Байарыстанова А.М.
Қызылорда көпсалалы гуманитарлық – техникалық
колледжі
Қазақстан Респубкаликасы, Қызылорда қаласы
Ақшабұлақ
кен орны бойынша қабаттың мұнай бергіштігін
арттыру
шараларын талдау
Мұнай мен
газ өндіру біздің Республикамыздың ең маңызды
және келешекті өнеркәсіп салаларының бірі болып
табылады.
Еліміздің әлеуметтік – экономикалық даму
өрісінде мұнай мен газдың жаңадан ашылған кен
орындарын іске қосуды жеделдету қарастырылған, соның
біріне Ақшабұлақ кен орны жатады.
Кен
орнының құрылымы 1987 жылы табылған болатын. Оны
тапқан – Тұран геофизикалық экспедициясының
сейсмикалық барлау мәліметтерінің нәтижесі.
Мұнайлы ауданды іздеу бұрғылауы 1988 жылы басталды да,
ұңғыларды сынақтан өткізу кезінде
алғашқы мұнай ағыны алынды. Бор және юра
өнімді қабаттарының Ақшабұлақ кен орны
аймағындағы шөгінділерінен бес мұнай кеніші ашылды,
олар (аймағындағы шөгінділерінен) M-II, Ю-О, Ю-I, Ю-II
және Ю-III қабаттарының терригендік коллекторларына
жатқызылған.
Ұсынылып отырған ғылыми жұмыста Ю-ІІІ қабатын өндіріп отырған
ұңғымалардың мұнай бергіштігін арттыру
мақсатында қабатқа су айдау шаралары қарастырылып, ол
өзінің оң нәтижесін беріп келе жатқаны
анықталды.
Техникалық және тұрмыстық сумен қамтамасыз
ету тікелей кәсіпорында арнаулы гидрогеологиялық
ұңғылар арқылы жүргізіледі. Бұл сулар
жоғарғы бор қабатынан алынады, құрамында 5-тен
16л/сек дейін шығымы бар, 3 г/л дейін минералданған [12].
Оңтүстік – Торғай ойпатының
жүйесіне енетін Арысқұм ойпат аймағында 1984 жылы
алғашқы үлкен мұнай кен орны Құмкөл
ашылғаннан кейін аймақтың барлау жұмыстары мен
мұқият сейсмикалық жұмыстар қарқынды
жүргізіп, бірнеше іздеу, барлау, ізденіс барлау және
пайдалануға арналған ұңғылар қазылды.
Арысқұм ойпатында жүргізілген осындай
жұмыстардың нәтижесінде бірнеше мұнай және газ
кен орындары табылды, байқаудан өткізілді және өнім
алуға дайындық жасалды. (Қоныс, Арысқұм,
Майбұлақ, Ақсай, Оңтүстік
Құмкөл) барлау жүргізу нәтижесінде, екінші
тобы (Нұралы, Ақсай,
Қызылқия).
Ақшабұлақ
кен орнындағы мұнай қорлары бөлшектенген және
өнеркәсіптік игеруге дайындалған.
Мұнай қорлары
өнеркәсіптік категориясы С1, сондай – ақ
түбегейлі барлауды қажет ететін С2 категория
бойынша бекітілді. 1.1. кестесіне сәйкес С1 категориядағы
мұнай қорлары, бүкіл кен орны бойынша, 58526 мың..т. баланстың және 24020 мың.т. алынатын
мөлшерді құрайды.

1-сурет. Орталық Ақшабұлақ кен
орнының игеру графигі
Ағымдағы бөлімде игеру
мен ұңғымалар
қорына талдау жасалған, ұңғыманы
гидродинамикалық зерттеу нәтижелері қабат
мұнайының құрамы, парафин шөгінділерімен
күресу жолдары, су айдау ұңғымаларының саны, су
айдау көлемі және ұңғыма өнімдерін
тасымалдау жүйесі қарастырылған.
Қазіргі уақытта кен
орнын пайдалану кезінде ең негізгі проблеманың бірі -
құбыр желісімен белсенділігі жоғары қабат суларын
тасымалдау кезіндегі құбырлардың коррозияға
ұшырауы мен ондағы қиындықтармен күресу
мәселесі.
Ақшабұлақ
және Құмкөл кен орындарының мұнайының
реологиялық қасиеттерін зерттеу мақсатында және
парафинді бөліп алуда әртүрлі депрессаторларды қосу
нәтижесі қату температурасына әсер еткенін көрсетті.
