ҚР өҢірлік дамыту: қолданыстағы
тәжірибелер мен дағдарыс
кезіндегі дамыту перспективалары
А.А. Тасболатова, старший преподаватель
У.А.
Шайхы, студент
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және
инжиниринг университеті
Қазақстанның
өңірлік дамуы ұлттық экономиканың маңызды
экономикалық өсу көрсеткіштерін дамытуға, оның
ішінде урбандалу және агломерациялар процестерін ынталандыру және
реттеу, экономикалық және демографиялық әлеуеті бар
перспективалы елді мекендерді дамыту және қолдауды қамтитын
ұтымды аймақтық ұйымдастыруды қалыптастырып қамтамасыз
етуге бағытталған. Қазақстандық жаңа
өңірлік саясат экономикалық аумақтарды санаттарға
жіктеу арқылы, «бірінші деңгейдегі», «екінші деңгейдегі»,
«үшінші деңгейдегі» қалалар, тірек ауылдық елді
мекендер, шекара маңындағы аумақтар бойынша дамытуды
көздейді. Бірінші деңгейдегі агломерацияларға
халықтың үштен бір бөлігінен астамы шоғырланған,
мамандану ерекшеліктеріне қарай олар одан әрі ұтымды дамытуды
қажет етеді. Әлеуметтік-экономикалық даму
мониторингінің 2014 жылғы қорытындылары бойынша 6838 ауыл
елді мекендері, тірек аймақтары бар, онда 7,7 млн. адам тұрады.
Бұл көрсеткішке сүйенетін болсақ
халқымыздың жартысы дерлік ауыл аймақтары мен
моноқалаларда тұратындығын байқаймыз, сондықтан
аймақтар мәселесін зерттеу, дамуына ықпал ету, ұтымды
жобаларды жүзеге асыру, өзекті және заман талабына байланысты
қажет етіледі [1].

Сурет 1. Қазақстанның аймақтық
мәселелері.
Елді
аймақтық қалыптастырып, экономикалық өсімге
қол жеткізу, аймақтық орталықтарда халықтың
және капиталдың шоғырлануын ынталандыру үшін
өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін
арттыруға жағдайлар жасау бағытында өңірлік
бағдарламалар қабылданған. ҚР бойынша «Қазақстан-2020»
және «Қазақстан-2050» бағдарламалар аясында тиімді экономикалық
қадамға қол жеткізу үшін аса маңызды міндеттерді
әр өңір бойынша жоғары экономикалық тиімділікпен
шешу қажет. Яғни: елдің
өңірлері бойынша аймақтық дамуды жетілдіру;
тұрғын үй қорын, коммуналдық және
көлік инфрақұрылымын жақсартуды қоса
алғанда, халықтың тұруына қолайлы
жағдайларды қамтамасыз ету; халықты ауыз сумен және су
бұру қызметтерімен тиімді және ұтымды қамтамасыз
ету; халық үшін тұрғын үй қолжетімділігін
одан әрі арттыруды қамтамасыз ететін тұрғын үй
құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу [2].
Аталған
мәселелер өңірлердің
әлеуметтік-экономикалық дамуын шектейтін жүйелі факторларын
анықтап, оларды қай бағытта дамыту қажеттігін
зерттейді.
