Есбол Ғалымқазы Шәріпұлы
А.Байтұрсынұлы
атындағы Қостанай мемлекеттік университет, Қазақстан
А.Байтұрсынұлы мен
Абай – ұлт ұйтқысы.
Дана – халық жүрегі,
Халық – дана
тірегі.
ХХI ғасырдағы
жер шарының түкпір – түкпірін қамтыған жаhандасу
үрдісі кішігірім ұлттар мен ұлыстардың ”
құмға сіңген судай “ дәстүр мен салтын
жоғалтып алу қаупін тудырды.Біз Егемендік алған кезде Ата
заңымызда қазақ тілі – мемлекеттік тіл болады деген өте
дұрыс шешім қабылданып, ұлттық болмысымызды
сақтап қалуға өте маңызды қадам жасалды.
Қазақ елінің кезінде патшалық Ресейдің
отарлық бұғауынан босаналмай және кейін Кеңес
дәуірінде қанатымызды кеңінен қағалмай келген
тарихымыздың ’’ ақтаңдықтарын “ саралап
көңілге түйуге кеңінен жол ашылды. Қазақ
халқының жеке мемлекет болып,басқалармен шаңырағы
тең болуын армандаған ғұламаларымыз Ахмет
Байтұрсынұлы мен Абай Құнанбайұлының
тағылымдарына тоқталғанды жөн көріп отырмын.
Ахмет
Байтұрсынұлы 1915 жылы « Қазақ » газетінің №163
санында берілген « Қойан » атты өлеңінде :
’’ Мұз
төсеп,қармен басып, құбан қып тұр,
‘‘ Мал құтын ойсыратам, ойам ’’ деп тұр.
’’Қабанды
қоймен өтсе имену жоқ
Бір жайып жүрегіңді
қойам ‘‘ деп тұр. [1]
дегенінен
табиғат мезгілінің құбылмалылығын сөз ете
отырып, дүниеде де бәрі өзгерісте екенін, сол кездегі
қазақ қоғамының басына түскен
ауыртпалығы жанына батып, жұртты қамсыз қалмауға
шақырады.
Ал Абай болса « 4-ші қара сөзінде» : '' Қулық
саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ - өнерсіз
иттің ісі. Әуел құдайға сыйынып, екінші өз
қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң,
қара жер де береді, құр тастамайды.'' [2] дегені Ахаңның жан айқайын тереңдете
түсіп,Абай Жаратушының сыйын күтпей, қайратыңа
жүгінсең ғана барлық қиыншылықтарды жеңесің
деп жол көрсетеді.Иә, әр буынның басына түскен
сынақтары болады.Бүгінгі нарық дағдарысы
қыспаққа алған кезеңде болашақ
ұрпаққа даналарымыздың тәлімдерінің
құндылығын түсінуіміз керек сияқты.
Әрі
қарай Ахмет Байтұрсынұлы сол уақыттағы
қазақ қоғамындағы хал-ахуалды :
Ала көз
қимасыңа жетіп алып ,
’’Малды алып,
адамыңды ашықтырып ,
Қырамын
бәріңді де жойам!’’ деп тұр.
Ал, Алаш
,білге салып ,бермен жібер!
Ол қай
бір- біріңе неге тобам ‘‘ деп тұр. [1]
Ахаңның
бұлай деуі бүгінгі заманның көрінісін дөп басып
көрсеткені емес пе. Дүниеде бәрі
кездейсоқтыққа толы: табиғат апаттары мен тіршілік
әлемінде де табиғи және жасанды түрде пайда болатын
қарама- қайшылықтар болып тұрады.Біз болсақ
оларды жеңу үшін жаратылғанбыз және ''Алаш!'' деп
ұрандай отыра, қандай да болмасын бұғаудан ''бірлік
болса ғана- тірлік болатынын '' айтады.
Енді
хакім Абайдың назын қарастырайық:
Ғалымнан надан артпас ұққанменен ,
Тағдыр көрмей қоймайды
бұққанменен.
О – дағы қалыбынан аса алмайды ,
Жауқазын ерте көктеп шыққанменен.
[3]
деп, Ахметтің бірігіп
қана үлгілі қоғамын құру үшін де,
Абайша адамзатты мақсатына жеткізетін
білімді терең игеру керектігін алға тартады
.Өздерің көріп отырғандай ХХ1ғасыр
технологиялық және ақпараттық ’’ Жарылыс ’’ заманы.
Ондағы өміршең озық ғылыми үлгілерді
өз мүдделерімізге сай оңтайлы және дер кезінде қолдана
алмасақ ертең кеш болатынын ұққандарыңыз
абзал.
