Филология
ғылымдарының кандидаты, профессор
Сембиев Қ.З.,
І курс магистранты
Тәжібаева Ә.С.
Қазақстан
Республикасы, Қарағанды қ., Болашақ университеті
Сыңарлары
мағынасыз қос сөздер тарихы
Қосарлама
сөздердің
мағыналық сипаты аса
күрделі. Олардың мағыналарын айқындай үшін,
әрине, оның жеке-жеке
сыңарларының да мағыналық өзгешеліктерін анықтап алу қажет.
Компонентінің не біреуі, не
екеуі де жеке-дара
қолданылмайтын,
мағынасы
түсініксіз
қосарлама
сөздер екі түрлі
болады: бірінші түрі
- бір сыңары ғана түсініксіз сөздер,
екіншісі - екі
сыңары да түсініксіз сөздер.
Б.Зиядаұлы
алдыңғы
сыңары
түсініксіз қосарлы етістіктерге апырып-жапырып,
алап-жалап,
ымқырып-қымқырып,
желеп-жебе,
ұбап-шұбап
деген қос сөздерді мысалға
келтірсе, соңғы сыңары түсініксіз
қосарлы етістіктер деп
асығып-үсік,
аптығып-үптік,
ақсап-тоқса,
алдап-сула, шатып-бұт, жамап-жасқа, жылап-сықта
деген қос сөздерді жатқызады.
Ғалымның
айтуынша, «Мұндағы түсініксіз делініп
отырған жеке сыңарлар қазақ
тілінде жеке – дара қолданылмайтын сөздер. Олардың
кейбіреуі әуелде дербес
қолданылатын сөздер болған да кейін тек
қос сөз
құрамында ғана сақталған. Мысалы:
«сықта» сөзі көне
түркі тілінде дербес
қолданылған,
қазақ тілінде тек
қос сөз
құрамында ғана қолданылады. Енді кейбіреуі алдыңғы не
соңғы сыңардың айтылу
ыңғайына
қарай белгілі ұйқас, ырғақ
негізінде
қалыптасқан болуы
керек» [10, 12-13-б.].
А.Ысқақов
мұндай қос сөздердің түсініксіз болып немесе мағынасы жоқ
сияқтанып
көрінген
сыңарларын мынадай екі
түрлі жолман пайда
болған дейді:
1. Әуелі баста дербес
мағынасы бар белгілі
бір сөз екі рет
қайталанып, бірте-бірте оның
я бірінші, я
екінші компоненті бастапқы өз мағынасын
біржолата жоғалтумен (делексикаланумен) бірге дыбыстық жағынан да тиісиі өзгеріске ұшыраудың
нәтижесінде
өзіне тән дербестігінен айрылып, тек өзгермейтін компонентке
қосақтасып
жұмсалатын
қосалқы я қосақтама мүше
ретінде ғана қалыптасқан.
2. Әуелі баста дербес
мағыналары бар басқа-басқа екі
түрлі сөз ұдайы
қосарланып
жұмсала-жұмсала
жүріп, бірте-бірте бірде бір
сыңары, бірде екеуі
де бірдей өз
мағынасын я біржолата,
я жартылай жоғалтып (делексикаланып),
бастапқы өз дербестігінен айрылып, не тек мағыналы компонентке, не
бір-біріне қосарланатын қосалқы сыңар
ретінде ғана жұмсалатын болып қалыптасқан
[6, 121-122-б.].
Біз өзіміз жинаған деректегі қос сөздерді сыңарларының
мағынасы
түсініксіз қос сөздер және екі сыңары да мағынасыз қос
сөздер деп екіге
бөліп
қарастырдық.
1. Бір сыңарының
мағынасы түсініксіз
қосарлама қос сөздерге мысал: Айғай-сүрең салып
қуғыншылар да келіп
қалды. (Ғ.Мүс.).
Текке шіріп далада қалатын тері-терсек,
жүп-жұрқасын
керекке жаратқаным ба?
(Қ.Жұмаділов).
Мысалдардағы айғай-сүрең, тері-терсек, жүн-жұрқа деген қос
сөздердің бір сыңары, мәселен,
сүрең, терсек, жұрқа, ажын сөздері
жеке-дара
қолданылмай,
мағынасы
түсініксіз болып, тек
аталған
сөздермен ғана қосарланып жұмсалады.
2. Екі сыңары да мағынасыз қос
сөздерге мысал:
Қалың жылқы
аттың сауырына соқтығып ұмар-жұмар бірге
келе жатқандай сезіледі
(Ғ.Мүс.).