Кесте – 1. Қазақстан
аймақтарының инновациялық даму факторлары
|
Жағымды жақтары |
Әлсіз жақтары |
|
Табиғи
шикізаттардың бар болуы |
Ғылым мен
өндіріс арасындағы үйлеспеушілік |
|
Халықтың
жоғарғы білім деңгейі |
Инновацияның
ұлттық, аймақтық және салалық
деңгейлерін бағыттаушы жүйенің жоқтығы |
|
Саяси
тұрақтылық |
Мемлекеттік
инновациялық саясатты жүзеге асыру бірізділіктің жетіспеуі |
|
Елдің
индустириалды-инновациялы жүйесін дамуды мемлекеттік қолдау
және ынталандыру |
Технология трансферті
ортасында нашар инновациялы мәдениет және мамандандырылған
қызметкерлердің жетіспеушілігі |
|
Мүмкіндіктер |
Қауіп-қатер |
|
Ғылым мен
өндіріс арасындағы қарым-қатынастың өсуі |
Дамыған
мемлекеттерде ғылыми-технологиялық және өндірістік
деңгейлердің алшақтығы |
|
Жаңа
технологиялар есебінен еңбек өнімділігін көтеру |
Экономиканың
шикізатты бағыттылығын бекіту |
|
Интеллектуалды
ресурстарды қайтару үшін жағдай жасау. |
Мемлекеттік саясатта
басымдылықтардың ауысуы және жеткіліксіз қаржыландыру |
|
Интеграциялық
үдерістер есебінен (Кедендік одақ, ӘСҰ) жоғары
технологиялық өнімді сату нарығының өсуі |
Шетелдік жоғары
технологиялы компаниялар жағынан бәсекелестіктің өсуі |
«Елді
аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі»
болжамды схемасында аймақтарды әлеуметтік-экономикалық
әлеуеті бойынша жіктеу ағымдағы жай күйі мен даму
келешегін жинақтайтын ең басты көрсеткіш олардың жалпы
ішкі өнімдегі үлес салмағы болып табылатындықтан, осы
ерекшеліктерді ескере отырып, аймақтарды бес топқа бөліп
жіктеген [3]:
1.
Дамудың
қарқыны төмен аймақтар: Жамбыл, Солтүстік
Қазақстан, Ақмола, Қызылорда облыстары.
2.
Даму
қарқыны орташа деңгейден төмен аймақтар:
Қостанай, Алматы, Батыс Қазақстан облыстары.
3.
Даму
қарқыны орташа аймақтар: Ақтөбе, Павлодар,
Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан,
Маңғыстау облыстары.
4.
Даму
қарқыны жоғары аймақтар: Астана қаласы,
Қарағанды облысы.
5.
Көшбасшы
аймақтар: Атырау облысы, Алматы қаласы.
Ал, сондай
жіктеулердің тағы бір түріне сүйенетін болсақ,
«Рейтинг KZ» зерттеу агентігінің жүргізген сараптамасы бойынша
ҚР аймақтарын әлеуметтік-экономикалық даму
жағынан 3 топқа бөліп қарастырды.
Бірінші топ
көшбасшы аймақтар. Олар: Астана, Алматы қалалары, Атырау,
Ақтөбе, Маңғыстау, Павлодар облыстары.
Екінші топ
орташа көрсеткішті аймақтар: Оларға БҚО,
Қарағанды, Алматы, Қызылорда облыстары жатады.
Үшінші топ
аутсайдер аймақтар, яғни, артта қалған
аймақтарға ШҚО, Қостанай, СҚО, Ақмола,
Жамбыл облыстары жатады.
Кесте 2. Кластердің дамуы мен құрылуына әсер ететін
факторлар
|
Кластердің
дамуына ықпал ететін факторлар |
Кластердің
дамуына кедергі жасайтын факторлар |
|
Аймақ территориясына жеткізушілердің концентрациясы |
Жеткізу жүйесінің тиімділігінің төмендігі
және жеткізушілердің сапасының төмендігі |
|
Инженерлік және ғылыми жоғары маманданған
персоналдардың және оны дайындауға базаның бар болуы |
Өндіріс қажеттіліктеріне ғылыми-зерттеу
жобаларының адекватсыздығы |
|
Ғылыми-техникалық және эксперименталды базаның
бар болуы |
Жоғары және орта кәсіби мекемелердің
арасындағы байланыс әлсіздігі |
|
Жоғары кәсіби білім жүйесінің сапасы және
дамуы |
Салалық және кәсіби ассоциациялардың төмен
тиімділігі |
|
Өндірістік кооперациялардың дәстүрлері |
Отандық кәсіпорындардың бәсекелестік
тәжірибесінің әлсіздігі |
Қазақстандық
кластерлік саясатта дирижистік және либералды үлгілері үйлескен.Кластерлік
саясат саланың және онда жұмыс істейтін
кәсіпорындардың айрықшылығымен анықталады.
