Абдрахманова А.Т.,  Даирова А.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

КОНФЛИКТІЛІ ЖАҒДАЙДЫҢ ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНЕ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ

 

Тұлғаға әлеуметтің, әлеуметтік орта әсерінің маңыздылығы соншалық, оның нәтижесі тұлғаның қақтығысты жағдайлардағы әлеуметтік мінезінің қалыптасуында көрінеді. Тұлғаның қақтығысты жағдайлардағы әлеуметтік ортаға бейімделуінде, әлеуметтенуінде адам мінезінің әлеуметтік типтері қалыптасады. Әлеуметтік мінездің мынандай типтерін бөліп көрсетуге болады:

1.Гармониялық біртұтас тип-қарым-қатынасқа, қақтығысқа тұрақтылығымен және сонымен бірге бейімделгіштігімен ерекшеленеді. Мұндай мінез типі бар адамда ішкі конфликт болмайды, оның ниеті жасап жатқан ісімен сәйкес келеді.

2. Ішкі конфликтілі, бірақ сыртқы ортамен үйлесімді тип-ішкі қозу мен сыртқы мінез-құлық арасындағы қарама-қайшылығымен ерекшеленеді, ортаның талаптарымен келісу үлкен қысыммен жүзеге асырылады.

3. Бейімдігі төмен конфликтілі тип-оған эмоциялы талаптану мен әлеуметтік талаптар арасындағы конфликтілік, коммуникативтік қасиеттердің жетілмегендігі тән. Мұндай типтегі адамдар барлық жаңа жағдайларды қақтығысты түрде қабылдайды.

Бүгінде әлеуметтік қақтығыстар туралы классикалық тұжырымдамалар кеңінен қолданылады. Олар: Л.Кронсбергтің «әлеуметтік қақтығысы», Р.Дарендорфтың «қоғамдық қақтығыс моделі», сонымен қатар Л.Козердің, К.Боулдингтің, Д.Доллардтың, Дж. Бартонның теориялары. Негізінен алғанда, қақтығыс субьектінің, әлеуметтік жүйемен қарым-қатынастың дамуына септігін тигізетін алғышарттардың бірі болып табылады. Сондықтан қоғам, әлеумет қақтығыссыз бола алмайды. Осыған орай қақтығыстың позитивті және негативті қызметтері болады. Әлеуметтік ортада қақтығысты жағдайға түскенде оны эффективті анықтау және шешу үшін қақтығыс жағдайына байланысты мінез-құлық стилін, қақтығысқа түскен басқа адамдардың стильдерін, сонымен бірге қақтығыстың табиғатын анықтап алу қажет.

Әлеуметтік қақтығысты шешудің бес негізгі стильдері бар. Олар Томас-Килменн әдісі деп аталатын жүйенің негізіне салынған бағдарламаларда бейнеленген және кеңінен қолданылған (1972 жылы Кеннет У.Томас және Ральф Х.Килменнмен өңделген). Жүйе әрбір адамға қақтығыс жағдайы барысында өзінің жеке мінез-құлық стилін анықтауға көмектеседі. Қақтығыс жағдайына байланысты көрсететін мінез-құлықтың негізгі стильдері, екі немесе одан да көп қақтығыс жақтарының қызығушылықтарының сәйкес келмеуінен пайда болатын кез-келген қақтығыстың жалпы себебімен тығыз байланысты.

Қарсыластық стилі. Тор көрсеткендей, қарсыластық стилін қолданатын адам белсенді болады және қақтығысді өзінің жеке жолымен шешуді қалайды. Оны басқа адамдармен бірлесіп әрекеттесу онша қызықтырмайды, бірақ ерікті шешім қабылдауға қабілетті. Мұндай адамдардың пікірі: «Мені басқалар не ойлайтыны қызықтырмайды.

-  Қақтығыстан кетіп қалу стилі (уклонения, избегание). Қақтығыс жағдайына байланысты бес негізгі мінез-құлық стильдерінің екіншісі, қақтығыс барысында өзіңіздің құқығыңызды қорғамай, мәселені шешу үшін ешкіммен бірлеспей немесе қақтығысты шешуден аяқ тартқан кезде жүзеге асады. Бұл стильді сізге қатысты мәселе сіз үшін онша маңызды болмағанда, бұл мәселені шешуге уақытыңызды, күшіңізді жоғалтқыңыз келмегенде немесе өзіңізді сенімсіз жағдайда екеңізді сезінгенде қолдануға болады. Сонымен қатар, өзіңіздің қателігіңізді және басқаның дұрыстығын сезінгенде немесе қақтығысдесушінің беделі жоғары екенін білгенде бұл тәсілді қолданған дұрыс.

