А.Т.Абдрахманова,
А.Абдуллаева
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеі,
Қазақстан
АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНДЕ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
Қазіргі
заманғы ұлттық тәрбие берудің
педагогикалық-психологиялық мәселелерін шеше отырып, білім
берудің жаңа моделін құрудың негізгі
қағидаларын шешу мақсатында елімізде ұлттық білім
беру саласын дамытудың, өзінің өмірлік
мақсаттарын дұрыс белгілей алатын, ұлтын сүйе білетін,
ұлттық әдіс-тәсілдер арқылы тұлға
тәрбиелеудің негізін жасауды көздейтін маңызды
бағдарламалар мен тұжырымдамалар өмірге келуде [16].
Ауыл
мектептеріндегі педагогикалық-психологиялық қызметінің
моделінің негізгі бағыттары: психологиялық ұйымдастыру,
алдын-алу, ағарту, психодиагностика, психофасилитация,
түзету-дамыту және кеңес беру.
«Ауыл»,
«мектеп» тақырыбы әрқашан да тек қоғам
қайраткерлері мен ағартушылардың іс-әрекеттерінің
нысаны болып қана қоймай, ғылым саласында да көкейкесті
мәселе ретінде ғалымдардың назарынан тыс қалмаған
емес.
Ауыл
мектебінің құрылуы мен дамуы, тыныс-тіршілігін және
оның қоршаған ортамен, қоғаммен байланысын
Ы.Алтынсарин, Ф.Е.Брадке, А.Г.Заболоцкий, И.Г.Песталоцци, С.А.Рачинский,
В.Н.Татищев, Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский т.б. ғалымдардың
еңбектерінде қарастырылады. Аталмыш проблеманың ғылыми
тұрғыдан дамып, қалыптасуына қазақстандық
ғалымдардың да қосқан үлесі ерекше. Атап
айтсақ, Ш.М.Абеуова, Г.Е.Нурмуханова, Е.А.Өтебаева өз
еңбектерін ауыл мектебінде оқушылардың агроэкологиялық
мәдениетін, шығармашылық дербестігін
қалыптастыруға, адамгершілік, экономикалық тәрбие
беруге арнаған.
Ауыл
мектептері мен жоғары оқу орындарының психологиялық
қызметін ұйымдастыру мен дамытуға ықпал жасаған
факторларға білім берудегі психологиялық қызметті
ұйымдастырудың тәжірибесін жинақтау, оның
практикалық ұйымдастырылуын ғылыми негіздеу
(К.А.Абульханова-Славская, М.Р.Битянова, Л.Ф.Бурлачук, Ю.З.Гильбух,
К.М.Гуревич, И.В.Дубровина, Ю.М.Забродин, Е.А.Климова, К.К.Обозов,
Р.В.Овчарова, В.Г.Панок, А.М.Прихожан Н.И.Рейнвальд және т.б.) жатады [18,19,20].
Қазірігі
білім беру жүйесінде мектептің психологиялық қызметті
жаңа дамып келе жатқан саланың бірі. Осыған байланысты
шешуді талап ететин көптеген мәселелер бар. Біріншіден ол
психологтың мектептегі статусы, оның құқықтары
мен міндеттері, жауапкершілігі мен этикасы, жұмыс бағыттар мен
құжаттары мәселесі толық белгіленуі тиіс.
Ауыл
мектептерінде психологиялық қызметтің басты
мақсаты-даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық
қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне
қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында,
оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және
жүргізу.
Енді "психологиялық
қызмет" ұғымына сипаттама беріп өтсек.
Психологиялық қызметтің бір мағыналы түсінігі
жоқ. Жантану атауларының түсіндірме сөздігінде "Психологиялық қызмет- адамдарға
мамандандырылған деңгейде психологиялық көмек
көрсету үшін мекемелер мен ұйымдарда
құрылған арнайы қызмет жүйесі" делінген. Дегенмен,
психологиялық қызметтің алдына қойған міндеттері
мен оларды шешу жолдарын көрсететін екі неғұрлым ортақ
анықтамаларды ерекшелеп көрсетуге болады.
Біріншіден, психологиялық
қызмет білім беру, денсаулық сақтау, өндіріс және
т.с.с. психологиялық қамтамасыз ете отырып психологиялық
қызмет көрсетудің ерекше аясын жасайды. Бұл білім беру,
денсаулық сақтау, өндіріс, құқық
қорғау, көлік және т.б. салалардағы
психологиялық сараптама, диагностика, кеңес берудің кешенді
міндеттерін шешу үшін психологиялық білімдерді практикалық
қолдану болып табылады. Басқаша айтқанда,
"психологиялық қызмет" деп бүкіл практикалық
психологияның саласын көрсетеді.