Кластерлік
бастама бойынша мәселелерді шешу келесілерге бағыталған:
-
Технологиялар
мен ақпарат алмасу орталықтарын құру;
-
Инкубаторлар
жасау;
-
Біріккен
бағдарламалар мен біріккен жеткізу жүйесін жасау;
-
Техникалық
стандарттарды орнату;
-
Адам
капиталын дамыту;
-
Кластер
брендін қалыптастыру;
-
Кластер
туралы ақпарат тарату.
Кластерлік
саясаттың фокусы берілген кластер үшін негізі болып табылатын
құзіреттер мен субьектілерде болуы қажет. Кластер
дамуындағы бизнестің және мемлекеттің алатын орны
ерекше. Негізгі қаралатын мәселелерге стратегия,
кәсіпорынның құрылымы мен кемелділігі, факторлар, сұраныс
және сондай-ақ байланысты және қолдаушы с-алалар
жатады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты [4].
Кластердің
негізгі сипаттамаларына келесілер жатады:
-
Географиялық
тұрғыдан шоғырлану. Бұл жақын орналасқан
фирмалар әлеуметтік капиталды айырбастау, оқу үрдісінде
және экономикалық өзара қарым - қатынастарда бір
- біріне ұтымды әсер етеді.
-
Мамандандыру
кластерлер барлық қатысушылары мен факторлардың қатысы
бар анықталмаған қызмет шеңберінде қалыптасады.
-
Экономикалық
агенттердің көптілігі. Бқл жерде кластерлер және
олардың қызметі кластерге кіретін фирмалар ғана емес,
қоғамдық ұйымдар, академиялар, қаржылық
делдалдар, институттар және т.б қамтиды.
-
Бәсекелестік
және әріптестік. Кластердің фирма- мүшелері
арасындағы тең деңгейде болатын өзара
қарым-қатынастың негізгі түрлері ретінде
қарастырады.
-
Кластер
деңгейінің даму динамикасының ішкі әсерінен
қажетті «критикалық массаға» қол жеткізу.
-
Кластердің
өмірлік циклы. Бұл тұста олар ұзақ мерзімді
болашаққа есептелген.
-
Инновациялық
үрдіске ену. Кластер құрамына енетін кәсіпорындар мен
фирмалар, әдетте ұйымдық, нарықтық,
өнімдік, технологиялық инновациялық үрдістерге енеді.
Өңірлердегі негізгі құралдардың
құрамын жаңарту маңызды мәселе болып табылады.
Сондықтан құрылысты жүргізу және
құрылыс нарығын дамытуды елдің
өңірлеріндегі өзекті және басты міндет болып табылады.
Жалпы құрылыс материалдарының
өнеркәсібі экономиканың ірі құрамдас бөлігі
болып табылады және құрылыс үшін материалдық
негіз бола отырып, экономиканың басқа салаларындағы өсу
қарқынына және тұтастай алғанда,
қоғамның әлеуметтік жағдайына айтарлықтай
әсер етеді. Өңірлердегі баспана, инфрақұрылым,
тұрмыстық қажеттіліктермен қамтамасыз етуге
қажеттіліктер артуда. 2015 жылдың қаңтар-тамыз айына
дейінгі ҚР өңірлері бойынша құрылыс көлемі
артқан.

Сурет 3. 2015 жылдың қаңтар-тамыз айына дейінгі
ҚР өңірлері бойынша құрылыс көлемі
Бірғана
Маңғыстау облысы бойынша құрылыс
жұмыстарының көлемі алдыңғы жылдың осы
кезеңімен салыстырғанда 103,1 пайызға өсіп,
91037 млн. теңгені құрады.
Сондай-ақ, 2014 жылы 660 орындық 4 балабақша іске
қосылды, қазіргі күні жалпы сыйымдылығы
3930 орын болатын тағы 17 балабақша құрылысы
жүргізілуде. Жыңғылды ауылында 200 орындық бір
мектептің құрылысын аяқталды. Құланды
және Жетібай ауылдарында әрқайсысы 624 орындық екі
мектептің құрылысы салынып басталды. Тұрғын
үй құрылысын қаржыландыруға 2016 жылы
республикалық бюджет есебінен қосымша 180 млрд теңге
бөлінеді. Осы мақсатта Түпқараған ауданы
Ақшұқыр ауылында 960 орындық мектеп іске
қосылады. Сонымен қатар, жалпы сыйымдылығы 1750 орындық
тағы да 2 мектеп салынатын болады. Құрылыс
объектілерінің санын арттыруды жоспарлау, тұрғын үй
алаңына сұраныстың сақталуы, құрылыс
бағасының жоғары болуы құрылыс саласына деген
сұраныстың бар екендігін көрсетеді. Сондықтан саланы
жан-жақты дамыту қажетті, бәсекелестік
ортамен жоғары сапалы, салыстырмалы төмен бағадағы
құрылыс жүргізу аса маңызды. Бұл
құрылыс кластерін құруды негіздейді, ел аумағында
құрылыс кластерін құрудың
әлеуметтік-экономикалық маңызы зор.
