Оспанова А.Н., Куралова А.Д.

Астана, Казахстан

Саяси исламның шарықтау шегі – Ирак пен Леванттың Ислам мемлекеті

Соңғы жылдары мұсылман елдерінде исламның политизация иен радикализация үдерісі жүруде. Бір жағынан, исламның саясилануы – бұл діннің жандануы мен саясаттың клерикализация үдерісі.  Екінші жағынан, исламның саясилануы өзінің шешімін таппаған әлеуметтік – экономикалық және рухани – идеологиялық мәселелерді саяси салаға алып келу әрекеті болып табылады. Бұл өз кезегінде субъектілердің саяси – басқару шешімдерін қабылдай алмайтындығын дәлелдейді.

Саяси ислам, саясат саласындағы саяси емес құбылыстардың формасын көрсетіп, ол мәселелерді шешудің әртүрлі нұсқасын іздеуде.

Егер ХХ ғасырда діни ұйымдар құрыла салысымен сол кездегі режидермен қатаң бақылауға алынып отырса, осы ғасырдың басындағы жағдай мүлдем өзге.  Араб көктемі кезінде кейбір саяси режимдер әлсіресе, ал кейбіреулері мүлдем құлады. Діни ұйымдар тылдан шығып, саяси күреске белсене араласа басты. Бұл үшін олар саяси партиялар құрып, билікке күресе бастады. Біз бұны Солтүстік Африка және Таяу Шығыстың көптеген мемлекеттерінен байқадық.   Араб көктемінің алдында және Араб көктемі кезінде исламның  радикалды ағымдары  - салафиттік ұйымдар өздерін белсенді көрсете бастады. Бәріміз білетіндей, салафиттер араб көктемінде белсенді саяси рөл ойнаған болатын.  Араб көктемінен кейін  - «Мұсылман бауырлар» саяси биліктің артында салафиттерді қалдырып, Мысыр мен Тунистің жоғары билігіне қол жеткізді.  Бірақ, осымен салафиттер тынышталмай, толқулар басылмаған өзге де араб мемлекеттеріне қоныс аударды. Сирия, салафиттер мен исламисттердің  бірігіп, Б. Асадтың режиміне қасиетті джихад жариялаған мемлекеттің бірі болды [1].

«Мұсылман бауырлар» Мысырда жеңіліс тауып, Сириядағы салафиттер мен исламисттерге қосылды. Кейінірек, осы жерге әлемнің түкпір – түкпірінен, Еуропа және Америкадан  джихадшылар келіп, бүкіл дүниежүзілік джихад жариялады.  ИГИЛ – дің құрылғаны жарияланып, кейіннен ол Ислам Мемлекеті болып өзгертілді.  Бәріміз байқағандай, бұл мемлекеттің құрылуының негізі  «араб көктемі» мен  исламның  тек Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аумағында ғана емес, бүкіл әлемде саясилануында жатқанын көрдік.

Бұл мемлекеттің құрылуының өзге де нұсқасы бар. ИГИЛ тобы, «Аль - Каидамен»  2006 жылы  «Моджахедтердің шура кеңесінің» негізінде құрылған делінеді. Бұл топқа кейіннен «Джайш ат – Таифа аль - Мансура», «Джайш Ахлу – с – Сунна ва – ль - Джамаа», «Джайш  аль - Фатихин» және «Джунд ас - Сахаба» топтары бірігіп,т 2006 жылдың 15 қазанында Ислам Мемлекетінің құрылғандығы жарияланды. Кейінірек ИМ  - не кіші исламисттік топтар: «Ансар ат  - Тавхид», «Аль - Гураба», «Асаиб аль - Ахваль», «Джамаа аль - Мурабитин», «Ансар ат – Тавхил ва – с -  Сунна», «Фурсан ат - Таухид» және «Джунд Миллят аль - Ибрахим» қосылды. Ислам Мемлекетінің бірінші басқарушысы Абу Омар аль – Багдади болып тағайындалды [2].