Көп
қабаттылықтан және мұнайды сумен ығыстыру
негізінде кен орнын игерудің технологиялық көрсеткіштерінің
есебі қарастырылды. Сонымен қатар, мұнай кен орны тоғыз
нүкте үлгісімен, алаңдап су айдау арқылы игеру
жүйесін қолдануға жобаланған.
Сынақ жүргізу үшін
Құмкөл кен орнының және
Ақшабұлақ кен орнының мұнай сынамасы алынды
және Сенафлюкс – 3137, СF – 2026
және ДНМ – 2005 депрессатор тұнбаларының сынамасы алынды.
Сынауды жүргізуге 25% - дың толуолдағы депрессор ерітіндісі
қолданылды. Қорытындысында мұнайдың
тұтқырлығының төмендеген.
Алаңдап су айдау әдісі - кен орнын игеру
қарқындылығын жоғарылатуды қамтамасыз ету
үшін және қабатқа әсер ету жүйесі ең
тиімді болып саналады. Мұнай өндіру және су айдау
ұңғымалары алаңда дұрыс геометриялық тор
бойынша, бірқалыпты квадрат немесе үшбұрыш түрінде бес,
жеті және тоғыз нүктелі жүйе болып орналасады.
Ұңғымаларды алаңда бұрғылап орналастыру
кезінде бес нүктелі жүйеде бір өндіру
ұңғымасына бір су айдау ұңғымасы
сәйкес келеді, жеті нүктелі жүйеде екі өндіру
ұңғымасына бір су айдау ұңғымасы
сәйкес келеді, ал тоғыз нүктелі жүйеде үш
өндіру ұңғымасына бір су айдау
ұңғымасы сәйкес келеді.
Осы жүйелердің ішінде ең
тиімдісі ұңғымаларды тоғыз нүктелі торда
орналастырып су айдау (2-сурет). Алаңдап су айдау жүйесін
игерудің соңғы сатыларында қолданады , ал егер
қабаттың орналасуын жақсы зерттеп білетін болсақ
бұл әдісті алғашқы сатыларда да қолдануға
болады.

5-нүктелі 7-нүктелі 9-нүктелі ![]()
![]()
![]()
2 - сурет. Алаңдап су айдау кезінде
ұңғымалардың орналасу схемасы.
![]()
![]()
- мұнай өндіру
ұңғымалары; -
су айдау ұңғымалары;
Кен
орнында жүргізілген сынақтардың нәтижесінде қабат
флюидтерін алу алғашқы кезден бастап, тек табиғи режимде
жүргізіледі, себебі онда шеткі сулардың орыны, қабаттың
серпімділігі және оны қанықтырушы флюидтердің
анықталуына байланысты.
Тектоникалық экрандалғанын және мұнай
кенішінің қабат қысымы жоғары болуына байланысты Ю –
III горизонта гидрогеологиялық жабық деп есептелді.
Қазіргі уақытта қабат қысымының
өзгеруі солтүстік куполда 18,29 – 18,66 МПа, ал
оңтүстікте 18,32 – 18,62 МПа шамасында.
Кен орнында пайдалану
ұңғымаларының қысымының өзгеруін
бақылау үшін, нұсқа сыртында орналасқан №321
ұңғыма бойынша қабат қысымының
өзгеруін бақылауды жалғастыру керек.
Жүргізілген бақылаудың негізінде кеніш шеңбері
бойынша қабат қысымының төмендеу
қарқындылығы шамамен бірдей және ол мұнайлы
бөлігінде қысымның төмендеуімен шамалас, бұл
дегеніміз мұнай кенішінің қабаттың сыртқы
ортасымен байланысы өте жақсы екендігін білдіреді.
Кеніштің энергетикалық күйін бақылау
мақсатында ұңғыма аумағында қабаттың
өткізгіштік қасиеттерін зерттеу жұмыстары жүргізіліп
келеді.
Ақшабұлақ кен орнын пайдаланудың нақты
мерзімі 1998 жылдың қазан айында басталды.
2010
жылдың 30 – сәуіріндегі
мәлімет бойынша үш объект бойынша 14 скважин фонтанды әдіспен
пайдалануда.
Ю – III
горизонтының өнімі сусыз мұнай беріп тұр.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Мищенко И.Т. «Скважинная
добыча нефти» М.: «Нефть и Газ», РГУ нефти и газа им. И.М. Губкина, 2003 г.
2.
Ақшабұлақ кен
орнының игеру жобаларының 2006 жылғы құжаттама материалдары қолданылды.
3.
Жұмағұлов
Т.Ж., Абжаев М.М., Сейтқасымов Б.С., Сейтжанов С.С. Мұнай
өндірудің техникасы мен технологиясы: Оқу
құралы.- Қызылорда, 2006.