Сейсекенова
А.Б.
Ф.ғ.к., доцент Астана
қаласының Қазақ экономика, қаржы және
халықаралық сауда университеті
Шәкәрімнің
«Жар» әлемі
Әлемде қазіргі
уақытта кванттық секіріс үдерісі жүріп жатыр. Бұл
үдеріс адамдарда жаңа сапаның болуын талап етеді. Адам сапасы
үшөлшемдік материалдық әлеммен шектелмейтін
көпөлшемді (многомерное измерение) сапа. Ал адам санасының
үшөлшемді материалдық әлем заңымен
ғана өмір сүруі -
барып тұрған азапты өмір. Бұл – «Ә дегенге
мә» деген өмір заңы. Мұнда адам өзі не үшін
өмір сүріп жүргенін түсінбей де қалуы
мүмкін. Міне, сол себептен кванттық үдеріс дегеннің не
екенін түсінуге тырысып көрейік. Адам өмірінде кванттық
үдеріс денесіндегі тәндік өзгерістерден басталып отыр. Сонда
қандай тәндік өзгерістер? Оны біз кейбір адамдардың
жасарып, жасампаздық қуатының артуынан байқасақ,
енді біреулердің бойындағы аурулардың көбеюінен
байқай аламыз. Аурудың пайда болуы адамға жоғарыдан
түскен сигнал деп қарағанымыз дұрыс. Қазір
қатерлі ауруларға шалдыққан көптеген адамдар
осыдан арылудың жолын іздеуді жанын тазарту арқылы шешуге тырысып
жатыр. Жаны тазарып, тәнін рухы билеп өзгерген адам үшін
бұл өмірде шешілмейтін мәселе жоқ. Тәннің
өзгерісі ойдың өзгерісімен тікелей байланысты.
Әлемде кездейсоқ
ештеңе жоқ. Азық-түліктер қымбаттаған
сайын, адамдар аштыққа ұшыраудан қорқады. Ал адам
рухани дамыған сайын оның ағзалары сыртқы ас қоректерін азайта бастайды. Ал адам
тағамды азайтқан сайын оның жасушаларындағы өмірлік
күш тағамсыз-ақ адамға қорек бере алатын
жағдайға жетеді. Бұл өмірлік күшті үнділер
«прана», қытайлар «ци» десе, Шәкәрім шығармаларында
«жар» сөзімен қолданылып жүр. Бұл өмірлік
күш адамға туа біте беріледі. Ал осы өмірлік күшті адам
сонымен бірге күннен,
топырақтан, судан, ауадан толассыз алып отырады. Ғылым тілінде
макро-микроэлементтер деп аталады. Шәкәрім ақын өз
өлеңінде:
Жанымыз
күннен келген нұрдан,
Тәніміз топырақ пен
судан,-
деп талай нәрсенің басын ашып берді [1, 10].
Жалпы, тән әлемін
ата-бабаларымыз иллюзия, яғни, «жалған» әлем деп атады.
Өйткені, бәрімізге белгілі: мән мен құбылыс
сәйкес келе бермейді. Мысалы, планеталардың қозғалысын
біз әдеттегі өмірде «ай туды», «күн шықты» дейміз. Ал
шын мағынасында бұл планеталардың қозғалысы. Ал
«космос» деп әлдебір қол жетпес жоғарыны елестетеміз. Егер
біз айдың үстінен шығып қарасақ, жер бізге космос
болып көрінер еді. Себебі, табиғатта төртбұрыш атаулы
жоқ. Шәкәрім тілімен
айтқанда, біз бұның бәрін «бас көзімен»
көрген соң солай болып көрінеді. Шәкәрім осы
туралы:
Тән
көретін бастағы көз,
Байқамайды
жан сырын.
Көр
де ақылға сал деген сөз,
Көз керек қой
ойлырақ [2, 204 б.].
деп жырлайды. Шын мағынасында көз -
«жанның көзі», құлақ – «ойдың
құлағы»,- дейді ақын.
Шопенгауэрдің:
«Өмір дегеніміз мидағы сезінулер», үнділердің:
әлемді – жалған, яғни, «майя», Платонның: бізді
қоршаған барлық «заттар идеяның көлеңкесі»,
Гераклиттің: «тек қозғалыс бар екені шындық» дегені
мен Шәкәрімнің
әлемді «жардың көлеңкесі» деп жырлауы да осыны
көрсетеді.
Бұл әлем
біздің ішімізде. Әлем бізден тыс емес. Әлем деген – Мен.
Аспан – Мен, қоршаған әлемнің бәрі – Мен (менікі
емес!). Мен жоқ болсам, әлем де жоқ. Ал, менің жоқ болуым
мүмкін емес.