Қазіргі кезде мағынасы жоқ
сыңарлар ерте замандарда
өзіне тән мағынасы бар дербес сөздер болғандығы
шексіз. Мысалы, ем-дом
дегендегі дом сөзі
біршама түркі тілдерінде (мысалы
хакастарда) дәрі деген
мәнде дербес сөз
ретінде кездеседі. Сонымен, қос сөздер мағыналық та, формалық та, грамматикалық та ерекшеліктері мол өз алдына
категория екенін, бұл
категорияның
өзін тән шығу
төркіні, даму, қалыптасу заңдары бар екенін
көреміз.
Жинақы мағына беретін
мәндес қос сөздердің бір
сыңары әдеби тілімізде
дербес лексикалық мағынада жұмсалғанымен,
олар түркі тілдерінің бірінде, не монғол тілінде сол мағыналы компонентінің
мәнінде
қолданылады.
Мұндай «сыңар» мәндес қос
сөздердің
лексика қорын байытуда
және
қазақ тілін тарихи
зерттеуде алатын орны
айрықша. Мысалы, жолдас-жора сөзін
алатын болсақ, жора
қазақ тілінде жеке
лексикалық сөз ретінде
(жолдас мағынасында)
қолданыла бермей, тек
жолдас сөзімен тіркесте
ғана қолданылады. Сондай-ақ өзбек тілінде, дәл
осы мағынада
түрікмен тілінде әйел
адамның жолдасы мағынасында айтылады.[16, 46-б.].
Ә.Нұрмағамбетов
«Қос
сөздердің
құпиясы» деген еңбегінде бірен-саран,
қыз-қырқын,
жақын-жаран,
жүдеп-жадау, киім-кешек, жамап-жасқау, азын-аулақ, асығып-үсігіп,
айт-үйт, алдап-арбау, үйлі-баранды, үрім-бұтақ, сәлем-сауқат тағы да басқа
қос
сөздердің
шығу тарихы жайын
қарастырып, өз
ой-пікірін айтқан.
Мысалы, бірен-саран сөзі жайында:
«бірен» сөзінің түбірі «бір» екені белгілі, оған
«ен» жұрнағы қосылған, ал
«саран» сөзінің қайдан келгені, қандай мағына беретіні белгісіз. Біздің байқауымызша,
қазақ тіліндегі «сирек»
сөзінің
мағынасын туваларда «шаоран»,
якут тілінде «сидэх»,
монғолша «сийрен» сөздері береді. Ал бұлардың түбірі - «шаор», «сэд»,
«сийр» сөздері.
Қос сөздердің соңғы буындары
үйлес, үндес келетінін
ескерсек, «бірен» сыңарына сәйкес
келтірудің
нәтижесінде
жоғарыда
көрсетілген түбірлерге «ан»
жұрнағы
қосылып «шаоран» пайда
болған. Осыдан келіп
«бірен-шаоран»
шыққан. Одан «бірен-саран» сөзі пайда болған [17, 14-б.] дейді.
«Қазақ тілінің
қысқаша
этимологиялық сөздігінде» І.Кеңесбаев: «Бұл
тіркестегі сөздер қырғыз тілінде өзара ұйқасып, бірін-серін түрінде
келеді. Екінші компонентінің түбірі - сара (жеке, дара, өз алдына).
Бұндағы -ен/н көне
түркі тіліндегі
көмектес
септіктің
жалғауы: - ын/ін, -ан/ен,
-ун/үн» [18, 47-б.] деп пікір
айтады. Бірен-саран ұры-қары, баскесері
болмаса, қалың ел
ерген жоқ.
(Ғ.Мүс). Сонымен,
бұл қос сөз
сирек, бір-екеу деген
мағынаны білдіреді. Тілімізде
саралау деген сөз
бар. Ол сұрыптау, іріктеу деген мағынаны білдіреді. Біздің
ойымызша, тіліміздегі саралау
сөзі «сара» сыңарымен түбірлес
тәрізді. Ал қос
сөздердің
соңғы
буындарының
үйлесіп
тұратындығын
жоғарыда айтқан болатынбыз.
