Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық тетіктері

 

Жұмағазина Н.

«Құқықтану» мамандығының 2 курс магистранты

Маңғыстау Гуманитарлық-Техникалық Университеті

 

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыт аралығында Қазакстан Республикасында болған саяси жэне экономикалық реформалар түлға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне басты роль берген қоғам дамуының жаңа бағыттарын айқындады. Қазіргі біздің конституциялық жүйеміз бұрынғы кеңес дәуіріндегіден өзгеше адам және оның тұлғалығына ерекше сыйластықпен қараудан тұрады. 20 қыркүйек 2014 жылғы ҚР Президентінің «ҚР-ның құқықтық саясаты Концепциясы туралы» жарлығында: «ҚР  Конституциясында бекітілген  адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының жоғарлылығы, құқық үстемдігі, мемлекеттің билік тармақтарының бөлінуі және олардың өз қызметін жүзеге асыру барысында тепе-тендік және тежемелік қағидасына сүйене отырып жүзеге асыратындығы негізінде демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет құру жөніндегі бағытын біртіндеп және ретімен заңдастыру керек» деп көрсетілген[1; 3].

Осылайша жүзеге асырылып отырған Конституцияның теориялық мәселелері және адам және азамат құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңдарды жетілдіру таңдап алынған тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

      Адам құқықтарының проблемаларын зерттеудің көпқырлылығына қарамастан, бұл тақырыпты зерттеушілер адам құқықтарын қорғаудағы сол құқықтық мемлекеттің өзінің қызметіне жете көңіл бөлмеген. Қазақстан Республикасы Конституциясында адамның құқықтары ең жоғарғы құндылықтар деп жарияланған және Конституция мәтіні осы фактіні жариялаумен басталады.

      Жалпы, құқықтық мемлекет жөнінде азаматтардың санасын қалыптастырмай, олардың қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін жете түсіндірмей, оны түбегейлі орнату мүмкін емес.

      Бір сөзбен айтқанда, заңның дұрыс орындалуын қамтамасыз ететін, азаматтарының құқықтары мен міндеттерінің кепілі болатын мемлекетті қалыптастыру- құқықтық мемлекетті орнату болып табылады.

      Ал құқықтық мемлекет дегеніміз – жеке адам және қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет.

      Құқықтық мемлекетті қалыптастыруда қабылданып жатқан заңдар жоғары талапқа сай болуы керек. Заңның үстемдік етілуі міндетті түрде. Құқықтық мемлекетте азаматтардың бірде - бір құқықтары мен бостандықтары бұзылмауы тиіс және заңдарда көрсетілген талаптардың, міндеттердің, құқықтардың жүзеге асырылуын мемлекет қамтамасыз етуі қажет.

      Бұл мәселеде құқық қорғаушы құрылымдарға, оның ішінде ішкі істер органдарына ерекше орын беріледі. Құқық қорғау органдары көп жағдайларда қоғамымызда орын алып отырған жағымсыз жағдайлармен бірінші болып бетпе-бет келеді, олардың міндеті азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау болып табылады. Бұл мәселелерді теориялық талдаудан нақтылай іске асыруға көшетін уақыт жетті. Бірақ бұл осы қызметті жүйелі талдаусыз мүмкін емес.

Қазіргі заманда өркениеттің басты жетістігі адам құқығы мен бостандығын нақты қалыптастыру болып табылса, барлық мемлекет оны қорғап, оған кепіл болуы тиіс. Осындай игілікті үрдістен тәуелсіз Қазақстан да шет қалып отырған жоқ.

Қазақстан Ата заңының 1-бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», деп атап көрсетілген. Осы заң сөздерді Қазақстанға әлемнің дамыған елдерінің қатарында тұруға моральдік құқық береді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алып, дүниежүзілік қауымдастық қатарына қосылғаннан бері адам құқығына қатысты бірнеше халықаралық конвенцияларға қосылды. Қазақстан ең алдымен 1949 жылы қабылданған Женева конвенциясына (Конвенцияға қосылу ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31-ші наурызындағы қаулысымен бекітілді), 1989 жылы қабылданған Сәби құқығы туралы конвенцияға (ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8-ші наурызындағы қаулысы) қосылды. Осы халықаралық конвенцияларға қосылып, Қазақстан адам құқықтары мен бостандықтары басты қазынасы болып саналатын, демократиялық ел болуға деген ұмтылысын бекіте түседі [2; 55].

