Арнайы киімді жасауда
эксперттік бағалау тәсілін қолдану.
Құрылыс-монтаждау
өнеркәсібінің өндіріс процессінің дамуы –
интенсивті технологияларға өтумен тікелей байланысты.
Құрылыс-монтаждау индустриясының
интенсивті дамуына кедергі келтіретін басты себептердің бірі –
жарақат алу деңгейінің жоғары болуы.
Құрылыс-монтаждауда өндірістік жарақат алуды азайту
үшін кешенді іс-шаралар ұйымдастыру қажет, оларға
ұйымдастырушылық және технологиялық іс-шаралармен бірге
жұмысшыларды ұжымдық және жеке қорғаныс
құралдарын оптимизациялау мәселесі жатады.
Осы іс-шараларды қарастыруда
оптималды шешімге келу қиын, себебі нақты өндіріс
жағдайларын есепке алмастан жасалған біржақты
бағалаулар орын алған. Құрылыс-монтаждау жұмысшыларына
арнайы киімді жасау барысында, құрылыс-монтаждау
жұмысшыларының
еңбек ету жағдайымен қатар эксперттік бағалау
тәсілі қолданылды. Бұл тәсіл арнайы киімдердің
басты ақпараттық белгілерін анықтауға мүмкіндік
береді, сөйтіп құрылыс-монтаждау
жұмысшыларының
арнайы киімінің барынша тиімді түрін жасауға жағдай туғызады. Эксперттік
бағалау тәсілінің мәні мынада: эксперттер сандық
бағалау көрсеткіштерін пайдаланып, интуитивті-логикалық
талдау жүргізеді, алынған нәтижелер формальды
өңдеуден өткізіледі. Өңделген нәтижелер
негізінде эксперттер шешімдер қабылдайды. Эксперттік бағалау
тәсілдері шешетін мәселелерді шартты түрде екі классқа
бөлуге болады. Бірінші класқа туындаған мәселелерді
шешуге жеткілікті ақпараттық потенциалы бар мәселелер жатады.
Эксперттік бағалаудың бірінші классына жататын
мәселелерді шешудің басты қиындығы қолдағы
ақпараттық потенциалды дұрыс пайдаланбауға байланысты
туындайды, ол үшін эксперттер таңдалынады және
сұрақ-жауап жүргізіледі, оларды өңдеудің
оптималды тәсілдері таңдалады. Екінші классқа нақты
шешімдер қабылдауға ақпараттық потенциалдар жеткіліксіз
мәселелер жатқызылады.
Құрылыс-монтаждау жұмысшыларына
арналған арнайы киімдерді жобалау және жетілдіру формальды емес
міндеттерге жатады, оларды шешу үшін төмендегі гипотезалар
орындалады:
•
Эксперттерді
жұмысшылар қатарынан таңдайды, олар сапалы ақпарат
көзі болып саналады;
•
Эксперт
мамандар қабылдаған топтық шешім дұрыс болып саналады.
Егер бұл гипотезалар
дұрыс болса, сұрақ-жауап процедурасын құру
және өңдеу алгоритмдерін пайдалану үшін,
математикалық статистика мен өлшемдер теориясын
қолдануға болады. Басқару процессінде эксперттер өз
рольдерін орындау барысында екі негізгі функциялар атқарады – объектілер
құрады және олардың сипаттамаларына өлшемдер
жүргізеді. Мұнда эксперттердің білімі мен тәжірибелері
үлкен роль атқарады. Объектілер сипаттамаларына өлшемдер
жүргізу үшін эксперттер өлшемдер теориясын жақсы
білулері шарт. Эксперттік бағалау тәсілінің ерекшеліктеріне –
экспертизаның барлық кезеңдерін ғылыми негізге
сүйеніп жүргізу жатады, ол әрбір кезеңдегі
жұмыстың тиімділігін арттырады. Сонымен қатар, экспертиза
ұйымдастыруда сандық тәсілдер қолданылады, олар
алынған нәтижелерді формальды өңдеуде, эксперттік
баға беруде басты роль атқарады. Жоғарыда келтірілген типтік
міндеттерді шешу үшін эксперттік бағалау тәсілінің
бірнеше түрлері пайдаланылады. Оның негізгі түрлеріне
жататындар: анкета (сұрақ-жауап) жүргізу, интервью алу,
пікірталас ұйымдастыру, кеңес өткізу, оперативті ойындар
ұйымдастыру, сценарийлер жазу. Экспертизалық бағалаудың
бұл түрлерінің өздеріне тән
артықшылықтары мен кемшіліктері бар, сондықтан
экспертизаның бірнеше түрлерінің бір мезгілде, кешенді
пайдалану жақсы нәтиже береді . Бір кәсіпорынның
эксперттерінің пікірлері басқа құрылыс-монтаждау
компаниялы эксперттерінің пікірлеріне сәйкес болмауы мүмкін.