Үшінші нұсқа бойынша ИГИЛ 2006 жылдың 15 қазанында Ирактағы  «Аль - Каиданың»  «Ирактағы Каида аль – джихад» ұяшығының басқаруымен ондаған сунниттік ұйымдардың бірігуімен құрылды.  Бұл жаңа ұйым Ирак Ислам Мемлекеті деген атқа ие болды.  Сол кезде бұл ұйымның конституциясы қабылданған болатын, ол «Ислам Мемлекетінің пайда болуы жөніндегі адамзаттың мәлімдемесі» деп аталды. Бұл ұйымның басшысы немесе эмирі болып Абу Омар аль – Багдади тағайындалды. Бұл сәтке дейін ол «Ирактағы Каида аль – джихадтың» көшбасшысы болған. Онымен бірге, ИИМ – нің алдағы жылдарға қатысты басты және стратегиялық мақсаты анықталды.  АҚШ бастаған халықаралық коалиция Ирактан кете салысымен, ИИМ Ирактың сүнниттік аумағын жаулап алып, оны әскериленген сүнниттік ислам мемлекетіне айналдыру керек болатын. Жаңа ислам мемлекеті Бағдад, Анбар, Дияла, Киркук, Салах – эд – Дин, Найнава шет аймақтарында және де Бабиль, Васит шет аймақтарының территориясында құрылуы керек болатын. Осы нұсқаға сәйкес, 2010 жылы Абу Омар аль – Багдадидің өлімінен кейңн, ИИМ – нің эмирі болып Аль – Каиданың көшбасшыларының бірі Абу  Бакр аль – Багдади, яғни Абу Дуа тағайындалды [1].

2013 жылдың 9 сәуірінде «Аль - Каиданың» Ирак пен Сириядағы бөлімшелерінің: «Ирак Ислам мемлекеті» мен «Джебхат ан - Нусраның» бірігуімен  Ирак және Левант (аш - Шам) территориясында ислам эмиратын құру мақсатында «Ирак және Левант Ислам мемлекеті» атты топ құрылды.  2013 жылдың 10 сәуірінде ИГИЛ – нің жауынгерлері «Аль - Каиданың»  көшбасшысы Айман аз – Завахириға адал болуға ант берді. 2010 жылы Абу Дуа эмир болып тағайындалғаннан кейін, ИГИЛ мен «Джебхат ан – Нусра» арасында келіспеушіліктер туып, Сириядағы әскери қақтығысқа алып келді. Осы жағдайдан кейін 2013 жылдың қараша айында Айман аз – Завахири ИГИЛ – ді тарату жөнінде шешім қабылдап, ИИМ Иракта мен «Джебхат ан - Нусра» Сирияда өзара тәуелсіз қызмет атқарсын деген шешім қабылдаған болатын. Алайда, ИГИЛ «Аль – Каиданың»  шешіміне мойынсұнбай,  өзінің бұрынғы атауына оралмай, Ирак мен Сирия территориясында «Джебхат ан - Нусрадан»  бөлініп, қызметін жалғастыра берді.

Осыған жауап ретінде 2014 жылдың қаңтар айында «Аль – Каиданың» бастамасымен ИГИЛ – дің жауынгерлеріне қарсы сириялық топтар: «Моджахедтер әскері», «Сирияның көтерілісшілер жасағы», «Исламдық фронт»  және «Джебхат ан - Нусра» жауынгерлері қарсы шытқты. Бұл қақтығыс нәтижесінде 3000 – нан аса адам қаза болды. Осы жағдайдан кейін «Аль - Каиданың»  көшбасшысы Айман аз – Завахири ИГИЛ – дің Аль – Каидаға қарамайтын топ деп жариялады. Осылай, 2013 жылдың басынан ИГИЛ Сириядағы азаматтық соғысқа дербес күш ретінде қатысты [3].

Нәтижесінде, бұл жағдай ИГИЛ мен «Аль - Каида» арасында тек қана Ирак пен Сирияда ғана емес, бүкіл Таяу Шығыста етек жайған  қатаң шиеленісті туғызды.