Шәкәрімнің «барлық жерден жарды көретіні»
сондықтан:
Менің
жарым қандай жар?!-
Ай
өлді де, күн қашты.
Мағынасын
байқаңдар,
Сырлы
сөзім сырды ашты [2, 256 б.].
...Жар – уақытсыздық.
Жар – мәңгілікпен тұтасып кету жағдайлары. Жар -
әлемді сезінудің өзіндік метафорасы. Жарды махаббаттың сезім қуатын бастан
кешірмей түсіне алмайсың.
Жарды сезінуге бәлки Дайзетцу Судзукидің мына бір
сөздері көмектесе алар: «Гүлді тану – гүлге айналу,
гүл болу, оған ұқсап гүлдеу, күн
сәулесі мен жаңбырға, гүлге ұқсап
қуану. Егер осылай болса, гүл менімен сырласады, мен оның
барлық құпияларын, қуаныштары мен азаптарын - оны,
өмірімнің тамыр соғысының бәрін білемін. Мен гүлді «тануыммен» бірге
ғарыштың барлық құпияларын, өз
«Менімнің» барлық құпияларын түгел білемін»
дегенін еске түсірсек жеткілікті
[3, 342 б.].
Жарды сезіну
өзімшілдік пен менмендіктен жырақтағанда ғана болатын
cезім. «Бұл - мен емес, шын мені, Жарат, жоғалт өзгені,
Тазарт мына дүниені, Бұл адамнан қалсын тұл» деп
Шәкәрімше Жардан сұрау. Жардың құпиясы іште
оянуы. Ол үшін адам зұлым ақылдан өзін босатуы керек.
Бұл - адамның өзіне дейінгі уақыттан шығып
«өзіне қайту» жағдайы. Бұл - «өзіне» дейінгі
уақыттың бәрін нәпсінің құрсауынан
босату арқылы «Әлемді мен билейін,
Нәпсі болсын маған құл» деп дүниені
игеретін құбылыс.
Ақылды уақыттың тегеуірінен босату шынай
патшалыққа әкеліп, күнәсіз «Нәрестедей жас
болып», қайта туатын кез.
Ақиқатты сөз арқылы тірілтпек үшін «Мас бол жүрек тазала. Қарсы
ұмтыл қазаға»,
жалған өмірден жоғал да, Шын өмірге тіріл!»
дейтұғынды жүрекпен ұғынып, тілмен жеткізе алмайтын
ол бір ләззат.
Шәкәрімнің Шыңғыстың
табиғатын көріп «мас» болуы
мен Басенің шарбақтың астындағы қарапайым
гүлді сезінуі ғажап ұқсастар:
Жалтарып жардан нұрын жасырғаны,
Күн батып, Жер жамылып, қорғаласа.
Жер жүзiне қып-қызыл гүл бiтiрем,
Көзiмнен қанды жасым сорғаласа.
Жарды көрген көзiме шоқынып жүр,
Су бұраңдап, майысып жорғаласа [2, 259 б.] .
Бізді қоршаған
әлемдегі заттар бір орнында тұрмайды, мысалы, ағаш шіриді, сөйтіп, жерді
қоректендіреді. Сол жерден өсімдіктер, гүлдер өсіп
шығады.
Жан мен дененi өзара
ұлы тартылысқа әкелiп тұрған көңiлдi
жүрек, тiлек, махаббат, Шопенгауэр айтқан «ерiктiң әлем ретiндегi көрiнiсi» десек
те, бiржола үгiлiп кетпей ұсталып тұрған тастағы
тартылыс – махаббат; өсiмдiктегi, жан-жануардағы, адамдағы,
өмiрге құштарлық та; бәрi де
жаратқанның жар бейнелi мәңгi арулық уыз
дүниесiнiң жемiсi екенiн Шәкәрiм өлеңмен
былайша өрнектейдi:
Шын асықтың әрбiрi
Өлiп топырақ болды да,
Жаратылыстың
тағдыры
Жаратты менi
орнына.
Бәрiнiң нұры
қосылған
Мол керемет менде бар
Жалғыз жарға
шоқынған
Қайда мендей пенде бар [2, 238 б.]?.
Түрлі денеде түрлі
жандар болады. Осылардың ішінде адам жаны ерекше қабілетке ие. Жан
адамның әр жасушасында өмір сүреді. Сол жанның
арқасында адам ағзасы тірі болады. Ал егер осы жанды дамытса,
яғни, жан тазарса, адам ерекше
қасиеттерге ие болады.
