Қазақ тілі магистрі Бердибаева И.Н.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Көне
жазба ескерткіштердің фонетикалық ерекшеліктері.
Орта ғасыр жазба ескерткіштері-түркі халқының
мәдениеті, әдебиеті, тілінің өткен тарихынан
мәлімет алуға мол мүмкіндік беретін асыл мұрасы.
Тілдің уақыт өткен сайын дамуы тамырының
тереңдігімен де өлшенеді. Қазіргі түркі тілдерімен
тамырластығын жоғалтпаған тарихи маңызы зор жазба
ескерткіштерді зерттеп, басқа тілдермен туыстық дәрежесін
анықтау-бүгінгі ұрпақтың еншісі. Замандар бойы
сақталып, бұгінгі күні халқымыздың асыл
қазынасына айналған мұраларды халқымызға жеткізу
мақсатында қыруар еңбектер атқарылды. Көне
түркі тілінің мұралары жинап, бастырылып, транскрипциялары,
аудармалары беріліп, сөздіктері қазіргі қазақ тілінде
де жарық көрді. Бұл ескерткіштердің тілі жөнінде
көптеген ғылыми еңбектер, мақалалар, оқу
құралдары жазылып, түркологияда қанашама
дүниелердің беті ашылды, ең бастысы тарихи
тұрғыдан зерттеудің негізгі бағыттарына
айқындалды.
Көне
түркі ескерткіштерінің фонетикалық ерекшелігін
айтқанда, мына мәселелердің басты негіздерін шешіп алу керек:
қолтума ма?, өзге жұрттық па?, дыбыстық
жүйе бар ма?, қандай тілдік өзгеріске ұшыраған?
Тарихтың
ең көне, бағзы кезеңдеріне үңілсек,
Әліпби 1) заттық, 2) суреттік, 3) идеографиялық, 4)
буындық, 5) әріптік таңбаларды пайдалана отырып жазу негізі
дамып, жаңарып отырған.
Т.Байер - ескі келт,
Г.Спаский - қалмақ не монғол, Ю.Клапорт - грек, Ж.Аспелин -
ерин, Г.Кнефонтов - якут жазулары деп таныса, В.Томсон - түркі халықтарының
төл жазуы деп таныған. Сонымен қатар, В.Томсон ең
алдымен кейбір таңбалардың басқа екінші таңбалармен
қатар келетін- келмейтініне ерекше назар аударды. Дауысты
дыбыстардың жуан-жіңішке айтылатынына, ескі жүйе бір
екендігіне көңіл бөлді. Жазу солдан оңға
қарай емес оңнан солға қарай оқылу керектігін аса
назарда ұстады. Ескерткіштердің таңбаларын салыстырып, 38
таңба бар екендігін айтады. Түркі сөздерімен сәйкес
келетіндігін анықтап, қолтума өзге жұрттың емес
түркінің төл жазуы екенін анықтайды. Шығу
тегі-басқа көне алфавиттердің шығу тарихымен тамырлас
біздің заманымызға дейінгі жылдық тағы
идеографиялық не әріптік жазу, ұқсастықтар
арғы тегіндегі бастауы бір екендігін көрсетеді. Көне
түркі әліпбиі осындай даму кезеңдерінен өтіп, 231
жылдан бері аса құпия (руна) болып келген.
Ғасырымыздың
бас кезінен бүгінгі күнге дейін Жетісу жерінен
руникалық, көне
ұйғыр, соғды, сирия,
араб, тибет, қалмақ,
грек жазулары табылып отыр.
Көне
қазақ тілі-қазіргі қазақ тілі қалыптасып
жетілгенге дейін Қазақстан аймағы мен оған шектес
өлкелерде мекендеген түркі тайпаларының, оның ішінде
қазіргі қазақ халқының құрамына
кіретін рулар мен тайпалардың ескі кезеңі. Олар 5-10 ғасыр 15
ғасырда өмір сүрген бұлғар, қыпшақ,
оғыз, парлұқ. Ол кезде р, д-с,зй
(азақ-азаң-айтаң), н/ң й
(қан-қоң-қой), қ/ғ болған.
Тарихта фонетика
сөйлеу тілінің дыбысын, дыбыстың заңдылығын
қарастырмайды, ол тек тілдік дыбыс жайлы ұғымды негізге
алады.
