Абдрахманова А.Т.,  Г.О.Рүстемова

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,  Қазақстан

 

ҚАРТ АДАМДАРДЫҢ БАЛАЛАРЫМЕН ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Әлеуметтік ортада тіршілік етуші адамзат өзінің кім екенін былайғы жұртқа, өзін қоршаған орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады. Адамдар қарым-қатынасының маңыздылығы қоғамдық өмірде айқын байқалады. Жалпы қарым-қатынас дегеніміз-ғылыми әрі шығармашылық процесс. Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапқырлығы мен ақыл-ойына байланысты жүзеге асып отыратын тіршілік мұқтаждығы. Тіл табысып өзгелермен қатынас орнату әрбір адамның өзіндік талғам тілегін, ықылас-ынтасын, жалпы адамға деген адами көзқарасын жете түсінуді талап етеді. Қарым-қатынас нәтижесінде адамның кісілік қасиеті, өзгелерге деген қамқорлығы мен жан ашырлық сезімі байқалады. Адам өзін өзгелердің орнына қоя отырып, оның ішкі дүниесінің сырын тани білетін болады.

Қарым-қатынасыыз адамның бірде бір психикалық қызметтері немесе психикалық процестерінің қалыптасуы мүмкін емес. Қарым-қатынас бұл адамдардың өзара әрекеттестігі мен өзара бір-бірін түсінісуге бағытталғандықтан, олардың арасында өзара қатынас орнатылады. Топ ішіндегі адамдардың бір-біріне тәуелділігі, бағынуы, өзара көмектесуі-олардың нағыз топтық тіршілігінің заңды түрде қалыптасуын көрсететін сипаттар. Олардың арасындағы қарым-қатынастардың мазмұнды болуы түрлі әлеуметтік жағдайларға және әрбір адамның даралық нақты іс-әрекеттеріне байланысты. Мұндағы өзекті мәселе-адамдардың қоғамдық әрекеттерінің әлеуметтік мақсаттылығын. Адамдар арасындағы тікелей қарым-қатынас бір-бірін ұнатып, қолдау нәтижесінде өрістесе, ал жанама қарым-қатынас олардың бағалы заттарды өзара алмасуымен бірінің ісін бірі бағалау нәтижесінде қалыптасады. Тұрмыстық не қоғамдық қажетсінуден бірін-бірі керексінген адамдар өзара қатынасқа келіп, ал ол болмаса бір-бірінен бейтарап қалады. Өмірлік маңызды қажеттіліктері бола тұра, олардың қанағаттандыруда кедергілік ететін қалыптар да болады. Бұл жағдайда қарым-қатынастар үзілмейді, бірақ мұндағы қарым-қатынастар өшпенділік не жек көрушілікпен ұштасады.

Жалпы Кеңес дәуірінің тұсында қарым-қатынас мәселелері келесі 3 кезеңде қарастырылады:

1. Өз зерттеулерінде В.М.Бехтерев қарым-қатынас ролін адам психикасында дамушы фактор ретінде алғаш көтерген болатын. Бірақ бұл кезеңде қарым-қатынас процесі зерттеу нысаны болған жоқ. Мұнда тек қарым-қатынастың психикалық процестер мен қызметтерге ықпал ету жағдайлары ғана зерттеледі.

2. 70 жылға дейінгі теориялық-философиялық әдіс. Бұл кезеңде қарым-қатынас түсінігі тұлғаның әлеуметтену жағдайын дәлелдеуде қолданылады. Л.С.Выготский бойынша қарым-қатынас адам психикасының дамушы факторы ретінде роль атқарады. С.Л.Рубинштейн еңбектерінде адамның тұрмысқа қатынасы, өзге адамдарға деген қатынас жүйесі философиялық-теориялық дәлелдеулерде қарастырылған. Ал, А.Н.Леонтьев қоғамдық тәжірибені игерудегі, ойлаудың даму жағдайындағы қарым-қатынас ролін атап көрсетті. Б.Г.Ананьев еңбектерінде қарым-қатынас өмір әрекетінде ең маңызды роль атқаратындығын ашып көрсеткен.