Осылай, ең біріншіден ИГИЛ соңғы екі нұсқа бойынша «Аль - Каиданың» тікелей тумасы болып табылады.  Мұнымен келісуге болады, неліктен десек: ИГИЛ қазіргі кейбір бөлімшелері «Аль- Каиданың» қойнауындапайда болып, ұзақ уақыт бойы осы халықаралық террористтік ұйымның Ирактағы, Сириядағы топтарымен өзара қызмет атқарды. ИГИЛ – дің өзі мен ықпалының өсуінен кейін, келіспеушіліктер туындады.  Ол келіспеушіліктер Исламның тәжірибесі мен негізіне ғана қатысты емес, қасиетті қарулы күрестің мақсаты мен әдісіне де қатысты болды. Яғни – джихад. «Аль – Каиданың» ең басты мақсаты – ол Батысқа қарсы террорлық актілердң қолдана отырып, қасиетті соғысты жүргізу болса, ал ИГИЛ – дің ең басты мақсаты  - ол Батысқа қарсы қасиетті соғысты территорияларды жаулап ала отырып, Ислам мемлекетінғ яғни Жаңа Халифат, құра отырып күресу.   Екі ұйым арасындағы тағы бір келіспеушілік – ол салафиттік фактор.  Салафиттер мен салафиттік идеология – «Аль - Каиданың» негізгі элементтері. Ал ИГИЛ – де салафизм идеялары күштірек  [4].

ИГИЛ – дің пайда болуы – бұл заңды құбылыс. ХХ ғасырда «Мұсылман бауырлыр», «Хизб ут - Тахрир» секілді исламисттік ұйымдар билік үшін күрескенімен, тыйымда болды. ИГИЛ сияқты әскериленген құрылымдар құра алмады. Бұл құбылыстың заңдылығы бірнеше факторлармен түсіндіріледі. Қазіргі әлемде, соңғы жылдары исламның саяси рөлі күшейіп келуде. Бұл үдеріс, сенушілерге өз ықпалын күшейтуде белсенді күресіп келе жатқан  үш бастапқы бағыттан тұрады: традиционализм, модернизм және исламизм.

Жоғары қабат немесе жоғары деңгей – бұл басқару. Формальды түрде ИГИЛ 15 жылдық тарихқа ие болғанымен, жаңа құрылым үш төрт жыл бұрын ғана пайда болды. Өзінің бірінші пайда болған сәтінде, ИГИЛ әскери құрылым болмаған еді.   Осыған орай, ИГИЛ басқармасы – бұл әскери басқару ғана емес, ол өз кезегінде бұл құрылымның әртүрлі қызметтері мен экспансиясын басқаратын адамдар ядросы десек те болады. Формальді түрде ИГИЛ – дің басында Абу Бакр аль – Багдади отыр. ИГИЛ – дің өзі таратқан мағлұматтар бойынша, ол Мұхаммед с.а.с тікелей ұрпағы болып табылады.  Ал бұл өз кезегінде  оны Усама бен Ладеннен де жоғары орынға шығарып тұр. Басқа да басшылықтың көп бөлігін Саддам Хуссейн әскерінің бұрынғы офицерлері құрайды. Онымен қоса ұйымның басшылығында араб емес мұсылмандар да бар. [6]

Тағы бір атап өтетін жайт, ол бүгінгі ИГИЛ - дің басшылық жөніндегі Брукингс институтының зерттеушісі Ч. Листердің  «Who's Who of the Islamic State Senior Leadership» атты есебі бойынша, ИГИЛ – дің  командирлері, әкімшілік құрамы мен шенеуніктерінің жартысынан көбі тек  лақап аттарымен белгілі. Олар жөнінде биографиялық ақпарат, тіпті сурет те жоқ. 

ИГИЛ – дің екінші деңгейін әр түрлі салалардағы, ең алдымен әскери іске, лаңкестікке, логистикаға қатысты және т.б. қатысты жоғары білікті кәсіпқойлар мен мамандар құрайды. Таңқаларлықтай, кейбір аудандарда  ИГИЛ басшылығы, әсіресе терең техникалық және арнайы білімді талап ететін аймақтарда, жұмысқа арнайы мамандарды тартып отырады. Олардың кейбіреулері қызметке ақша үшін, кейбіреулері отбасы үшін қорыққандықтан барады. Онымен қоса, бұл мамандардың көбісі Еуропа мен Америкадан  келгендер. Олар батыстық өмір сүру салтына жек көрушілікпен қарап, фундаменталисттік исламды қабылдаған адамдар [5].

