Қостанай мемлекеттік педагогикалық
институты
пед. ғыл. магистрі Алиева Дидар
Алиасқарқызы
Астана қаласының № 8 ОМ
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Агитаева Келбет Ибрагимқызы
Қазақ тілі
сабақтарында дидактикалық ойындарды қолдану
Қазіргі
кезде оқыту теориясы мен практикасында сабаққа дамып отыратын
жүйе ретінде қарайтын көзқарас қалыптасқан.
Сабақ – сыртқы ортамен ақпараттық
және басқа да арналар арқылы байланысатын жүйе. Осы
сыртқы байланыстар мен ішкі қайшылықтар ықпалы
арқылы сабақ дамып, жетіліп отырады. Ол өзара тығыз
байланысқан, өзара әрекеттесетін бөліктерден
тұратын бүтін жүйе.
Сабақ – мұғалім мен
оқушының өз қажеттілігіне орай оқу
әрекеттерін яғни білімді меңгерту мен меңгеру,
машық дағдыны қалыптастыру,ізденіске баулу,
шығармашылық пен талапты ұштап, дамытуды қажет еткен
мақсат міндеттер тұрғысынан бірлесе жұмыс істейтін
ынтымақтастық алаңы. Сабақ тек жалаң білім беруге
құралмай, оқушының шынайы қызығуы мен
өз қажеттілігі мен сұранысын қамтамасыз етерлік
шығармашылық ізденіс танымына орай құрылуы қажет.
Күнделікті сабақта ұстаздар арасында кеңінен
тараған бір әдіс – ойын элементтерін қолдану. Бала
белсенділігі ойын үстінде танылады. Жақсы ойынға бала бар
ынтасымен беріліп, алуан мәлімет, дағды мен шеберлікті
меңгереді.
Мектепте қолданылатын дидактикалық ойын түрлері
оқушылардың танымдық ұғымдарын кеңейтіп,
ойлау қабілеттерін арттырып, іскерлік, дағдыларын шыңдай
түседі. Әр баланың тапқырлығын арттырып,
қызығушылығын туғызады, теориялық материалдарды
меңгеруге және оны практикада қолдануға
машықтандыруға себебін тигізеді, әрі оларды сергітеді,
оқуға ынтасын, белсенділігін арттырады. Ойынды педагогикалық
үрдіске енгізе отырып, мұғалім балаларды ойнауға, Л. С.
Макаренконың сөзімен айтқанда, “жақсы ойнауға”
үйретеді. Мұндай ойынға қойылатын талаптар мынадай:
сапа, пән мазмұнының тәрбиелік – танымдық
құндылығы, бейнеленетін түсініктердің
толықтығы мен дұрыстығы, ойы, іс -
әрекетінің орындылығы, белсенділігі, ұйымшылдығы
және шығармашылық сипаты, жеке балалардың, барлық
ойнаушылардың мүдделерін ескере отырып, ойында ережелерге
бағыну және соларды басшылыққа ала білуі,
ойыншықтар мен ойын материалдарын мақсаткершілікпен пайдалану,
балалардың қарым – қатынастарының игі тілектестігі
және көңіл – күйлерінің шаттығы. Осыларды
ескере отырып ұйымдастырылған дидактикалық ойында оқушылар ойын ережесіне
бағынады, әйтпесе жеңілетіндіктерін біледі, осы арқылы
тәртіпті болуға үйренеді. Ал, ұжымда жұмыс істеу
арқылы сыныптағы балалардың қарым – қатынастары
артып, ойын барысында көңіл – күйлері көтеріңкі
болады. Сондықтан, мұғалім ойын тапсырмалары мен
мақсатын ойластыра отырып, қызықты да түсінікті болуын
қадағалауы тиіс. Ойынды басқара жүріп,
мұғалім баланың жеке басының ерекшелігіне, оның
санасына, сезіміне, ерік – жігеріне, мінез – құлқына
ықпал жасайды. С.Рахметова
қазақ тілі сабақтарындағы көркем
шығармалардың оқушыларды тәрбиелеудегі маңызын
жан – жақты талдап көрсетеді және сол мақсатқа
сай дидактикалық ойындарды іріктеуді талап етеді:
1.
