Баялиев Рахым
Жамбылбекұлы оқытушы,магистр
Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы,
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемелекеттік университеті
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУҒА
ДАҒДЫЛАНДЫРУ
Қазіргі кезде білім беру
мекемелерінің алдында тұрған міндеттерінің бірі - жас
ұрпақтың салауатты өмір сүруге
көзқарасын қалыптастыру. Олардың денсаулығын
сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға
және де сапалы білім алып келешекте пайдалана білуге тәрбиелеу.
Салауатты өмір салтын насихаттауда, салаутты өмір сүру
мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы
саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең
ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа
әдістерді ұстанатын білім де қажет.Жоғарғы
оқу орны студенттерінің салауатты өмір салтын
қалыптастыру туралы алған білімдері, болашақ
азаматтардың денсаулығын сақтауға тірек болады.Жоғары
оқу орны студенттерінің салауатты өмір сүру
мәдениетін қалыптастыру бұл:
- Жеке
тұлғаның табиғи ортамен жан жақты үйлесім
тауып, өз ғұмырын Отаны, отбасы және өзі
үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
- Салауатты
өмір салты-ол денсаулықтың үйлесімді дамып
сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында,
денсаулықты нығайтуға бағытталған іс-шаралрды
жүргізу.
Жоғары оқу орны
студенттерінің денсаулығын сақтау мен
қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның
психологиялық, дене-қимыл әрекеттерінің
мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық
ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамалырын
түсіндіру. Олардың мінез – құлқында белгілі бір
гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру,
өзіне-өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау,
нығайту, мәдени гигиеналық мінез-құлық
дағдыларын қалыптастыру болып табылады.Салауатты өмір салтын
қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару
керек? Өмір салты дегеніміз не? Бұл жеке адамның тіршілік
етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру.
Біздің ойымызша адамның әлеуметтік – психологиялық
және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын
қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
- Белсенді
қозғалыс нәтижесінде ағзаны шынықтыру дене
тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;
- Гигиеналық
талаптарды жүзеге асыру;
- Жеке
және әлеуметтік гигеналық талаптарды жүзеге асыру;
- Қарым–қатынас
және экологиялық мәдениетке жету;
- Дұрыс
жыныстық тәрбие алу;
- Зиянды
әдеттерден аулақ болу.
Салауатты өмір салтының
бүгінгі маңызды мәселелерінің бірі – жастар
арасындағы ішімдікке салыну десек, қазіргі зерттеулерге
қарағанда, оған салынудың
әлеуметтік-патологиялық мына себептерге байланысты екені белгілі
болып отыр:
- Әлеуметтік-экономикалық
жағдай;
- Отбасындағы
психолгиялық орта;
- Жұмыссыздық,
мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт,т.б.
Сондықтан
жоғарғы оқу орны студенттерінің салауатты өмір
салтын қалыптастыруына
күш салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз
керек. Денссаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық
санының өсуі, оның сапасы мен денінің саулығы
мемлекеттің әл-ауқатының дамуына мұрындық
болады. Сондықтан да Қазақстан Респудликасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет
ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде
соның 4 негізгі күшін атап көрсетті: «Оның бірі – жер
үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі
мен іскерлігі, таланта мен мәдениеті, денсаулығы».
Жалпы
жоғарғы оқу орнының басты міндеті болашақ мамандық иелерін заман
талабына сай оқыту – кәсіби даярлықтарын жетілдірудің
құрамдас бір бөлігі болып табылады.
Білім –
қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны
сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа
сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті
пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді
қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз
сабағында пайдалану арқылы дене шынықтыру
сабақтарының сапасын арттыруға болады. Жастарды
халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу,
дені сау ұрпақ тәрбиелеу – дене тәбиесі пәні
оқытушыларының басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой иелегінен
өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың
тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны
әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта
пайдалану қажет.
Студенттердің пәнге деген
қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге сабақтан тыс спорттық
шаралардың да маңызы зор. Соның ішінде баскетбол, волейбол,
футбол, тоғызқұмалақ ойындарынан әр түрлі
жарыстар өткізіп отыру керек. Осындай жұмыстар жүргізу
нәтижесінде студенттердің белсенділігі артып, спортқа деген
бейімділігі қалыптасады. Студенттердің танымдық
қабілеттері артып, салауатты өмір сүру, адам денінің
саулығы осы спортқа байланысты екенін түсінеді.
Нәтижесінде студентердің білім сапасы артып, оқу
тоқсандарында жоғары сапаға қол жеткізуге болады.
Жаңаша әдістерді сабақтарда үнемі
қолданысқа енгізуде теория мен практиканың ұштасуына
мән берегнде ғана жұмыстың мазмұндылығы
көрініс табады. Міне, сол себептен біз жастарымызды дене
шынықтыруға, спортқа қызықтырып баулуымыз керек. Егер біздің жастарымыздың женсаулықтары
жақсы болса, онда біздің еліміздің болашағы да
жақсы болады деген сөз. Ұзақ өмір
сүрудің негізі – денсаулықты сақтау. Ал
денсаулықты сақтау – ұзақ өмір сүру
үшін күрес. Ұзақ өмір сүру үшін
қозғалыс жасап, денені шынықтыру қажет. Саналы
түрде дене жаттығуларымен, спортпен айналысу әр
азаматтың жеке басының міндеті.Сондықтан біз жастарға
«Сымбатты, әдемі және деніннің сау болуын қаласаң
– салауатты өмір салтын ұстан!» - деп айтқымыз келіп отыр.
Қорыта айтқанда, өмір
өлшемі – салауаттық, салауаттық – өмір заңы.
Салауатты өмір сүрмей тұрып,
өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам
баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы
үшін біздің елде барлық жағдай жасалған.
Өнердің, спорттың сан-салалы түріммен айналысуға
болады. Олардың қайсынан болса да жан дүниен ләззат
тауып, сезіміңе әдемі
түйсік аласың. Одан өмірің мәнді, бола
түседі. Олай болса, арақсыз, есіткісіз, темекісіз әрі
мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы
құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу –
адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.
Біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев салауатты өмір
сүрудің арқасында жас жігітше таудың шынына
шығып, шаңғы теуіп, теннис ойнап, суға шомылып, атпен серуендеп,
ауырмай өмір сүрудің үлгісін көрсетуде. Ендеше,
Абай атамыз айтпақшы, «Тамағы тоқтық, жұмысы
жоқтық – аздырар адам баласын» дегендей, еңбексіз, белсенді
дене қозғалысынсыз мықты денсаулық, бақытты
өмір жоқ.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. В.А. Сластенин, И.В.Исаев,
Е.Н.Шиянов Общая педагогика
М-2002. 2.Г.М.Коджаспирова
Педагогика М-2004.
3.П.Матвеев. Теория физической културы .М.ФИС.1990.
4. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие
теориясы мен әдістемесі.Алматы. «Дарын 2005 5.Р.Аманбаев. Спорт теориясы мен
әдістемесінің жалпы негіздері.Алматы.2006ж.