Екіншіден, психологиялық
қызмет деп, түрлі әлеуметтік институттар мен ұйымдарда
білікті психологиялық көмек қажет ететін адамдарға
арналған арнайы мекемелер жүйесін де атайды.
Ауыл
мектептерінің психологиялық қызметі психологиялық
диагностика (жеке және топтық), кеңес беру,
психологиялық сауықтыру, психологиялық білімдерді насихаттау,
оқушыларды әлеуметтік-психологиялық бейімдеу,
психологиялық мәдениет деңгейін көтеру, тренингтік
сабақтар сияқты негізгі құрылымдық бірліктерді
біріктіретін қызмет болып табылады. Егер онда
"дөңгелек" үстелдерді ұйымдастыру, өзге
ауыл мектептерінің психологиялық қызметтерімен тәжірибе
алмасу, түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, мұғалімдерге
қатысты оқушылармен, өзара тиімді қарым-қатынас
жасауды машықтандыруға бағытталған коммуникативті
тренингтер ұйымдастырылса, тақырыптық сұхбаттар
жүргізілсе, ата-аналармен де тиісті жұмыстар ұйымдастырылса
қызметтің тиімділігі арта түскен болар еді [27].
Ауыл
мектептерінің психологиялық қызметінің негізгі
міндеттері оқушылардың кәсіби дамуы мен қалыптасуын
психологиялық қолдау мен сүйемелдеу болып табылады.
Психологиялық сүйемелдеуді оқыту және тәрбиемен
қатар білім берудің үшінші жағы ретінде
қарастыруға болады.
Балалар мен
жеткіншектердің әлеуметтік-психологиялық бейімделу
технологиясы-бұл баланың
және толық педагогикалық процестің барлық
субьектілерінің мақсатқа бағатталған өзара
байланысты іс-әрекеті. Психологиялық коррекция және
психотерапия технологиясы-бұл психология –педагогикалық себептерді
немесе жетіспеушіліктерді жоюға бағытталған психологиялық
немесе психотерапиялық құралдар жүйесі. Оны
қолданудың нәтижесі баланың күйіне,
іс-әрекетіне, қатынасына және мінез-құлқына
позитивті әсер ететін, баланың психикасындағы
өзгерістер болып табылады.
Жасөспірімдер
мен балалар әлеуметтік-психологиялық реабилитациясының
технологиясы-әлеуметтік субьекті ретінде қалыптастыруға
қабілетті, оларды қоғамға (отбасы, мектеп, сынып,
құрбылар ұжымы) бейімдейтін, қосатын, қайтаратын
мақсатты бағытталған жүйелі процесс.
Психо-педагогикалық реабилитация аспектісінде қандай да бір
бұзылыстар кейінгі баланың психологиялық
құбылыстары мен қабілеттерін қайта қалыптастыру
сияқты процестер қаралуы мүмкін. Нәтижесінде
баланың жасына және орта талабына жауапты нормалары,
мінез-құлқы мен психикасында тепе-теңдік
қалыптасады. Бұл тәрбие мен оқыту
жағдайындағы қатынас пен баланы әрекет (ойын,
оқу) субьектісі ретінде қалыптастыру кезінде ғана
мүмкін. Бұл жағдайда реабилитацияны жиі қайта
тәрбиелеу деп атайды.
Ауыл
мектептерінде әлеуметтік-педагогикалық реабилитация мына
шеңберде қолданылады: жасөспірімдер мен жеткіншектерге
қатысты, мектептік және отбасылық репрессияларды жеңу;
оған құрбылары жағынан жасалған обструкцияны
жеңу; олардың қарым-қатынас пен мінез-құлқын
түзету; қақтығыстық жағдайларды шешу.
Психологиялық
қолдау технологиясы-бұл
жалпы педагогикалық процестің барлық мүшелерін
оптималды әлеуметтік-психологиялық жағдайлармен
қамтамасыз ету мақсатында бала тұлғасының
толық дамуын және психологиялық денсаулығын
сақтау үшін жүзеге асырылатын түрлі технологиялармен
ұсынылған өзара шартталған және өзара
байланыс әрекеттерінің кешені.
Қoлданылған әдeбиeттeр тiзiмi:
1. Қазақстан
Рeспубликасының 2015 жылға дeйiнгi бiлiм бeрудi дамыту тұжырымдамасы.
-Астана, 26 жeлтoқсан. 2003.
2. Қызықты
психoлoгия. Рeспубликалық ғылыми-практикалық, танымдық-психoлoгиялық
журнал.-Алматы, №2, 2013ж.
3. Қалиeв С. Қазақтың тәлiмдiк oй-пiкiр
антoлoгиясы.-Алматы.,1998
4. Иманбeкoв Т. Өнeгe сөз -өрiсiң. -Алматы.1991