Педагогические науки / Социальная педагогика.
Аязбаева Меруерт Серікқызы, Даникеева Айгул Бақытжанқызы
Тараз инновациялық
–гуманитарлық университеті, Қазақстан
ЖЕТІМ
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ЖАҒЫМДЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАНЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жетім
балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың
қамқорлығынсыз қалған балалардың
жағдайы көпшілікті толғандыруда. Бұл мәселе
Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму
стартегиясына сай жетім балалар мәселесіне үлкен мән
беріледі. Жетім балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балалардың
проблемалары ғылым мен іс-тәжірибенің ең әр
түрлі салаларындағы көптеген зерттеушілердің:
дәрігерлердің, психологтардың, педагогтардың,
философтардың, социологтардың назарын аударып келді.
Жетім – ата-анасының екеуі де
немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып
табылады. Сондай – ата-ана құқықтарының
шектелуіне немесе олардың айырылуына, ата-анасы хабарсыз кетті деп
танылуына, қайтыс болғанда немесе әрекетке қабілетсіз
деп танылуына, ата-анасының бас
бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын
тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен
мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде
ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен
алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы
қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты
ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз
қалған бала. Жетімдік – баланың психикалық
дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айрылған және
интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық
жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы
бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады.
Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы
жоғалады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп,
бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық-танымдық талпынысы
төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі [1].
Жетім
балалардың жекелік ерекшеліктерін – И.В.Дубровина, С.Д.Забрамная,
Е.И.Казакова, М.И.Лисина, В.С. Мухина, А.М. Прихожан, А.Г.Рузская, Е.А.
Стребелева, Л.М.Шипицина және басқа да көптеген
ғалымдар жан-жақты зерттеп келеді.
Тәрбиелеуде
әлеуметтік әсерлердің тиімділігі М.А.Алемаскин, А.Г.Асмолов,
В.Т.Ащепков, А.В.Беляев, А.А.Бодалев, В.Г. Бочаров, Б.П. Битинас, Л.П. Буева,
Ю.А.Лобейко, А.В.Мудрик, Л.Н.Новикова, В.Д. Семенов, Д.И.Фельдштейн,
А.Г.Харчев, В.А.Шаповалов, В.Я.Ядов және басқа
ғалымдардың жұмыстарында зерттеледі.
Оқыту
мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық және
психологиялық қызметтің құрылуы мен пайда
болуының жалпы мәселелері А.И.Акулова, Н.Е.Бекетова,
Т.А.Василькова, Ю.В.Василькова, М.А.Галагузова, В.Н.Гурова, М.П.Гурьянова,
И.Н.Закатова, В.П.Озеров, Е.М.Рыбинский, П.А.Шептенко, Т.Ф.Яркина және
басқалардың еңбектерінде ашылған.
Жетім балалар мен
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балалардың проблемаларын зерттеуді төрт топқа бөлуге
болады.
Біріншіден, жеке
алғандағы балалар үйінің нақты тәжірибесіне
кешенді талдау жасауға арналған бірқатар жұмыстар пайда
болды [2,3].
Екіншіден, балалар
үйлері тәрбиеленушілерінің психологиялық бейімделу
проблемалары белсенді түрде зерттеліп келеді. Шетелдік
психологтардың арасында жабық үлгідегі мекеме
жағдайларындағы баланың жеке тұлғасы
дамуының проблемаларын, аналық жылу мен аялаушылықтың
жоқтығы салдарын жою мүмкіндіктерін А.Адлер, З.Фрейд,
Й.Лангмейер зерттеді [4].
Үшіншіден,
балалар үйі тәрбиеленушілерінің депривация проблемаларына
отандық зерттеушілер И.В.Ежовтың, Ю.А.Евдокимовтың,
И.В.Дуброинаның, А.М.Прихожанның, Н.Н.Толстыхтың, Т.Войтенконың
еңбектері арналды.
Төртіншіден,
жетім балалардың әлеуметтену проблемаларын өз
еңбектерінде И.С.Кон, Л.М.Шипицына зерттеді [5].
Олар жетім
баланың білім беру мекемелерінің көмегі арқылы
өмірге бейімделетін әлеуметтік-эмоциялық саладағы
дамуының өзіндік тетіктерінің қалыптасуын атап
көрсетеді.
Мұнымен
бірге балалар үйлерінде тәрбиеленушілердің ересектік
өмірге, балалар үйі қабырғаларынан тыс өмірге
бейімделуіне байланысты көптеген зерттеулер
жүргізілуде. Балаларды дербес өмір мен қызметке дайындаудың әлеуметтік-психологиялық қырлары И.С. Конның, А.В. Петровскийдің [4]
зерттеулерінде келтірілген.
Жетім балаларды дербес өмірге дайындаудың бұл
проблемасының педагогикалық қыры П.П.Блонскийдің,
А.С.Макаренконың, В.А. Сухомлинскийдің еңбектерінен [5] көрініс
тапты.
И.Ф. Дементьеваның, Ю.А.
Евдокимовтың еңбектерінде жетімдіктің алдағы ересектік өмір үшін
әлеуметтік салдары
қарастырылады [6].
Жоғарыда санамаланған авторлардың еңбектеріне
талдау жасау балаға
достастық ортаны қалыптастыру проблемасының көп
қырлы екенін және кешенді
зерттеуді талап ететінін дәлелдейді. Алайда, аталған
проблемаға арналған жарияланымдардың жеткілікті екеніне қарамастан балаға жағымды
психологиялық ортаны
қалыптастыру технологиялары балалар үйлері жұмысының
тәжірибесіне жеткіліксіз енгізілген
және зерттелген, бұл қосымша теориялық арнаулы
еңбектер мен іс- тәжірибелік зерттеулерді талап етеді.
