Оқытушы: Қазанғапова Ақмарал Имамбетовна

 

Гуманитарлы-экономикалық колледж, Қазақстан

 

Ветеринариялық хирургиялық аурулардың себептері және оларға қарсы әрекетті жүзеге асыру

 

Мал дәрігерлік саласындағы ветеринариялық хирургиялық маңызы зор. Ол ауруға алдын-ала шара қолдану және емдеу принциптеріне негізделген, ауруға алдын-алу шара қолдануды дұрыс ұйымдастыру және тамақтандыру технологиясын, оған жағдай жасау және дұрыс пайдалану ерекшеліктерін ескеру керек. Ветеринариялық хирургиялық аурулардың себептерін және дамуын жан-жақты зерттеп, оларға қарсы әрекетін жүзеге асырады.

Оларға алдын-алу ауруға шара қолдану жарақаттан сақтандыру әдістері, іріңді инфекцияға қарсы әрекеттер және керекті операция жасау, белсенді дәрі қолданып емдеу әдістері жатады. Осы әрекеттерді іске асыру жолдарында төменгі шараларды қолданады. Жылына екі рет көктемде, күзде малға жалпы клиникалық зерттеу тексеру.

-         Экономикалық пайдалы операция және нәтижелі ем қолдану.

-         Организмнің резистенттігін көтеру, жазылу процесін үдету.

Жарақаттар хирургиялық аурулардың ішіндегі ең жиі кездесдесетін кеселдің бірі К.И. Шакалов және т.б. ғалымдардың деректері бойынша шаруашылықтағы кездесетін аурулардың 94-97 пайызы жұқпалы емес ішкі аурулар болса, соның ішінде 40 пайыздан астамы хирургиялық аурулар екен. Көптеген ғалымдардың деректеріне жүгінсек жарақаттар үлесіне тиеді. Жарақаттар әсерінен мал уақытынан ерте есептеу шығарылады, өнімділігі азаяды, салмағы төмендейді, мал шығыны да болады. Бұған  ауру малға көрсететін дәрігерлік көмек пен дәрі-дәрмекке кететін шығынды қоссақ жарақаттың мал шаруашылығына тигізетін экономикалық зияндығы орасан зор екендігін көреміз. (Белов А.Д., Плахотин М.В., Башкиров Б.А. және Вишневский А.В., Бережков Н.К. 1951)

Себептеріне қарай жарақаттар 5 түрге бөлінеді

1)     Механикалық

2)     Физикалық

3)     Химиялық

4)     Биологиялық

5)     Жүйке-стрестік

1. Механикалық жарақат – организмге әсер еткен механикалық күшпен пайда болып, ұлпалар мен ағзалардың әр түрлі дәрежеде зақымдалуын тудырады. Жарақаттың пайда болуына себепкер факторларға организмге витаминдер мен минералдардық заттардың жетіспеушілігі, заттар алмасуының бұзылуы, малдың арықтап қалуы т.б. Осы сияқты жағдайлар жатады. Жарақаттың пайда болуы мал түлігінің жасына да байланысты, жас және кәрі малдардың терісі, ұлпалары сіңірі, тарамысы және сүйегі механикалық күштің әсеріне төзімділігі төмен болады. Жылқы мен иттің сіңірі тарамысы терісі және тарамысы ірі қара мал мен шошқаға қарағанда мықты болады. (И.И. Малда Б.З. Иткин, И.Н. Воронин 1979).

Механикалық күш организм ұлпаларына соғу, бұрау, қысу, жанасу, сияқты түрлерде әсер етеді. Ұлпалардың зақымдалу дәрежесі механикалық кұштің бағыты мен әсеріне, жағымдығына, әсер етуші заттың тығыздығына, көлеміне, ұлпалар мен ағзалардың физиологиялық жағдайына тікелей байланысты.

Мысалы: қуысы толы асқазан, қуық ішектерге оқ тисе олардың зақымдалуы қатты да көлемді болады. сол сияқты буаз малдарды остеомаляция дамығандықтан сүйектері сынған жағдай да көп жерден сынатыны байқалады.

