Шоңов Еркін
Шәйбекұлы, Қазақстан Республикасы, Тараз қалалсы,
ТарМУ, «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушысы
Дулатов
Нұрдәулет, ТарМУ, «Дене тәрбиесі және спорт»
кафедрасының 213-7 тобының студенті
МЕКТЕПТЕН ТЫС ДЕНЕ ТӘРБИЕСІМЕН СПОРТ
ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Дене тәрбиесі –
қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі,
адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын
нығайтуға бағытталған әлеуметтік
қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене
тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған
деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген,
ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды
тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен
кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Мектептен тыс дене тәриесі
және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың
ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа
білім беру басқармалары ұйымдастырады.
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан
тыс жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын
нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру,
оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене
шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай
меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және
спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру;
қозғалыс дағдысын тәрбиелеу. Дене шынықтыру мен
спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары:
секциялары мен үйірмелердегі сабақтар спорт жарыстары, серуендер,
туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары.
Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін
толықтыра алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести
алатындай жерде белгіленген жөн.
Мектептен тыс дене тәрбиесі
жұмыстары әртүрі ұжымды мекемелерде, жұмыс
орындардарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және
жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек
сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене мәдениеті сауықтыру
кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті
тұрғын жерлердегі аула, спорт клубтары. Бұл мектептен тыс
жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды
толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып
келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың
мүмкіншіліктерін кеңейтеді.
Мектептен тыс дене тәрбиесі
және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің
міндеттері:
1) Жүйелі түрде
жаттығумен айналысуға окушыларды көбірек тарту.
2) Оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене
қуаты дайындығын жоғарылатуға көмектесу,
уакыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру.
3) Дене мәдениеті саласының әрбір бөлімдерінде
көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне
қызығушылықтарын қалыптастыру.
4) Нұсқаушылық
және төрешілік дағдыларына дағдыландыру. Мектептен тыс мекемелер
көптеген мектептің оқушыларын біріктіріп жаттықтырады.
Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады.
Әр мекеме өзінің жұмыс істейтін
бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу
жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші,
педагогтар кұрамы бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды
оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын
жүргізеді.
Осы аты аталған мекемелердегі
жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырыла жүргізіледі:
1. Арнайы
бағыт. Ол бағыт - спорт түрлері бойынша жоғары
жетістіктерге жету бағыты. Бұл бағытта жұмыс істейтін
мекемелер денсаулықтары мықты, дене қуаты дайындығы
жоғары, тұрақты оқушылар контингентімен жұмыс
істейді. Ол мекемелер: балалар, жасөспірімдер спорт
мектебі, олимпиадалық ізбасарлар спорт мектебі, жоғарғы
спорттық шеберлік мектебі, спорттық мектеп интернаттар
2. Жалпы
немесе көпшілік бағыты. Бұл бағыттағы
жұмыстар балалардың қозғалысқа деген табиғи
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүргізіледі.
Ол бағытта жұмыс істейтін мекемелердің ерекшеліктері, олар
денсаулықтары жақсы, белгілі бір уақытта топтың
құрамдары ауысып тұрған балалармен жұмыс істейді.
Ол бағыттағы мекемелер: жазғы
сауықтыру лагері, еңбек
сауықтыру лагері, стадиондар, су станциялары, жас туристер станциялары,
мәдениет
үйлері мен спорттық сауықтыру кешендері, мәдени
демалыс парктері, аула
клубтары.
Жазғы демалыс лагерлеріндегі
спорттық-сауықтыру жұмыстары.
Ата-аналар балаларының денсаулықтары мықты,
шыныққан, күшті болуын қалайды. Сол үшін оқу
мерзімі кездерінде мектептерде дене тәрбиесі және сыныптан тыс
спорттық-сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Дене
тәрбиесі, спорт мамандары оқушылармен ол жұмыстарды
жүргізіп, баланың күндік козғалыс белсенділігі 14
сағаттан кем болмауына ұмтылады.
Жаз уақытында ата-аналар ең ұзақ демалыс (каникул) кезінде
балаларының тоғыз ай мектептегі уақыттары секілді дене
тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі,
тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыра
алмайды. Оның ең бір тиімді жолы бар. Ол жол көптеген жылдар
бойы ұйымдастырылып жүрген балалар демалыс-сауықтыру
лагерлеріне балаңызды жіберу.
Балалардың жаздық сауықтыру лагерлерін 7-15
жастағы оқушыларға арнап кәсіпорындар мен
мекемелердің, халыққа білім беру департаментінің, денсаулық
басқармаларының кәсіподақ комитеттері кұрап,
ұйымдастырады. Ол
кәсіпорындар, мекемелер көп қала жанындағы лагерлер мен
кейбір аудандардағы экономикасы мықты кәсіпорындар
ұйымдастырған лагерлер. Ауылдық жерлерде бұрынғы
кеңес заманында әрбір ауданның халыққа білім беру
бөлімінің басқаруымен балалар денсаулық лагері
ұйымдастырылатын. Аудандағы мектептер өз оқушыларын сол
лагерге жіберетін. Қазіргі кездерде ол лагерлер жабылып жұмыс
істемей қалды да, орта жалпы білім беру мектептерінің жанынан
еңбек - сауықтыру лагерлері ұйымдастырылды. Сонымен
қатар спорт мекемелерінің қаржыландыруымен
спорттық-сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады.