Қыз-қырқын сөзі
жайында: «Чуваш тілінде
«хир» сөзі біздің қолданудағы
«қыз» мағынасын меншіктенеді. Әдетте,
түркі тілдерінде «з»
мен «р» дыбыстарының орын алмасулары жиі
кездеседі. Осыдан келіп
біздің тіліміздегі «қыз»
сөзі
шыққан. Ал қос
сөздің екінші сыңарында чуваш тіліндегі «хир» сол
қалпын сақтаумен бірге, оған
«қын»
жұрнағы
қосылып,
«қыз-қырқын»
тіркесінің тууына себепкер
болған. Мұнда «қыз»
сөзі де «қырқын» сөзі
де қыз мағынасын иемденген» [17, 51-б.] десе,
Ә.Төлеуов «Слово
қырқын в
древности означало «рабыня»,
«невольница», как об
этом можно судить
по словарю Махмуда
Кашкарского». Олай болса, қырқын - күң, кіріптар әйел мағынасында [18, 46-б.] дейді.
М.Қашқари
сөздігінде айтылғандай «Қыз-күң»,
«қыз-қырқын-күңдер» деп
берілген [19, 77-б.]. Біздің ойымызша,
екі ғалымның да
айтқан пікірлері дұрыс, шындыққа
жанасады. Қалай десек те
«қыз-қырқын»
қос сөзі қыз-қыз көп
деген мағынаны білдіреді.
Мысалы: Онда да лық
толы қыз-қырқын, жігіт-желең. (Қ.Жұм.).
Бүгінгі күн
осындай ғып, дақпыртын көрген кәрі-құртаң, жігіт-желең, қыз-қырқын, қатын-бала, әрине,
бұл уақиғаны оңайлықпен ұмытпайды. (М.Ә.).
Жақын- жаран. Мысалы:
Күдері де осынау
аға-жеңге, жақын-жаранмен қоштасар қимас
сәтте томағасын алған
бүркіттей дүр сілкініп,
шын шабыт үстінде тұр еді. (Қ.Жұм.).
Ә.Нұрмағамбетовтің пікірінше «жаран» сөзінің түпкі
төркіні парсы тіліндегі
«йар» «дос» деген
мағынаны білдіреді. Ал
«йар» сөзінің көпше
түрі парсы тілінде
«йаран» болып келеді.
Осыған қарағанда
«жақын-жаран»
қос сөзі «жақын-дос» деген
мағынаға
жақындайды [17, 32-б.]. Сонымен бірге тілімізде жат-жаран деген
қос сөз бар.
Мысалы: Жат-жарандар кетіп, енді
тек өз шаруасындағы адамдар ғана қалған соң, бұйрықтарын қысқа-қысқа, ашық-ашық берді. (Ғ.Мүс.).
Ғалым
А.Ысқақов
айтқандай,
қосарлама қос сөздердің қайшы мәндес
(антоним) сыңарлардан да
жасалатынын ескерсек, Ә.Нұрмағанбетовтің жорамалы
дұрыс сияқты.
Бөлек-салақ. «Қазақ тілінің
түсіндірме
сөздігінде»:
«Бөлек-салақ -
бөлек жүрген, басы
артық» деп берілген [20, 75-б.].
Ә.Нұрмағанбетов
аталған қос сөз
жайында: «Біздің байқауымызша, біздегі
«бөлек, жеке, дара,
бөліну» сияқты сөздер моңғол
және
қалмақ
тілдерінде «салах» (монғол тілінде), «салх» (қалмақ тілінде) түрінде айтылады.
Біздің тіліміздегі қос
сөз
құрамында
кездесуіне қарағанда «салах»
сөзі ертеректе қазақтарда болғанға ұқсайды» [17, 22-б.].
Келін-кепшік. «қазақ тілінің
түсіндірме сөздігінде»: жас
әйелдер, келіншектер деп
түсіндіріледі.
Бибі бұл
сапарға көптен
бері дайындалып, ата-енесіне
апаратын сыйлықтарын, келін-кепшік, бала-шағаға үлестіретін тәтті дәмді
базарлығын алдын ала
әзірлеп
қойған-ды. (Қ.Жұм.).
Ақ шаршы,
кестелі кимешектерін әсем
ғып салған күлкіші келін-кепшіктер
де көп. (М.Ә.).
Бұл қос сөздің бірінші сыңары түсінікті болғанмен,
этимолониясына үіліп көрсек, көне
түркі тілінде «келін»
сөзі «кел» деген
етістіктен
шыққан. «Кел» -
бір-біріне қосылу деген
мағынада. Сонда «келін»
- үйге бір
адам қосылды деген
мағына береді. Мұндағы -ін -
етістіктен зат есім тудыратын
жұрнақ.
