Есбол  Ғалымқазы  Шәріпұлы

  А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университет, Қазақстан    

 

      А.Байтұрсынұлы мен Абай – ұстанымдарының өзектілігі.

                                                         Тағдыр кілті...өзімізден бәрі де ,

                                                        Лайықсың ба? Биіктейсің әріге.

                                                                                  ( Ж.Баласағұни )

ХХI ғасыр қазақ халқына бір жағынан Тәуелсіздіктің ақ таңын атырса, екінші жағынан ғаламды шарлаған нарықтың дағдарыстың қатал ызғарын алып келді.Дүниежүзілік тарихқа көз жүгіртсек, кезінде дәуірлеп, өзіндік ізін қалдырып, мәңгілікке кеткен өркениеттер ( Ұлы Туран, Шумер, Антик т.б ) болғанын білеміз. Олар да адамзат баласының өмірі секілді  жасарын жасап, уақыты біткенде келмеске кетуге мәжбүр болды.Табиғат – заңдылығы дейміз бе, философиялық диалектикалық  заңдылыққа жатқызамыз ба, деген сауалға нақты жауап бере алмаймыз.Бірақта, ХI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл Шығыс елдеріне танымал ақылман, философ, белгілі қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұниға құлақ түрсек:

           Тағдыр кілті...өзімізден бәрі де ,

          Лайықсың ба? Биіктейсің әріге.

дегендей уақытында болған да, бүгіндегі болып жатқан да  мемлекеттер арасындағы, қоғам мен қауымдар ішіндегі теке-тірес пен қарама-қайшылықтар  адамзаттың иррационалдық қылығына және іс-әрекетіне тікелей байланысты екеніне көзіміз әбден жетіп отыр.

Президентіміз Н.Назарбаев: «Тарих толқынында» атты еңбегінде: ’’Алдағы міндет ұлт мәдениетінің ұлы тұлғасын кезеңдік бұрылыстарда тарих сахынасына ’’шығара’’ білуде болса керек.‘‘ [1] екенін рухани мұраларымыздың құндылықтарын жете түсінген кезде, біз кімбіз және дүниеде қандай орын бізге тиесілілігіне жауап бере аламыз.

           Алғы мемлекеттермен иық тиістіре аламыз деген ақылға                                                                                                                                                                                                                                                        қонымды ой айтқан болатын.

          Ұлттық тарихымызға көз жүгіртсек, ХХ ғасырда бодандықтың кісенінен құтылуға барша күш- жігерін салып және өмірін құрбан еткен арыстарымыз Ахмет Байтұрсынұлы мен Абай Құнанбайұлына тоқтала кетейік.  Қарияларымыз ренжігенде ”Тегін білмеген тексіз‘‘ деп налиды екен. Сондықтан әрбір қазақ баласы өзімізге ғана тән ата – дәстүрімізді ту етіп алға ұстағанда ғана шашырап кетпей, елдігімізді әлемге таныта аламыз. Әсіресе жастардың осыны мықтап ұғынғаны абзал.

А.Байтұрсынұлы « Азаматқа » атты арнауында:

      Бай болып қызметке малданбалық

      Жігіттер қызметтен жасымалық,

      Балықыша басымыздан сасымалық.

      Ем қонбас дем төмендеп кеткеннен соң,

      Алуға ауыру алдын асығалық. [2]

деп, Ахаң мына қысылтайаң заманда дүниеқорлыққа бой ұрмай, ұлттық қадір – қасиетімізді жоғалтпай, халқымызға қызмет ету қажеттілігін айтады. Егер олай болмаса, елдігімізден айырылып қалатынымызды ескертеді. 

Абай Құнанбайұлы « Интерната оқып жүр... » атты еңбегінде:

          Пайда ойлама, ар ойла ,

          Талап қыл артық білуге .

Артық ғылым кітапта

Ерінбей оқып көруге .

Военный қызмет іздеме

Оқалы киім киюге ,

Бос мақтанға салынып ,

Бекер көкірек керуге .

Қызмет қылма оязға

Жанбай жатып сөнуге .