3. 70 жылдары қарым-қатынас психологиясы жеке аумақ болып зерттеле бастады. Енді осы кезеңнен бастап қарым-қатынас процесі нақты және жан-жақты қарастырыла бастады.

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың өзгеруіне мүмкін болар себеп-бұл нақты адамдар арасындағы қатынастарда туындаған әлеуметтік-психологиялық орта сипатының ауысуы. Екі немесе одан да көп адамдар бірін-бірі өте қажетсінеді, орталарында толық психологиялық үйлестік болған, бірақ кенеттен өзгерген әлеуметтік саяси жағдай оларды жікке бөліп тастайды. Адамдар қатынасының орнығуы немесе өзгеруіне және бір себепші фактор-бұл адамдардың жас деңгейі. Өмір бойы қалыптасқан тұрмыстық-әлеуметтік тәжірибе адамға, оның төңірегіндегі жандарға, болып жатқан оқиғаларға әсерін тигізбей қоймайды. Жас деңгейі әр түрлі адамдардың бір оқиғаға берген бағасы да бірінен бірі алшақ болуы әбден ықтимал.

Қарттық кезеңде адам терең байланыс жасау қабілетінен біртіндеп айырылып, оның қарым-қатынас жасау аумағы міндетті түрде тарылады деген көзқарас қалыптасқан. Қарт адамдардың қарым-қатынасы бір жағынан жастық кезеңдегі негізгі қарым-қатынас тенденциясының жалғасы болып табылады, ал екінші жағынан қарттық кезеңге бейімделу жетістігі, яғни қазіргі сәтке қанағаттанушылығымен айқындалады. Егер адам өмір барысында айналадағылармен толық байланыс жасаған болса, онда ол қарттық шақта да эмоционалды байланысқа қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіндігін сақтайды. Жастық шақта жақын қарым-қатынас жасай алмаған немесе айналадағылармен кездейсоқ байланыстар жасаған адамдар негізінен қарттық кезеңде қарым-қатынасқа тапшылық сезінеді.

Қарым-қатынаста өз мәнділігін сезінуге айқын қажеттілік туындайды. Бұл сенің өз жанұяңа, балаларыңа, немерелеріне қазет екендігіңді сезіну, өзге адамдарға кәсіби және өмірлік тәжірибе, сондай-ақ сақталған қабілетіңмен көмектесу мүмкіндігімен қанағаттандырылуы мүмкін. Бұл қажеттілік өзіндік қалыптасу, шығармашылық қажеттілікте сипат алады.

Қарттық кезеңдегі адамға эмоционалды сферадағы өзіндік өзгерістер тән: себепсіз қайғыруға бейімділік, жылауықтық және көңіл-күйдің жылдам өзгеруі. Көптеген қартадамдарда өз-өзімен тұйықталу, сезімталдықтың бәсеңдеуі, күрделі мәселелерді шешу қабілетінің бәсеңдеу қарқыны байқалады. Қарттық кезеңде көптеген адамдардың сенсорлы (көру, есту) қызметтерінің төмендеуі, өзінің және жақын адамдарының денсаулығының әлсіреуі байқалады. Сонымен қатар статусы, жұмыс қабілеті және қаражат деңгейі төмендейді. Қарт адамда біртіндеп барлық сезім органдары әлсірейді, қозғалмалылық пен белсенділік жойылады. Интенситив-әрекетшіл адамдар пассивті бола бастайды.