Адам жаны физикалық денені
тастап кеткенде де мәңгі болғаны сияқты, адам
тәнін де мәңгілік ете алады деген пікірлер бас
көтергелі біраз болды. Жан
нұрланғанда, тән де нұрланады. Қазір
краснодардық Зинаида Баранова 2000 – шы жылдан азық-түліксіз,
сусыз өмір сүріп келе жатыр. Австриялық Джасмухин 12 жылдан
бері азық-түліксіз өмір сүріп келеді. Қазір
әлемде 8 мыңнан артық адам осылай өмір сүріп
отыр.
Әрине,
бұлай тамақ ішпей өмір сүру үшін адамның рухани мүмкіндіктері өте жоғары
дайындықта болуы керек. Ресей ғалымы, физика – математика
ғылымдарының докторы, Табиғат және Қоғам
жөніндегі Ғылымдардың халықаралық
Академиясының академигі Е.Н.
Вселенскийдің пікірінше 1-ші расаның адамдары физикалық денесіз
осылай өмір сүрген көрінеді. Біз 5-ші расаның
адамдарымыз. Қазір 6-шы расаның адамдары дүниеге келіп жатыр [4].
Әлем
тұтас. Біз осы заманда өмір сүруіміз үшін қаншама уақытты бастан кешірдік.
Алайда тұтастықты сезіну
арқылы мәңгілікпен сырласуға болады. И.В. Гетенің мәңгілікті
табиғаттың бойындағы Ұлы тыныштықпен
ұласу арқылы сезінгенін
«Шаң шығармас жол – дағы, Сілкіне алмас жапырақ» деп
Абай ақын да дәл жеткізе алған.
Ғылымда қара тесік
туралы тартыс-таластар туғалы біраз болды. Ал қара тесік дегеніміз
кәдімгі адамның асқазаны десек те болады. Кәдімгі
адамның асқазаны - толып
болмайтын қара тесік. Дүниенің бәрін жалмай беретін
қу құлқын, нәпсінің көзі осы
қара тесікте орналасқан.
Осы бір толып болмайтын қара тесіктің арқасында
асқазан ашығады да тұрады. Құдды бір түйені
түгімен жұтатын сияқты. Адам бір осы асқазан үшін
күндіз-түні жұмыс істейді. Ал адамның осы қара
тесікті толтыра алмай бүкіл өмірі кетеді екен. Рабленің
Гаргантюасы, қазақтың Көлтауысары міне, қайда
жатыр? Оларды ертегіден тіпті іздеп керегі жоқ екен. Бүкіл
өмір үш метр ішек-қарында айналып жатыр.
Асқазан
дегеніміз бір жағынан жай бір символдық түсінік десек те
болады. Сараңдық та осы асқазанда орналасқан. Ал шын
мағынасында дүниені иемдену де иллюзия. Бізге ештеңе тиесілі
емес. Бізді дүние билемеу керек. Біз дүниені билесек керек.
Шәкәрім ақын:
Біз
семірттік денені азықпенен,
Байлап
бердік жанды оған қазықпенен.
Ұйқы,
тамақ күйлеген сорлы дене,
Құтылар ма
осындай жазықпенен,-
деп ескертеді [2, 61б.]. Құмарлық пен махаббат» атты
өлеңінде бір рюмкадан басталатын маскүнемдік,
нашақорлықтың
дүниеқұмарлық, көрсеқызарлық
сияқты адамның басқа құмарлықтарынан еш
айырмасы жоқ:
«Ойласаң соның
бәрі бір құмарлық» [2, 61б.].
Адамдар нашақорды,
маскүнемді қоғамдағы ең төмен адамдар
қатарына жатқызады. Ал ақшаға
құмарлықтың дерті нашақор мен маскүнемнен
де қиын екенін түйсіне аламыз ба? Үнді ойшылы Ошо
«Нәпсі – өзімшілдік – тойымсыздық тілегі» атты
еңбегінде біреу тамақтың құлы, біреу
биліктің құлы, біреу ақшаның құлы – бұның
бәрі қауіпті құмарлықтар екенін ескертеді. Тіпті
нашаға құмарлық
ақшаға құмарлықтың қасында
ойыншық екенін түсіну екінің бірінің қолынан келе
бермейді. Осыны түсінудің өзі адамды көптеген
қауіп-қатерден сақтайды.
Барлық істер
адамға деген махаббаттан бастау алуы керек. Өмірдегі жалғыз
дұрыс жол - осы. Шәкәрім мұрасының негізі де –
осыған саяды:
Не қылсаң қыл, адамға махаббат деп,
Мейлің сөк, мейлің үйрет, айла ізденбей [2, 62 б.].
Махаббат дегеніміз
өзін ғана емес, басқаны сүю. Басқаны сүю
дегеніміз - басқаға зиянсыз өмір.