Ал қос сөздің құрамындағы
«кепшік» сыңары «кел»
етістігінің «кеп» болып
өзгерген түрі деп жорамалдайдыз. –шік - кішірейту мағынасын тудыратын
жұрнақ. Мысалы: үйшік, інішек.
Бұл сөздің екінші
сыңары кедей-кепшік қос
сөз
құрамында да келеді.
Бұл екі қос сөз
де менсінбеу, қомсыну
мағыналарын білдіріп тұр.
Әуел баста келін-кепшік, содан кейін кедей-кепшік пайда болса керек.
Дау-шар. Р.Сыздықова «Сөздер
сөйлейді» деген еңбегінде дау-шар қос сөзі
жайында: Шар сөзі
ертеде «дау, жанжал»
мағынасында
қолданылған. Мысалы,
«Қобыландыда»:
Шарға салып басыңды
Бола көрме сен құмар.
Дау-шар қос сөзінен өзге,
бұрын біреудің басын
шарға салу, ісін
шарға жіберу деген
тұрақты
тіркестер болған [21, 121-.б.] деген.
Ал «қазақ
тілінің түсіндірме сөздігінде»: Шар. 1.Өз
диаметрінің айналасында айналудан
пайда болған геометриялық дене, доп-домалақ
нәрсе. 2. Тарихи.
Октябрь революциясынан бұрынғы қазақ өмірінде дауыс бергенде
салатын домалақ тас деген
мағыналарын келтіреді [20,
341-б.].
Бір-біріне тәуелділігі синтаксистік байланыс негізінде құрылған, оның
тәуелді сыңары (көбіне бірінші бөлігі) тіркестегі
негізгі
сыңардың
мағынасын ерекше анықтап немесе
әсірелеп күшейте аларлықтай дәрежедегі,
мағына жағынан жақын
немесе
айқындауыш-анықтауыш
қатынастағы синоним
сөздердің кез келген
тіркестерін плеоназм деп
санауға болады. Мысалы:
зәулім биік, кәрі
шал [22, 87-б.].
Тілімізде екі мәндес сөз
қатар келіп, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын
күшейтеді.
Мұндай сөз қолданысын тіл білімінде
плеоназм немесе плеонастикалық сөз
тіркесі деп атайды [23, 116-б.]. Дүниенің дау-шарынан, үскірік-ызғарынан құға беріс, жалғыз жылы ұясы бар
еді. (Қ.Жұм.).
«Қазақ
грамматикасының»
авторлары былай дейді:
«Дау-шар - қосарлы зат
есіміндегі шар сөзі түсініксіз. Көне
ұйғыр тілінде сар/шар
сөзі - жауыздық бәле деген мағынаны білдірген. Араб тілінде
шар сөзі -
бәле, жала мәнінде жұмсалады» [1, 334-б.].
Дау-шар - қос сөз, тек
осы тұлғада
ғана шар сөзімен тіркеседі.
Мұндағы дау сөзі түсінікті -
даула, даулы, даусыз
болып түбірі түрленіп жатса, шар
сөзі түсініксіз.
Ескі ұйғыр жазуында
жауыздық, бәле деген
мағына беретін шар
сөзі бар. Мұны
С.Е.Малов арабтың осы
мағынада қолданылатын
Шарр сөзімен бір деп
қарайды. Сонда дау-шар
- бәле, жала
мәнінде жұмсалады.
[15, 47-б.].
Жүдеп-жадау. Ә.Нұрмағанбетов бұл
сөз турасында былай дейді:
Қырғыз тілінде «жада»
сөзінің
мағынасы әлсіз, шаршаған, хакасша - «чадап»
әрең,
зорға,
монғолдарда «ядан» - әзер, зорға, манжур тілінде
«шада» - шаршау,
қалжырау,
әлсіздену деген мағыналарды білдіреді. Осы
деректерге
қарасақ,
«жүдеу» мен «жадау»
арасында мәні жағынан айырмасы барын ажырату
қиын емес.
Жүдеудің
дәл мағынасы -
еті жұқарып, арықтау болса, ал
жадаудың мағынасы -
жүдеу
сөзінің
нәтижесінен
туған - шаршау,
әлсіреу, зорға қозғалу мағынасын білдіреді. Егер
ойымыз орынды болса,
жүдеп-жадау дегеніміз жүдеп-шаршау болып
шығады [17, 38-б.].
