Филологические науки/8.

Филогия магистрі Билял Б.К., филогия магистрі Келмағанбетова Ш. С.

Қарағанды қ., Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқыту ерекшеліктері

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуда негізгі екі бағытқа басымдық беріліп отыр. Оның бірі – мемлекеттік тілді оқыту болса, екіншісі – іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу. Мемлекеттік тілді оқытудағы кейбір ерекшеліктеріне тоқтала кетсек.

Оқыту технологиясында қазақ тілінен берілетін білім мазмұны да, оқытатын мұғалім қолданатын әдістер де, қосымша дидактикалық және техникалық құралдар да – барлығы бірімен – бірі тығыз байланыста, үйлесіммен қолданылады. Осындай ерекше құрылымдық – жүйелік сипаты бар оқыту технологиясының бірі ретінде жобалау әдісі арқылы оқыту технологиясын қарастырайық. Жобалау әдісі арқылы оқыту жүйесінің туындау төркінін жақын арадағы жылдардан іздеу дұрыс емес. Ғалым Г.К.Селевко, бұл оқыту жүйесінің пайда болғанына жүз шақты жыл болған, оқыту жүйесінің шыққан мекені – Америка Құрама Штаттары. Американдық философ және педагог ғалым Дж.Дьюи мен оның шәкірті В.К.Килпатрик балаларды оқыту барысын сол балалардың ішкі таным қабілеттерін белсендіру арқылы оқыту жүйесінде студенттің өз бетімен жұмыс жасау қабілеті жетіледі, ұштала береді. Оқу – таным әрекетін мақсатқа лайықтап құру арқылы оқушының өмірдегі жеке басы ерекшеліктері мен орындауға берілетін тақырыпқа деген қатынасын көздеген мақсатқа сәйкес тәрбиелеуге болады.

Қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқыту технологиясының басты сипаттарының бірі – тұтастығы мен жүйелілігі айқын болуы керек және сол қасиеттер әрдайым сақталып отырылуы керек. Сол тұтас және жүйелілік қасиеттер жобалау әдісі арқылы оқыту технологиясын құрайтын құрамдас бөлшектері болып табылады. Оларды атап көрсететін болсақ: қазақ тілін студенттерге жобалау әдісі арқылы оқытудың мақсатын айқындау, берілетін білімді оқытушы тарапынан меңгерту, студент тарапынан меңгеруге байланысты екіжақты, өзара гуманистік идеяларды ұстанған «субъект-субъектілік» қарым – қатынас мәселелері. Сондай қазақ тілін студенттерге жобалау әдісі арқылы оқыту барысын ұйымдастыру, қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқытатын оқытушы мен студентке қатысты мәселелер, қазақ тілін студенттерге жобалау әдісі арқылы оқыту – таныту әрекетінің нәтижесін анықтау және талдау мәселелері.

Барлық педагогикалық технологияларға тән болатын маңызды ерекшеліктерді біз жобалау әдісі арқылы оқытатын технологиядан да тани аламыз. Соның негізінде жобалау әдісі арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктерін тану барысы мынадай үш тұрғыдан жүргізіледі:

Қазақ тілін студенттерге жобалау әдісі арқылы оқытуды ғылым таным тұрғысынан тану;

Оқытуды процессуалдық – сипаттау тұрғысынан тану;

Оқытуды процессуалдық - әрекетшілдік тұрғысынан тану.

Осы жолдармен келетін болсақ, қаза тілін студенттерге жобалау әдісі арқылы оқыту технологиясының ғылыми болмысы анықталып, қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының құраушы бөлшегіне айнала алады деп ойлаймыз. Ғылыми таным тұрғысынан келгенде қазақ тілін студенттерге жобалау әдісі арқылы оқыту жүйесінің рационалды қолданысы, сапалы білім берудегі осы жобалу әдісінің алатын тиісті орны, осы оқыту жүйесін басқару жолдары жүзеге асыру механизмдері кең де орнықты түрде анықталады. Сонымен бірге қандай педагогикалық жүйе, педагогикалық технология болса да, белгілі бір философиялық негіздемеге сүйенетіні белгілі. Өйткені сол философиялық қағидалар негізінде ған жалпы әдіснамалық заңдылықтарды тануға болады.

Қазақ тілін студенттерге жобалу әдісі арқылы оқыту жүйесінің философиялық негізін анықтаудың қажеттілігі неде? Философиялық қағидалар қазақ тілін студенттерге жобалау әдісі арқылы оқыту үрдісін реттеуде басшылық етіп, білім берудің әдіснамалық негіздерін жүйелеудің жолын анықтап береді. Әрбір оқыту технологиясының ұстанатын философиялық ұстанымдарының негізінде дидактикалық ұстанымдар, әдістер мен оқыту формалары сияқты маңызды нысандарды танып-талдау мүмкіндігі кеңейеді. Осы айтылғандармен қатар, философиялық негіздемеге сүйену қазақ тілін жобалу әдісі арқылы оқыту жүйесінің тәрбиелік, дүниетанымдық қырын да анықтауда басшылық етеді.

