Еліміздегі тілдік жағдаят, тіл
заңнамаларын жетілдіру мәселесі
Ранатова
Ақмарал Ранатқызы
Қ.Жұбанов
атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Ғылыми
жетекші: филол. ғ.к., доцент
Мұхтаров
С.С.
Мемлекеттік тіл туралы заңның жүзеге
асырылуы барысындағы пікірталас, ой-тұжырымдардың ғылым
маңызы жөнінде шешімін таппаған мәселелер де аз емес. Айталық, қазір ономастикада
елдің, қалалардың, жер-су атауларын әртүрлі атап
жатырмыз. Мысалы, соңғы кезге дейін қазақтың
тарихи қаласы Қызылжардың атауын қайтару мәселесі
үлкен әңгімеге айналып жатыр. Бұл тарихи
тұрғыдан ешқандай дау туғызбайтын мәселе.
Елдің, жердің тарихи атауы қайтадан қалпына келуі
керек.Біз бүгінде Германия – Алмания, Әзірбайжан -
Әзербайжан, Грузия – Гүрзістан – Гүржістан деп мемлекеттер
мен ұлттардың атауын сан құбылтып қолданып
жүрміз. Бұл тілдік норманы сақтау тұрғысынан
дұрыс емес. Өйткені, мектеп оқушысынан бастап түрлі
саладағы кәсіби мамандарымыз осылардың қайсысын
қолданған дұрыс екенін білуі керек. Сондықтан Ахмет
Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты осындай атаулардың
қазақша-орысша-ағылшынша сөздігін жасауды
қолға алып отыр.
Еліміздің
барлық аймақтарында халық талқысына түсіп, сан
түрлі пікірлердің туындауына түрткі болған «Тілдерді
қолдану мен дамытудың 2011-2020 арналған Мемлекеттік
бағдарламасын» сараптап, сүзгіден өткізу кезегі Елорда
тұрғындарына да келіп жетті. Қазақ тілі мемлекеттік тіл
ретінде өмір сүретін, қызмет ететін әлемде бір
ғана ел бар, ол – Қазақстан. Ал
Қазақстанның мемлекеттік тіл саясатының дұрыс жүргізілуі
бұл елдігіміздің, ұлттық дамуымыздың,
болашағымыздың аса маңызды мәселесі. Сондықтан
еліміздегі тіл саясатын жүргізудің мына төмендегідей басты
мәселелері мемлекеттік тіл қызметін қамтамасыз етудің
лингвистикалық, әлеуметтік лингвистикалық негіздерін
құрайды деп санаймыз:Тілдік жағдаят. Елдегі тілдік
жағдаят мұқият зерделеніп, оның типі нақты
анықталуы керек. Мемлекеттің тілдік заңнамасы да
қоғам дамыған сайын қайта сарапталып, уақыт
талабына сәйкестендіріліп отыруы керек. Тілдік заңнама мемлекеттің
алдағы (перспективті) уақытта жүргізетін тіл саясатына
сәйкес жетілдіріліп, қажеттілігіне қарай толықтырылуы
тиіс. Мысалы, Конститутцияға өзгеріс енгізу немесе енгізбеу,
мемлекеттік тіл туралы арнайы заңның қабылдану
қажеттілігі немесе қажетсіздігі жөнінде көтеріліп
жүрген мәселелер қазақстандық өмір
шындығына сәйкес шешімін тапқанда ғана
өміршең, мемлекеттік тілдің дамуын қамтамасыз ете
алатын тілдік заңнаманың негізі жасалады;Тілдік жоспарлау.
Бұл мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың ресми белгіленген
Мемлекеттік бағдарламасы, іс-шаралар жоспары және оларды іске
асырудың тетіктері.Қазақстанның тілдік
жағдаятының типі нақтыланып, соған сәйкес тілдік
заңнамамыз жетілдірілсе, осыларға негізделген тілдік жоспарлау
жасалса, заңнама мен жоспардың орындалуын мемлекеттің
(заңнамалық, атқарушы, сот билігі) қадағалауы,
қамтамасыз етуі ғана қалады. Тіл саясатын
кезең-кезеңмен жүзеге асыруда мемлекет өз міндетін
ойдағыдай атқарса, мемлекеттік тілдің қоғам
өмірінің барлық салаларындағы қолданысы
кеңіп, тілдің мәртебесіне лайық қызмет
ететіндігіне еш күмән келтірмеуге болады.