Жалғыздықтың
ең ауыр жағдайы - өлімнен қорқу. Материя иллюзия болғандықтан,
өлім де жоқ. Тән әлемі
нұрдың қаттыға айналған түрі. Мысалы, ұйықтағанда
көретін түсті алайық. Түсімізде біз сезім
мүшелерімізбен қатты денелерді ұстағанымызды сезінеміз,
кейде біреулермен соғысып, кәдімгі ояу кезіміздегідей шындық
өмірде жүреміз. Ояуымыз да негізінен солай деуге болады. Бізді
қоршаған әлем бізден тыс емес, бұл – мидағы
голограммалар. Шәкәрім:
Өмір
деген - ұйқы ғой,
Түс
көргізбей қоя ма?
Қиын-қызық,
әр түрлі ой,
Іс
көргізбей қоя ма?
Түстегіні
шын ғой деп,
Шынды
ұмытқан жарай ма?
Әл
жеткеннің бәрін жеп,
Арды
жұтқан жарай ма?-
деп [2,
193 б.] барлығымызға сауал тастауы да осыған байланысты.
Ең
қызығы кванттық физиканың дамуымен «бүкіл әлем
үшөлшемді голограмма тәріздес» дейтін ғалымдардың
саны жылдан – жылға көбейіп келеді. Олардың пікірінше, шындық
өмір таңқаларлық өте нәзік те,
күрделі фильм тәріздес. Сыртқы әлем «біздің
санамыздан тыс» обьективті тәуелсіз әлем бе, жоқ осының
бәрі бізбен бірге ме?
«Бүкіл
әлем тұтас бір голограмма» деген идеяның негізгі авторлары
- кванттық физика саласының
ірі маманы, Эйнштейннің сүйікті шәкірті, Лондон
университетінің профессоры Дэвид
Бом мен Стэнфорд университетінің нейрофизиология маманы, нейропсихология
бойынша «Мидың тілдері» атты классикалық еңбектің
авторы - Карл Прибрам [5].
Атомдық
физиканың тағы бір керемет жаңалығы – егер атомды
ұсақтап бөле берсек, ол жоққа айналады,
сөйтіп, электрондар мен протондардың ұзындық, дене сынды қасиеті жоққа
айналады. Бұл ой Шәкәрім өлеңінде көрініс
тапқан: Дене сезiмiне нанба!
Барып көрсең таяу сол
маңға,
Бар
дене, сезiм түгел алдайды,
Бұл
сөзiмдi әбден аңда [2, 327 б.] .
Осыған байланысты
әлемнің тұтастығы идеясы физиктермен одан әрі
дәлелденуде. Сөйтіп, кванттық потенциал барлық
кеңістікте бір-бірімен тұтастық байланыста өмір
сүреді. Осыған сәйкес қазір ғылымда толқынды генетика деген түсінік те
пайда болып, жан – жақты әр түрлі зерттеулер жүріп
жатыр.
Тән әлемін
әлі толық ашқан ешкім жоқ. Адамның бүкіл
өмірі оның ойына, сеніміне байланысты. Канттың идеалистік
философиясы да бүкіл материалдық әлемнің санамыздан тыс
емес, керісінше, санамыздың ішінде екенін көрсетеді деп ойымызды
қорытамыз.
Әдебиеттер тізімі
1. Құдайбердiұлы
Ш. // Абай. – 1994. – №9. – 10 б.
2.
Құдайбердиев Ш. Шығармалары. Өлеңдер, дастандар,
қара сөздер. Алматы, 1988, 560 б.
5. К. Прибрам. Языки
мозга. Экспериментальные парадоксы и принципы нейропсихологии. Москва: Прогресс, 1975. http://www.myword.ru
Резюме
В докладе рассматриваются
художественное познание казахского поэта Шакарима Кудайбердыулы.
Түйін
Баяндамада
қазақтың ойшыл ақыны Шәкәрім
Құдайбердіұлының көркемдік танымы
қарастырылған.
ТІРКЕУ ТҮРІ
Тегі Сейсекенова ___________________________________________________
Аты Айнаш _________________________________________________________
Әкесінің аты
Байкенжеқызы___________________________________________
Ғылыми дәрежесі, атағы Ф.ғ.к.,
доцент__________________________________
Мекенжайы Астана қаласы, С. Кубрин
к-сі, 23/1- 184______________________
Тел/факс
87753943241_______________________________________________
E-mail
ainasch_70nurzhan@mail.ru _____________________________________
Секция (конференция бағыты)
Әдебиеттанудың өзекті мәселелері ________
__________________________________________________________________
Мақала тақырыбы Тән көретін бастағы
көз... __________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________