Қарт адамдар қолданатын өзге психологиялық қорғаныс тәсілі-қоса қарастыру болып табылады. Бұл жағдайда адам өмірінде өзінің жеке қиыншылықтарымен салыстырғанда күрделі жағдайларға кезігеді. Мұнда қайғылы жағдайдың маңыздылығы өзге адам қайғысының негізінде төмендейді. Өзге адамның қайғысына ортақтасу арқылы ішкі қақтығысты шешу, қоса қарастыру арқылы қорғануға мысал бола алады. Егер адам өзін мазалайтын қайғылы жағдайлардан ауыр, күрделірек өзге адамдар жағдайын бақылап көріп отырса, ол өз сәтсіздіктерін өзгелермен салыстыру арқылы бағалап өзгеше көзқараспен қарай бастайды. Өзге адам қайғысына шын көңілмен ортақтаса білетін адамдар өзгелерге көмектесумен қатар, өзінің психикалық жағдайының жақсаруына мүмкіндік туғызады.

Қарттық шақта адам өзінің субъективті әлем шегінен тысқары жатқан нәрселерге қызығушылығын тоқтатады. Қалған энергиясын өзіндік сақтауға бюағыттайды. Өмірінің соңғы жылдарында қызығушылық аумағының күрт арылуын ағзаның соңғы мүмкіндіктерін сақтауға және өмірлік маңызы бар функцияларды қалыптастыруға бағытталған бейімделу жағдайы ретінде қарастыру қажет. Қарт адамның психологиялық бейнесі көпшілігі үшін теріс жағымсыз сипатта қалыптасады. Өзін-өзі бағалаудың төмендеуі, өз-өзіне сенімсіздік, өз-өзіне наразылық; жалғыздық, кедейліктен, өлсіздіктен, өлімнен қорқу; жабыраңқылық, ашуланшақтық, пессимизи; жаңаға қызығушылықтың төмендеуі-осыдан эгоизм, ертеңгі күнге сенімсіздік туындайды. Осының барлығы қарттарды ұсақ түйекшіл, сараң, өте сақ, консервативті етіп көрсетеді. Бұл кезеңде көп адамдар көңіл-күйдің спецификалық бұзылысын сезінеді. Мұндай өзгерістер қоршаған ортаға қызығушылықтың болмауы, өзі керексіз сезінумен сипатталады. Қарт адамдардың жалпы үрей деңгейі жоғарылай түседі. Өз ағзасының қызметінің бәсеңдеу процесі және өзін керексіз сезінумен байланысты үрей күшейе түседі.

Қарттық кезеңдегі өмірге қанағаттанушылық қарт адамның жағымды көзқарас қалыптастыру түсінігімен байланысты. Рифер зерттеуінде қарт адамдардың өзгерістерді қабылдауы жағымды дамудың негізгі факторы ретінде көрсетіледі. Хайдрик және Рифер неліктен көптеген қарт адамдар әлсіз денсаулықтарына Қарттық кезеңдерге өмірге қанағаттанушылық қарт адамдардың жағымды қалыптасу қарамастан болашаққа деген жағымды қатынаста болатындығын анықтауға қатысты зерттеу жүргізгенде олардың ауруға бейімделуінде әлеуметтік салыстыру негізгі роль атқаратындығын анықтады. Әлеуметтік  салыстыру механизмдерін қолдана отырып, қарттар өздерінің жағдайларын өздері секілді қарт адамдардың жағдайларымен салыстыра отырып, нәтижесіне байланысты өз мақсаттарын өзгертеді. Денсаулығы нашар қарт әйелдер көп жағдайда әлеуметтік салыстыру тәсілін қолданады. Салыстыру жағымды болған сайын әйелдің денсаулығы жақсара түседі-күрделі медициналық жағдайдың өзінде.