Жетім балаларға арналған білім беру мекемелерінде балаларды
күтудің, қадағалаудың,
бағудың, тәрбиелеудің, оқыту мен дамытудың
ортақ міндеттері бар. Балалар
үйі балаға отбасын қандай да бір мөлшерде алмастыруды
көздейтін мемлекеттік әлеуметтік құрылым болып
табылады. Отбасын алмастыратын әлеуметтік құрылым ретіндегі
балалар үйі орындауы тиіс қызметтерді анықтау үшін
отбасы орындайтын қызметтерді қарастырайық.
Социолог А.Г. Харчев [6] отбасының мынадай әлеуметтік
қызметтерін бөліп көрсетеді:
• қалпына келтірушілік – жеке тұлғалық
тұрғыда балалардың қажеттіліктерін
қанағаттандыру, биологиялық қалпына келтіру;
• тәрбиелік – жас ұрпақты тәрбиелеп,
әлеуметтендіру;
• шаруашылық-тұрмыстық – қоғам мүшелерінің
тән саулығын қолдау, отбасындағы балалар мен
қартаң мүшелерді күту;
• экономикалық – кәмелет
жасына толмағандар мен отбасының еңбекке қабілетсіз
мүшелеріне қаржылық қолдау жасау;
• рухани
қарым-қатынас – отбасы
мүшелері жеке тұлғаларының дамуы, рухани жағынан
өзара байытулы;
• әлеуметтік-мәртебелік –
отбасы мүшелеріне белгілі бір
әлеуметтік
мәртебе беру; қоғамның әлеуметтік құрылымын қабылдау;
• бос
уақыттық – бос
уақытты ұтымды ұйымдастыру,
қызығушылықтардың өзара байытылуы;
• эмоциялық-психологиялық
қорғанысқа, эмоциялық қолдауға ие болу.
Егер отбасының бұл
қызметтерін балалар
үйіне түсіретін
болсақ, онда білім беретін мекеме немесе балалар үйі баланың
әлеуметтік өмірге араласуының аса маңызды функциясын
орындауы тиіс. Бұл функцияның басымдығына балалар
үйінде тәрбиеленетін жетім балаларда аса маңызды
әлеуметтік құрылым – отбасының ықпалы
жоқтығы болып табылады.
Қазіргі жағдайда жетім балаларға білім беретін
мекемелерде қолайлы, жағымды психологиялық ортаны
қалыптастыру балалардың әлеуметтенуіне, болашақта
мамандық таңдауға, өмірден өз орындарын табуға,
жалпы жеке тұлға болып қалыптасуға тигізетін
ықпалы мол. Психологиялық жағымды ортаны құруда
әлеуметтік педагогтар, содан кейін психологтар, жалпы педагогтардың
көмегі өте зор. Жетім балаларға білім беретін мекемелерде
жағымды психологиялық ортаны қалыптастыру жолдары
төмендегідей жолдармен жүзеге асырылса тиімді болар еді:
1.
Жетім балалармен
өзара әрекеттесетін ересектер санын көбейту жақсы болар
еді, бұл әрбір балаға көбірек көңіл
бөлуге мүмкіндік береді;
2.
күн режимінде
жұмыстың, оқу сабақтарының, демалыстың,
ойындардың, қызығатын істермен айналысудың айқын
кездесуі, емдік дене шынықтыру, балалар денсаулығын шынытыру мен
нығайту жөніндегі шаралар өткізу қарастырылу керек;
3.
балалардың
жалғыз қалу мен жеке кеңістікті қажетсінуін таза
ұйымдастырушылық (режимді өзгерту, тәрбиеленуші
жалғыз болатындай жерлерді
белгілеу және т.б.) және таза психологиялық (аутотренинг
негіздеріне, өзін өзі реттеу дағдыларына оқыту
және т.б.) жағынан қанағаттандырудың
тәсілдерін табу маңызды [7];
4.
қызметкерлердің
психологиялық-педагогикалық дайындығының жеткілікті
дайын, сауатты болуы;
5.
эмоциялық жағдай
бала үшін жайлы болуы, ол сүйіспеншілік пен
махаббатқа толы болғаны дұрыс;
6.
әрбір баланың
жеке ерекшеліктерін, мінез-құлқын ескеру;
7.
өздері толық
игермеген отбасы рөлдерін ойнату;
8.
рухани дүниені
байытатын іс-шаралар өткізу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Борозинец Н.М., Евмененко
Е.В., Козловская Г.Ю., Палиева Н.А.
Социально-психологические аспекты помощи детям-сиротам и детям, оставшимся без
попечения родителей. –Ставрополь, 2003. -98б.
2.
Ананьева
Г. Где
тонко, там и рвется // Социальная защита.-2000. №5.
3.
Андреева
А. Дом, где возвращают радость//Социальная защита.-2000.-№5.
4.
Адлер
А. Беспризорные дети // Лишенные
родительского попечительства: Хрестоматия. - М.: Просвещение, 1991.
5.
Лангмейер
И., Матейчек З. Психическая депривация в детском возрасте. - Прага, 1984.-50 б.
6. Шипицина Л.М. Психическое развитие
детей-сирот. СПБ.: Питер, 1996.
7.
Құсайынова
А.Қ., Намазбаева Ж.Ы., Құнанбаева А.Т., Садықова А.Б.
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналғане білім беру мекемелерінде
балаға достастық ортаны қалыптастыру технологиялары. Алматы
2009.5-8 б.