Абдыкашева Ляззат Есимбековна.

Казахстан. Темиртау. КГУ "ОСШ 17

Сөйлеуді дамытуда толық есту

қабілетінің маңыздылығы

Сөйлеуді дамытуда толық есту қабілеті өте маңызды фактор болып табылады. Дыбысты бала туғаннан бастап қабылдайды: басында бұл дыбысқа жай ғана қарашығының үлкеюі, тынысын ұстап тұруы, басқа да қозғалыстар көрінеді. Атап айтқанда бала естудің көмегімен қоршаған ортадағы сөзді қабылдайды, өзінің дыбыстауына бақылау жасауы өте маңызды. Баланы үнемі дұрыс айта алмауы әдетке айналмау үшін түзетіп отыру керек, артынан оны түзету өте қиынға соғады.

Көру өте үлкен роль атқарады, себебі бала ықыласпен сөйлеушінің тілін және ерін қозғалысын бақылай отырып, оларды қайталайды, артикуляциялық қозғалысқа еліктеуге тырысады.

Бұл процесте баланың дамуында үнемі дамып және қайталау байланыстарын қатайтып отыратын анализаторлар арасында есту, көрумен және басқалармен шартты байланыс жүйесі пайда болады.

Сөйлеудің қалыптасуы ең алдымен ересектермен күнделікті қарым-қатынаста болуымен байланысты. Бала балабақшадан немесе серуеннен оралғаннан кейін, міндетті түрде балабақшада не істегені туралы, қандай тапсырмалар болды, соны баладан сұрап отырыңыз. Егер балаға айтып беру қиын болса, жетектеуші сұрақтар қойып көріңіз. Сонымен қатар балаға тыңдауды және дыбыстарды дифференциялауға үйрету аса қажет. Баланың дыбыс қабылдауының дамуына себеп болатын кезкелген ойындарды ойлап тауып, жаңылтпаштарды жиі қолданған дұрыс.

М.М. Кальцованың айтуынша сөйлеудің дамуы моториканың дамуымен, әсіресе қол саусақтарының кіші моторикаларының дамуымен тығыз байланыста болатынын айтты. Сондықтан балаларды пирамидалармен, кубиктермен, мозаикалармен айналдыруға тырысу керек. Тапсырмаларға кіріспес бұрын бала әсіресе қандай дыбыстарды жаман айтатынын біліп алыңыз. Ол үшін оған атауларында керекті дыбыстары бар, барлық мүмкіншіліктегі суреттер ұсынылады. Егер бала бірнеше дыбыстарды дұрыс айтпаса, тапсырманы көбірек таза айтатын дыбыстардан бастаған жөн.

Ата-аналар баламен жұмыс жасай бастағанда тек ойын түрде берілген қызықты тапсырмалар ғана эффективті болатынын есіне алуы қажет. «Мұнда кел, сөйлеуді үйренеміз», - деп бұйрық беруге болмайды. Бұндай жағдайда бала қорқып, ішінен тұйықталып алады, онда тапсырмалар пайдасыз болып шығады. Ойын қызықты және тірі болу керек, кейде балаға жақсы сабағы үшін сыйлық берген жөн. Логопедтік тапсырмалар мектепке жақсы дайындық бола алады. Дыбыстарды айтып үйренуді бастамас бұрын бала дұрыс айтпайтын дыбыстарды меңгеруге артикуляциондық аппарат дайындайтын бірнеше тыныс алу жаттығуларын орындау керек. Тапсырмалар қысқа болу керек, кем дегенде 15 минут жүргізілуі қажет.

Сондықтан сөйлеуі бұзылған және тіл мүкістігі бар балалар тұйықталып, бойында толымсыздық кешені пайда болмас үшін, ата-ана тарапынан қолдау, мейірімділік, жылылық аса қажет. Қазіргі кезде экологиялық және психологиялық фактордың әсерінен сөйлеу қабілетінде ауытқуы бар және мүмкіндігі шектеулі балалар жылдан-жылға саны көбейіп келеді. Мұндай балаларға арналаған арнайы мектептер мен оқыту бағдарламалары жоқтың қасы. Бұл мәселе психиатр, логопед, невролог, психолог және т.б. мамандардың және қоғамның араласуымен шешілетін өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.     Грошнеков И.А. Изобразительная деятельность учащихся во вспомагательной школе. Москва. -1994.

2.     Психодиагностика и коррекция детей с нарушениями и отклонениями развития. / Сост. и общая редакция В.М. Астапова, Ю.В. Микадзе. - СПб.: Питер, 2002.

3.     Флерова Ж.М. Логопедия. - М., 2001