Мұндай салалық байланыстың әсерінен
инвесторлардың да біраз мүмкіншіліктері артады, кең
ауқымды өндіріс қалыптасады. Кластерлік бағытта дамыту
өнімдер сатылатын негізгі орталықтарды қарастырады. Маңғыстау
өңірінде құрылыс кластерін ұйымдастыру және
дамыту басқада аймақтарға оң ықпалын тигізеді.
Олар: материалдық өндіріс, шикізатты жеткізу шығындары,
негізгі материалдар шығындарын, өнім құнының
төмендеуіне әсер етеді және құрылыс
кәсіпорындары үшін жаңа нарықтар пайда болады; ірі
территориялық кеңістік, мердегерлердің жан-жақта болуы,
құрылыс материалдарының жоғары
жүксиымдылығы, жоғары транспорттық шығындар,
өндірістің маусымдылығы саланың ерекшелігі кластер
құрудың қажеттілігін одан сайын негіздей түседі.
Шағын және орта бизнес субъектілері, еркін экономикалық
аймақ негізінде кластер құрып дамытудың үлгісін ұсынуымызға болады.
Өңірлік
кластер құрудан - аймақтардағы барлық
кәсіпкерлер, кәсіпорындар, ғылыми зерттеу институттары,
банктер, мердегерлер, салаға қызмет көрсетуші ұйымдар
нарықта мүдделі болады, осындай жағдайда ғана кешенді
интеграцияланған өндіріс жүргізіледі. Құрылыс
кластерінің құрылуы мен дамуына жағдай жасау
арқылы ішкі құрылыс саласының ауқымын
кеңейту, нәтижесінде құрылысқа пайдаланылатын
құрылыс материалдарын тек ішкі нарық арқылы
қанағаттандыру, сырттан әкелінетін құрылыс
материалдарының түрлеріне импортық алымдарды өсіру,
саладағы қаржыландыру, несиелендіру, сақтандыру
қызметін жетілдіріледі [5].
Аймақтардың
дағдарыстарының басты белгілері мыналар болады:
-
өндіріс
қарқынының төмендеуі;
-
халықтың
өмір сүруінің төмендеуі(жан басына шаққандағы
табыстың төмендігі);
-
жұмысбастылыққа
қатысты жағымсыз тенденциялар өрістеуі
(жұмыссыздықтың жоғары деңгейі)
-
демографиялық,
әлеуметтік, экологиялық қызметтер көрсету
саласындағы мәселелердың күшеюі және т.б.
Аймақ дамуының кез келген
аясындағы дағдарысты жою,
бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік
деңгейімен байланысты. Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып,
айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен
анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму
деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық
шаруашылықтың әлеуметтік жағдайға зиянын тигізе
отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты
бейімделуі нарықтық
экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп
туғызады. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және
экономикалық құраушыларының тепе-теңдігі
қажет. Экономикалық және әлеуметтік
құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ
дамуындағы әр түрлі бағыттағы
олқылықтардың орнын толықтыруға және
халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін
көтеруге болады, бұл түптеп келгенде мемлекеттің
аймақтық саясатының табысты жүргізілуін
анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Ж.О Ихданов, Ә.О. Орманбеков.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері.
2. Қазақстан
Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауы.
3. ҚР-ның
2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары.
4. ҚР-ның
2010-2014 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму
стратегиясы.
5. «Қазақстанның
30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы.
6. ҚР-ның
2005-2015 жылдардағы Ұлттық инновациялық жүйесін
құру және дамыту бағдарламасы.