Еліміздегі балалар және
жасөспірімдер спорт мектептері қазіргі таңда барлық
қалаларда, аудан, облыс орталықтарында жұмыс істейді. Көптеген спорт
мектептерінің бөлімшелері (филиалдары) ауылдарда окушылармен
жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Балалар және
жасөспірімдер спорт мектебінің негізгі мақсаты —
оқушылармен жаттыктыру, тәрбие жұмыстарын жүргізіп,
спорт түрлері бойынша жоғарғы жетістіктерге жету.
Міндеттері: оқушылардың
денсаулықтарын нығайту, таңдап алған спорт
түрлерінен кабілеттіліктерін дамыту, халықаралық аренада
спорт түрлерінен халқының, отанынының намысын
корғайтын мықты ұл, қыздар өсіру, дене
тәрбиесі мен спорт бағытында белсенді оқушылар дайындау,
жалпы білім беретін мектептерге көпшілік спорт бағытында
көмек беру, спортты насихаттау.
Спорт мектептері спорт
түрлері бағыты бойынша арнайы және кешенді болып екіге
бөлінеді. Арнайы
спорт мектептері: қысқы спорт түрлері, спорт ойыидары, жеке
сайыс спорт түрлері мектептері деп, спорт түрлерінің багыт
ұқсастығына байланысты бөлінеді. Кешенді спорт
мектептеріне, аудандардағы көп балалар жақсы көріп
қатысатын спорт түрлері кіргізілген мектептер жатады. Ол спорт
түрлері әр түрлі бағытта бола береді.
Зерттеулер дәлелдегендей,
қазақ күресінің қимылы мен әдістік
іс-әрекетттерін мектеп оқушалары мен студентердің дене
тәрбиесінің құралы ретінде пайдалану оқушы
жастардың физиологиялық дене дамуы мен дене даярлығын
жетілдіруге және күнделікті белсенділіктерін арттыруға зор
ықпалын тигізеді.
Дене жаттығуларымен сабақ
өткізудің сабақтан тыс түрлері үшін
денсаулықты нығайту, жұмыс кабілеттілігін сақтау
және арттыру, шынықтыру және емдеу, дене және ерік-жігер
сапаларын тәрбиелеу, сонымен бірге белгілі бір анықталған
әрекеттерді оқытып үйрету мақсатында өз бетінше
ұйымдастыру қызметіне тән. Сабақтан тыс
шұғылдану сабақтық түріне қарағанда
барынша арнайыландырылған мазмұнымен айырмаланады және олардың
құрылымы күрделі емес. Әдетте бұл ойын сайыс
немесе жеке гимнастика жаттығуларының қандай да бір
түрлері түрінде болады. Сабақтан тыс шұғылдану
көбінесе сабақтық түріне қарағанда
өзін тәртіптілікке, бастамашылдықты алдын ала
ойластыруға, мәдениетті демалысқа үйретеді.
Сабақтан тыс шұғылданудың мазмұны мен
нақтылы міндеттері елеулі дәрежеде шұғылданушылардың
бейімділігі мен көңіл-күйіне тәуелді. Сабақтан
тыс шұғылдануды өткізу әдістемесінде сабақ
өткізу әдістемесіне тән көп
ұқсастықтар бар. Олардың құрылымы негізгі
жұмысты орындау және оны аяқтау үшін жақсы
жағдай жасайтын ағзаның жұмысқа бейімделгіштік
кабілетін біртіндеп қамтамасыз етуі тиіс. Жүктемені мөлшерлеп
бөлуде көмек көрсету және сақтандыру,
шұғылданушыларды ұйымдастыру және сабақ
өтілетін орынды дайындау үшін оқытушы басшылыққа
алатын көптеген әдістер мен ережелер пайдаланылады.
Әдебиеттер тізімі
1. Дүйсембин Қ., Алиакпаров З. Жасқа сай физиология
және мектеп гигиенасы. Алматы, 2003
2. Матвеев Л.П. Основы спортивной тренировки.
– М.: ФиС., 1977.
3. Уанбаев Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын
жоспарлау, бақылау және есепке алу. – Өскемен: БАЙ баспасы,
2006. 225 б.
4. Республиканская учебная программа по физической культуре высших учебных
заведений. Алматы, 1993. – 70 с.
5.
Шоңов Е.Ш. Қазақтың
ұлттық спорт ойындарын дене тәрбиесі сабағында
пайдалану, ТарМУ баспасы, 2013, 19-20 б.