бесігі. Ол жерде
қарым-қатынас сүйіспеншілікке, ер мен әйелдің
барлық жағынан толық теңдігіне негізделген. Балалар мен
ата-аналардың қуанышы, реніші ұштасып жатады. Отбасы шын
мәнінде тату-тәтті болса одан адамгершілік пен
әділеттіліктің көрінісі туады. Отбасының бірлігі мен
ынтымақтастығы оның құрылымындағы
адамдардың бірегей адамгершілік талаптары.
Көптеген
ата-ана балалардың санасына әсер етуді жөн көреді, ал
тәрбие жұмысында оның сезіміне қалай әсер ету
керектігін кейде біле бермейді. Кейбір
отбасында баланың жеке басына көңіл бөлінбейді.
Мұндай отбасындағы
ата-аналар баланың тәрбиелеуі мен жетілу процесін
басқаруды дұрыс біле бермейді. Ата-ана баланың ішкі
дүниесіне, мақсатына, уайымына, қоршаған ортадағы
қатынасына назар аудару керек. Оның ішкі дүниесін
түсіну үшін, оның әр жағдайдағы қимылы
мен істеген істеріндегі жатқан мотивтерді білуі керек. [2]
Кейбір ата-аналар өз балаларын аса қаталдықпен
тәрбиелейді. Олар балаларын тәрбиелеуде әр түрлі
қысым мен тыйымдарды қолданады және сәл нәрсеге
бола қатаң жазалап, ар-намысын қорлайтын әрекеттер
жасау арқылы балаларын өздеріне қарсы қояды.
Мұндай тәрбие бала тұлғасының қалыптасуына
кері әсер етеді.
Отбасы – адам
баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат
қағар, ошақ қасы, үйі, алтын
бесігі.Сондықтан, отбасындағы тәрбиелеу тәсілі бала
тұлғасының қалыптасуына . Тәрбие бала дамуын
бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол — баланы
қалыптастырудағы негізгі күш.
Тәрбие негізгі күш
болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі
баланың қалыптасуына кері әсер етеді.
Отбасы жағдайы, ата-ананың кәсібі, материалдық
жағдайы, тәрбиелеу тәсілі,
білім деңгейі баланың өмірдегі жолын айқындайды.
Ата-ананың саналы, мақсатты тәрбиесі бала өмірінде
үлкен рөл атқарады. Отбасындағы жақсы
қарым-қатынасты жоғалту әр түрлі жолдарға
итермелейді.
Баланың
тұлғасының қалыптасуына отбасы ерекше әсер
ететіндіктен, оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына
байланысты. Педагогикалық, әлеуметтік жағынан жіберілетін
әлсіздік, оқу жүйесіндегі сәтсіздік – ауытқымалы
мінез-құлықтың қайнар көзі. Баланың
мінез-құлығындағы ауытқулар көбіне туа
пайда болмайды, олар отбасындағы дұрыс тәрбие бермеуден пайда
болады. Ата-аналардың отбасындағы тәрбие мәселелері
жөніндегі келіспеушілігі, көзқарастарының бір болмауы
баланы жеке басында жақсы сапалар қалыптастыруға кері
әсерін тигізбей қоймайды. [3]
Сонымен бала
тұлғасының қалыптасуына отбасындағы
тәрбиелеу тәсілі қатты әсер етеді. Отбасы – баланың
ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың
өмірінің мақсаты, оның құндылықтары,өзін
қалай ұстау керектігі туралы алғашқы
мағлұматтар меңгеріледі. Сөйтіп, өзінің
«кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім»
және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап
көреді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Т.Сабыров.
Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір
мәселелері. - Алматы, 1977.
2.
Жас ерекшелік психологиясы,
М.М. Муханов, Алматы 1981ж , 93-95 б.
3.
Ө.А.Уманов,
В.А.Парфенов. Бала бақыты. - Алматы, 1979.
4. Ж. Қоянбаев,
Р. Қоянбаев. Педагогика. - Астана, 1998.
5.
Е. Сағындықұлы. Педагогика. - А, 1999.
6.
Р. Қоянбаев. Тәрбиетеориясы. - Алматы, 1991.
7.Т.Сабыров.
Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір
мәселелері. - Алматы, 1977.
8.Жас ерекшелік психологиясы, Жарықбаев, Алматы 1981ж , 93-95 б.
9.Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов. Бала
бақыты. - Алматы, 1979.
10. Ж. Қоянбаев,
Р. Қоянбаев. Педагогика. - Астана, 1998.
11.
Е. Сағындықұлы. Педагогика. - А, 1999.
12. Р.
Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1991.