Сол
үшін Елбасымыз Н.Назарбаев 2014 жылы 12 қарашада «Нұрлы жол –
Болашаққа бастар жол» атты кезекті Халыққа Жолдауында:
’’ Индустрияландру бағдарламалары шеңберінде базаларында
ғылымның экономика салаларымен және мамандар дайындаумен
байланысы қамтамасыз етілетін 10 ЖОО анықталды.Осы
мақсаттарға 2017 жылға дейін 10 миллиард теңге
бағыттай отырып, осы жоғары оқу орындарының материалдық
– техникалық базасын қалыптастыруды тапсырамын. ‘‘ деген болатын. [4]
Ахмет Байтұрсынұлы сонау 1915 жылдың
өзінде-ақ :
’’ Әй
мұжық , сізде мына біл! ‘‘ деп отыр,
’’ Сөзімді
құлағыңа ал! ‘‘ деп отыр.
’’
Қорқытып қазақтардан көп қолқа
алғыш.
Атақты
мен ақ қойан жыл ‘‘ жыл деп отыр. [1]
Мұнан
Ахаң патша шенеуніктерінің билік бізде деп жергілікті,
әсіресе қазақ қауымын жөнсіз
қыспаққа ала беруге болмайды, замана
соққан-жел,ертең қай жағыңнан
шығатынын ешкімде білмейтінін түсіндірмек болды. Ұлтжанды
Ахаң ''жылқы мінездес ,бөрі тектес '' қазақ
халқының жарқын болашағы әлі алда екеніне
кәміл сенді.
Абай
Құнанбайұлы «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» назар
салайық :
Жасымда ғылым
бар деп ескермедім ,
Пайдасын
көре тұра тексермедім .
Ержеткен
соң түспеді уысыма ,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім. [5]
дегені Ахметтің ’’ білу үшін
де, бірігу үшін де –білім керектігіне ‘‘саяды. Абай ойын әрі қарай тарқата:
Баланы
оқытуды жек көрмедім.
Баламды
медресеге біл деп бердім ,
Қызмет
қылсын,шен алсын деп бермедім. [5]
Мұнда
ғұлама Абай ’’ ұқтырғанды ұққан
боп ,түсінбегеніңді қайтейін
‘‘ білім алсаң бодандықтан шығатын жол ізде ,елге
қызмет ет. Бабалардан мирасқа қалған кең байтақ жерге ие болып
қалуды ойла.Ел болам десең төріңді берме, далада
қалып қойуың мүмкін деп, бізге ұлтжанды болуды
дәріптейді. Иә ’’Интернатта оқып жүр талай
қазақ баласы ‘‘демекші, бүгінде сыртта Англияда, Америкада,
Қытайда оқып жүрген жастар Ахмет пен Абайдың
уағыздарын еске алса нұр үстіне нұр жауар еді.
Қазақстанның '' Мәңгілік Елге! '' айналатынына
шүбә келтірмес едік.
Көшбасшымыз
Н.Назарбаев Қазақстандықтарға арнаған
Халыққа Жолдауында:’’Өткен тарихымызға тағзым да,
бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген
келешекке сенім де Мәңгілік Ел деген құдіретті
ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас
болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің
қарашығындай сақтау, өз үлесіңді
қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп,
табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың
жұмысының түпкі мәні – осы! ‘‘ [4]
деп
бүкіл қазақ еліне ұран тастады. Барша
қазақстандықтарға ’’ жұмыла көтерген
жүк жеңіл ‘‘ демекші, алда
орындайтын биік мақсаттар барын және барлық іске
үлкен жауапкершілікпен қарауды жүктеді. Отандастарыма
Қазақ елін өркендетуге жаппай ат салысыңыздар демекпін!
Қолданылған әдебиеттер
1.Байтұрсынұлы А. Қойан.- 5 том.-Алматы,’’Алаш’’,-2006.-176
бет.
2. Құнанбайұлы А. 4- ші қара
сөзі.- 2 том.- Алматы.-1977,-135 бет.
3.Құнанбайұлы
А. Ғалымнан надан артпас ұққанменен .- Алматы,'' Жалын
''-1995, 183бет.
4.Н.Назарбаев «Нұрлы жол-Болашаққа бастар
жол» Қазақстан
халқына
Жолдауы.’’Егемен Қазақстан’’№221,12.11.2014.-2бет.
5.Құнанбайұлы А.Жасымда
ғылым бар деп ескермедім.- Алматы,''
Жалын''-1995, 19 бет.