Механикалық жарақат жабық және ашық, операциялық, кездейсоқ, тума және соғыс кезіндегі болып бөлінеді. Тері бүтіндігі бұзылмай пайда болған жарақаттар жабық жарақаттар дейміз. Бұған ұлпалар мен ағзалардың үзілуі, жарылыуы, созылуы, буынның шығуы, сүйектің сынуы жатады. Тері анатомо гистологиялық құрылысының ерекшелігіне байланысты өте созылғыш және мықты болады, сол себепті тарамыс – сіңірлер үзіліп, созылып жатқанда, сүйектер сынып жаншылып ұнтақталған жағдайларда терінің бүтінділігі сақталады. (К.И. Шакалов 1972, Л.И. Целишев 1965)

Егер тері немесе кілегей қабатының бүтіндігі бұылған жарақаттарды (кесілу тіліну) ашық механикалық жарақат дейміз. Оларға әр түрлі жаралар, ашық сынықтар мен буындардың ашық шығуы жатады. (И.Е. Паваженко, С.И. Братюха 1952)

Жарақаттар күш тікелей әсер еткен жерде одан алшақ жерде болуы мүмкін. Мысалы: күш малдың жілігіне тікелей әсер етсе, ол сүйек сол жерден шорт сынады. Ал егер мал биіктен алдыңғы аяғына салмақ түсіріп құласа, күш тіке тұяққа әсер етеді. Малдың тоқпан жілігі орнына тайып (шығып) кетуі мүмкін (Г.А. Ишмухамедов, 1995)

Кейде механикалық күштің әсерімен ұлпалармен ағзаларда молекулярлық өзгерістер пайда болса, оны шайқалу (сотресенние) немесе контузия дейді. (Белов А.Б, 1990)

Физикалық   жарақат ыстық суықтық электрдің және сәуленің әсерінен пайда болады.  Мысалы: малдың отқа күйгені, суыққа үсігені, электр тоғы немесе найзағайдың әсері жатады (Г.С. Кузнецов, 1980)

Химиялық жарақат мал организміне қышқыл, сілті, ауыр металдың тұздары соғыс, улану заттары және т.б.

Химиялық заттардың әсерінен пайда болады. Мысалы: малды химиялық заттарменен паразиттерге қарсы дәрілегенде кездеседі.

Химиялық заттар түрлеріне байланысты көбінесе тиген жерлеріне әсер етеді, не болмаса организмге тері, кілегей қабығы арқылы сіңіп бүкіл организмді уландырады (фосфор, СҰЗ)

Биологиялық жарақат организмде вирус, микроб, саңырау құлақ, паразиттер, мал және өсімдіктер әсерінен пайда болады (Шакалов К.И. 1961). 

Жүйке – стрестік жарақаттар малға көру, есту анализатры жүйесі арқылы малдың психикасына стрестік жағдайларының әсер етуімен пайда болады. Стрестік жағдайлардың малды үйреншікті қалпынан басқа қалыпқа ауыстырғанда, транспортпен тасымалдағанда, тиеп түсіргенде, көп малды эпизоотияға қарсы дәрілегенде, тоғыртқанда тағы сол сияқты жағдайларда пайда болып, организмнің бейімделу табиғатын айрықша төмендетеді, әлсіреп қажыған малдар естен танып өліп кетуі мүмін. Көбінесе бұзаулар мен шошқаларда көп кездеседі. (Г.А. Абишев, 1975)

Ауыр механикалық жарақаттар электр, ыстық-суықтық және химиялық заттардың әсерінен жарақаттанған мал бас кезде естен танады. (коллапс, шок, салдану.)

Салдануға, шалдығуға апаруы мүмкін кейде мал өліп те қалады. Мал терісінің бүтіндігі бұзылып жара пайда болады, егер жарадан көп қан кетсе мал қансырайды, жара арқылы организмге микробтар еніп жара асқынуы мүмік. Көлемі үлкен жабық жарақаттарда сол жерде пайда болған өлі ұлпалардың уыты организмді уландырады (травматич, токсикоз). (Б.А. Петров, В.И. Дорофеев, 1953).

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Абдрахманов Е. – «Хирургия» Алматы, 2009 ж. 152 б.

2. Абсатаров. Е.А.-«Хирургиялық  аурулар» 2001ж., 330 б.                                                

3. Абишев.Г.А.- «Травматизм  сельско хозяйсвенных  животных» Алматы  «Кайнар», 1975г.,125 стр.