Қазақ
тарихының дыбыстық, фонологиялық жүйесінің даму
өзгерісін анықтап білуде
көне түркі тілінің бізге жеткен нұсқаларын
көреміз. Көне түркі тілінде 8 дауысты дыбыс болған: а,
е, ы, і, о, у, ө, ч. Ашық дауыстылар: а, е; қысаң
дауыстылар: ы, і, у, ү; жартылай ашық дауыстылар: о, у.
Көне
түркі тілінде 16 дауыссыз дыбыс болған: б, п, д, т, к, қ, г,
ғ, й, ч, с, ш, з, м, н, ң, р. К-к, ғ-г дыбыстары
фонемалық қызмет атқарған, қ жуан, ал к
жіңішке дауыстылармен айтылған, сол сияқты ғ-ң
ұяң вариантты да, г к дыбысының ұяң варианты
ретінде ғана қолданылған.
Көне түркі
жазуы консонативтік негізде жасалған. Сондықтан жеке дауыстыларынан
көрі буын санасын дауыссыздар таңбасы арқылы белгілеу, ол
жазуда басым болған.
Көне
түркі тіліндегі сингормонизм де, қазіргі тілдердегі сияқты,
бірінші буынның сапасына негізделеді: ташқа, төкті,
қатығды. Көне түркі тілінде мына тәрізді
дыбыстық өзгерістер бар: қимыл есімнің
соңғы дауыссыз дыбыстары түсіп қалады
(қона-қон, қапығ-қапы). Сөз ортасында,
сөз соңында екі дауыссыздың бір дыбысқа ұласуы
(контракция) бар: ан+ғар аң-ғар . Сөз ортасында жеке
дыбыстың, не дыбыс тіркесінің түсіп қалуы кездеседі.
Қазақ
тілі фонетикалық жүйесінің дамуын Ж.Аралбаев үш
түрлі кезеңге бөліп қарастырады: көне тіркі
кезеңі, орта түркі кезеңі және жаңа түркі
кезеңі.
Көне
түркі кезеңінде түбір сөз бір фонемадан (г), дауысты
және дауыссыз фонемасынан (гс), дауыссыз және дауысты фонемасынан
(сг), дауыссыз-дауысты-дауыссыз (сгс) фонемасынан құрылған.
Сөйтіп бұл кезеңде фонетикалық буын лексика-граматиканың
морфемамен сәйкес болған соған орай үш дауысты фонема
а, ы, у болған. Осы негізде қосарлы түбірлер
(сарт-сұрт) қалыптаса бастайды. Мұндай
түбірлердің қалыптасуы дауыстылардың гармониясы
заңдылықтарының басталуы еді.
Орта ғасырда
дуыстылар негізінде жаңа е, і, ү дауыстылары болып
қолданылды. О, ө дыбыстары да осы кезде пайда болған. Ә
дыбысы шығыс тілдерінің ықпалы нәтижесі болса, и, у
дыбыс қосындылары тіл құрамында болған дыбыс
өзгерістерінің нәтижесі еді.
Кейбір аталған дыбыстардың қалыптасуы бірсыпыра
сөздердің фонеманың дивергенцияға ұшырауына
байланысты болған. Оны қазақ тілдерінде жаз-жай,
бақ-бау, семір-семіз, тіз-тер, сый-сың,
қыз-қырқын т.б. болып келеді.
Қорыты айтқанда, Уақыттың ұлы
көшіндегі түркі халықтары осындай тарихи кезеңдерден
бүгінгі ұрпаққа мол мәлімет берерліктей жазба
ескерткіштер қалдырды. Түркі халықтарының
рухани-мәдени, тарихи өмірінде бұл ғасырларда
өмір сүрген ақыл-ой мен білімнің алып
тұлғалары, көркемсөз зергерлері мен тілші-ғалымдары
түркі тіліндегі көркем әдебиеттің шарықтап,
өсіп-өркендеуіне мол үлес қосты.
Әдебиеттер:
С.Мырзабеков
«Қазақ тілі фонетикасы» - Алматы. Қазақ университеті,
2004ж.
Қ.Жұбанов
«Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» Алматы. Ғылым, 1975ж.
І.Кеңесбаев
«Қазақ тіл білімінің мәселелері» Алматы. Арыс,2008ж.