Магистрант Кусанов Д.Е.
Инновациялық Еуразия университеті, Қазақстан Республикасы
Зиянды
заттармен ластанған аймақтарда ауылшаруашылық өндірісін
қалпына келтіру әдістері мен оның қауіпсіздік шараларын
зерттеу
Еліміздің тәуелсіздік алғалы
алғашқы оқиғасы – ядролық жарылыстар мен
сынақтар жүргізуге Ел Президентінің жарлығымен түбегейлі,
біржолата тоқтам салынуы болды. Міне, осы сәттен бастап,
қираған дүниелер біртіндеп түзетіліп, жарылған
жерлер тегістелуде. Ядролық инфрақұрылым көздері де
жоспарлы түрде жойылып жатыр. Алайда, өсімдік, су және
топырақ қойнауына еніп кеткен радиобелсенді заттардан олардың
жақын мезгілде тазара қоюы күрделі мәселе.
Зерттеу жұмыстың өзектілігі. Бұрынғы
Семей сынақ полигоны аумағының радиобелсенді затармен ластану
салдарынан туындаған көптеген мәселелердің арасында
ұзақ ғұмырлы радионуклидтердің көші –
қоны үдерісіне байланысты ластану құбылысының
орын алғаны байқалады. Мәселенің өзектілігі бір
жағынан ластанған орта болса, екінші қырынан осы
аумақта өндірістің әртүрлі саласындағы
іс-әрекеттерінің қарқынды жүруімен сипатталады.
Осындай жағдайда полигондағы техногенді бұзылыс нысандарын
жапқаннан кейінгі қалыптасып отырған радиациялық
күйді бағалау әдістерін қарастыру бүгінгі
күннің өзекті мәселелерінің бірі. Сондай-ақ,
солардың ішінде – қоршаған ортада орын алған
радионуклидтер көші - қонуы жағдайларын зерттеу аса
маңызды іс. Сол себептен радионуклидтердің ауамен және сумен
көші – қоны сипатын анықтап, оны болдырмау немесе тежеу
шараларын белгілеу – басты мәселе.
Зерттеу жұмыстың мақсаты. Қоршаған
орта элементтерінің техногенді бұзылыс нысандарын жою кезінде ластану
жағдайын аңықтау, радионуклидтердің ауамен және
сумен көші – қону құбылысына тежеу боларлық
әдістерін талдау, тиімді тәсілдерін ұсыну болатын.
Зерттеу жұмыстың міндеттері.
1. Зерттеу нысандарының қысқаша
сипаттамасын беру;
2. Полигондағы техногенді бұзылыс нысандарын
жабу жолдарын талдау арқылы экологиялық тиімді әдістерін
анықтау;
3. Радионуклидтердің көші – қону
қарқынына тежеу боларлық жолдарын қарастыру
арқылы, ластану құбылысын болдырмау шараларын анықтау;
4. Радиациялық қауіпсіздік қамтамасыз
ету шараларын белгілеу.
Жұмыстың ғылыми
жаңашылдығы. Техногенді бұзылыс нысындарын жою кезінде
радиобелсенді заттармен ластану құбылысын ауада және суда
тежеу әдістерін анықтап, олардың көші – қонын
шектеу тәсілдерінің ғылыми тұрғыда талдануы
арқылы қажетті шаралардың механизмдері белгіленген.
Жұмыстың практикалық
маңыздылығы. Қоршаған орта элементтерінің
радиобелсенді заттармен ластану деңгейін төмендету жолдарының
ұсынылуымен маңызды. Ауада және сулы ортада
радионуклидтердің көші – қоны қарқынын тежеу
әдістері ұсынылады.
Зерттеу нысандары. Бұрынғы полигон
аймағында техногенді бұзылыс нысандарына айналған скважиналар
мен штольнялардың маңайындағы қоршаған орта элементтері
(топырақ, су, жылға-өзендер) болып табылады, олардың
экологиялық күйі жұмыста зерттеуге негіз болды.
Зерттеу әдістемесі. Қазақстан
Республикасының Радиациялық қауіпсіздік және экология
институтында қабылданған қоршаған орта нысандарының
экологиялық күйін бағалау әдістері мен
пайдаланған тәсілдері жұмысты орындау үшін
әдістемелік негіз ретінде алынған.
Техногендік бұзылыс маңайында радиобелсенді заттармен ластану
қауіпін туғызар жолдары анықталып, олардың
қоршаған орта нысандарына тигізер ықпалдары белгіленген.
Жойылған үңгір (штольня) мен
құдықтардың (скважиналардан) сыртына шығып
жатқан ағын суларымен және ауа массасымен бірге көшіп -
қонып отырған радионуклидтердің қоршаған
ортаға қолайсыз ықпалын шектеу жолдары
айқындалған.
Күнделікті қолданыстық, практикалық
тұрғыда радионуклидтердің көші – қонуына тосқауыл болар әдістерді
жүзеге асыруда қажетті қондырғылар мен материалдар легі
ұсынылған. Олардың экологиялық салыстырмалы
бағасы беріліп, тиімді түрлерін таңдау үшін арнайы
жүргізілген ізденіс – зерттеулермен бірге, оларды талдау нәтижелері
берілген.
Техногенді бұзылыс нысанының аймағында радиобелсенді
заттармен ластануында туындайтын радиобелсенді сәулелену
құбылысының қоршаған орта элементтеріне
ықпалын зерттеген ғылыми жұмыстардың нәтижелеріне
қысқаша шолу жасау арқылы олардан қорғану
шараларын ұйымдастыру ісіне баса назар аударылған.
Техногенді бұзылыс көздерінің аймағы радиобелсенді
заттармен ластана қалған жағдайда радиациялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкіндіктері
қарастырылып, сол ластанған қауіпті аймақты
зоналарға бөлу қағидалары ұсынылған.
Осындай ортада тіршілік жасау үшін қажетті радиациялық
гигиенаның регламенттік (Радиациялық қауіпсіздік Заңына
сәйкес) шаралары белгіленіп, күнделікті қарапайым тіршілікте
қолданылар талап пен тәртіп ережелері берілген.
Пайданылған
әдебиеттер тізімі
1. Төлеубаев Б. Ә.
Ядролық тарихы бар табиғи орта экологиясы. Павлодар, «ЭКО», 2001,
140б.
2.
Тулебаев Б. А., Ковалев В. В., Адрышев А. К. Проблемы ликвидации источников
радиационного загрязнения природной среды. Павлодар, Изд. ЭКО, 2009г, 158с.
3. Тулеубаев Б. А, Артемьев О. И.,
Брянцева Н. В. Исследование сорбционных свойств местных глин и почв для очистки
вод от радионуклидов. Материалы МНПК»Наука и образование ХХ1 веке: Динамика
развития в Евразийском пространстве»/Павлодар, ИнЕУ, 2003г.