Көп адамдар қақтығыстан кетіп қалу стилін мәселеден және жауапкершіліктен «қашып кету» деп санағанына қарамастан, негізінде қақтығыстан кетіп қалу немесе шешімін біраз уақытқа қалдырып қою тәсілі қақтығыстық жағдайға конструктивті және сай реакция болуы мүмкін. Егер де сіз тақырыпты ауыстырып, шешуден қашып немесе зейінді басқа жаққа аударсаңыз, онда қақтығыс өзімен өзі шешіледі. Егер керісінше болса, онда сіз кешірек қақтығысты шегуге дайын болғаныңызда әрекет етсеңіз болады.

Бейімделушілік стилі (приспособления).Үшінші стиль бейімделушілік стилі болып табылады. Бұл стиль өзіңіздің қызығушылықтарыңызды дәлелдемей, басқа адаммен біріге әрекеттесетіңізді анықтайды. Бұл стильді мәселенің шешімі сіз үшін емес, екінші адам үшін өте маңызды болғанда қолдансаңыз болады. Сонымен қатар, басқа адамның беделі жоғары болғандықтан, қақтығысты өзіңіздің пайдаңызға шеше алмайтындығыңызды сезінгенде, сіз аяқ тартып, оппоненттің қалауымен келіссеңіз пайдалы болады. Томас пен Килменн пікірінше, сіз мұндай стильде басқа адамның пайдасына өзіңіздің қызығушылықтарыңызды құрбан етесіз.

Бейімделу стилі қақтығыстан кетіп қалу стиліне аздап ұқсайды, себебі мәселені шешуді уақытша қалдырып қоюға көмектеседі. Бірақ негізгі айырмашылығы болып, сіз басқа адаммен бірлесіп әрекеттесесіз; сіз ситуацияға қатысып, екіншісінің қалауына келісесіз. Ал қақтығыстан кетіп қалу стилін қолданғанда, сіз басқа адамның қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін ешқандай әрекет жасамайсыз.

Бірлесіп әрекеттесу стилі. Негізгі стильдердің төртіншісі бірлесіп әрекеттесу стилі болып табылады. Бұл стиль бойынша, сіз қақтығысді шешуге белсенді қатысасыз. Өзіңіздің қызығушылықтарыңызды дәлелдей отыра, басқа адаммен бірлесіп әрекеттесуге тырысасыз. Қақтығыстарды шешудің басқа стильдеріне қарағанда бұл стиль жалғастыруға міндетті жұмысты қажет етеді. Себебі, сіз алдымен екі жақтың да қажеттіліктерін, қызығушылықтарын анық ашып, содан кейін ғана оларды талқылайсыз.

Бірлестік стилі қақтығыс шешімін достық, сабырлылық жолмен анықтау және екі жақтың қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін қолайлы тәсіл болып табылады. Бірақ бұл белгілі бір талпыныс пен тырысуларды қажет етеді. Бұл үшін екі жақ белгілі бір уақыттарын бөліп, өздерінің қалауларын, қажеттіліктерін бір-біріне түсіндіре білу керек.

Компромисс стилі. Тордың ортасында компромисс стилі орналасқан. Қалған қызығушылықтарыңызды қанағаттандыру мақсатында, өзіңіздің қызығушылықтарыңызды екінші жаққа кей жағдайда келісім жасайсыз. Ал екінші жақ та тура осындай әрекет етеді. Басқа сөзбен айтқанда, екеуіңізде өзіңіздің аз мөлшерде қалауларыңызды қанағаттандыру және аз мөлшерде басқа адамның қалауларын орындауда ортақ келісімге келесіздер. Сіздер компромистік шешім табу үшін келісесіздер. Сонда да компромисс стилін бірлестік стилімен салыстырғанда шешімге жоғары деңгейде жетуге болады; сіз бір нәрсемен екінші жаққа жол берсеңіз, екінші адам сізге де бір нәрсеге жол береді, нәтижесінде ортақ шешімге келе аласыздар. Бірлесіп әрекет ету стиліндегідей жасырын қалаулар мен қызығушылықтарды іздемейсіз. Тек бір-біріңізге айтқан қалауларыңызды ғана қарастырасыздар.

 

 Әдебиет:

 

1.            Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. - Алматы: Білім, 1997.-256 б.

2.    Ануфриева Е.А. Жеке адамның әлеуметтік ролі және белсенділігі. МГУ баспасы, 1971

3.    Алдамұратов  Ә. Ж.   «Жалпы психология»- Алматы. Білім;.1996. 

4.    Здравомыслов А.Г. Социология конфликта TXT. - М. Аспект-Пресс. - 1996. - 317 с.

5.    Левин К. Теория поля в социальных науках / [Пер. Е. Сурпина]. — СПб.: Речь, 2000

6.          Анцупов А.Я., Шипилов А.И.  Конфликтология.- М.: ЮНИТИ, 1999

7.          Зимняя  И.А.  Педагогикалық психология.-М.: Логос; А, 2005