Жобалау әдісі арқылы оқыту технологисында тек қана материалистік немесе идеалистік, болмаса диалектикалық, не метафизикалық, сциенттік не табиғи бейімділік, антропософия не теосафия, прагматизм не экзистенциализм бағытының біреуін ұстанып, сонымен қатып қалу мүлде мүмкін болмайды. Мәселен, жобалай оқытуда қолданатын ойын әдісін алатын болсақ, ойынның өзі бірнеше бағытта болуы мүмкін. Жобалуау әдісі арқылы оқыту жүйесінің тиімділікпен қолданылуы үшін және түпкі нәтижесі сапалы болуы үшін және түпкі нәтижесі сапалы болуы үшін осы оқыту жүйесіне қатысатын барлық құраушы бөлшектерді сипаты мен қызметін тану және бірізді тәртіпке келтіру маңызды болады. Соның өзінде бір ған оқыту технологиясын бірнеше адам қолдануы барысында түрліше нәтижелерге қол жеткізіп жатады. Бірақ, әрбір оқытушының жеке бас шеберлігін қоса есептейтін болсақ, қалай болғанда да, қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқыту жүйесінің белгілі бір орта шамадағы индексі болуы қажет. Яғни, жобалау әдісін қолдануда оқытушылардың жеке бас шеберлігі ескертіледі, бірақ тұтас жобалау әдісі арқылы оқыту жүйесі жеке оқытушылар арқылы анықталмайды.

Жоғары оқу орындарында оқыту үрдісінде жобалау әдісін қолданудың өзіндік ішкі тәртіптері болатыны белгілі. Мысалы, қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқытудағы негізгі бағыт – студенттің өз бетімен білім ізденуі.

Осы жоба бойынша жұмыс барысында студент өз бетімен біраз әдістерді үйреніп, мынадай қабілеттері жетіледі: өз бетімен тақырыпқа байланысты жинаушы, өз ойын дәлелдеуге қажетті әдістер мен тәсілдерді жинаушы; өз ойын дәлелдеуші ретінде жинақталған практикалық материалына байланысты қорғау жүргізуші; алға қойылған проблемалардан шығудың өзіндік жолдарын анықтап, практикалық ұсыныстар беруші.

Студенттердің танымы уақыты мен заманына сай жандандырып отырғанда ғана жақсы нәтиже береді де тұлғаның шығармашылық қабілеттеріне жоғары деңгейіне қол жеткізуге болады. Жаңа технологияны қолданудың негізгі мақсат – студенттердің интеллектуалды мүмкіндіктерін күшейту ғана емес, сонымен қоса, іздемпаздықтың, шығармашылықтың өрістеп қанат жаюына күш салады. Келешек ұрпақтың саналы да, сауатты, білікті де, білімді азамат болып жетілуіне өз үлесін қосады.

Қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқыту технологиясының басты сипаттарының бірі – тұтастығы мен жүйелілігі айқын болуы керек және сол қасиеттер әрдайым сақталып отырылуы керек. Сол тұтас және жүйелілік қасиеттер жобалау әдісі арқылы оқыту технологиясын құрайтын құрамдас бөлшектері болып табылады. Оларды атап көрсететін болсақ: қазақ тілін студенттерге жобалау әдісі арқылы оқытудың мақсатын айқындау, берілетін білімді оқытушы тарапынан меңгерту, студент тарапынан меңгеруге байланысты екіжақты, өзара гуманистік идеяларды ұстанған «субъект-субъектілік» қарым – қатынас мәселелері. Сондай қазақ тілін студенттерге жобалау әдісі арқылы оқыту барысын ұйымдастыру, қазақ тілін жобалау әдісі арқылы оқытатын оқытушы мен студентке қатысты мәселелер, қазақ тілін студенттерге жобалау әдісі арқылы оқыту – таныту әрекетінің нәтижесін анықтау және талдау мәселелері.

Сонымен қорыта келе, мемлекеттік тіл мәселесі - өте маңызды, мемлекеттік мәні бар мәселе. Әрбір жеке адам, әрбір ұжым, әрбір ұжымның басшысы осы іске тікелей ықпал жасап, оның шешілу жолдарын жан-жақты іздесе, көп нәрсе тез арада өзгеріп шыға келер еді. Осы орайда мемлекеттік тілді дамыту, оның қолдану аясын одан әрі кеңейту және мәртебесін көтеру мәселесін барлық жерде кеңінен қолға алып, тікелей ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу қажеттігін тұрақты күн тәртібіне қою керек. Мемлекеттік тілдің қоғамдық аясының кеңеюі бүгінгі күн талабына сай жоғарғы оқу орындарында кредиттік жүйемен оқытатын жаңа типтік бағдарламалар мен оқулықтар жасауды, білікті кадрларды көбейтуді, оқытудың ең озық жүйелері мен технологияларын енгізуді талап етіп отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: «Мұрагер» баспа үйі, 2005. -176 бет.

2.     Самолкина  Н.К. Организационно – обучающие игры в образовании. М. 1996 

3.     «Қазақ тілі мен  әдебиеті» журналы №5, 2008ж.

4.      Селевко  Г.К. «Современные образовательные   технологии» -М., 2008ж.

5.     Научно-методический журнал – «Творческая  педогогика» - №3, 2014г.