Идеялық – саяси, адамгершілік және эстетикалық
тәрбие беру;
2.
Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру;
3.
Балаларды үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен,
еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал
ниетпен еңбек етуге, адамгершілікке, бір – бірін
сыйлаушылыққа, адалдық пен шыншылдыққа, кішіпейіл
болуға тәрбиелеу;
4.
Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты
жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін
өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, теңдесі
жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін,
жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу;
5.
Балалардың алған білімдері мен оқу дағдыларын,
шеберліктерін жетілдіру, тілін онан әрі дамыта түсу;
6.
Халықтардың бостандық, бейбітшілік үшін
жүргізген қаһармандық күрестерімен таныстыра
отырып, Отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар достығы рухында
қалыптастыру;
7.
Саналы тәртіпке, дұрыс мінез – құлық
нормаларына үйрету;
8.
Еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа
тәрбиелеу.
Демек, қазақ тілі сабақтарында дидактикалық
ойындарды оқушыларды жан – жақты тәрбиелеуге негіздеу
қажет. Осыған орай қазақ тілін дидактикалық
ойындар арқылы меңгерту жұмыстарының мынадай мақсаттары
болуы керек:
1.
Оқушыларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу.
Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:
а)
дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім – тәрбие
көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал –
мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет
сөздерін оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен
қолдану;
ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын
түрінде беру арқылы оқушылардың ұлттық
мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын
қалыптастыру;
б)
дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік
сөздерді үйретіп, олардың тіл мәдениетін жетілдіру
керек.
2.
Оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы әлемдік
ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеу. Бұл үшін
әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін, сыннан
өткен тәрбие көздерін қазақ тілін оқыту
барысында тиімді қолдану қажет. Қазақ тілі
сабақтарында діни нақылдар мен өнегелік өсиеттерді
үйрету арқылы оқушыларды адамгершілік
құндылықтарды түсініп, оны келешек өмірінде
дұрыс қолдана білуге дағдыландырылады.
3.
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды
қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілеті, есте
сақтау қабілеті, сөйлеу қабілеті және
қабылдауы, яғни таным процестері дамиды, жетіле түседі.
Жоғарыда аталған мақсаттарды орындау үшін
қазақ тілі сабағында
дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды тәрбиелеу
жұмыстарын төрт жақты жүргізген дұрыс:
Бірінші
бағыт – дидактикалық ойындар арқылы
оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін,
логикалық ойлауын тәрбиелеу;
Екінші
бағыт – оқушыларға ізгілікті тәрбие беру –
оқыту үрдісінде халық педагогикасының мол
мұрағаттарын пайдалана отырып, оқушыларға ізгілік,
адамгершілік қасиеттерін бйына сіңіру;
Үшінші
бағыт – түрлі көркем шығармаларды пайдалана отырып,
оқушыларға эстетикалық тәрбие беру арқылы
олардың жеке тұлғалық қабілеттерін, жат
нәрседен бойын аулақ салуға тәрбиелеу;
Төртінші
бағыт – оқушылардың сөздерді орынды қолдану
дағдыларын жетілдіре отырып, сөйлеу мәдениетіне
тәрбиелеу.
Жоғарыда аталған төрт бағыт өзара бірлікте
жұмсалып, тұтас күйінде дидактикалық ойындар
арқылы оқушыларды тәрбиелеу негіздерін құрайды.
Мектеп оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді.
Сондықтан мұғалім сабақ барысында ойын түрлерін
пайдаланып отырса, оқушылардың сабаққа деген ынтасы
артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен
ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі.
Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу
мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор
ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Өйткені мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты
олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез сергіп,
тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады.
Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа
өткен сайын дидактикалық “деректіден дерексізге, жеңілден
ауырға, жақыннан алысқа” деген принципті негізге ала отырып,
бірте – бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне
қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып
сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін
шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.
Қазақ тілі
сабағында қолданылатын дидактикалық ойындардың
үлгілері
Ойынның аты: “Диалог -
ертегі” Ойынның шарты: Мұғалім не бір оқушы ойдан
шығарып кез келген бір әңгіме немесе ертегіні бастап кетеді.