ИГИЛ – дің басқа деңгейлеріне қарағанда, көпшілікке ие деңгейі немесе тармағы ол – әр түрлі текті жауынгерлер.  Бұл жерде бүкіл Таяу және Орта Шығыстың криминалды, бірбеткей, оқымаған, табынан айырылған, азғындалған жастар да, Сирия мен Ирактың үкіметіне қарсы күрескен топтар да бар.  Бұл жерге Еуропадан, посткеңестік кеңістіктен еркімен келгендер де кіреді. «Соғыс жемі» ИГИЛ үшін аса маңызды. Өйткені, басқа дәстүрлі  лаңкестік ұйымдарға қарағанда,  ИГИЛ – дің бөлімшелері тек бір реттік рейдтер жасап қоймай, толыққанды әскери қимылдар жүргізеді. Ал ол өз кезегінде үлкен адами ресурстардан айырылумен қатар жүреді [7]. 

ИГИЛ – ді түсіну үшін бір емес бірнеше құжаттарды қарап шығу қажет. Оларда, біз бүгін ИГИЛ – дің қызметінде байқап отырған негізгі тәжірибелер үзінді ретінде көрсетілген.  Д. Маккинлейдің,  Э. Аль – Баддевайдың, Д. Килколленнің және М. Кастелсстің жұмыстарын сараптай келе, ИГИЛ – дің  пайда болуына арнайы қызметтегі  жоғары білікті сарапшылар мен тәжірибешілер қол салып, үлес қосқан секілді.  Қандай болмасын баасисттік офицер, қаншалықты деңгейде  білім алып, әскери тәжірибе жинағанымен, өзінің ұйымының қызметіне соңғы енгізулер мен әлемдік стратегиялық, ұйымдастырушылық және технологиялық идеяларды енгізе алмас еді. Осы орайды, бұл «хаос инженерлерінің» араб әлемінде күшті серіктестері мен одақтастары болғандығын еш күмәсіз айта беруге болады  [8].

Бұл жөнінде ИГИЛ – дің 2004 жылы Батыста онша белгісіз Абу Бакр Наджа жазған «Қатыгездікпен басқару: халифат құрудың ең  сыни  сатысы» деген жұмыс нұсқамасын қолдануы дәлел. Ол жұмыстың қысқаша мазмұнын айта кетсек: Американдықтардың Ирак пен Ауғаныстанға енуі жеңіліспен аяқталып қоймай, өздері шеше алмайтын  хаос пен жабайылық туғызып кетеді. Кейін, автордың айтуынша, қару,жабайылық пен тәртіпсіздік бүкіл Таяу және Орта Шығыс бойынша таралып, аймақты соғыс пен мағынасыз зорлық – зомбылыққа алып келеді. Мағынасыз зорлық – зомбылықты тек шексіз жауыздық формасындағы мағыналы зорлық тоқтата алады. Ал оны жасайтын күш – дүниежүзілік халифат [9].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.     http://www.trackingterrorism.org/article/post-arab-spring-developments

2.     http://www.trackingterrorism.org/chatter/isis-declares-islamic-caliphate-

3.     http://www.trackingterrorism.org/chatter/isiss-rise-after-al-qaeda%E2%80%99s-house-cards-part-4-smarter-counterterrorism

4.     https://www.washingtoninstitute.org/policy-analysis/view/the-islamic-states

5.     http://www.polit-asia.kz/index.php/sports/459

6.     Raffaello Pantucci, ‘Is ISIS a Threat to the UK?’, RUSI.org, 21 August 2014

7.     David Kilcullen, “Out of the Mountains: The Coming Age of the Urban Guerrilla”, October  2013  

8.     Manuel Castells, “Networks of Outrage and Hope: Social Movements in the Internet Age”, August 2012

9.     Abu Bakr Naji, “The Management of Savagery: The Most Critical Stage Through Which the Umma Will Pass”, Translated by William McCants, May 2006