Қалай сабыр қыласың

Жазықсыз күнде сөгуге? [3]  

 бұл айтылғаннан бізге оқығаныңды қоғам игілігіне жұмса, көп білуге талаптан іс - әрекетіңді жеңілдетеді деген керемет ой тастайды. Одан әрі ақылгөй Абай жаттан атақ алып, жазықсыз халқыңа тізеңді батырма, обалына қаларсың деп, зиялы қауымның ұлтжанды болуын қалайды. Иә, бұл жастар мен ел ағаларының әрдайым қайда болмасын жадында сақтайтын бағдаршамы болғанын қалаймын.

Ахмет Байтұрсынұлы Абайдың ойын ширата түсіп:

     Әу десе айамайды халық бәрін

     Не үшін біз жыймаймыз халық қалін

     Оңбасымыз пайдасына шалынбасақ

     Халықтың татып тұрып тұз бен дәмін

      Келіңіз сөйлеселік би ағалар              

      Қайткенде бұл халықтың оңар жағын [2] 

 бұл лебізінде Ахаң’’әкімді ел үшін жаратпайды, халық әкім үшін жаратылады‘‘деген шығыс даналығын қуаттай отыра, бүкіл қоғамды байлыққа кенелтетін де, оның өркендеуіне белсенді ат салысатын да, көпшілік екенімен келіседі. Олай болса сол  қадірді бағалауға шақырады . Оқыған және ел ағаларын халықтың мұң – мұқтажын барынша түсініп, содан кейін ғана қам қылуын сұрайды.Қазіргі көпшілік те, ХХI ғасырлық хакімдердің де солай болғанын қалайтыны бәрімізге аян.               

      Енді Абай Құнанбайұлының тәржімаларына назар салсақ:

         Өнерсіздің қылығы -

        Тура сөзін айта алмай,

         Қиқ етуге бата алмай,

         Қорлықпенен шіруге;

         Аз ақшаға жалданып,

         Өбес іске алданып,

         Жол таба алмай жүруге.

                   Алыста болса, іздеп тап              

                   Кореннойға кіруге. [3]

        деуі данышпан Абай білімсіз және іскерсіз болсаң біріншіден, бәріне жалтақтай өмір сүресің, екіншіден, өмір бақи  жалдамалы жұмысшының ғұмырын кешетінін білдіргісі келеді. Сондықтан да ''заманың түлкі болса, тазы болып қу демекші '' талап қылып біліктілігіңді шыңда жерде қалмайтынын шегелейді.Мұны қазіргі оқып жүрген жастар құлағына мықтап құйып алса жаман болмас еді.    

          Ұлттың ұлы ұстазы  Ахмет Байтұрсынұлының ұлы ақын, философ Абаймен  ұлттжандылық үндестігіне қараңыз:

                Жігіттер ойламасақ күн ілгері

                Халқыңа айтып келмес, келсе тарлық

                 Халқыңа не айтсаңыз да өздерің біл

                 Әйтеуір біздің мұнан байлық жарлық

                  Келіңіз жегілелік бір арбаға

                  Күштенбей жалғыз – жалғыз құр далаға [2]

          деуі асыл саңлақтарымыздың ұлттың ұлылығын сақтап қалуға деген жанашырлықтың үлгісі емес пе? Халық ” үш күндігін ойламаған әйелден без, үш жылдығын  ойламаған еркектен без “ демекші, бүгінгі жанталас заманда бабаларымыздың қайсарлылығын бере ғой деп, бірлікті ту қылып ұстап, ақыл ойға жүгінсек алынбайтын қамал болмайды! Биік асуларды бағындыруда ынтымағы жарасқан Қазақстан халқына сәттілік тілеймін!   

                                     

                                           

Қолданылған  әдебиеттер

 

     1. Назарбаев Н.Тарих толқынында.  - Алматы: Атамұра, 1999. - 5-6 бет.

     2. Байтұрсынұлы А. Азаматқа .5-том.-Алматы,2006.-185 бет.

     3.Құнанбайұлы А. Интерната оқып жүр....- Алматы,'' Жалын''-1995, 42 бет.