Баялиев Рахым Жамбылбекұлы
оқытушы,магистр
Қазақстан
Республикасы, Тараз қаласы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемелекеттік
университеті
МЕКТЕПТЕРДЕ
СЫНЫПТАН ТЫС ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНАН САУЫҚТЫРУ
ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Жалпы білім беру мектептерінде жүргізілген дене тәрбиесі және спорт
жұмыстарының көп
жылдық тәжірибесі әрбір мектептердегі дене тәрбиесі
сабағынан кейінгі негізгі жұмыс түрі – сыныптан тыс
өткізілетін спорт-көпшілік, спорт және сауықтыру дене
тәрбиесі жұмыстары екенін көрсетті, сондықтан да
қазіргі кезде осы көпшілік спорт жұмыстары түрлерін ары
қарай жетілдіру мектеп дене тәрбиесі ұжымының алдындағы ең негізгі бір міндет
болып табылады. Оқушылардың дене тәрбиесі мен спортқа
деген ынтасын, қызығушылығын оятып,оларды
тұрақты, жүйелі спортпен шұғылдануға
әрекеттендіруіміз керек, мектептің міндеті - оқушылар дене
тәрбиесі жаттығуларымен мектепте ғана емес, үйде де
тұрақты айналысуға әдеттендіру. Оқушылардың
күнделікті күн тәртіптеріне әбден қалыптасуы
қажет. Денсаулықты
нығайту, шынықтыру, жан-жақты дене дамуына көмектесу,
жалпақтабандылық ауруының алдын алу, бала
ағзасының жағымсыз сыртқы орта әсеріне
қарсылық күшін
қалыптастыру. Сыныптан тыс
жұмыстар төмендегідей түрлерге бөлінеді.
Оқушылардың дене тәрбиесі мен спортқа деген ынтасын,
қызығушылығын оятып,оларды тұрақты, жүйелі
спортпен шұғылдануға әрекеттендіруіміз керек,
Мектептің міндеті - оқушылар дене тәрбиесі жаттығуларымен
мектепте ғана емес, үйде де тұрақты айналысуға
әдеттендіру.
Осы кезден бастап дене тәрбиесі жаттығуларын орындау
олардың өмір бойғы әдеттеріне айналуы керек. Ол
үшін дене тәрбиесі сабақтары қызықты
әсерлі, көңілді өтуі керек. Оқушыларды
ұйымдастыру,басқара білудағдыларына дағдыландыру.
Оқушылардың ішінен дене тәрбиесі белсенділерін дайындау.
Бастауыш сынып оқушыларының дене дамуының
морфофункционалдық және психологиялық ерекшеліктері.
Оқушыларының дене тәрбиесінің
міндеттері.Оқушыларының қатарына бірінші-төртінші
сыныпта оқитын жеті-онбір жастағы оқушылар жатады.
Оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
1.Спорт түрлерінен өткізілетін жаттықтырулар (секциялар).
Дене тәрбиесі
мұғалімдері арнайы орта және жоғарғы
оқу орындарында оқыған кездерінде жаттыққан,
теориясы мен әдістемесін оқыған, разрядтары бар спорт
түрлерінен, мектепке жұмысқа орналасқан кездерінен
бастап секция жұмыстарын ұйымдастырады, жаттығулар
жүргізеді.
2.Мектептегі жаттығулар
ұйымдастырылған спорт түрлерінен өтетін
жарыстар.Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстарға оқушылардың тұрақты
айналысып жүрген спорт түрлерінің жарыстары жатады. Ол
жарыстар: мектепішілік біріншілік, басқа мектептің
оқушыларымен жолдастық кездесулер,
аудандық, қалалық, облыстық, республикалық
жарыстар және т.б. жарыстар.
3.Президенттік сынама
сынақтарына дайындық және сынама нормаларын тапсыру
шаралары. Президенттік сынама жұмысына жеке жоспар құрылып,
комиссия құрамы бекітілуі керек.
4.Жазғы және
қысқы президенттік көпсайыс. Президенттік
көпсайыстан спорт
түрінің жарыстарына дайындық жасап және оған
қатысуға барлық
оқушылар ат салысуы керек.
Жас ерекшелік топтарына байланыстымектепішілік жарыстарды
ұтқан оқушылар ары қарай аудандық,
қалалық, облыстық жарыстарға қатысады,
спорттық разрядтар нормаларын орындайды.
5.Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстар оқушылар арасында
кең тараған жалпы мектепішілік спорт түрлері жарыстары.