Адам құқығын қорғау бүгінімізде ғана емес, өткенімізге де қатысты. Халқымыздың басынан өткен саяси қуғын-сүргіндер, ашаршылық, зұлмат жылдары тек қазақстандықтардың ғана емес, республиканың басқа да ұлт өкілдеріне қиянат, қайғы-қасірет әкелгені белгілі. 1993 жылдың 14-ші сәуірінде осындай келеңсіз жағдайлардың салдарына душар болған азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын сүргін құрбандарын ақтау туралы» заңы қабылданды. Бұл заң кезінде мемлекет саясатының нәтижесінде құқығы бұзылған азаматтардың құқықтарын қалпына келтіруге, оларды атқаруға кепілдік беретін құжат болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанға жер аударылған және одан қуылған 1 миллионнан астам қазақстандықтарды ақтау әлі жүзеге асырылмады. Бұған құқылық негіздердің жеткілікті дәрежеде қалыптастырылмауы өзіндік қиындықтар туғызып отыр. Бас бостандығынан айырылғандар да біздің қоғамымыздың толық заңды мүшелеріне, сондықтан олардың азаматтық құқықтарын қорғау – маңызды мәселе. Адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және ардақтау ұстыны БҰҰ-ның 1945 жылы қабылданған Жарғысында қатталды. Осы құжат шын мәнінде тәуелсіз мемлекеттердің халықаралық құқық шеңберінде ынтымақ ұластырып, жарасымдылыққа жетуіне тұңғыш ретсаяси, заңдық негіз қалаған еді. 1992 жылы тәуелсіздіктің аспан-көк туын көтеріп, өзге мемлекеттермен терезесі тең мүше ретінде табалдырығынан аттаған БҰҰ-ның жарғылық қағидаларына адам құқығы – адамзаттың басты игілігі екендігі, сондай-ақ ерлер мен әйелдердің тең құқықтылығы, үлкен және ұсақ ұлттардың теңдігі, бейбітшілік пен қауіпсіздік сақтау үшін күш біріктіру арқау болып тартылған. Міне сондықтан да Бас Ассамблеяның 1948 жылғы 10-шы желтоқсанда қабылданған Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясы негізінде мемлекеттердің ынтымақтастығын қалыптастыруда халықаралық үрдіске сай заңды міндетті сипатқа ие болып келеді. Осы Декларация кейінен тармақтала қосылып, жүйелене дамытылған, әрі сан-саналы мәселені, атап айтқанда, босқындардың мәртебесі (1951 ж), апартеид (1954ж), нәсілдік кемсітушілікті жою туралы (1965 ж) және басқа да халықаралық пактілерді қамтитын қайнар бастау іспетті. Осы құжаттарда Адам құқығы жөніндегі декларацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттерде әрбір адам өзінің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, сонымен қатар өзінің саяси-азаматтық құқықтарын емін-еркін пайдалана алатындай жағдай жасауға тиістігі ерекше аталып өткен[3].

БҰҰ Жарғысының аса маңызды ережесі дүниежүзілік қауымдастыққа адам құқықтарына басым көңіл бөлуді мойындаудыжәне адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын барша адамның нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан құрметтеуді, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды міндеттеуі болып табылады. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы 200 тілге аударылып, көптеген елдердің Конституцияларына енгізілген Декларацияның басты мақсаты Қазақстан Конституциясынан да кең орын алған[4]. Әсіресе декларациядағы: «Барлық адам болмысынан тең құқылы және азат болып туады. Барлық адамға ақыл-ой берілген, сондықтан бір-бірімен бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс»,- деген қағиданың біздің мемлекетімізде қолдану тапқандығының бір айғағы – жүзден астам ұлт өкілдерінің тіл табысып, тату-тәтті өмір сүруінде. Бүкіл әлемнің миллиондаған жұртшылығы – үлкендерді де, кішілерді де әманда осы құжаттар демеу тауып, көмек алатын болды. Күні бүгінге дейін дүние жүзіндегі барлық елдер бұл құжатты адам құқығын қастерлеудің ең жоғарғы эталоны ретінде бағалап, оны үлгі етіп келеді.

Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының негізгі теориялық және тәжрибелік мәселелерін зерттеуге бағытталған жұмыстың нәтижесі ретінде келесілерді келтіруге болады:

Біріншіден, қазіргі кездегі  демократиялық мемлекеттердің конституцияларын адам құқықтары мен бостандықтары концепцияларының бағыттарын біріктіруі арқылы өзін жетілдіріп отыр.Біз көптеген елдердің Конституцияларының мазмұнын салыстырмалы – құқықтық талдау әдісі мен зерттеу нәтижесінде (Ресей, Болгария, КХР, ФРГ, Түркменстан, Белгия, Украина, Қырғызстан Республикасы ж.т.б.) жазба Конституциялардың бәрінде бірдей әдеттегідей адам мен азамат құқығы, оның бостандығы мен міндеттері белгіленіп, бекітіліп берілетініне көзімізді жеткіздік. Мәселенің шындығын айтар болсақ, Өзбекстан Республикасы Конституциясының 25-ші бабында (1992 жыл): «Әркімнің бостандыққа құқығы бар және дербес құқықа ие» - делінсе, 43-ші бабында: «Өзбекстан халқының тарихи, рухани және мәдени мұраларын әрбір азамат қорғап, сақтауға міндетті» делінген. Пакистан Ислам Республикасының Конституциясының 11-ші бөлімінің 9-шы тармағында (1956 жыл): «Моралдық немесе көпшілікті тәртіпті сақтау мақсатында заңда қарастырылған әрбір ақылға қонымды шектеулерді сақтай отырып, барлық азамат бейбіт, қарусыз топтасуға құқығы бар» - делінген [6].

Екіншіден,қағидалар адам құқықтары концепциясының негізі ғана емес, күнделікті қолданыстағы нормалардың ішінде ең тиімдісі болып келеді.Сонымен қатар  басты қағидалар  арасындағы негізгі мәселелердің бірі олардың  реттілігін  немесе  иерархиясын  анықтау  болып  келеді.  Біздің ойымызша адам құқықтары мен бостандықтары қағидасын негізгі және туынды етіп екіге топтастыруға болады. Негізгі қағидалар адам құқықтары концепциясы идеяларының айқын көрінісі болып табылады. Ал қосымша қағидалар болса негізгі қағидаларды айқындаушы, толықтырушы ретінде орын алады.

Үшіншіден,адам  құқықтары  мен  бостандықтарын  үш  кезеңге  бөліну классификациясы   негізінде   оларды   жеке   және   ұжымдық   деп, ал мемлекеттің құқықтарды жүзеге асыруына араласу белсенділігіне   қарай негативті және позитивті деп топтастыру орын алатынын көріп, оның мемлекет пен   адам және азамат арасындағы қарым-қатынасты реттеуде маңызы зор екенін көре аламыз.

Төртіншіден,заң мен мемлекеттің өзге нормативтік құықтық актілері өте көп және олар әр алуан қоғамдық қатынастарды реттеуге араласатыны мәлім. Және осы әр алуандылықта заңшығарушылық және құқық қолдануда басты бағыт-бағдар болып табылатын адам және азамат құқытары    мен    бостандықтарына    қатысты    нормаларға    үстемдік беріледі. Және олардың дұрыстығы мен тиімділігі адам құықтарын қорғау мен қамтамасыз етудегі тиімділігімен бағаланады деп санасақ, аталған саланы реттейтін нормаларды жетілдіру керек екенін ескерген жөн. Аталған мәселені шешудегі тиімді жолдарының бірі болып адам құқықтары мен бостандықары саласында мағлұматтарды жинақтаушы орталық банк құру болып табылады.

Бесіншіден, сонымен қатар адам    құқықтары    мен бостандықтарын
қамтамасыз етуші жаңа институт ретінде жұмыс істеп отырған омбудсмен
институтына байланысты кей өзекті мәселелер өз шешуін табу керек деп санаймыз.

 Адам құқықтары мен бостандықтары механизімін жетілдіру мақсатында ҚР президенті жанындағы адам құқықтары жөніндеғі Комиссяға Парламентке мемлекеттегі адам құқықтарының жай күйі туралы хабар дар етіп отыру функциясын тапсыру керек.Құрастырылған жоспар бойынша жүргізілген зеріттеу жүмыстарының нәтижесі адам қүқықтары мен бостандықтары, тұлға мәртебесі саласында өз үлесін қосады деғен сенімдеміз.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1        Ғ.С.Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы.-Алматы., 1999,45-б

2        Тоқболатов И. Адам құқығы мен бостандығын жүзеге асырудағы сот қағидалары //Заң , № 7, 2002, 55-59 бет.

3        Назарбаев. Н.Ә. Қазақстан – 2030, Алматы,1998

4        А.Тасболатов . Бостандық пен құқық кепілі // Егемен Қазақстан,2007,6-б

5        Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы ҚР – ның Конституциялық Заңы. 16 желтоқсан 1991

6        А.Алтай . Адам құқығына ешкімнің қиянат жасап, қол сұғуға қақысы жоқ // Заң, №12, 2014, 23-б