Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі.

 

                                                                                      М.Х. Дулати атындағы

                                                                                      ТарМУ дене тәрбиесі

                                                                                      кафедрасының оқытушысы

                                                                                      Шонов Еркін Шайбекұлы

 

 

            Қазіргі кезде білім беру мектептерінің алдында тұрған міндеттердің бірі жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары сапалы білім алып сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.

            Дене тәрбиесінің мақсаты денсаулығы мықты, рухы сергек, Отанын қорғауға және ұзақ уақыт шығармашылық еңбекте жарамды адамды қалыптастыру болып табылады. Осы жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде ұстаздың жеке басының рөлі ерекше. Бұл туралы кезінде советтің атақты педагог К.Д. Ушинский: «Сөз жоқ, көп нәрсе оқу орындарында жалпы тәртіпке байланысты, бірақ ең негізгісі тәрбиеленушімен тікелей қарым-қатынаста болатын тәрбиешісінің жеке басының жас-жанға ықпал етуі оқулықпен де, моральдық ақыл айтумен де, жазалау және мадақтау жүйелерімен де алмастыруға болмайтын тәрбиелеуші күш болып табылады»,-деген болатын.

           Дегенмен бұл талаптардың үдейінен шығуы жеңіл-желпі, өздігінен бола қалатын шеру емес. Бұл міндеттерді ойдағыдай орындау үшін дене тәрбиесі жетекшілеріне бар ынтамен жұмыс істеуге, ізденуге тура келеді. Әсіресе, халқымыздың тарихи-мәдени мұралардың ішінде ерекше орын алатын салалардың бірі – қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында пайдалану. Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға бай екендігі тарихтан белгілі. Қазіргі кезеңде ұлттық ойындарды болашақ ұрпақтар мен замандастар оқып, санасында сақтап, үйреніп, күнделікті өмірінде қолданып дене күштерін арттыруға бірден-бір себепші болатындығы айғақ. Ұлттық ойындармен танысып, ата-бабаларымыздың психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салып, ұрпақтан-ұрпаққа дарыған дәстүрі мен жалғасын өрістете отырып, өйткені мен бүгінгіні байланыстыра білулеріне сыныпта оқыту мен тәрбие беру барысында денсаулық сақтау межесіне жету мақсатын көздету оны іс жүзінде жүзеге асыруға бар ерік-күш жігерін жұмылдыру, сойтіп мәңгүрттік атауға тосқауыл қоюларына мүмкіндік береді. Халқымыздың перзенттерінің бірі ХХ ғасырдың аса көрнекті жасушысы М.О.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өнерге, ойынға көп көңіл бөлген. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған»,-деп тегіннен-тегін айтпаған. Негізінде ұлт ойындары халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты туып, дамығанын қазақ халқының ұлттық ойындарының алдына мақсат-міндеттерінен, құрылымынан, мазмұндық ерешеліктерінен  байқағанбыз. Дене тәрбиесінің қазіргі жүйесіндегі кемістіктердің туындауына дене шынықтыру мұғалімдерінің еңбегін бағалау өлшемдері жағымсыз рөл атқаруда.

     Жұмыстың ең бастысы,сандық тұрғыдан(оқу нормативтерін «Призидент сынамаларының»талаптарын,спортшы разрядшылардың саны,жарыстарда алған орны және т.б)бағаланады. Осы тұрғыдан қарап туындайтын пайыз қуушылық оқушыларды тәрбиелеуде адамгершілік тұрғысындағы күрделі қателіктерге ұрындырады және мұғалімдер қызметінің сапасына едәуір зиян келтіреді, өйтекні олар оқу орындарының басшыларының спорт басқармаларының «Президенттік сынамаларын» оку бағдарламаларының орташа сандық нормативтердің пайызды қызықтыратындығын түсінеді. Спорт әлемінде адамдардың және рухани қабілеттеріне, олардың өз ара қарым-қатынастарына гуманистік әсер етудің орасан зор мүмкіндіктері жатады. Әсіресе, «бұхаралық спорт», «спорт баршаға» деп аталатындардың,яғни адамның денсаулығын нығайту, дем алуын, көңіл көтеруін өзге адамдармен қарым-қатынас жасау және т.б. мақсаттарды көздейтін оның қозңалыс белсенділігі мен спорттық жарыстардың гуманистік әлеуеті жоғары.

     Дене тәрбиесі нақты бір жеке адамды сауықтыруға, оларды еңбек пен әскери борышын орындауға , дайындауға және болашағы бір тұтас іс есебіндегі, ұлттық тектік қорын жетілдіруге бағытталған. Ол адамның атқаратын жұмысы мен байланысқанда ғана нақты қоғамдық мәнге ие болады.

    Жеке адамдардың мінез-құлқы әр түрлі болуы мүмкін, тәрбие мен алған біліміне байланысты-денсаулықты нығайтуға көмектесуі немесе темекі тарту, ішімдік және есірткі пайдалану түріндегі зиянды әдеттер бар болса, ауруға да әкелуі мүмкін. Бұл ретте әрбір адам өмірге келу, балалық, жастық, толысу, солу, өлу секілді өмірдің жекелеген сатыларынан өтеді. Оқу орнының алдына қоятын ең басты мәселелерінің бірі – өркениетті, прогрессшіл бағыттағы азаматтық, адамгершілік қасиеті мол, ұлттық тілін жоғалтпаған өзге елдегі замандастарымен тең дәрежедегі бәсекелесе алатын, өрісі биік, әрі терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал, оқытушы мен оқу орнының ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамығын, жеке дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастыру.

Рухани байлық халықтың әдет-салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыққан түп-тамырында жататына белгілі,-дей келіп ол, әр жасөспірімнің қабілетін, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығыйтып, жол ашуына түрткі жасау, міне бүгінгі білім беру мен тәрбие ісінің басты міндеті осы деп есептеу керек. Жаңа білім беру парадигмасында бірінші орынға баланың білімін, білігі мен

дағдысы ғана емес, оның тұлғасының білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Міне, сондықтан дене тәрбесі мен спорт болашақта жаңа инновациялық технологияларды пайдалану мақсатында бізге орасан зор септігін тигізеді деп сенеміз.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

1.  Президент  Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 стратегиясы».

2.  Т.Ш.Қуаныш «Дене тәрбиесінің теориялық негіздері»  1995ж.

3.  К.Д.Ушинский  «Тәрбие - тал бесіктен»  1986ж.

4.  Е.Сағындықов «Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында қолдану» Алматы 1992ж.

5.  С.Тайжанов, С.Қалымбекова «Дене тәрбиесі әдістемелік нұсқау» Алматы мектеп баспасы 2008ж.

6.  Қазақстан мектебі журналы 1998ж.

7.  Ж.Бодонов «Ұлттық тәлім тәрбиенің кейбір мәселелері» 1994ж.

8.  Е.Шонов «Дене тәрбиесін оқытудың жаңа технологияларын енгізудің тиімді жақтары» Тараз 2014ж.