6.Туристік жорықтар, саяхаттар. Спорттық жорықтар,
саяхаттар жергілікті жердегі тарихи орындарға, табиғаты жақсы
жерлерге, тауларға, өзен, көлдерге бару, танысу, көру
мақсатында бір, екі, үш одан да көп күндерге созылып
өткізілуі мүмкін. Жорық кездерінде оқушылар
ұзақ
қашықтыққа жүк көтеріп жүру,
әр түрлі кедергілерден өту, күрке (палатка) құру, от жағу,
тамақ пісіру және т.б. жорық дағдыларын
меңгереді.
7.Денсаулық топтары. Оқушылар мен
мұғалімдердің денсаулықтарын нығайту, дене
дайындығы деңгейлерін жоғарылату мақсатында
жүргізілетін жаттықтырулар.
8.Спорт
мерекелері. Оқу жылының ортасында, аяғында спортты
насихаттау, дене тәрбиесі жұмыстарын қорытындылау,
спортшыларды марапаттау, көңіл көтеру мақсатында
жүргізілетін спорт кеші.. Дене тәрбиесі сабағын
жүргізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:
Бастауыш сынып оқушыларына негізгі үйрететін
жаттығулар табиғи
қимыл, әрекеттерді
жетілдіру түрінде болып келеді. Олар: жүру, жүгіру, секіру,
лақтыру, өрмелеу т.с.с.
1.
Бір сабақ кезінде
оқу материалын меңгеру және жетілдіру үрдісінің
2-3 міндетін ғана орындаса жеткілікті болады.
2.
Сынып төмен болағн
сайын табан бұлшық
еттерін нығайту және
түзу тұлға
қалыптастыру жаттығуларын
беруге айрықша көңіл бөлу қажет.
3.
Әрбір сабақта
міндетті түрде
қозғалмалы ойындар ойнату
керек. 3-4 сынып оқушыларымен
сабақ өткізгенде
ойын жаттығулары
сабақтың 50% уақытын алса дұрыс болады.
4.
Оқушыларға негізгі
жаттығулардың техникасын
үйреткенде, оны дұрыс және нақты орындауға көп көңіл бөлу
керек. Оқу үрдісі
кезінде жаттығуларды
үйрету және жетілдіру мен
бірге дене қуаты қасиеттерін дамытуға бірдей көңіл бөлген дұрыс
болады.
Жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру бір-бірімен тығыз байланысқан екі бағытта:
көпшілік спортты дамыту және спортшылардың спорттық
шеберліктерін жетілдіру бағытында жүргізіледі. Осы екі
бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру төмендегідей
топтарға бөлініп жүргізіледі.Оқушылармен оқу
күні ішінде жүргізілетін
дене тәрбиесі-сауықтыру шаралары:
сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік сәттер,
ұзартылған үзіліс кезіндегі дене тәрбиесі
жаттығулары мен қозғалмалы ойындар.Бұл жұмыстарды атқару мынандай міндеттерді
орындауға көмектеседі:
оқушылардың қозғалыстары белсенді болады,
денсаулықтары нығайтылады, қимылдары жетіледі,
әдемілендіреді, жаттығулардың керектігін ұғынады,
ақыл-ой және ағзаның жұмыс қабілеттіктері жақсарады, тәртіпке
және ұйымшылдыққа деген дағдылары қалыптасады.Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт
жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен
бірігіп, аудандық, қалалық білім беру бөлімдері,
басқармалары
ұйымдастырады.Мектептен тыс
дене тәрбиесі жұмыстары әр түрлі
ұжымдарда мекемелерде,
жұмыс орындарында
өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт
мектебі, жаздық сауықтыру лагерьлері, еңбек-сауықтыру
лагерьлері, стадиондар, дене
сауықтыру кешендері, спорт
клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрған
жерлердегі аула спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар,
оқу және сыныптан тыс
жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр
түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға
балалардың мүмкіншіліктерін
кеңейтеді.
1. Уанбаев
Е.К. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы: Санат, 2000.
2. Уанбаев
Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі. - Өскемен:
ШҚМУ баспасы, 2006. – 270 б.
3. Уанбаев
Е.К., Уанбаева Ф.Ж. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын жоспарлау,
бақылау және есепке алу. - Өскемен: БАЙ баспасы, 2006. – 225
б.
4.Қоянбаев Ж.Б. Педагогика
– Алматы: Рауан, 1992.
5.Жұмабаев М. Педагогика – Алматы: Ана тілі, 1992.
6.Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. –
Алматы: Әл-Фараби, 1995.