Қазақстан жағдайында бір ғана
мемлекеттік тіл бар, ол қазақ тілі. Сондықтан, қазіргі жағдайды ескеріп, Қазақстан
Республикасындағы Тіл туралы заңына, тиісті өзгерістер жасау
қажеттілігі туындап отыр. кезеңінде еліміздің бірқатар
нәтижелерге қол жеткізілгенін сөзіне арқау етті.
Сөз орайы келгенде Тіл комитетінің төрағасы тіл
төңірегінде күрмеуі көп мәселелер әлі де
болса бар екендігін нақтылады.Бауыржан Жұмаханұлы жаңа
бағдарламаның жаңалықтарына, тіл игерудің алты
деңгейлі жүйесі еуропалық тәжірибеге негізделгеніне
егжей-тегжейлі тоқталды. Бағдарлама талаптарына сай облыс
орталықтарындағы көшелерді атау мәселесі Мемлекеттік
ономастикалық комиссияның шешімімен іске асырылады. Терминдер
төңірегіндегі олқылықтар да бірізге түсірілді.
Мемлекеттік бағдарламаның «Дамыған тіл мәдениеті –
зиялы ұлттың күш-қуаты» деп аталатын бір тармағы
терминология мен ономастика саласындағы жұмыстарды
жақсартуды, қазақ тілінің лексикалық қорын
одан әрі жетілдіруді көздейді. Осы аталған
мәселелердің басында сөзсіз қос палаталы
Қазақстан Парламенті тұруы табиғи жағдай.
Комитет, Палата отырыстарында заңдар жобасы мемлекеттік тілде
талқыланып, қабылдануы тәжірибеге ене бастаса деген
қоғамда тілек бар.Қазіргі кездегі заң жобалары орыс
тілінде дайындалып, қазақ тіліне аударылуда. Осы
тәжірибенің нәтижесінде әкімшілік жүйе тек
аудармаға икемделген. Бұл мәселені шешу үшін
жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілде заң дайындай алатын
мамандар даярлау қажеттілігі бар. Заңдарды қазақ тіліне
аудару бүгінгі орын алған тәжірибе болғанымен, ілгері
уақытта талапқа жауап бере алмақ емес. Мемлекеттік
құжаттың түпнұсқасы мемлекет тілінде болуы
табиғи мәселе.Әр нәрсенің өлшемі бар.
Егемен елдің рухани өлшемі — әрине, оның тілі. Тіл —
адам болмысының сыртқа шығатын мәдени көрінісі.
Тіл — адамды адам етіп тұрған қуат. Тіл саясаттан биік. Тіл —
өркениет құбылысы. Халқымыз «өнер алды — қызыл
тіл» деп тегін айтпаған.Бұл тіл атаулыға тән
түсінік. Ал, сөзді қазақ тіліне қарата
айтсақ, әңгіме қазақ тілінің субстанциясы
(негізі) туралы болмақ. Әрбір тілдің өзіне тән
мазмұны бар, ол халықтың діліне, яғни, менталитетіне
қатысты. Елімізге келіп-кетіп жатқан шетелдік меймандар, туристер
Қазақ елінің территориясының кеңдігіне,
халық санының аздығына таң қалысады.
Олардың «қалайша соншама жерге иелік етіп отырсыздар?» деген
сұрағы айтпаса да түсінікті. Оның сыры, меніңше,
халқымыздың қауым болып өмір сүруінің
мынандай үш арнасына қатысты ма деймін:1. Алысты жақындату
саясаты. Бұл, негізінен, құдаласу рәсімі арқылы
туысу, араласу. Солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа
және керісінше көшіп-қонып тұрмыс кешу, сөйтіп,
рухани қарым-қатынасты жиілету, оны қазақ
«құда — мың жылдық» деген түйінді сөзбен
білдірген.2. «Қарға тамырлы қазақ» деп атадан
балаға үзбей жүргізілген насихат. Қарға —
ұзақ жасайтын құс, әрбір қазақ
өзінің туысқандығын тереңнен бастаған,
сондықтан, бір-бірін туыс-жекжат санаған. Бұл да — рухани
тұтастықты, тіл тазалығын сақтауға
жүргізілген насихат.3. Әр қазақтың әр
қазақ үйінде енші-сыбағасы бар деген ұғым,
ол туыстықты, бір-біріне деген қамқорлықты білдірген.