Сондықтан, қойылатын талаптар мен параметрлерге сәйкес
келетін арнайы киімдердің оптималды моделін таңдауға
салыстыру тәсілінің қосатын үлесі үлкен.
Факторларға
талдау жүргізу, сұрақ-жауап жүргізу процессімен тікелей
байланысты екендігі көрінеді, ол үшін эксперттер жеке өзіндік
жұмыстар атқарулары тиіс. Интервью алуды жеке эксперт немесе
эксперттер тобы жүргізуі мүмкін. Экспертизаның басқа
түрлері эксперттердің ұжымдасып, бірге әрекет етулерін
қажет етеді. Эксперттер жұмысты жекелей немесе ұжымдасып
жүргізсе де, ақпараттарды көптеген эксперттерден жинау
қажет. Әрбір экспертке берілетін анкеталарда құрылыс-монтажшыларды
қоршаған өндіріс факторларынан қорғайтын арнайы
киімдердің конструкциялары, оларды жасауға падаланылатын
материалдарға байланысты сұрақтар қойылды. Барлық
анкеталарда арнайы киімдердің конструкциялары және пайдаланылатын
материалдары, арнайы киімдерді жетілдіру мәселелері жайлы және
дизайнын, көркемдік-эстетикалық көрсеткіштерін жақсарту
мәселелері, сонымен қатар, өндіріс ерекшеліктері мен
физикалық-механикалық әсерлер жайлы сұрақтар
қойылды. Анкетамен сұрақ-жауап алу жұмыстары
арматуршылар, бетоншылар, шатыр жабушылар, сылақшылар мен ағаш
ұсталары бригадаларында жүргізілді. Эксперттер әрбір
құрылыс-монтажшымен жеке әңгіме өткізіп, анкета
толтырылды. Сұрақ-жауап алуға қатысқан
эксперттердің қосқан үлестері бірдей емес. Эксперттер
құрамына кірген мамандардың 70% -дан астамының құрылыс-монтаждау
өндірісіндегі
еңбек өтілдері жоғары, ал сауалнама толтырған
құрылыс-монтаждау жұмысшыларының еңбек
өтілдері он жылдан астам.
Эксперттер кейбір
белгілерді бөле алмаған жағдайда сол рангалық
нөмірмен ұқсас бірнеше белгілерді жазу мүмкіндігі
берілді. Жұмыс тобы жалпы міндеттерді сипаттайтын факторлар тізімін
жасады. Эксперттердің сұрақ-жауап алуы үш тур бойы
жүргізілді және әр құрылыс-монтажшымен жеке
кездесті. Сұрақ – жауаптың бірінші кезеңінде эксперттер
құрылыс-монтажшыларға арналған қосымша киім
түрлері жайлы сұрақтар қойылған анкеталарды
таратты. Осы анкеталардағы пікірлерді есепке ала отырып, екінші
турдың сауалнамалары жасалды. Үшінші турда арнайы киімді жасау
үшін, оны жобалау мен дайындауға қажетті факторларды
көрсету керек болды. Алынған мәліметтер рангалық
корреляция тәсілімен өңделді, бұл тәсіл
сандық өлшемдері жоқ факторлардың белгілері
арасындағы өзара байланыстарды зерттейді. Фактор белгісінің
басқа факторлармен салыстырғандағы интенсивтілігі сол
белгінің өлшемі болып саналады.