Тарихи шығу төркінін, қалыптасу
заңдарын
топшылағанда,
қос сөздер
мынадай үш түрлі
жолмен дами-дами келіп,
үлкен бір арнаға сайған:
1. Қайталама қос сөздер айтылатын
ойға әр қилы экспрессиялық, эмоциялық және басқа
қосымша (мысалы, ұлғайту, бәсеңдету, жинақтау, топтау т.б.) мән
беру мақсатымен әуелде (тым ерте замандарда) белгілі
бір сөзді екі рет
қайталап қолдану машығынан пайда болған. Ал
сөздің
ықшамдала келіп, бір
буын түрінде қайталануы, сондай-ақ,
сөздің я дауысты дыбысыгның (жарқ-жұрқ,
жалба-жұлба), я дауыссыз дыбысының алмасып
(ұйпа-тұйпа,
үй-мүй,
шай-пай) қайталануы кейінгі
замандарда қалыптасқан формалар.
2. Қосарлама қос
сөздер мынадай екі
түрлі жолмен дамып,
қалыптасқан тәрізді:
а) Қосарлама қос
сөздердің бір
алуаны белгілі бір
төл сөзге бір
рудың я тайпаның тіліндегі пара-пар я мәндес сөзді немесе көршілес, айлас-күйлес
отырған я
бұрынғы-соңды
белгілі қарым-қатынаста болған басқа
халықтардың (олардың
шығу төркіндері бір я
басқа шарт емес) тілдеріндегі балама
сөзді жарыстыра, қосарлап қолдану
машығынан туып қалыптасқан. Бірақ
бұлардың ішінен кейбіреулерінің жеке,
я екі компоненті әуелгі өз
мағынасын не
солғындатып, не біржолата
оны жоғалтып, тек
қосарлама
сөздің
құрамында
ғана
қолданылатын көне формаға айналған.
ә)
Қосарлама қос сөздердің бір
алуан сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің, айқындауыш мүшелердің
логикалық,
формалық,
интонациялық
райға қарай, бірте-бірте
орын жағынан да
өзара орайласып, бір-бірімен
үнемі жұпталып айтылып,
жұпталып
қолданылуына
сәйкес, бірде күрделі, бір бүтін, тұрақты сөз ретінде жұмсалу
машығынан
қалыптасқан.
Жалпы екінші сыңары басқа туыс тілдерде
кездесетін қос
сөздер синонимдік сипатта
болады. Мысалы: бала-шаға, қырмызы қызыл
(плеоназм). Қос
сөздердің
морфологиялық
тұлғалануы бірдей немесе
ұқсас болып келеді. Қос сөздер
түркі тілдерінің тайпалық, халықтық
болуына дейінгі кезеңнің қалдығы секілді.
Оған дәлел: қазіргі қазақ
тілінде бір сыңары немесе екі сыңары да түсініксіз қос
сөздердің кездесуі.
Осының бәрінен шығатын қорытынды,
негізінен, қос
сөздердің тағы
бір құндылығы бір,
не екі сыңарының
(қазір біз
мағынасыз деп атап
жүрген) басқа түркі
тілдерінде мағыналы болуы
түркі тілдеріні бір
ата тілден пайда болғандығын дәлелдейді. Сондай-ақ, бұл
сөздер түркі тайпалары
бөлінбей, ыдырамай тұрған кезеңнен
қалған.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1.Зиядаұлы Б. Қазіргі қазақ тіліндегі қосарлы
етістіктер. Ф.ғ.канд...авторефераты. –Алматы, 1995. 12-13 б.
2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология.
– Алматы: Ана тілі, 1991. – 121-122 б.
3.Төлеуов Ә.
Қазақ тіліндегі
есімдердің жасалуы. –
Алматы: Мектеп, 1973. – 46 б.
4. Қашқари М. Түркі тілдерінің сөздігі. Алматы 32 б.
5.Нұрмағанбетов Ә.
Қос сөздердің
құпиясы // Жалын. 1991.
6. Қазақ грамматикасы. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 1-том. – Алматы, 1986.
7. Сыздықова
Р. Сөздер сөйлейді. –
Алматы Мектеп, 1980.22 б.
8. Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі. 1-том. – Алматы, 1986.75 б.
9. Әжібекова Г. Плеоназмдарды
мағынасына қарай топтастыру //Қазақ тілі тарихи
лексикологиясының мәселелер. – Алматы: Ғылым, 1988. – 87б.
10.
Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.-334 б.
11.Нұрмағанбетов Ә.
Қос сөздердің
құпиясы // Жалын. 1991.-32 б