Ал қалған оқушылар бір – бір сөйлемнен ары қарай
жалғастырады. Мысалы, мұғалім былай бастайды: “Ертеде бір
байдың еркетотай ұлы болыпты...”. Бірінші оқушы: “Сол
ұлы көгалда көбелек қуып жүріп адасып кетіпті...”
– десе, екінші оқушы одан ары жалғастырады: “Қарны
ашып, іші шұрқырап келе жатса,алдынан бір ешкі кезігіпті...”. Міне,
ертегі осылай жалғаса береді. Ең соңғы оқушы
ертегіні ұтқыр шешіммен аяқтауы тиіс. Кімде – кім ертегі
ішіне қызғылықты оқиға кірістіре алса,
соның еңбегі жоғары бағаланады.
Ойынның аты: “Сұрақ
– жауапқа құрылған хат” Ойынның шарты: Алты оқушыға
алты түрлі сұрақ беріледі. Сол сұрақтарға
оқушылар жазбаша түрде жауап береді. Бірақ бұлар кез
келген сұрақтар емес. Белгілі бір қалыпқа түскен
сұрақтар.
Бірінші сұрақ: “Кім? Не?” (яғни
бір оқушы зат есімнен болған кез келген сөзді
қағазға жазады.)
Екінші сұрақ: “Қай жерде?”
(яғни жатыс септігіндегі тұрған кез келген зат есімді екінші
оқушы жазады.)
Үшінші сұрақ: “Не істеді?” (оны
үшінші оқушы жазады)
Төртінші сұрақ: “Ол не айтты?”
(бұл сөйлем төл сөз түрінде берілуі қажет.
Оны төртінші оқушы орындайды.
Бесінші сұрақ: “Адамдар не деді?”
(бұл сөйлем де төл сөз түрінде берілуі шарт. Ол –
бесінші оқушының міндеті.)
Алтыншы сұрақ: “Оқиға
немен тынды?” (бастауышы жоқ бір – ақ сөйлем. Оны алтыншы
оқушы орындайды.)
Бір
қызығы әр оқушы қандай сұрақ
берілгенін білсе де, олардың қандай жауап жазғанын білмеуі
тиіс. Әйтпесе ойын шарты бұзылады. Ойын аяқталғаннан
кейін, мұғалім әр оқушының жауабын біріктіріп, тұтас
мәтін құрайды да, балаларға оқып береді. Сол
кезде әрі қызғылқты, әрі күлкілі шығуы
мүмкін.
Мысалы:
ә) Шегіртке
Мектепте
Доп тепті.
Ол айтты: “Мен кетемін”
Адамдар: “Біз де кетеміз”, -деді.
Шегіртке сылқ – сылқ күлді.
Осы екі
мысалдағы соңғы сөйлемге назар аударыңыздар.
Оқушылар соңғы сұраққа бастауышсыз
сөйлем құрайды: “жарылып өлді” немесе “сылқ –
сылқ күлді” т.с.с. Бастауышын мұғалім мәтін
құрағанда өзі қосып айтады:
“ҚҰмырсқа жарылып өлді” немесе “Шегіртке сылқ –
сылқ күлді”. Әрине, жауап барлық уақытта
ұтқыр шыға бермеуі мүмкін. Дегенмен, бұл -
өте тартымды ойын. Әсіресе сабақ үстінде жүргізсе,
оқушылар сергіп қалады, сабаққа зейіні арта
түседі.
Ойынның аты: “Жалғасын
тап” Ойынның шарты: Тақтаға белгілі мақалдардан екіден
сөздер жазылады. Олардың қалған сөздерін
оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
1.Ұяда ... ... 3. Ата көрген ... ...
Ұшқанда ... ... Ана көрген ... ...
2. Көп ... 4. Істі ... ...
Терең ... Икемді ... ... т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
А. С. Макаренко «Балалардағы
тәрбиелеу туралы лекциялары», Алматы, 1952 ж
2.
Рахметова С. « Қазақ тілін оқыту әдістемесі» ,
Алматы, 2003 ж
3.
Майғаранова Ш. «Мектеп
оқушыларын рухани дамыту мәселелері» Алматы, Рауан,
2002 ж