Соның нәтижесінде «қазақтың досы –
қазақ» деген замандар өзгерсе де, өзгермес
қағида қалыптасқан.Осы үш принцип жүзеге
асқандықтан, халық тұтастығы, тіл
тұтастығы бір ұғымға айналған.
Сондықтан, қазақ тілі барлық замандарда ел
бірлігінің рухани қуаты болып келген. Осы тұста
теориялық бір мәселенің басын ашып алған жөн. Ол
— қазақ тілінің Кеңес Одағы кезінде тек бір
ғана ұлт тілі болып келгені туралы мәселе. 1991 жылдан ел
егеменді атанған соң, қазақ тілі ұлт тілінен ел
тіліне айнала бастады.Біздің бес басым бағыт. Ана тіліміздің
қоғамның барлық салаларында өз мәртебесіне
лайық орын алуы – мемлекеттік мәні бар өте маңызды
мәселе. «Бүгінде қазақ тілі Қазақстан
халқын бір мақсатқа топтастыратын, ұлттық
жаңғыруымызға серпіліс туғызатын айырықша
күшке ие болды» - деп Елбасымыз айтқандай, достықтың
киелі бесігіне айналып, талай ұлтты бауырына басқан Ертіс-Баян
өңірінде өзге ұлт өкілдерінің
қазақ тіліне деген қызығушылығының артуына
байланысты, әкімдік тарапынан жүйелі түрде тиісті шаралар ұйымдастырылып,
қолдау көрсетілуде. Соның нәтижесінде аймағымызда
1000-ға жуық мектеп жасына дейінгі балалар қазақ
тілінде тәрбие беретін балабақшаларда, 500-ге жуық өзге
ұлт өкілдерінің балалары қазақ мектептерінде,
100-ден астам қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт
студенттері жоғары оқу орындарында білім алуда.Жалпы облыс бойынша
2009 жылы 12832 әртүрлі санаттағы азамат мемлекеттік тілді
оқып үйренді. Бұл қазақ тіліне деген
сұраныстың артқандығының белгісі.
Үшіншіден, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау және оны іске асыру
мақсатында түрлі мәдени-бұқаралық шаралар
ұйымдастырылуда. Өзге ұлт жастарының қатысуымен
мемлекеттік тілді үйренуді жарнамалайтын бейнероликтер дайындалып,
облыстық телеарналардан көрсетілуде. Сондай-ақ, осындай
жастардың бастамасымен «Ортақ тіл», «Тілдес» бағдарламалары
жарыққа шығуда. Сонымен қатар, ғаламторда
мемлекеттік тілдегі «Достық кеңістігі», Халықаралық
«Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының
«Ертіс дидары» және Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығы облыстық филиалының «Қайран Елім»
сайттары жұмыс істеуде.«Қазақстанның болашағы –
қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді
сақтау, өз тіліңді құрметтеу отаншылдық
рухты оятуға қызмет етеді, әрі ата-баба алдындағы
ұлы парызымыз» - деп Елбасымыз айтқандай тіліміздің мерейін
көтеріп, асқақтату баршамыздың басты міндетіміз болып
есептеледі.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Қирабаев.С.
Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет.Алматы,2001;(28-31 б)
2.
Мұхамбеджанов О. «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі» атты
ғылыми-практикалық конференция, Астана,2010;(8 – 12 б)
3.
«Мемлекеттік тіл және
оның терминологиясы» атты облыстық ғылыми-практикалық
конференция, Орал,2004.(2-4 б)
4.
Нұрғали
Р.Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры,Астана,2002;(175-203
б)