Орта және қарттық шақтағы ер адамдардың өмірге деген көзқарасын анықтауға арналған зерттеуде ТАТ (тематикалық аперцепция тесті) қолданылды. Бұл зерттеудің нәтижесі бойынша: 40 жастағы ер адамдар оның айналасындағы жағдай оның қолында деп есептейді, сондықтан өмірдегі түрлі жағдайлар оны үрейлендірмейді, өйткені ол өзінде жеңіске деген күшті сезінеді. Қарт адамдар керісінше айналадағы әлемді қауіпті, күрделі деп санайды. Бұл әлем енді оның иелігінде емес, сондықтан оны өз қалауы бойынша өзгерте алмайды. Оның орнына ол айналадағылардың талаптарына бағынады және оған бейімделеді. Гутман бұл өзгерісті белсенді басқарудан енжарлыққа өту перспективасы ретінде қарастырды.

Қарттық кезеңдегі жеке тұлға өзгерістері адамның осы кезеңде қарым-қатынас жасау деңгейіне, осы өмір кезеңіне бейімделуіне және физиологиялық өзгерістерге де нақты әсер етеді.

Қарым-қатынас адамдардың қоғамдық өмірінде бір-бірін түсінісу, ортақ әрекет жасауға, ақпарат алмасуға негізделген процесс. Бастапқыда, өз өмірлерін орнықтыруға бағытталған кезеңде басталған қарым-қатынас қарттық кезеңде жалғасын тауып, жаңа сипатқа ие болды. Қарттық кезеңдегі өзара қарым-қатынас бір-біріне қолдау көрсетіп жұбатуға, қиын сәтте бір-біріне көмектесуге негізделеді. Қарттық кезеңдегі мұндай қарым-қатынасқа ерлі-зайыптылар, достар мен жақын бауырлар арасындағы қарым-қатынасты жатқызуға болады.

Қарттық кезеңде ерлі-зайыптылық қатынас күрделі және біркелкі емес. Бұл кезеңде неке бұрынғымен салыстырғанда қарым-қатынас аумағын, әрекет бағыттылығын айқындай бастайды, ішкі дүние жақындылығының, қолдау мен жұбаныш көзі болып табылады. Ерлі-зайыптылар бір-біріне жиі көмек көрсетеді. Осының негізінде ерлі-зайыптылардың екеуі де ұтысты жағдайда болады, өйткені екеуі де сүйіспеншілік, қолдау мен сатусқа ие болады, ақша мен ақпарат алады. Екінші жағынан ызаланушылықтың күшеюі, жекелік ерекшеліктердің «ұшталуы», жалпы мінез-құлық өзгерісі, әлеуметтік бақылаудың төмендеуі қарт ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын күрделендіреді. Олардың бірлесе өмір сүруіндегі ортақ мақсаттары мен ойлары жоқ жалғыздық сезімдіөмірі көбіне өзара кінәмшылдық, бір-бірне шағымданумен, өзара қамқорлық пен ілтипаттық жетіспеушілігіне қапалануға толы болады.

Ғалым В.Альперович қарттық кезеңде көптеген адамдар жақын туыстарымен бауырларымен эмоционалды байланыстың жоғарылағандығын негізге алады. Қиын сәтте олар бірлесе тұрып бір-бірін қолдайды, жұбатады, ауырған кезеңдерде бір-біріне көмектеседі. Бауырлар қолдауы мысалы, жұбайы қайтыс болған жағдайда бұл қолдау көптеген факторларға байланысты болатындығын зерттеулер көрсетті, олар: жанұялық жағдайы, жынысы және тағы басқа жағдайлар. Бұлардың арасындағы қарым-қатынас біркелкі болмайды. Осыған қарамастан туысқандық қатынас қарттық кезеңдегі әлеуметтік байланыстың бір бөлігі болып табылады. Бұл қатынастар отбасы құрмаған немесе қолдау мен көмек қажет ететін бірақ, оларға көмектесер ересек балалары жоқ қарттар үшін өте маңызды. Қарым-қатынаста олар жастық және балалық шақ жайлы бастарынан өткен уақиғаларды еске түсіреді-бұл оларда қуаныш сезімін тудырады және қиын-қыстау кезеңде жұбаныш болады. Бірақта бұл қатынастарда жиі тұрақсыз және олар үшін де қарт ерлі-зайыптылар қатынасындағы мәселелер тән болып келеді.

Қарттық кезеңде қамқорлық пен ілтипатқа қажеттіліктің жоғарылауына сәйкес достық қатынастың ролі жоғарылауы мүмкін. Көптеген әлеуметтік ролдердің өзгеруі, өзін керексіз сезінуі достық қатынас пен ілтипат негізінде компенсациялануы мүмкін. Қарттардың сөз құмарлығының жоғарылауын ақпарат көлемінің және әлеуметтік қарым-қатынастың жетіспеушілігімен түсіндіруге болады. Бірақ соңғысы көп жағдайда достық қарым-қатынас арқылы қанағаттандырылады. Достық қарым-қатынас әлеуметтік жағдай мен қызығушылықтардың ортақтығымен, өткенге ортақ көзқарастың болуымен және отбасы мүшелерімен қарым-қатынаста әрдайым қол жеткізуге болмайтын қарым-қатынас деңгейінің сәйкестілігімен негізделеді. Қарттық кезеңдегі достық өткен әрекет не ұзақ бірлесе өмір сүру негізінде туындаған және қарттық қиыншылықтарды жеңудегі ортақ стилдермен, ортақ тағдырдың болуы, мәдени деңгейдің ұқсастығы арқылы туындаған толыққанды эмоционалды қатынас болып табылады.

Қарттық кезеңдегі достық қатынас арқылы қарт адамдар өздерінің өткен өмірлерін, өткен жылдардағы қызмет барысындағы жағдайлары, балалары және негізінен туған-туыстарымен қатынастарымен бөліседі. Қарт адамдардың өмір барысында достарын жоғалтуы, әсіресе ең жақсы қарым-қатынастағы достарын жоғалтуы оларға эмоционалды тұрғыда ауыр тиеді. Олар өздерінің ортасының, өз қатарларының азайып бара жатқандығын уайымдайды. Өздерін қоғамның шеттетілген адамдары секілді сезінеді. Қарт адамдардың ортақ көзқарастарының болуы, өткен өмірлерінің ұқсастықтары өзара қарым-қатынаста жастарға айтылмаған, өздері және өз қатары үшін әлі де құндылығын жоғалтпаған ой, арман-тілектерінің бірлестігін көрсетеді.

Жалпы қарттық кезеңдегі адамдардың өзара қарым-қатынасы ерлі-зайыптылық қатынас, достық және жақын бауырлық қатынас аумағында қалыптасады. Қарттардың зейнетке шығып, балалары жеке отбасы құрғаннан кейін уақытының басым көпшілігі осы өзара қарым-қатынас, яғни жақын бауырларымен достарының қарым-қатынасына бағытталады. Қарттар өмірінің соңғы жылдарында өткен өмірін толық қорытындылау, өткенге баға беру арқылы қарым-қатынасын жақындарына бағытталады.

 

Әдебиет:

1.    Назарбаев Н. «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады», Егемен Қазақстан, 11 қазан, 1997.

2.    Эриксон Э. Молодой Лютер: психоаналитическое историческое исследование. – М.: Медиум, 1996. – 506 с.

3.    Богомолец А.А. Задачи экспериментальной медицины в борьбе с преждевременном старением// Старости., 1972

4.    Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. СПб., Питер, 2001

5.    Кон И.С. Философские вопросы кибернетики.  М.: 1961.-  296 с.

6.    Аристотель. О памяти и припоминании. /Пер. С. В. Месяц. //Космос и душа. М., 2005. С.407-419.

7.    Гиппократ. Сочинения. / Пер. В. И. Руднева, комм. В. П. Карпова.

8.    Платон //Новая философская энциклопедия

9.    Цицерон. Сборник статей. /Отв.ред. Ф.А.Петровский. — М.: Издательство АН СССР, 1958. — 151 стр.

10.                 Бромлей Ю.В. Этнос и этнограФия. М.:Наука., 1973, –368 стр.